Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.2. 18—22 бет.
  • Ехоба — ризашылық білдіретін Құдай

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба — ризашылық білдіретін Құдай
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның Құдайдан қорқатын эфиопиялықты жарылқауы
  • “Құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек”
  • “Қайырымды да адал Бас діни қызметкер”
  • Әрі қарай да ризашылық білдіре берейік!
  • Өзіне қызмет ететіндерге сый беретін Құдай
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Алғыс білдіруге асық болайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Ризашылықтарың үнемі артып отырсын
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Неге ризашылық білдіру керек?
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.2. 18—22 бет.

Ехоба — ризашылық білдіретін Құдай

“Құдай әділетсіз емес. Ол жасаған игі істеріңді... Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды” (ЕВРЕЙЛЕРГЕ 6:10).

1. Ехоба моабтық Рутқа өз ризашылығын қалай білдірді?

ЕХОБА шын жүректен өзінің еркін орындауға ұмтылып жүргендердің талпыныстарын жоғары бағалайды, әрі оларды молынан жарылқайды (Еврейлерге 11:6). Әділ кісі Боғоз Құдай болмысының осы керемет қырымен таныс еді. Өйткені ол жесір қалған енесіне аялап қамқорлық көрсеткен моабтық Рутқа: “Осы істеген жақсылықтарың Құдайдан қайтсын... Ол сені молынан жарылқасын!”— деген болатын (Рут 2:12). Рут Құдайдың батасына ие болды ма? Әлбетте! Сол себептен де оның оқиғасы Киелі кітапта жазылып отыр. Оның үстіне, ол Боғозға тұрмысқа шығып, Дәуіт пен Иса Мәсіхтің арғы анасы болды (Рут 4:13, 17; Матай 1:5, 6, 16). Бұл — Ехобаның өз қызметшілерін бағалап, ризашылық білдіретінін көрсететін Киелі кітаптағы көп мысалдың бірі ғана.

2, 3. а) Ехобаның ризашылық білдіруі неге ерекше? ә) Неге Ехоба шын ризашылық білдіре алады? Мысал келтіріңдер.

2 Ехоба өз тарапынан ризашылық білдірмеуді әділетсіздік деп есептер еді. Еврейлерге 6:10-да: “Құдай әділетсіз емес. Ол жасаған игі істеріңді, өз адамдарына берген, әлі де беріп жатқан көмектерің арқылы Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды”,— делінген. Бұл сөздердің ерекшелігі сонда — Құдай өзіне адал адамдар күнәкар әрі оның ‘ұлылығынан құр алақан қалса’ да, оларға ризашылық білдіреді (Римдіктерге 3:23).

3 Кемелсіздігімізден Құдайға ұнамды істеріміз еш маңызсыз және Құдайдың батасына тұрмайды деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Ехоба ниетіміз бен жағдайымызды толық түсінеді. Ол шын жүректен атқарған қызметімізді шын мәнінде бағалайды (Матай 22:37). Келесі мысал мұны жақсырақ түсінуге көмектеседі: бір ана үстел үстінде жатқан сыйлықты — онша қымбат емес алқаны — көреді. Ол сыйлықты онша құнды емес деп есептеп, шетке ысыра салуы мүмкін. Бірақ жанындағы қағазда бұл сыйлық кіші қызынан екені, ол мұны бар жинап-тергеніне сатып алғаны айтылған. Сонда шешесі сыйлыққа басқа көзбен қарай бастайды. Бәлкім, ол көзіне жас алып, қызын айналып-толғанып, шын ризашылығын айтар.

4, 5. Ризашылық білдіруде Иса қалай Ехобаға еліктеген?

4 Ехоба ниетіміз бен мүмкіндігіміздің шектеулі екенін жақсы білгендіктен, өзіне азды-көпті қолымыздан келгенді беріп жатқанымызды бағалайды. Бұл жағынан Иса Әкесіне айны қатесіз еліктеген. Мысалы, Киелі кітаптағы садақа жасаған жесір әйелдің оқиғасын еске түсірейік. “Иса айналасына қарап, байлардың құдайы сыйлықтарын арнайы сандықтарға салып жатқандарына назар аударды. Сондай-ақ бір бейшара жесір әйелдің жалпы құны төрт теңгелік екі бақырды салғанын көріп, былай деді: “Сендерге шындығын айтайын: мына бейшара жесір бәрінен де көп салды! Себебі басқалардың бәрі өздерінен артылғанын ғана садақа етсе, бұл әйел өзі бейшара бола тұра күнелтетін нәрсесінің бәрін аямастан берді” (Лұқа 21:1—4).

5 Иә, әйелдің жағдайын — жесір әрі кедей екенін — білетін Иса оның сыйын жоғары бағалады. Ехоба жайлы да дәл осылай деуге болады (Жохан 14:9). Олай болса, жағдайымыз қандай болмасын, ризашылық білдіретін Құдайымыз бен оның Ұлының ықыласына ие бола алатынымызды білу жігерлендіреді емес пе?!

Ехобаның Құдайдан қорқатын эфиопиялықты жарылқауы

6, 7. Ехоба Авдемелехке не үшін және қалай ризашылық білдірді?

6 Ехоба өз еркін орындайтындарды ризашылығын білдіріп жарылқайтыны Жазбалардан жиі көрінеді. Мысалы, оның Құдайдан қорқатын, Еремияның замандасы әрі Яһуданың опасыз патшасы Седекияның үйінде қызметші болған эфиопиялық Авдемелехті қалай жарылқағанын көрейік. Авдемелех Яһуда әміршілері Еремияны бүлік шығарушы деп әділетсіз айыптап, сосын, аштан өлсін деп, шұңқырға тастағанын біледі (Еремия 38:1—7). Еремия уағыздаған хабары үшін иттің етінен жек көрінішті болып отырғанын біле тұра, Авдемелех өмірін қауіпке тігіп, патшаның алдына барады. Ол батылдықпен: “Менің әмірші патшам! оны шұңқырға тастаған мына адамдар Иеремия әулиеге осылай істеп, жаман қылық танытты; ол жерде бұл аштан өледі, өйткені қалада енді нан қалған жоқ”,— дейді. Патшаның бұйыруымен Авдемелех өзімен отыз кісіні ертіп барып, Құдайдың пайғамбарын шығарып алады (Еремия 38:8—13).

7 Ехоба Авдемелехтің сеніммен әрекет еткенін көрді. Оның сенімі ешбір қорқынышқа бой алдырмауға көмектескен еді. Сондықтан Ехоба оған өз ризашылығын білдіріп, Еремия арқылы: “Осы қалаға жақсылық жасау емес, оған зобалаң орнату жөніндегі Өз сөзімді міне, Мен орындаймын... сол күні Мен сені құрқарамын... сен өзің қорқатын адамдардың қолына түспейсің. Мен сені құтқарамын... сенің жан-дүниең өзіңе олжа болады, өйткені сен Маған үміт арттың”,— деді (Еремия 39:16—18). Расында да, Ехоба Авдемелехті де, Еремияны да Яһудидің зұлым әміршілерінің қолынан, ал кейінірек Иерусалимді талқандаған бабылдықтардың қолынан құтқарып қалды. Забур 96:10-да: “Ол [Құдай] Өз әулиелерінің жанын сақтауда, оларды арамдардың қолынан құтқарады”,— делінген.

“Құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек”

8, 9. Иса көрсеткендей, Ехоба қандай дұғаларды бағалайды?

8 Ехоба өзіне шын берілгендігімізге риза болатындығы мен оны бағалайтындығының тағы бір дәлелін Киелі кітаптағы дұға туралы айтылған жайттан көруге болады. “Әділдің мінажаты Оны [Құдайды] сүйсіндірер”,— дейді данышпан (Нақыл сөздер 15:8). Исаның күніндегі көптеген дінбасылары жұрт алдында дұға ететін, бірақ шын жүректен емес, адамдарға әсер қалдыру үшін істейтін. Иса: “Олар алмақ сыйларын осымен-ақ алып қойды”,— деді. Ал ізбасарларына былай деп нұсқау берді: “Сендер мінажат еткенде өз бөлмелеріңе кіріп, есігін жауып алып, көзге көрінбейтін Әкелеріңе сиыныңдар! Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек” (Матай 6:5, 6).

9 Әрине, Иса көпшілік алдында дұға етуді айып санап тұрған жоқ, өйткені кейбір жағдайда өзі де солай дұға еткен (Лұқа 9:16). Өзгелерге әсер қалдыру деген ойымызға да келмей, шын жүректен дұға ететін болсақ, Ехоба мұны өте бағалайды. Жеке дұғаларымыз Құдайға деген сүйіспеншілігіміз қаншалықты терең әрі оған қаншалықты сенім артатындығымызды көрсетеді. Сондықтан Исаның дұға етуге жиі оңаша жерді іздегені таңғалдырмайды. Бірде ол “таң атпай тұрып” дұға еткен. Тағы бір жолы “оңашада сиынып мінажат ету үшін бір төбенің басына шықты”. Ал 12 елшісін таңдамас бұрын, Иса түнімен жалғыз өзі дұға айтумен болды (Марқа 1:35; Матай 14:23; Лұқа 6:12, 13).

10. Дұғаны шын көңілден әрі терең сезіммен айтатын болсақ, не нәрсеге сенімді бола аламыз?

10 Ехоба Ұлының шын жүректен айтқан сөздерін қалай ықылас қойып тыңдағанын елестетіп көрші! Иса кейде ‘дауыстап сиынып, көз жасын төгіп жалбарынған және Оған мойынсұнып, ұнамды болғандықтан тілегеніне ие болған’ (Еврейлерге 5:7; Лұқа 22:41—44). Біз де дұғаларымызды осылай шын көңілден әрі терең сезіммен айтатын болсақ, көктегі Әкеміз бізді ықылас қойып және ризашылықпен тыңдайтынына сенімді болуымызға болады. Иә, ‘Жаратушы Одан жәрдем сұрағандардың барлығына және Одан ақиқат іздеушілердің бәріне қол ұшын береді’ (Забур 144:18).

11. Оңашадағы істеріміз Ехобаға қалай әсер етеді?

11 Ехоба ешкім көрмейтін, оңаша жерде дұға еткенімізді бағалап, риза болса, онда құпияда, немесе оңашада, өзіне мойынсұнғанымызды қаншалықты бағалайды десеңші! Ол жалғыз қалғандағы ісіміздің бәрін көреді (Петірдің 1-хаты 3:12). Оңаша қалғанда, адал да мойынсұнғыш болғанымыз Ехобаға “шын жүрекпен”, яғни таза ниет әрі дұрыс нәрсені істеуге бекінген жүрекпен, қызмет ететінімізді көрсетеді (Шежірелер 1-жазба 28:9). Мұндай жүріс-тұрыс Ехобаның жүрегін сондай қуантады! (Нақыл сөздер 27:11; Жоханның 1-хаты 3:22)

12, 13. Қалай санамыз бен жүрегімізді сақтай аламыз және қалай адал шәкірт Натанайыл сияқты бола аламыз?

12 Сондықтан адал мәсіхшілер порнография және зорлық-зомбылық көріністерін көру сияқты сана мен жүректі бүлдіретін жасырын күнәлардан аулақ болады. Кейбір күнәларымызды адамдардан жасырып қала алғанмен, мына жайтты білеміз: “Оның көз алдында барлығы ашық та айқын көрініп тұр. Біз Оның алдында есеп беруге тиіспіз” (Еврейлерге 4:13; Лұқа 8:17). Ехобаға ұнамсыз істерден аулақ болуға тырысудың арқасында ар-ұжданымызды таза сақтаймыз және оның ықыласына ие екенімізді біліп қуанамыз. Ехоба “адал жолмен жүретін, және де шындықтан таймайтын, жүрек жарды ниетімен ақиқатты айтатын” адамды шын мәнінде бағалайтыны шүбәсіз (Забур 14:1, 2).

13 Онда зұлымдыққа толған осы дүниеде қалай санамыз бен жүрегімізді сақтай аламыз? (Нақыл сөздер 4:23; Ефестіктерге 2:2) Ол үшін рухани шаралардың толық игілігін көрумен қатар, жамандықтан қашық, жақсылыққа асық болуға барынша күш салуымыз керек. Мұны арам құмарлықтар асқынып, артынан күнәға апарып соқпай тұрғанда, тез әрекет ете отырып істей аламыз (Жақып 1:14, 15). Иса Натанайыл жайлы: “Мынау — қулық-сұмдығы жоқ, нағыз исраилдік”,— деген. Сен туралы да ол осылай айтса, қандай қуанышты боларыңды ойлап көрші (Жохан 1:47). Барталмай деп те аталған Натанайыл кейінірек Исаның 12 елшісінің бірі болды (Марқа 3:16—19).

“Қайырымды да адал Бас діни қызметкер”

14. Басқалар сияқты емес, Иса Мәриямның әрекетіне қалай қарады?

14 ‘Көзге көрінбейтін Құдайдың қандай екенін көрсететін’ Иса Құдайға таза жүрекпен қызмет етіп жатқандарға ризашылық білдіруде әрдайым Әкесіне айнымай еліктеген (Қолостықтарға 1:15). Мысалы, жанын қиярдан бес күн бұрын, Иса мен бірнеше шәкірті Бетаниядағы Шимонның үйінде қонақта болады. Кешкісін Марта мен Елазардың бауыры Мәриям ‘нард деген өсімдіктен жасалған таза, өте құнды (құны жұмысшының жылдық жалақысына тең) иісмайға толы құтыны алып’, Исаның басы мен аяғына құйды (Жохан 12:3). “Мұндай ысыраптың қажеті қанша?”— деді біреу. Алайда Иса Мәриямның әрекетіне мүлдем басқаша қарады. Ол мұны асқан жомарттықтың және өлімі мен жерленуінің қарсаңындағы мәнісі зор әрекет деп есептеді. Сондықтан Мәриямды айыптамай, қайта, мақтап: “Қай жерде болмасын бүкіл дүние жүзінде осы Ізгі хабар уағыздалғанда бұл әйелді еске алып, істегенін айтатын болады”,— деді (Матай 26:6—13).

15, 16. Исаның адам боп өмір сүруі мен Құдайға қызмет етуінің біз үшін қандай пайдасы бар?

15 Иса сияқты ризашыл Басшымыздың болғаны — біз үшін неткен зор мәртебе! Исаның жер бетіндегі өмірі оны Ехобаның дайындап отырған ісіне әзірледі. Ол алдымен, майланғандар қауымы үшін, сосын, бүкіл дүние үшін Бас діни қызметкер және Патша ретінде қызмет етуі керек еді (Қолостықтарға 1:13; Еврейлерге 7:26; Аян 11:15).

16 Жер бетіне келмей тұрғанда-ақ Иса адамзатқа терең қызығушылық білдірген және ерекше жақсы көрген (Нақыл сөздер 8:31). Ал адам боп өмір сүргендігінің арқасында ол Құдайға қызмет етуде кезігетін сынақтарымызды әлдеқайда жақсы түсінетін болды. Елші Пауыл былай деп жазды: ‘Ол [Иса] барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайырымды да адал Бас діни қызметкер болды. Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады’. Иса ‘бізге жаны ашып, осал жақтарымызды түсінеді’, себебі “өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ” (Еврейлерге 2:17, 18; 4:15, 16).

17, 18. а) Кіші Азиядағы жеті қауымға арналған хаттар Исаның терең ризашылығына байланысты нені көрсетеді? ә) Майланған мәсіхшілер не нәрсеге дайындалып жатқан еді?

17 Иса ізбасарларының сынақтарын жақсы түсіне түскені әсіресе қайта тірілген соң айқын болды. Елші Жохан жазған оның Кіші Азиядағы жеті қауымға арналған хаттарына көңіл аударайық. Ізмірдегі қауымға Иса: ‘Сенің шеккен азаптарыңды, әрі жұтаң күйіңді білемін’,— деді. Негізінде, Иса бұл жерде: “Мен қиыншылықтарыңды өте жақсы түсінем; Саған нені бастан өткізуге тура келіп жатқанын шынымен білем”,— деп айтып тұр еді. Сосын, өлгенге дейін қасірет шеккен ол жанашырлықпен әрі кәміл сеніммен: “Өлуге тура келсе де, Маған адал бол, сонда “мәңгілік өмір тәжін” сыйлаймын”,— деп қосты (Аян 2:8—10).

18 Жеті қауымға арналған хаттар Исаның шәкірттерінің қиындықтарын толық түсінетіндігін көрсететін және мінсіздікпен кешкен өмірлері үшін шын көңілден риза болғанын білдіретін сөздерге толы (Аян 2:1—3:22). Иса сөзін өзімен бірге көкте билік етуге үміті бар майланған мәсіхшілерге арнағанын естен шығармайық. Олар Иелері сияқты өздерінің ұлы мәртебесіне, яғни дертке шалдыққан адамзатқа Мәсіхтің төлем құрбандығының пайдасын көруге асқан жанашырлықпен көмектесуге, дайындалып жатқан болатын (Аян 5:9, 10; 22:1—5).

19, 20. ‘Өте үлкен тобырды’ құрайтындар Ехоба мен оның Ұлына деген ризашылықтарын қалай білдіруде?

19 Әрине, Иса майланған ізбасарларына көрсеткендей сүйіспеншілікті адал боп жүрген ‘басқа қойларға’ да көрсетеді. Бұлар келе жатқан ‘ауыр азаптан’ өтетін, болашақта “әрбір ұлттан шыққан өте үлкен тобырды’ құрайтын миллиондаған адамдар (Жохан 10:16; Аян 7:9, 14). Осы адамдар Исаға қарай ағылып келуде, өйткені оның төлем құрбандығы мен мәңгі өмір сүруге деген үміті үшін риза. Олар өз ризашылықтарын қалай білдіруде? ‘Оған [Құдайға] күні-түні қызмет ету арқылы’ (Аян 7:15—17).

20 27—30 дейінгі беттерде келтірілген 2006 жылдың қызмет есебі осы адал қызметшілердің Ехобаға, шынында да, ‘күні-түні қызмет етіп’ жатқандарын айқын дәлелдейді. Расында да, бір жылдың ішінде олар салыстырмалы түрде азғана майланған мәсіхшілер тамтығымен бірге қызметке 1 333 966 199 сағат жұмсады. Бұл 150 000-нан едәуір асатын жылға пара-пар!

Әрі қарай да ризашылық білдіре берейік!

21, 22. а) Бүгінде абай болмаса, неге мәсіхшілер ризашылық білдірмей кетуі мүмкін? ә) Келесі мақалада не қарастырылады?

21 Ехоба мен Ұлы кемелсіз адамдарға терең ризашылық білдіріп келеді, бұл, шынында да, керемет. Бірақ, өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі тек өз жағдайларын ойлап, Құдай жайлы ойлана бермейді. “Соңғы дәуірде” өмір сүретін адамдарды сипаттағанда, Пауыл “адамдар өзімшіл, ақшақұмар, алғысты білмейтін” болатынын айтқан (Тімотеге 2-хат 3:1—5). Бұл адамдардың шынайы мәсіхшілерден айырмашылығы жер мен көктей! Шынайы мәсіхшілер шын жүректен шыққан дұғаларымен, мойынсұнуға дайын болуларымен, сондай-ақ жан-тәндерімен қызмет етулерімен Құдайдың өздеріне істегендерінің бәріне ризашылықтарын білдіреді (Забур 61:9; Марқа 12:30; Жоханның 1-хаты 5:3).

22 Келесі мақалада Ехоба біз үшін сүйіспеншілікпен қарастырып отырған көп рухани шаралардың кейбіріне көңіл бөлеміз. Осы ‘игі нәрселер’ жайлы ой жүгірте отырып, ризашылығымыз онан сайын арта түссін! (Жақып 1:17)

Қалай жауап берер едіңдер?

• Ехоба ризашылық білдіретін Құдай екенін қалай көрсетті?

• Оңаша қалғанда, қалай Ехобаның жүрегін қуанта аламыз?

• Иса ризашылығын қалай білдірген?

• Адам боп өмір сүргені Исаға жанашыр да ризашыл билеуші болуға қалай көмектесті?

[18-беттегі сурет]

Ата-анаға баласының қарапайым сыйлығы қатты ұнайтыны сияқты, Ехоба қолымыздан келгенді беріп жатқанымызды бағалап, риза болады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу