Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.7. 27—31 бет.
  • Жастар, Ехобаға қызмет етуді таңдаңдар!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жастар, Ехобаға қызмет етуді таңдаңдар!
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Бүгінде Құдайға еріксіз бағышталу жоқ
  • Нұсқау беріп тәрбиелеу деген не?
  • Ехоба сені таңдау жасауға шақырады
  • Жауапкершілігіңді мойныңа ал
  • Шомылдыру рәсімінен өтуді кейінге қалдыруға себеп бар ма?
  • “Біз сенімен бірге барамыз”
  • Жастар, шомылдыру рәсіміне дайынсыңдар ма?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Балалар шомылдыру рәсімінен өту керек пе?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ата-ана, балаңызға шомылдыру рәсіміне дайын болуға көмектесіп жүрсіз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Шомылдыру рәсімі және сенің Құдаймен қарым-қатынасың
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.7. 27—31 бет.

Жастар, Ехобаға қызмет етуді таңдаңдар!

“Кімге сыйынатындарыңды бүгін таңдап алыңдар” (ЕШУА 24:15).

1, 2. Мәсіхшілер әлемінде шомылдыру рәсімінің қандай дұрыс емес түрлері өткізіледі?

“МӘСІХТІ танып біле алатындай болғанда ғана [балалардың] мәсіхші болуына жол беріңдер”. Бұл сөздерді б. з. ІІ ғасырының соңына таман Тертуллиан атты жазушы жазды. Ол сол уақыттағы жолдан тайған мәсіхшілер әлемінде терең тамыр жайып жатқан нәрестелерді шомылдыру рәсімінен өткізуге қарсы болған. Ал шіркеу әкесі Августин болса Тертуллианмен және Киелі кітаппен келіспей, мұндай шомылдыру рәсімі бастапқы күнәнің дағынан арылтады, ал шомылдыру рәсімінен өтпей өліп кеткен нәрестелер қарғысқа ұшырайды деген. Осындай түсінік нәрестелерді мүмкіндігінше тезірек шомылдыру рәсімінен өткізуге түрткі болды.

2 Мәсіхшілер әлемінің көптеген негізгі деген шіркеулерінде әлі де жаңа туылған нәрестелерді шомылдыру рәсімінен өткізеді. Оның үстіне, тарих бойы өздерін мәсіхшіміз деп атайтын ұлттардың билеушілері мен дінбасылары өздері жаулап алған “басқа ұлт адамдарын” мәжбүрлеп шомылдыру рәсімінен өткізген. Алайда нәрестені шомылдыру рәсімінен өткізу мен ересектерді күштеп шомылдыру рәсімінен өткізу Киелі кітапқа негізделмеген.

Бүгінде Құдайға еріксіз бағышталу жоқ

3, 4. Ата-анасы Ехобаға бағышталған балалардың өз еріктерімен Құдайға бағышталуларына не көмектеседі?

3 Киелі кітапта Құдай балаларды, тіпті ата-анасының тек біреуі адал мәсіхші болатын болса да, қасиетті деп есептейтіні көрсетілген (Қорынттықтарға 1-хат 7:14). Бұл осындай балалар Құдайдың бағышталған қызметшілері дегенді білдіре ме? Жоқ. Алайда Ехобаға бағышталған әке-шешесінен балалар Құдайға өз еріктерімен бағышталуға жетелейтін тәлім-тәрбие ала алады. Данышпан патша Сүлеймен: “Балам, әке өсиетін есте сақта, Анаң берген тәлімнен де бас тартпа... Жүргенде олар сені жетелер, Ұйықтасаң күзетіп, қорғап жатар, Оянғанда лайым есіңе түсер. Өсиет пен тәлім шам-шырақ секілді, Түзеткіш тәрбие өмір жолын сілтейді”,— деп жазған (Нақыл сөздер 6:20—23).

4 Мәсіхші ата-ананың берген басшылығы, егер жастар ұстануға дайын болса, олар үшін қорғаныш болады. Сүлеймен тағы да былай деген: “Ақылды бала — әкесінің сүйініші, Ақылсыз бала — шешесінің күйініші, Ақылды бол балам, мені тыңда, Жүрегіңді тура жолға бағытта” (Нақыл сөздер 10:1; 23:19). Иә, ата-ананың тәрбиесінің пайдасын көру үшін, жастар, берілген кеңесті және жөнге салуды дайындықпен қабыл алуларың керек. Сендер ақылды болып туылған жоқсыңдар, бірақ ‘ақылды бола’ аласыңдар және өз еріктеріңмен ‘өмір жолымен’ жүре аласыңдар.

Нұсқау беріп тәрбиелеу деген не?

5. Пауыл ата-аналар мен балаларға қандай кеңес берді?

5 Елші Пауыл: “Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс. “Ата-анаңды сыйла! — Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті: — Сонда бақытты болып, жерде ұзақ өмір сүресің”. Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иеміздің тәлімі мен нұсқауын беріп, тәрбиелеңдер!”— деп жазды (Ефестіктерге 6:1—4, сілтемені қараңдар).

6, 7. Балаларға ‘Иеміздің нұсқауын беріп, тәрбиелеуге’ не жатады және неге бұл ата-анасы оларға әділетсіздікпен ықпал етіп жатыр дегенді білдірмейді?

6 Мәсіхші ата-аналар балаларын “Иеміздің тәлімі мен нұсқауын беріп” тәрбиелегенін әділетсіздікпен ықпал етіп жатыр деуге бола ма? Жоқ, әрине. Дұрыс әрі құлықтылық жағынан пайдалы деп тапқан нәрсесін балаларына үйреткені үшін ата-ананы кім жазғыра алады? Атеистер балаларына Құдай жоқ деп үйреткені үшін айыпталмайды ғой. Сондай-ақ католиктер балаларын өз дінімізде тәрбиелеуге міндеттіміз деп есептейді, әрі бұл үшін оларды сынап-мінейтін адам кемде-кем. Сол сияқты Ехоба Куәгерлерін де шындыққа және құлықтылық принциптеріне негізделген Ехобаның ойларын балаларының құлақтарына құйып тәрбиелеп жатқаны үшін олардың бастарын айналдырып жатыр деп айыптаудың қажеті жоқ.

7 Бір сөздікке сәйкес, Ефестіктерге 6:4-тегі ‘нұсқау беру’ деп аударылған грек сөзі “ақыл-ойды түзететін, бұрысты дұрыстайтын, рухани көзқарасты жақсартатын” әрекетке нұсқайды (Theological Dictionary of the New Testament). Ал егер жастар құрбы-құрдастарының тарапынан қысым көріп, қатарынан қалғылары келмей, ата-ананың тәрбиесіне көнбесе ше? Онда оларға кім өмірлеріне зиянды қысым көрсетіп отыр деуге болады: ата-ана ма, жоқ әлде құрбы-құрдастары ма? Егер құрбылары есірткі қабылдауға, шамадан тыс ішімдік ішу яки азғындыққа итермелесе, ата-ананы баласының ой қалпын өзгертіп, мұндай жүрістің қауіпті салдарын түсінуге көмектескені үшін айыптаған жөн бе?

8. Тімоте қалай шындыққа ‘көзі жетіп сенді’?

8 Елші Пауыл жас Тімотеге: “Ал сен үйреніп, берік [“көз жеткізіп”, ЖД] сенгендеріңе адал болып қала бер, өйткені тәлімгерлеріңнің кім болғандарын білесің. Сонымен бірге балалық шағыңнан-ақ Киелі жазбалармен таныссың. Олар сені парасатты етіп, Мәсіх Исаға деген сенімің арқылы құтқарылуға бастап әкеледі”,— деп жазды (Тімотеге 2-хат 3:14, 15). Тімотеге бала күнінен бастап, шешесі мен әжесі Киелі жазбалардан білім беріп, Құдайға деген сенімінің берік негізін қалаған (Елшілердің істері 16:1; Тімотеге 2-хат 1:5). Кейінірек олар мәсіхші болғанда, Тімотені күштеп сендірген жоқ, қайта, Жазбалардағы білімге сүйеніп қисынды дәлелдер келтіру арқылы оның ‘көзін жеткізді’.

Ехоба сені таңдау жасауға шақырады

9. а) Ехоба жаратылыстарын қалай ерекше етті және не себептен? ә) Құдайдың тұңғыш Ұлы ерік бостандығын қалай қолданды?

9 Жаратылыстарын Ехоба өз еркінен басқа ештеңе істей алмайтын робот етіп жаратуына болар еді. Бірақ олай етпеді, қайта, оларға ерік бостандығын беріп, ерекше етті. Құдай өзіне өз еркімізбен мойынсұнғанымызды қалайды. Оған жаратылыстарының, кәрі-жас демей, өзін сүйгендіктен қызмет еткені ұнайды. Құдайдың еркіне сүйіспеншілікпен мойынсұнудың ең керемет үлгісін тұңғыш Ұлы қалдырды. Ехоба ол туралы: “Бұл Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!”— деді (Матай 3:17). Осы тұңғыш ұлы Әкесіне: “Мен Сенің құзырыңды [еркіңді] орындамақпын, Құдайым менің, Сенің заңдарың да жүрек түкпірімде сақтаулы тұр”,— деді (Забур 39:9; Еврейлерге 10:9, 10).

10. Ехобаға ұнамды қызмет ету үшін не нәрсе маңызды?

10 Ехоба Исаның жетекшілігімен қызмет ететіндерден өзіне Ұлы сияқты өз еріктерімен бағынады деп күтеді. Забур жыршысы пайғамбарлық сөздермен: “Шайқасқа шыққан күніңде халқың өз еркімен әскерің саған еруге дайын тұр. Күн сайын таң ата жаңаратын шық іспетті жас жігіттерің қасыңа жиналады”,— деген (Забур 109:3, сілтемені қараңдар). Ехобаның бүкіл ұйымы, көктегі және жердегі бөліктері, Құдайдың еркіне сүйіспеншілікпен бағынып әрекет етеді.

11. Ехобаға бағышталған ата-ананың қолында өскен жастар нені таңдаулары керек?

11 Сондықтан да, жастар, сендерді шомылдыру рәсімінен өтуге ата-аналарың да, қауымдағы мәсіхші ақсақалдар да мәжбүрлемейтінін түсінулерің керек. Ехобаға қызмет етуді өздерің қалауға тиіссіңдер. Ежелде Ешуа исраилдіктерге: “Оған [Ехобаға] таза және қалтқысыз жүректен қызмет етіңдер... Кімге сыйынатындарыңды бүгін таңдап алыңдар”,— деген болатын (Ешуа 24:14—22). Сол сияқты Ехобаға өмірлеріңді бағыштауды және еркін орындауға арнауды өздерің қалап таңдауларың қажет.

Жауапкершілігіңді мойныңа ал

12. а) Ата-аналар балаларына тәлім бере алғанымен, олар үшін не істей алмайды? ә) Жастар жасаған таңдаулары үшін Құдайдың алдында қай кезде жауапты бола бастайды?

12 Жастар, ата-аналарыңның адалдығының арқасында қорғанып жүре бермейтін уақыт та келеді (Қорынттықтарға 1-хат 7:14). Шәкірт Жақып: “Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлы”,— деп жазған (Жақып 4:17). Балалары ата-аналары үшін Құдайға қызмет ете алмайтыны сияқты ата-аналар да балалары үшін қызмет ете алмайды (Езекиел 18:20). Сендер Ехоба мен оның ниеттері жайлы білдіңдер ме? Оқығандарыңды түсінетіндей және Құдаймен жеке қарым-қатынаста болатындай дәрежеге жеттіңдер ме? Олай болса, Құдай сендерді өзіне қызмет етуді шеше алады деп есептегені ақылға қонымды емес пе?!

13. Шомылдыру рәсімінен өтпеген жастар өздеріне қандай сұрақтар қойғаны жөн?

13 Сен мәсіхші ата-ана тәрбиелеп жатқан, қауым кездесулеріне келіп, тіпті Патшалық туралы ізгі хабарды жариялап жүрген шомылдыру рәсімінен өтпеген жастардың бірісің бе? Егер осылай болса, шыншыл болып, өзіңнен: “Мұны мен не үшін істеп жүрмін? Кездесулерге не уағызға әке-шешем қалағандықтан барып жүрмін бе, жоқ әлде Ехобаға ұнамды болу үшін бе?”— деп сұра. ‘Оның [Құдайдың] еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін болдың’ ба? (Римдіктерге 12:2).

Шомылдыру рәсімінен өтуді кейінге қалдыруға себеп бар ма?

14. Орынды себеп болмаса, шомылдыру рәсімінен өтуді кейінге қалдырмау керектігін Киелі кітаптағы қандай оқиғалардан көруге болады?

14 “Менің шомылдыру рәсімінен өтуіме қандай тосқауыл бар?” Осы сұрақты ізгі хабарды уағыздаушы Філіпке қойған ефиопиялық кісі жаңа ғана Исаның Мәсіх екенін білген-ді. Алайда оның бұдан былай Құдайға мәсіхшілер қауымының бір мүшесі ретінде қызмет ететінін ашық жария етуді кешіктірудің қажеті жоқ екенін түсінуге Жазбалардан жеткілікті білімі бар еді, әрі бұл оны мол қуанышқа кенелтті (Елшілердің істері 8:26—35, 36, ЖД; 37—39). Сол сияқты ‘Иеміз жүрегін жібітіп, Пауылдың айтқан сөзіне құлақ түргізген’ Лүдия есімді әйел де үй ішімен бірге бірден ‘шомылдыру рәсімінен өтті’ (Елшілердің істері 16:14, 15). Сондай-ақ Філіпідегі түрме бастығы да ‘Иеміздің Ізгі хабарын айтып берген’ Пауыл мен Сыйласты тыңдап, “өзі де, бүкіл от басы да... дереу шомылдыру рәсімінен өтті” (Елшілердің істері 16:25—34). Олай болса, Ехоба мен оның ниеті жайлы негізгі білімің болып, оның еркін орындауды шын жүректен қаласаң, сондай-ақ қауымда жақсы атқа ие болып, кездесулер мен Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздау ісіне үнемі атсалысатын болсаң, онда шомылдыру рәсімінен өтуді кейінге қалдырудың қандай себебі бар? (Матай 28:19, 20)

15, 16. а) Шомылдыру рәсімінен өтуге жастарға қандай жаңсақ ой кедергі болуы мүмкін? ә) Құдайға бағышталу мен шомылдыру рәсімінен өту қалайша жастарға қорғаныш бола алады?

15 Ертеңгі күні дұрыс емес қылықтар жасап қойып, жауапқа тартыламын деп қорыққаннан осы маңызды қадамды жасаудан тартыншақтайсың ба? Егер осылай болса, мынадай мысалға көңіл қойшы: Бір күні жол апатына ұшырап қалармын деп қорқып жүргізушінің куәлігін алудан бас тартар ма едің? Әрине, жоқ! Демек, егер талаптарға сай келіп тұрсаң, шомылдыру рәсімінен өтуден тартынудың да қажеті жоқ. Рас, өміріңді Ехобаға бағыштап, оның еркін орындауға келіскен болсаң, жамандыққа бармау үшін қолыңнан келгенді істеуге барынша талпынатын боласың (Філіпіліктерге 4:13). Жастар, шомылдыру рәсімінен өтуді кейінге қалдыруларыңмен жауапкершіліктен құтыламыз деп ойламауларыңды өтінеміз. Жауапкершілікті сезінетін жасқа келгенде, шомылдыру рәсімінен өткен не өтпеген болсаңдар да, қалай әрекет ететіндерің үшін Ехобаның алдында жауаптысыңдар (Римдіктерге 14:11, 12).

16 Дүние жүзінде көптеген Куәгерлер жас кезінде шомылдыру рәсімінен өтуді шешкендерінің зор пайдасын көрді. Мысалы, Батыс Еуропадағы 23 жастағы бір Куәгерді алайық. Ол 13 жасында шомылдыру рәсімінен өткені ‘жастықтың құмарлықтарына’ беріліп кетуден сақ жүруге себеп болғанын есіне алады (Тімотеге 2-хат 2:22). Жас күнінде ол толық уақытты қызметші болуды шешеді. Ол бүгінде Ехоба Куәгерлерінің бір филиалында қуанышпен қызмет етуде. Ехобаға қызмет етуді таңдаған жастардың бәрін, сені де, мол баталар күтіп тұр.

17. Қай салаларда ‘Құдайдың еркін біліп алу’ қажет?

17 Құдайға бағышталу мен шомылдыру рәсімі әрбір ісімізде Құдайдың еркін есепке алатын өмірдің бастамасы болып табылады. Бағышталуымызға сай өмір сүруге ‘уақыттың құнын өтеп алу’ да жатады. Мұны қалай істей аламыз? Бұрындары бос әурешілік істерге кетірген уақытымызды Киелі кітапты байыппен зерттеуге, үнемі қауым кездесулеріне қатысу мен мүмкіндігінше ‘Патшалық туралы Ізгі хабарды’ уағыздауға жұмсау арқылы (Ефестіктерге 5:15, 16, ЖД; Матай 24:14). Ехобаға бағышталуымыз бен оның еркін орындауды қалағанымыз өміріміздің барлық саласына — соның ішінде қалай тынығатынымызға, не ішіп-жейтініміз бен қандай әуендерді тыңдайтынымызға — жақсы жағынан әсер етеді. Неге мәңгілік бойы қызығын көре алатындай тынығудың түрін таңдамасқа? Мыңдаған бақытты да жас Куәгерлер ‘Құдайдың еркінен’ тыс кетпей-ақ, уақытты қызықты өткізудің көптеген пайдалы жолдары бар екенін саған айтып береді (Ефестіктерге 5:17—19).

“Біз сенімен бірге барамыз”

18. Жастар өздеріне қандай сұрақ қоюлары керек?

18 Б. з. б. 1513 жылдан бастап б. з. 33 жылының Алғашқы өнім мейрамына дейін жер бетінде Ехобаның өзіне ғибадат ететін әрі “куәгерлері” болған ұйымдасқан халқы болды (Ишая 43:12, ЖД). Жас исраилдіктер сол халықтың ішінде туылған еді. Ал Алғашқы өнім мейрамынан бері Ехобаның жер бетінде жаңа “халқы”, яғни рухани Исраил, ‘өзінің атымен аталған халқы’ бар (Петірдің 1-хаты 2:9, 10; Елшілердің істері 15:14; Ғалаттықтарға 6:16). Елші Пауыл Мәсіх ‘өзінің меншікті, игі істерге ынталы халықты’ өзіне тазартып алғанын айтады (Титке 2:14). Жастар, сол халықты қайдан табуға болатынын анықтап алу өз еріктерің. Бүгінде Киелі кітап принциптеріне сай өмір сүрулерімен, Ехобаның адал куәгерлері ретінде әрекет етіп және Патшалықты адамзаттың жалғыз үміті ретінде уағыздауларымен ‘үнемі адал жүріп-тұратын әділ халықты’ құрайтын кімдер? (Ишая 26:2, ЖД; 3, 4) Мәсіхшілер әлемі мен басқа да діндерге қарап, олардың жүріс-тұрыстарын Киелі кітаптағы Құдайдың шынайы қызметшілеріне қойылатын талаптармен салыстырып көр.

19. Дүние жүзі бойынша миллиондаған адамдардың неге көзі жетті?

19 Жер жүзі бойынша миллиондаған адамның, соның ішінде көп жастар да бар, сол ‘әділ халықты’ Ехоба Куәгерлерінің майланған тамтығы құрайтынына көзі жетті. Олар осы рухани исраилдіктерге: “Біз сенімен бірге барамыз, өйткені біз Құдай сендер жағында екенін естідік”,— дейді (Зәкәрия 8:23). Жастар, сендер Құдай халқының арасында өз орындарыңды табуды шешіп, осылайша Құдайдың жаңа дүниесіндегі мәңгілік ‘өмірді таңдап’ алады деп толық үміттенеміз және сол үшін дұға етеміз (Заңды қайталау 30:15—20; Петірдің 2-хаты 3:11—13).

Қайталауға арналған сұрақтар

• ‘Нұсқау беруге’ не жатады?

• Ехобаға қандай қызмет ұнамды?

• Құдайға бағышталған ата-ананың қолында өскен жастар қандай таңдау жасай алады?

• Орынды себеп болмаса, неге шомылдыру рәсімінен өтуді кейінге қалдырмаған жөн?

[27-беттегі суреттер]

Кімді тыңдайсың?

[28-беттегі сурет]

Құдайға бағышталу мен шомылдыру рәсімі сен үшін қалай қорғаныш бола алады?

[31-беттегі сурет]

Шомылдыру рәсімінен өтуіңе қандай тосқауыл бар?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу