Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.1. 9-б.—12-б., 10-абз.
  • Езра кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Езра кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҒИБАДАТХАНАНЫҢ ҚАЙТА СОҒЫЛУЫ
  • (Езра 1:1-6:22)
  • ЕЗРАНЫҢ ИЕРУСАЛИМГЕ КЕЛУІ
  • (Езра 7:1—10:44)
  • Ехоба уәделерін орындайды
  • Қиындықта Ехобаға сенімді болып қала аласыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Езра халыққа Құдай Заңын үйретті
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ехоба өз қызметшілерінің дайындық рухын танытқанын қалайды
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
  • Езра. Мазмұны
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
Көбірек мәлімет
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.1. 9-б.—12-б., 10-абз.

Ехобаның сөзі тірі

Езра кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар

Езра кітабы Шежірелер туралы 2-жазба кітабындағы оқиғаның жалғасы болып табылады. Бұл кітапты жазған Езра есімді діни қызметкер әңгімесін Парсы патшасы Кирдің Бабылдағы яһудилердің елдеріне қайтуларына рұқсат берген жарлығынан бастайды. Кітаптың соңында көрші халықтармен туыстық қатынасқа түсіп арамданған яһудилерге Езраның қолданған шарасы жайында айтылады. Осының бәрін алғанда, кітап б. з. б. 537 жыл мен б. з. б. 468 жыл аралығындағы 70 жыл уақытты қамтиды.

Езра бұл кітапты жазғанда нақты бір мақсатты көздеген. Ол Ехобаның өз халқын Бабылдан алып шығамын деген уәдесін қалай орындағанын және Иерусалимде шынайы ғибадатты қалпына келтіргенін көрсеткісі келген. Сондықтан Езра осыған қатысы бар оқиғаларға ғана назар аударады. Езра кітабында қарсылықтар мен Құдай халқының кемелсіздігіне қарамастан, ғибадатхананың қайта соғылып, шынайы ғибадаттың қалпына келтірілгені айтылады. Бұл — біз үшін өте қызықты мәлімет, себебі біз де шынайы ғибадат қалпына келтіріліп жатқан уақытта өмір сүріп жатырмыз. Көп адам ‘Жаратқан Иенің тауына’ өрлеп барады және ‘жер беті Тәңірдің даңқы туралы білімге толып’ жатыр (Ишая 2:2, 3; Аббақұқ 2:14).

ҒИБАДАТХАНАНЫҢ ҚАЙТА СОҒЫЛУЫ

(Езра 1:1-6:22)

Кирдің бостандық туралы жарлығынан соң, жер аударылған 50 000-ға жуық яһудилер Зоробабел немесе Шешбазар есімді әміршінің басшылығымен Иерусалимге қайтады. Олар келе сала құрбандық шалатын орынды бұрынғы орнына қайта тұрғызады да, Ехобаға арнап құрбандық шала бастайды.

Одан кейінгі жылдары исраилдіктер ғибадатхананың іргетасын қалайды. Алайда жұмысқа қайта-қайта кедергі жасай берген жаулар ақырында жұмысты тоқтату жөнінде патшаның жарлық шығаруына ықпал етеді. Нағай және Зәкәрия пайғамбарлардың жігерлендіруімен тыйым салынғанына қарамастан, халық құрылысқа қайта кіріседі. Жаулар Парсы заңы бойынша өзгермейтін Кир шығарып кеткен жарлыққа қарсы келуге қорқып, әрі қарай кедергі жасай алмай қалады. Құжаттар тексерілгенде, Кирдің “Иерусалимдегі Құдайдың үйіне қатысты” берген бұйрығы табылған болатын (Езра 6:3). Жұмыс жақсы қарқынмен жүріп, сәтті аяқталады.

Киелі кітапқа негізделген сұрақтардың жауаптары:

1:3—6. Елдеріне қайтқысы келмеген исраилдіктердің сенімдері әлсіз болған ба? Кейбіреулер дүниелерін қимағандықтан немесе шынайы ғибадатты бағаламағандықтан, Иерусалимге қайтқысы келмеген шығар, бірақ бәрінің себебі бірдей болмаған. Біріншіден, Иерусалимге жету үшін, төрт-бес ай бойы 1 600 шақырым жол жүру керек болған. Оның үстіне, 70 жыл қаңырап бос жатқан жерді қалпына келтіріп, құрылыс жұмыстарымен айналысу үшін, бойында қуаты бар адамдар керек болған. Сондықтан кейбір адамдар денсаулығына, жасына және отбасындағы жағдайға байланысты елдеріне қайта алмаған.

2:43. Нетинимдер кімдер болған? Бұл — ғибадатханада жұмыс істеген исраилдік емес құлдар немесе қызметшілер. Олардың арасында Ешуаның күндеріндегі гибеондықтардың және “Дәуіт пен оның ханзадалары леуіліктерге қызмет етуге берген” нетинимдердің ұрпақтары болған (Езра 8:20).

2:55. Сүлейменнің құлдарының балалары деген кімдер? Бұл — Ехоба үшін ерекше қызмет атқарған исраилдік емес адамдар. Олар ғибадатханада немесе кейбір басқарма істерінде жазумен немесе көшірумен айналысқан болуы мүмкін.

2:61—63. Елдеріне оралған исраилдіктерде Ехобадан жауап алу үшін пайдаланатын ұрим мен тұмим болған ба? Кейбір исраилдіктер өздерінің діни қызметкерлердің ұрпақтары екендерін айтқан. Бірақ олар сөздерін шежіре арқылы дәлелдей алмағандықтан, мұны ұрим мен тұмим арқылы ғана растай алар еді. Езра жай ғана осылай етуге болатынын айтқан. Жазбаларда ұрим мен тұмимді ол кезде немесе одан кейінгі уақытта қолданғаны туралы ештеңе айтылмайды. Яһудилердің ел аузынан қалған әңгімесі бойынша ұрим мен тұмим б. з. б. 607 жылы ғибадатхана жойылғанда жоғалып кеткен.

3:12. “Бұрынғы ғибадатхананы көздері көрген қариялар” неге жылаған? Бұл кісілер Сүлеймен соққан ғибадатхананың қандай керемет болғанын ұмытпаған болса керек. Оның қасында іргетасы енді қаланып жатқан жаңа ғибадатхана оларға ‘түкке тұрғысыз’ болып көрінген (Нағай 2:2, 3). Ғибадатхананың бұрынғы салтанаты қалпына келе ме? Олар осыны ойлап, ұнжырғалары түскендіктен жылаған болу керек.

3:8—10; 4:23, 24; 6:15,16. Ғибадатхананы қайтадан соғуға қанша жыл кеткен? Ғибадатхананың іргетасы б. з. б. 536 жылы исраилдіктер “қайтып оралған соң, екінші жылы” қаланған. Б. з. б. 522 жылы Артаксеркс патшаның тұсында құрылыс тоқтап қалған. Бұл б. з. б. 520 жылға дейін, яғни Дарий патшаның екінші жылына дейін созылады. Ғибадатхананың құрылысы ол билік еткен алтыншы жылы, б. з. б. 515 жылы аяқталды (Б. з. б. 537 жыл мен б. з. б. 467 жыл аралығындағы Парсы патшалары деген тақырыпшаны қара). Демек, ғибадатхана шамамен 20 жыл бойы соғылған.

Біз үшін сабақ:

1:2. Ишая пайғамбардың шамамен 200 жыл бұрын айтқан сөздері дәл келді (Ишая 44:28). Ехобаның Сөзіндегі пайғамбарлықтар әрқашан орындалады.

1:3—6. Бабылда қалған кейбір исраилдіктер сияқты, бүгінде толық уақыт қызмет етуге немесе көбірек мұқтаждық бар жерлерде қызмет етуге жағдайлары келмейтін Ехоба Куәгерлері жағдайлары келетін басқа бауырластарға қолдау көрсетіп, жігерлендіреді және Патшалық туралы уағыздау мен шәкірт дайындау ісі үшін ерікті садақа береді.

3:1—6. Елдеріне оралған адал исраилдіктер б. з. б. 537 жылдың жетінші айында (қыркүйек/қазан айларына сәйкес келетін тишри айы) алғашқы құрбандықтарын шалды. Набуходоносор патша Иерусалимге б. з. б. 607 жылдың бесінші айында (шілде/тамыз айларына сәйкес келетін аб айы) кіріп, қаланы өртеген (Патшалықтар 4-жазба 25:8—17). Алдын ала айтылғандай, Иерусалим қаңырап бос жататын 70 жыл уақыт өз мезгілінде аяқталды (Еремия 25:11; 29:10). Ехобаның Сөзінде не айтылса, сол тура орындалады.

4:1—3. Адал исраилдіктер жалған құдайларға табынатын адамдармен діни одақтас болмау үшін олардың көмегінен бас тартқан (Мысырдан шығу 20:5; 34:12). Бүгінде де Ехобаның қызметшілері бірге әрекет ету үшін басқа діндермен одақтаспайды.

5:1—7; 6:1—12. Ехобаның оқиғаның барысына бағыт беруінің арқасында, оның қызметшілерінің істері сәтті болады.

6:14, 22. Ехобаның ісіне құлшына атсалысатын адамдар оның ықыласы мен батасына ие болады.

6:21. Ехобаның ісінің алға басып жатқаны яһуди жерінде тұратын самариялықтар мен басқа халықтардың ықпалына беріліп қалған, елдеріне оралған исраилдіктерді өмірлеріне өзгеріс ендіруге талпындырған. Біз де Патшалықты уағыздау ісін қоса алғанда, Құдай тапсырған істі қуанышпен атқаруымыз керек емес пе!?

ЕЗРАНЫҢ ИЕРУСАЛИМГЕ КЕЛУІ

(Езра 7:1—10:44)

Ехобаның қайта соғылған үйінің бағышталуынан кейін елу жыл өтті. Б. з. б. 468 жыл. Езра халық жинаған садақаны алып, Бабылда қалған исраилдіктердің бірсыпырасын бастап, Иерусалимге келеді. Мұнда келгенде ол не көреді?

Халық басшылары Езраға ‘Исраил халқы мен діни қызметкерлердің және леуіліктердің бөтен елдер мен олардың арамдықтарынан арылмағанын’ айтады. Ол аздай, “халықтың беделділері мен басшылары бұл заңсыздықты бірінші болып бастаған” (Езра 9:1, 2). Мұны естігенде Езраның төбесінен жай түскендей болады. Басқалар оған жігер беріп, әрекет етуге талпындырады (Езра 10:4). Езра жағдайды түзету үшін шаралар қолданады, ал халық оларды қабыл алады.

Жазбаларға негізделген сұрақтардың жауаптары:

7:1, 7, 11. Осы тармақтардың бәрінде құрылысты тоқтатып қойған Артаксеркс туралы айтыла ма? Жоқ. Артаксеркс деген патша екеу болған. Оның біреуін кейде Гаутама немесе Бардия деп атаған. Б. з. б. 522 жылы құрылысты тоқтатып қойған сол болатын. Ал Езра Иерусалимге келген уақытта тақта Артаксеркс Долгорукий отырған болатын.

7:28—8:20. Неге Бабылдағы көп яһудилердің Езрамен бірге Иерусалимге қайтуға аса ықыластары болмаған? Алғашқы исраилдіктердің елдеріне оралғандарына 60 жылдан асып кетсе де, Иерусалимде халық әлі аз болатын. Иерусалимге оралған адамдар қиыншылық пен қауіп-қатердің ортасында жаңаша өмір бастаулары керек еді. Ол кезде Иерусалимде, мүмкін, Бабылда бақуатты тұратын яһудилерді қызықтыратын материалдық игіліктер болмаған. Оның үстіне, жол жүру де қауіпсіз емес болатын. Иерусалимге қайтатын адамдарға Ехобаға деген берік сенім, шынайы ғибадатқа деген құлшыныс және жолға шығу үшін батылдық керек еді. Тіпті Езраның өзі Ехобаның күшімен нығайған. Оның жігерлендіруімен 1 500 отбасынан тұратын 6000-дай адам жолға шығады. Езра тағы біраз шаралар жасаған соң, оларға 38 леуілік және 220 нетиним қосылады.

9:1, 2. Исраилдіктердің көрші халықтармен құда болғандары қаншалықты жаман болды? Қайтып оралған халық Мәсіх келгенше шынайы ғибадатты сақтаулары керек еді. Басқа халықтармен құда болу шынайы ғибадатқа едәуір қауіп төндірді. Кейбіреулер жалған тәңірлерге табынатын адамдармен неке құрғандықтан, ақырында, бүкіл халықтың жалған тәңірлерге құлшылық ететін халықтармен араласып кету қаупі болған. Олай болса, шынайы ғибадат жер бетінен мүлдем құрып кеткен болар еді. Сонда Мәсіх кімге келер еді? Халықтың осындай жағдайын көрген Езраның қандай күйге түскенін түсінуге де болады.

10:3, 44. Неге балаларды шешелеріне қосып жіберген? Балаларын қосып жібермегенде, төркіндеріне кеткен әйелдердің қайтып келулері әбден мүмкін еді. Оның үстіне, бүлдіршіндерге аналарының қамқорлығы қажет.

Біз үшін сабақ:

7:10. Езра Құдай Сөзін бар зейінмен зерттейтін және оны жақсы үйрететін адам ретінде бізге жақсы үлгі қалдырған. Ол Ехобаның заңын терең түсіну үшін дұға ету арқылы жүрегін дайындаған. Сондықтан ол Ехобаның сөзіне бар ықыласын қоя білген. Езра білген нәрселерін өмірінде қолданған және оны басқаларға үйретуге бар күшін салған.

7:13. Ехоба ерікті қызметшілерді ұнатады.

7:27, 28; 8:21—23. Езра Ехобаға сенім артқан, ол Иерусалимге ұзақ және қауіпті сапарға шықпас бұрын, шын пейілмен Құдайға жалбарынған және Құдайдың даңқын асыру үшін өмірін қауіпке тігуге дайын болған. Осылайша бізге жақсы үлгі қалдырған.

9:2. Некеге қатысты “екеуі де Иемізбен тығыз байланыста тұрсын” деген ескертуге атүсті қарамауымыз керек (Қорынттықтарға 1-хат 7:39).

9:14, 15. Жаман ортада жүрген адам Ехобаның ықыласынан айырылып қалуы мүмкін.

10:2—12, 14. Бөтен халықтан әйел алған адамдар күнәларын кішіпейілдікпен мойындап, қателіктерін түзеткен. Олардың ой-қалыптары мен әрекеттері үлгі етуге тұрарлық.

Ехоба уәделерін орындайды

Езра кітабы — біз үшін өте құнды кітап. Ехоба Бабылдағы халқын құлдықтан босатамын деген уәдесін дәл уақытында орындады және Иерусалимде шынайы ғибадатты қалпына келтірді. Бұл Ехоба мен оның уәделеріне деген сенімімізді нығайтпай ма?!

Езра кітабынан қандай сабақ алуға болатынын ойлаңдаршы. Езра мен Иерусалимдегі шынайы ғибадатты қалпына келтіру үшін елдеріне оралған исраилдіктердің Ехобаға деген адалдықтары үлгі тұтуға тұрарлық. Сондай-ақ бұл кітапта Құдайды қастерлейтін жат жерлік адамдардың сенімдері мен күнәларына өкінген адамдардың кішіпейілдіктеріне назар аударылады. Шынында да, Езраның киелі рухтың жетелеуімен жазған сөздері — “Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті” екенінің анық дәлелі (Еврейлерге 4:12).

[10-беттегі сурет/кесте]

Б. З. Б. 537 Ж.—Б. З. Б. 467 Ж. АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПАРСЫ ПАТШАЛАРЫ

Ұлы Кир (Езра 1:1). Б. з. б. 530 жылы қайтыс болған.

Камбис немесе Артаксеркс (Езра 4:6). Б. з. б. 530 — 522 жылдар.

Артаксеркс Бардия немесе Гаутама (Езра 4:7). Б. з. б. 522 жылa (7 ай билік еткен соң, қастандықпен өлтірілген).

Дарий І (Езра 4:24). Б. з. б. 522 — 486 жылдар.

Ксеркс немесе Артаксеркс*. Б. з. б. 486 — 475 жылдар (Б. з. б. 496 — 486 жылдар аралығында Дарий І-мен бірге билік еткен).

Артаксеркс Лонгиман (Езра 7:1). Б. з. б. 475 — 424 жылдар.

[Сілтеме]

a Езра кітабында Ксеркстің аты аталмаған. Естер кітабында ол Артаксеркс деп аталады.

[Сурет]

Артаксеркс

[9-беттегі сурет]

Кир

[Түпдерек]

Cylinder: Photograph taken by courtesy of the British Museum

[12-беттегі сурет]

Езра тәлім беру шеберлігіне ненің арқасында қол жеткізгенін білесің бе?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу