Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.1. 8—12 бет.
  • ‘Тәлім беру шеберлігіңе’ көңіл аудар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • ‘Тәлім беру шеберлігіңе’ көңіл аудар
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Тәлім беру шеберлігін’ арттыру
  • Құдай Сөзіне негіздеп тәлім бер
  • Сұрақтарды тиімді қолдан
  • Қарапайым етіп тәлім бер
  • Зерттеушіге білгендерін бағалауға көмектес
  • Сүйіспеншілікпен қызығушылық білдір
  • Киелі кітапты зерттеушіге рухани өсуге көмектесіңіз (2-бөлім)
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Зерттеушілерге шомылдыру рәсімінен өтуге көмектесіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • Киелі кітапты зерттеушіге рухани өсуге көмектесіңіз (1-бөлім)
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • “Білім” кітабы арқылы шәкірттер дайындау
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.1. 8—12 бет.

‘Тәлім беру шеберлігіңе’ көңіл аудар

‘Сөзді уағызда, асқан шыдамдылықпен және тәлім беру шеберлігімен әшкереле, қатаң ескерт, ақылға шақыр’ (ТІМ. 2-х. 4:2, ЖД).

1. Иса шәкірттеріне қандай тапсырма берді және өзі қандай үлгі қалдырды?

ЖЕРДЕГІ қызметінің барысында Иса кереметтер жасап, адамдарды сауықтырған, әйтсе де ол, бірінші кезекте, адам емдеуші не керемет жасаушы емес, тәлімгер ретінде танымал болған (Мар. 12:19; 13:1). Иса үшін ең маңызды іс Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды жариялау болған, бүгінде оның ізбасарлары үшін де солай. Мәсіхшілерге адамдарды Исаның өсиет еткендерінің бәрін ұстануға үйрете отырып, шәкірт дайындау ісін жалғастыру тапсырылған (Мат. 28:19, 20).

2. Өзімізге тапсырылған істі орындау үшін не істеу керек?

2 Осы тапсырманы орындау үшін біз жақсы тәлімгер болуға талмай күш саламыз. Елші Пауыл уағыздау ісіндегі серіктесі Тімотеге жазған хатында мұның маңыздылығына ерекше көңіл аударған. Ол: “Өзіңе және үйретуге көңіл аудар; өйткені осылай ету арқылы өзіңді де, сені тыңдаушыларды да құтқарасың”,— деген (Тім. 1-х. 4:16, Тт). Пауыл үйрету жайлы сөз еткенде, құр білім беріп қоюды айтпаған. Жақсы жариялаушы шындықты адамның жүрегіне жеткізіп, өмірінде өзгерістер жасауға талпындырады. Бұл — нағыз шеберлік. Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды уағыздағанда, ‘тәлім беру шеберлігін’ қалай арттыра аламыз? (Тім. 2-х. 4:2, ЖД).

‘Тәлім беру шеберлігін’ арттыру

3, 4. а) ‘Тәлім беру шеберлігін’ қалай арттыра аламыз? ә) Теократиялық қызмет мектебі жақсы тәлімгер болуымызға қалай көмектеседі?

3 Бір сөздікке сай, “шеберлік” “зерттеудің, іс жүзінде қолданудың және бақылаудың арқасында келеді”. Жақсы тәлімгер болу үшін біз осының үшеуіне де көңіл аударуымыз керек. Қандай да бір тақырыпты дұрыс түсінудің бірден-бір жолы — оны дұға ете отырып, зерттеу (Забур 118:27, 34 оқы). Ал тәжірибелі жариялаушыларды бақылағанымыз тәлім беру әдістерін көріп, оларға еліктеуге көмектеседі. Сондай-ақ білгенімізді үнемі іс жүзінде қолданудың арқасында өз қабілеттерімізді шыңдай түсеміз (Лұқа 6:40; Тім. 1-х. 4:13—15).

4 Ехоба біздің Ұлы ұстазымыз. Ол өз ұйымының жердегі бөлігі арқылы уағыздау ісін атқаруға қатысты қызметшілеріне басшылық беріп отыр (Ишая 30:20, 21). Осы мақсатпен әр қауымда апта сайын теократиялық қызмет мектебі өтеді. Онда мектепке жазылғандардың бәріне Құдай Патшалығының жақсы жариялаушысы болуға көмек көрсетіледі. Мектепте қолданылатын басты оқулық — Киелі кітап. Адамдарға нені үйрету керектігін біз содан білеміз. Сонымен қатар онда қандай тәлім беру әдістерін қолданған тиімді әрі дұрыс екені көрсетіледі. Теократиялық қызмет мектебінде қалай жақсы тәлімгер болу керектігі — тәлімімізді Құдай Сөзіне негіздеуіміз, сұрақтарды тиімді қолдануымыз, қарапайым үйретуіміз және өзгелерге шынайы қызығушылық білдіруіміз керектігі — үнемі есімізге салынып тұрады. Енді осының әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Сосын, зерттеушінің жүрегіне шындықты қалай ұялатуға болатынын қарастырамыз.

Құдай Сөзіне негіздеп тәлім бер

5. Тәлімімізді не нәрсеге негіздеуіміз керек және неге?

5 Адами ұстаздардың ең ұлысы болған Иса Мәсіх тәлімдерін Жазбаларға негіздеген (Мат. 21:13; Жох. 6:45; 8:17). Ол өзінің емес, өзін Жібергеннің атынан сөйлеген (Жох. 7:16—18). Біз оны үлгі тұтамыз. Сондықтан үйме-үй уағыздасақ та, Киелі кітап зерттеу сабағын өткізсек те, Құдай Сөзіне сүйеніп сөйлейміз (Тім. 2-х. 3:16, 17). Біз керемет ой түзе білетін шығармыз, бірақ бұл рухтың жетелеуімен жазылған Жазбалардың тиімділігі мен құдіретіне теңесе алмайды. Расында да, Киелі кітаптың әсері күшті. Сондықтан зерттеушіге қандай ойды түсіндіргіміз келсе де, мұның ең жақсы әдісі — ол жайлы Жазбаларда не айтылғанын өзіне оқыту (Еврейлерге 4:12 оқы).

6. Зерттеушінің қарастырылып жатқан мәліметті дұрыс түсінгеніне көз жеткізу үшін тәлім беруші не істеу керек?

6 Әрине, бұл тәлім берушіге Киелі кітапты зерттеу сабағына дайындалудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Қайта, алдын ала мұқият ойлап алғаны сабақ барысында үзіндісі келтірілмеген тармақтардың қайсысын оқу керектігін анықтауына көмектеседі. Негізі, нанымдарымызды растайтын Жазба орындарын оқыған жөн. Сондай-ақ зерттеушіге әрбір оқылған тармақтың мәнін түсінуге көмектесу керек (Қор. 1-х. 14:8, 9).

Сұрақтарды тиімді қолдан

7. Неге сұрақтарды қолдану тәлім берудің жақсы әдісі болып табылады?

7 Тәлімгердің сұрақтарды шебер қолданғаны зерттеушіні ойлануға талпындырады, әрі шындықты жүрегіне жеткізуге көмектеседі. Сондықтан тармақтарды сенің емес, оның түсіндіргені жақсы. Тақырыпты дұрыс түсінуі үшін кейде қосымша бір немесе тіпті бірнеше сұрақ қою керек болуы мүмкін. Осылай етер болсаң, сен оған жасалған тұжырымның не нәрсеге негізделетінін түсінуге ғана емес, оның дұрыстығына өзінің көз жеткізуіне көмектесесің (Мат. 17:24—26; Лұқа 10:36, 37).

8. Зерттеушінің жүрегінде не бар екенін қалай білуге болады?

8 Біздің басылымдарымыз сұрақ-жауап тәсілі қолданылып зерттеледі. Киелі кітапты зерттеп жатқандардың көпшілігі абзацтарға қойылған сұрақтарға жауап беруді әдетте тез үйреніп алады. Сөйтсе де қырағы тәлімгер дұрыс жауапқа қанағаттанып қоя салмайды. Мысалы, зерттеуші азғындыққа қатысты Киелі кітапта не айтылғанын дұрыс түсіндіріп бере алатын шығар (Қор. 1-х. 6:18). Алайда көзқарасын білу үшін ілтипатпен қойылған сұрақтар оның білген нәрсесі туралы шындығында қандай ойда екенін көрсетуі мүмкін. Тәлімгердің былай деп сұрауына болады: “Неге Киелі кітапта некеден тыс жыныстық қатынас айыпталады? Құдайдың осындай шектеу қойғаны дұрыс па? Құдайдың өнегелік нормаларына сай өмір сүрудің біз үшін пайдасы бар ма?”. Зерттеушінің жауабынан оның жүрегінде не бар екені аян болады (Матай 16:13—17 оқы).

Қарапайым етіп тәлім бер

9. Жазбаларды түсіндіргенде, нені есте ұстауымыз керек?

9 Құдай Сөзіндегі шындықтардың басым көпшілігі, негізінен, күрделі емес. Алайда Киелі кітапты зерттеп жатқан адамды жалған діннің ілімдері әбден шатастырған болуы мүмкін. Тәлімгер ретіндегі біздің мақсатымыз — Киелі кітапты жеңіл түсіндіру. Жақсы тәлімгер мәліметті қарапайым, анық әрі тура етіп жеткізеді. Осы басшылықты ұстанатын болсақ, біз шындықты күрделендіріп жібермейміз. Қажетсіз ұсақ-түйек мәліметтерді келтіруден аулақ бол. Оқылған тармақтың әр қырын қарастырып жатудың қажеті жоқ. Талқыланып жатқан ойды анық түсінуге қажетті қырына ғана көңіл бөлген жөн. Ал білімі көбейген сайын, зерттеуші Жазбалардағы терең шындықтарды да түсіне бастайды (Евр. 5:13, 14).

10. Бір сабақ барысында қанша мәлімет қарастыру керектігін анықтауға не көмектеседі?

10 Бір сабақ барысында қанша мәлімет қарастырған дұрыс? Бұны анықтау үшін қырағы болу керек. Зерттеушінің де, тәлімгердің де қабілеттері мен жағдайлары әртүрлі болып келеді. Бірақ тәлімгер ретінде біздің мақсатымыз зерттеушіге берік сенім дамытуға көмектесу екенін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан оған Құдай Сөзін оқып, түсініп және ондағы шындықтарды қабыл алуға жеткілікті уақыт берілу керек. Біз бір сабақ барысында ол түсіне алатындай мәліметті ғана қарастырамыз. Сөйте тұра, зерттеуді алға жылжыта береміз. Ойды түсінсе, келесісіне өтеміз (Қол. 2:6, 7).

11. Тәлім беруге қатысты елші Пауылдан қандай үлгі алуға болады?

11 Елші Пауыл уағыздағанда, қарапайым сөйлеген. Ол өте білімді болса да, түсінуге қиын сөздерді қолданудан аулақ болған (Қорынттықтарға 1-хат 2:1, 2 оқы). Жазбалардағы шындықтың қарапайым жеткізілгені ақ жүректі адамдардың жандарына жағып, көңілдері толады. Оны түсіну үшін аса білімдар болудың қажеті жоқ (Мат. 11:25; Ел. іс. 4:13; Қор. 1-х. 1:26, 27).

Зерттеушіге білгендерін бағалауға көмектес

12, 13. Зерттеушіні білгендеріне сай әрекет етуге не талпындыру керек? Мысал келтіріңдер.

12 Жақсы тәлімгер болу үшін шындықты зерттеушінің жүрегіне жеткізе білу керек. Ол мәліметтің өзіне қандай қатысы және пайдасы бар екенін, Жазбалардағы басшылықты қолданса, өмірінің қалай жақсаратынын түсіну керек (Ишая 48:17, 18).

13 Мысалы, Еврейлерге 10:24, 25-ті талқылап жатырмыз делік. Онда мәсіхшілер бір-бірін рухани жігерлендіру және жылы қарым-қатынаста болу үшін жиналуға шақырылады. Егер зерттеп жүрген адам қауым кездесулеріне әлі келмеген болса, олардың қалай өтіп, онда не талқыланатынын қысқаша айтып беруге болады. Кездесулердің ғибадатымыздың бір бөлігі екенін және олардан әркім өзіне пайда алатыны туралы да айта кетерміз. Сосын, оны да кездесуге шақырармыз. Бірақ ол Киелі кітаптағы өсиеттерді орындауға тәлім берушіге ұнамды болғысы келгендіктен емес, Ехобаға мойынсұнуды қалайтындықтан талпыну керек (Ғал. 6:4, 5).

14, 15. а) Зерттеуші Ехоба жайлы не біле алады? ә) Құдайдың болмысы туралы білімнің оған қандай пайдасы бар?

14 Адамның Киелі кітапты зерттеуден және ондағы принциптерді қолданудан алатын ең басты пайдасы — Ехобаны тұлға ретінде танып, оны сүюі (Ишая 42:8). Ехоба сүюші Әке, Жаратушы және Әлемнің Әміршісі ғана емес, ол өзіне сүйіспеншілікпен қызмет ететіндерге қасиеттері мен істерін де ашады (Мысырдан шығу 34:6, 7 оқы). Мұса исраилдіктерді Мысыр құлдығынан алып шығу керек болғанда, Ехоба өзі жайлы: “Мен кім боламын, сол боламын”,— деген (Мыс. ш. 3:13—15, ЖД). Бұл таңдап алған халқына қатысты еркін орындау үшін Ехоба кім болу керек болса, сол болатынына нұсқаған. Сондықтан исраилдіктер Ехобаны Құтқарушы, Жауынгер, Қамқоршы және уәделерін Орындаушы ретінде танып білген. Сондай-ақ олар оны басқа да қырларынан таныған (Мыс. ш. 15:2, 3; 16:2—5; Ешуа 23:14).

15 Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдардың өмірінде Ехоба Мұсаның кезінде жасағандай кереметтер жасамаған шығар. Дегенмен олар сенімі нығайып, біліп жатқан нәрселерін бағалап, оларды өмірде қолдана бастағанда, Ехобаға арқа сүйеп, батылдық, даналық және басшылық сұрау керек екендерін түсінетіні сөзсіз. Сонда олар да Ехобаны дана әрі сенімді Кеңесші, Қорғаушы және қажеттінің бәрін беріп отырған жомарт Қамқоршы ретінде танитын болады (Заб. 54:23; 62:8; Нақ. с. 3:5, 6).

Сүйіспеншілікпен қызығушылық білдір

16. Неге тәлімгердің туа біткен қабілеті ең маңызды нәрсе емес?

16 Егер сен өзің қалағандай шебер тәлімгер болмасаң, қамықпа. Ехоба және Иса бүгінгі күні дүниежүзі бойынша жүріп жатқан ағарту ісін қадағалап отыр (Ел. іс. 1:7, 8; Аян 14:6). Олар айтқан сөздеріміз ақ ниетті адамдарға тартымды болу үшін бізге батасын береді (Жох. 6:44). Бойыңда туа біткен қабілетің болмаса да, зерттеп жүрген адамға деген шынайы сүйіспеншілік оның орнын толтыра алады. Елші Пауыл тәлім алып жатқандарға сүйіспеншілік танытудың маңызды екенін түсінетінін көрсеткен (Салоникалықтарға 1-хат 2:7, 8 оқы).

17. Киелі кітапты зерттеушілердің әрқайсысына қалай шынайы қызығушылық көрсете аламыз?

17 Сонымен қатар Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдармен жақсырақ танысу үшін әрқайсысына уақыт бөлу арқылы оларға шынайы қызығушылық білдіре аламыз. Адаммен Жазбалардағы принциптерді талқылағанда, оның тұрмыс-тіршілігімен танысып алатын шығармыз. Оның Киелі кітаптан білгендерін өмірінде қолданып жүргенін байқауымыз мүмкін. Бірақ оған әлі басқа да өзгерістер жасау керек шығар. Зерттеу сабақтарында қарастырған мәліметті өз өмірінде қалай қолдануына болатынын көрсете отырып, біз оның Мәсіхтің шынайы шәкірті болуына сүйіспеншілікпен көмек көрсете аламыз.

18. Зерттеушімен бірге және сол үшін дұға ету неге маңызды?

18 Ал ең бастысы, біз зерттеушімен бірге және сол үшін дұға ете аламыз. Ол біздің мақсатымыз Жаратушысын жақыннан танып, оған жақындай түсуге және оның басшылығының пайдасын көруге көмектесу екенін анық түсіну керек (Забур 24:4, 5 оқы). Ал білгендерін өмірде қолдану үшін күш салып жатқанына Ехобаның батасын беруін сұрағанымыздан соларды “іске асырушы” болудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді (Жақ. 1:22). Сондай-ақ біздің шын жүректен айтқан дұғамызды естіп, ол да дұға етуді үйренеді. Зерттеушіге Ехобамен жеке қарым-қатынас дамытуға көмектесу неткен қуаныш!

19. Келесі мақалада не қарастырылады?

19 Дүниежүзі бойынша алты жарым миллионнан астам Куәгердің ақ жүректі адамдарға Исаның өсиеттерінің бәрін ұстануға көмектесу үшін ‘тәлім беру шеберлігін’ арттыруға тырысып жүргендері бізге зор жігер береді. Ал уағыздау ісіміздің нәтижесі жайлы не деуге болады? Бұны келесі мақаладан білеміз.

Естеріңде ме?

• Неге мәсіхшілерге ‘тәлім беру шеберлігін’ арттыру қажет?

• Қандай тәсілдерді қолданғанымыз тәлімімізді нәтижелі етеді?

• Туа біткен тәлім беру қабілетіміз жоқ болса, оның орнын не толтыра алады?

[9-беттегі сурет]

Сен теократиялық қызмет мектебіне жазылдың ба?

[10-беттегі сурет]

Неге зерттеушіге тармақтарды оқытқан маңызды?

[12-беттегі сурет]

Зерттеушімен бірге және сол үшін дұға ет

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу