Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.1. 4—8 бет.
  • Мәсіхтің туған күні. Бұл мерекенің мәні неде?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мәсіхтің туған күні. Бұл мерекенің мәні неде?
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Кейінгі өзгерістер
  • Қазіргі мерекелер Исаға шынымен құрмет әкеле ме?
  • Құдай мен Мәсіхті даңқтаудың дұрыс жолы
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.1. 4—8 бет.

Мәсіхтің туған күні. Бұл мерекенің мәні неде?

МИЛЛИОНДАҒАН адам үшін жаңа жыл мерекелері — отбасымен және достарымен бас қосатын және аяулы сезімдерді қайта жандандыратын уақыт. Көптеген басқа адамдар үшін бұл — Иса Мәсіхтің дүниеге келуі мен оның адамзатты құтқару үшін атқаратын рөлі туралы ой жүгіртетін уақыт. Бірақ басқа елдерден айырмашылығы Ресейдегі адамдар Мәсіхтің туған күнін әрқашан өз қалаулары бойынша атап өте алмаған. Ғасырлар бойы Ресейдегі православие шіркеуі Мәсіхтің туған күнін ашық түрде мейрамдап келгенімен, ХХ ғасырда оған ұзақ уақыт бойы тыйым салынды. Мұндай өзгеріс ненің салдарынан болды?

1917 жылы большевиктер революция орнатқан соң, көп ұзамай Кеңес үкіметі бүкіл елде қатал түрде атеизм саясатын жүргізді. Мәсіхтің туған күні діни мейрам болғандықтан, үкіметтің қаһарына ілікті. Бүкіл елде Мәсіхтің туған күні мен жаңа жыл мерекелеріне қарсы үгіт-насихат жүргізілді. Тіпті осы мерекенің рәміздері, шырша мен Аяз ата, ашық түрде масқараланатын болды.

1935 жылдан бастап орыстар жаңа жыл мерекелерін мүлдем басқаша атап өте бастады. Кеңес үкіметі Аяз атаға, шыршаға және Жаңа жыл мерекесіне қайтадан рұқсат берді, бірақ айтарлықтай өзгерістер бар еді. Мысалы, Аяз ата сыйлықты Мәсіхтің туған күнінде емес, Жаңа жылда беретін болды. Сол сияқты шырша да бұдан былай Мәсіхтің туған күнінде қойылмайды. Енді ол Жаңа жыл шыршасына айналды. Осылайша Кеңес үкіметіндегі бұл мерекенің өңі өзгеріп шыға келді. Сайып келгенде, Жаңа жыл мерекесі Мәсіхтің туған күнін ығыстырып шығарып жіберді.

Мәсіхтің туған күні ресми түрде өзінің діни сипатынан толық айырылып, жай мейрамға айналды. Жаңа жыл шыршасы діни мәні бар ойыншықтармен емес, Кеңес үкіметінің дамуын суреттейтін ойыншықтармен безендіріле бастады. Ресейдің “Вокруг света” деп аталатын журналында былай түсіндіріледі: “Кеңес дәуірінің әр түрлі кезеңінде жасалған шырша ойыншықтарына қарап, Коммунистік қоғамның даму тарихын көруге болады. Кеңінен тараған қояндар мен мұздар және домалақ нандармен бірге орақ, балға және трактор түріндегі ойыншықтар шығарылатын болды. Кейін олардың орнына шахтёр, ғарышкер, бұрғылау мұнарасы, ракета және айда жүретін машина сияқты ойыншықтар іліне бастады”.

Ал Мәсіхтің туған күні ше? Ол күнді мойындамайтын болды. Кеңес үкіметі ол күнді кәдімгі жұмыс күніне айналдырып, құрдымға кетірді. Мәсіхтің туған күнін атап өткісі келген адамдар үкіметтің қаһарына ұшырауы мүмкін еді, сондықтан олар мейрамды жасырын атап өтетін. Осылайша ХХ ғасырда Ресейде діни мереке ретінде өткізілетін жаңа жыл мерекелері енді жай ғана көңіл көтеретін күндердің біріне айналды.

Кейінгі өзгерістер

1991 жылы Кеңес үкіметі құлады да, адамдарда көбірек еркіндік пайда болды. Мемлекеттегі атеизм саясаты да жойылды. Жаңа пайда болған тәуелсіз мемлекеттерде дін мен үкімет біртұтас саналмады. Көптеген діндар адамдар енді өздерінің діни нанымдарын ашық түрде ұстануға болатынын ұқты. Сондықтан олар Мәсіхтің туған күнін атап өту дәстүрін қайта жандардырды. Алайда көп ұзамай мұндай адамдардың көпшілігінің көңілі қалды. Неге?

Жыл өткен сайын мейрам табыстың көзіне айнала бастады. Тура батыстағыдай, Мәсіхтің туған күні тауар өндірушілерге, көтерме бағамен сатушыларға және алып-сатарларға көп пайда түсіретін болды. Дүкендерде терезелердің алдын мейрамға арналған әшекейлермен толтырып, Мәсіхтің туған күнінде қойылатын батыс стиліндегі бейтаныс әуендерді ойнатып қоятын болды. Мейрамға арналған ұсақ-түйек заттарға толы үлкен сөмкелер көтерген саудагерлер тауарларын жолаушылар таситын поездарда және басқа да адам таситын көліктерде сатып жүреді. Елдің қазіргі көрінісі осындай.

Мұндай саудаға қарсылық білдірмейтін адамдардың өзі осы кезеңде орын алатын басқа бір жайтты, шектен тыс ішімдік ішу мен оның сұмдық нәтижелерін ойлап мазаланулары мүмкін. Мәскеудегі бір аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін дәрігер былай деп түсіндіреді: “Жаңа жылды мейрамдайтын күндері дәрігерлерге тыным жоқ. Үй ішіндегі дау-жанжалдан, ішімдіктен болған зорлық-зомбылықтан және жол апатынан соққы алғандар мен қарудан жарақат алғандар ағылып жатады”. Ресей Ғылым академиясының бір институтындағы аға қызметкер былай деген: “Ішімдіктің салдарынан болған өлімнің саны күрт өсті, бұл көрсеткіш әсіресе 2000 жылы ең жоғары межеге жетті. Өз-өзіне қол жұмсау мен кісі өлтіруге қатысты да солай деуге болады”.

Өкінішке қарай, Жаңа жыл мерекелерінің қарсаңында Ресейдегі жағдайды тағы бір нәрсе қиындатады. “Известие” газетінде жарияланған “Орыстар Мәсіхтің туған күнін екі рет тойлайды” деп аталатын мақалада былай жазылды: “Ресейдегі адамдардың оннан бірі дерлік Мәсіхтің туған күнін екі мәрте тойлайды. “РОМИР-Мониторинг” орталығы жүргізген сауалнамаға сай, оған қатысқан адамдардың 8 пайызы Мәсіхтің туған күнін екі мәрте, яғни католик күнтізбесі бойынша 25 желтоқсанда, одан соң православие күнтізбесі бойынша 7 қаңтарда тойлайтынын мойындаған... Кейбіреулер үшін Мәсіхтің туған күні діни маңызы бар күн емес, жай ғана көңіл көтерудің тағы бір мүмкіндігі екені анық”.a

Қазіргі мерекелер Исаға шынымен құрмет әкеле ме?

Жаңа жыл мерекелерінде лайықсыз әрекеттер жасалатыны бәріне мәлім. Осыған көңілдері толмайтын кейбір адамдар бұл мейрамды Құдайға және Мәсіхке құрмет әкелетіндей етіп өткізу керек деп ойлауы мүмкін. Құдайға ұнамды болуға тырысу — әрине, мақтауға тұрарлық. Бірақ Мәсіхтің туған күнін тойлау Құдай мен Мәсіхке шынымен ұнай ма? Бұл мейрамның қайдан шыққанын қарастырып көрейікші.

Кеңес үкіметі Мәсіхтің туған күніне қатысты қандай көзқарасты ұстанған болса да, “Үлкен Совет энциклопедиясында” жазылған келесі тарихи фактіге қарсы дау айту қиын болар: “Мәсіхтің туған күні әсіресе егін шаруашылығымен айналысатын халықтардың арасында кеңінен тараған “өліп қайта тірілетін” ежелгі құдайларға табыну дәстүрінен қалған. Олар жыл сайын 21—25 желтоқсан аралығындағы күн мен түн теңесетін уақытта табиғатқа жаңа өмір беретін Құтқарушы Құдайдың туған күнін тойлаған”.

Сол энциклопедияда дәл айтылған келесі сөздер сіз үшін қызық болатын шығар: “Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер Мәсіхтің туған күнін тойламаған... Төртінші ғасырдың ортасынан бастап мәсіхшілер қысқы күн мен түн теңесетін уақытта Митраға табыну дәстүрін қабыл алып, оны Мәсіхтің туған күніне айналдырды. Мәсіхтің туған күнін алғаш рет Римдегі діни топ тойлады. Оныншы ғасырда мәсіхшілікпен бірге Ресейге Мәсіхтің туған күні келді де, ежелгі славяндардың қыста өткізетін ата-баба рухтарын дәріптеу мейрамымен араласып кетті”.

Мүмкін, сіз: “Исаның 25 желтоқсанда туылғаны туралы Құдай Сөзі Киелі кітапта не айтылады?”— деп сұрайтын шығарсыз. Негізінде, Киелі кітапта Исаның нақты қай күні туылғаны айтылмайды. Иса да туған күнін айтпаған, ал оны мейрамдау туралы тіпті сөз де қозғалмаған. Алайда Киелі кітаптың көмегімен Исаның жылдың қай мезгілінде туылғанын анықтауға болады.

Матай жазған ізгі хабардың 26, 27-тарауларына сәйкес, Иса б. з. 33 жылының 31 наурызында, яһудилердің Құтқарылу мейрамы болған күннің кешінде, яғни 14 нисанда өлтірілді. Лұқа жазған ізгі хабарда Иса шомылдыру рәсімінен өтіп, қызметін бастағанда, шамамен отыз жаста болғаны айтылады (Лұқа 3:21—23). Оның қызметі үш жарым жылға созылды. Олай болса, қайтыс болғанда, Иса шамамен отыз үш жарым жаста болған. Шамамен б. з. 33 жылының 1 қазанында ол 34-ке келген болар еді. Лұқа Иса туылған кезде, малшылардың ‘далада түнеп, малдарын күзетіп жатқанын’ жазады (Лұқа 2:8). Малшылар желтоқсанның суық күндерінде малмен бірге далада түнемеген болар еді, бұл уақытта Бетлехем аймағына тіпті қар түсуі де мүмкін болған. Ал 1 қазанда далада түнеулері әбден мүмкін еді, әрі айғақтар Исаның осы уақытта туылғанына нұсқайды.

Ал Жаңа жыл мерекесі туралы не деуге болады? Көріп отырғанымыздай, онда дұрыс емес қылықтар жасалады. Мерекенің діни мәнін жоюға қанша күш салынғанымен, оның шығу тегіне қатысты күмән көп.

Жаңа жыл мерекелерімен байланысы бар жайттарды ескерер болсақ, “мереке Исаға арналған” деген сияқты сөздер бос сөз болып қалады. Егер Мәсіхтің туған күні мейрамдарындағы сауда-саттық пен жаман қылықтар және мейрамның жалған құдайларға табынумен байланысы сізді мазалайтын болса, ұнжырғаңыз түспесін. Құдай мен Исаны құрметтеудің әрі отбасын да нығайтудың жақсы жолы бар.

Құдай мен Мәсіхті даңқтаудың дұрыс жолы

Киелі кітапта Исаның ‘көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанын қиюға келгені’ айтылады (Мат. 20:28). Ол өзін өлтіруге жол беріп, біздің күнәларымыз үшін өмірін дайындықпен берді. Мәсіхті құрметтегісі келетін кейбір адамдар Мәсіхтің туған күнінде осыған мүмкіндік туады деп ойлайтын шығар. Бірақ көріп отырғанымыздай, Мәсіхтің туған күні мен Жаңа жылдың Мәсіхке ешқандай қатысы жоқ десе де болады, оның үстіне, бұл мейрамдар жалған діннен шыққан. Мәсіхтің туған күнін тартымды етіп көрсетеді де, осылайша оны табыстың көзіне айналдырады. Оның үстіне, бұл мерекеде Құдай мен Мәсіхке ұнамсыз масқара істер жасалатынын мойындауымыз керек.

Құдайдың ықыласына ие болғысы келген адам қалай әрекет етуі керек? Таза пейілді адамдар Құдайға құлшылық ету сезімін қанағаттандырғандай жалған сезім тудыратын, бірақ Жазбаларға қарсы келетін адамдар ойлап тапқан дәстүрлерді ұстанып жүре берудің орнына, Құдай мен Мәсіхке құрмет көрсетудің тура жолын іздейді. Ол қандай жол және оны қалай табуға болады?

Мәсіхтің өзі былай деген: “Мәңгілік өмір, бұл — жалғыз шынайы Құдайды және Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану” (Жох. 17:3). Иә, ниеті түзу адам Құдай мен Мәсіхті қалай даңқтау керек екенін білу үшін тура білім іздейді. Одан кейін осы білімді жылдың бір мезгілінде ғана емес, күнделікті өмірінде қолданады. Осындай шынайы ықыласпен жасалған мәңгілік өмірге жетелейтін әрекетті Құдай ұнатады.

Құдайды және Мәсіхті Жазбаларға сай шын құрметтейтін адамдардың арасында сіздің де отбасыңыздың болғанын қалайсыз ба? Ехоба Куәгерлері дүние жүзі бойынша миллиондаған адамдардың Киелі кітаптан өмірлік маңызы бар білім алуларына көмектескен. Біз сізді төңірегіңізде тұратын Ехоба Куәгерлерімен байланысуға немесе осы журналдың 2-бетіндегі мекен-жайлардың бірін қолданып, оларға хат жазуға шын жүректен шақырамыз.

[Сілтеме]

a 1917 жылғы революцияға дейін Ресейде Юлий күнтізбесі қолданылған, бірақ басқа елдердің көбісі Григорий күнтізбесіне көшіп қойған болатын. 1917 жылы Юлий күнтізбесі Григорий күнтізбесінен 13 күн қалық еді. Революциядан кейін Кеңес үкіметі де басқа елдер сияқты Григорий күнтізбесін қолданатын болды. Алайда православие шіркеуі Юлий күнтізбесін мейрамдары үшін сақтап қалды да, оны “Ескі стильдегі” күнтізбе деп атады. Мүмкін, Ресейде Мәсіхтің туған күні 7 қаңтарда тойланатынын естіген шығарсыз. Алайда Григорий күнтізбесіндегі 7 қаңтар Юлий күнтізбесіндегі 25 желтоқсанға сәйкес келетінін ұмытпаңыз. Осылайша Ресейде көп адам жаңа жыл мерекелерін келесі тәртіппен атап өтеді: 25 желтоқсанда католик күнтізбесі бойынша Мәсіхтің туған күні; 1 қаңтарда Жаңа жыл; 7 қаңтарда православие күнтізбесі бойынша Мәсіхтің туған күні; 14 қаңтарда ескіше Жаңа жыл.

[7-беттегі қоршау/сурет]

Жаңа жыл мерекесінің шығу тегі

Грузиядағы православие шіркеуі қызметшісінің сөздері

“Жаңа жыл мейрамы ежелгі Римдегі жалған құдайға табыну мейрамдарынан бастау алады. Бірінші қаңтарда Янус есімді құдайға арналған мейрам өткізілетін, осы айдың атауы да соның есімінен қалған. Янустың алдында және артында екі беті болған, бұл оның өткен уақытты да, қазіргі уақытты да көріп тұратынын бейнелеген. Бірінші қаңтарды ойын-күлкімен және молшылықта қарсы алған адам бүкіл жылды осылай өткізеді деген ырым болған. Жаңа жыл қарсаңында тап осындай ырымды отандастарымыздың көбісінен байқауға болады... Жалған тәңірлерге арналған кейбір мерекелерде адамдарды құрбандыққа шалған. Кейбір мерекелер жүгенсіздігімен, жын-ойнағымен және азғындығымен танымал болған. Кей жағдайларда, мысалы Янусқа арналған мейрамда, тамақты және ішімдікті шектен тыс ішу, мас болу және басқа да лас істер кәдімгі нәрсе саналатын. Жаңа жылды қалай қарсы алғанымызды еске алар болсақ, бәріміздің де осы жалған тәңірге арналған мерекеге атсалысқанымызды мойындамасқа амалымыз қалмайды” (Грузия газеті).

[6-беттегі сурет]

Мәсіхшілер әлемі Митраға табынуды қабыл алған

[Түпдерек]

Museum Wiesbaden

[7-беттегі сурет]

Малшылар желтоқсанның суық күндерінде малдарымен бірге далада түнемеген болар еді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу