Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w03 1.10. 19—23 бет.
  • Әділдік үшін қудаланғандар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Әділдік үшін қудаланғандар
  • 2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Куәгер ме, өз нанымы үшін жанын қиюға даяр адам ба?
  • “Жұрт сендерді жек көретін болады”
  • Адалдықпен төтеп бергендер
  • Неге оларды жек көреді және қудалайды?
  • Қудаланса да, бақытты
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сынақтарға төтеп беру арқылы Ехобаны мадақтаймыз
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Жердің қиыр шетіне дейін”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w03 1.10. 19—23 бет.

Әділдік үшін қудаланғандар

“Әділдік үшін қудаланғандар бақытты” (МАТАЙ 5:10).

1. Иса не себепті Понти Пилаттың алдына әкелінді және ол не деді?

‘МЕН шындыққа куәлік ету үшін осы дүниеге келдім’ (Жохан 18:37, сілтемені қара). Иса бұл сөздерді Яһудеядағы римдік билеуші Понти Пилаттың алдында тұрғанда айтқан. Иса онда өзі барғысы келгендіктен не Пилат шақырғандықтан барған жоқ. Оны яһуди дінбасылары өлімге лайық заң бұзушы ретінде жала жауып, сонда алдыртқан (Жохан 18:29—31).

2. Иса не істеді және мұның ақыры қандай болды?

2 Иса өзін босатып жіберу не өлімге кесу Пилаттың билігінде екенін жақсы білген (Жохан 19:10). Бірақ бұл оның Пилатқа Патшалық туралы батыл сөйлеуіне кедергі болмады. Өміріне қауіп төніп тұрса да, Иса сол өңірдің ең жоғары лауазымды басшысына куәлік беру мүмкіндігін пайдаланды. Осыған қарамастан, нанымы үшін жанын қиюға даяр болған Иса сотталып, азап шегу бағанасына шегеленіп өлтірілді (Матай 27:24—26; Марқа 15:15; Лұқа 23:24, 25; Жохан 19:13—16).

Куәгер ме, өз нанымы үшін жанын қиюға даяр адам ба?

3. Киелі кітап жазылып жатқан уақытта ма́ртис деген грек сөзінің мағынасы қандай болған, бірақ бүгінде оның мағыналарының бірі қандай?

3 Бүгінде көпшілік өз нанымы үшін жанын қиюға даяр адамды фанат, тым солақай көзқарасты жақтаушы (экстремист) деп түсінеді. Сондай-ақ өз нанымы, әсіресе діни нанымы үшін жанын қиюға даяр адамдар жиі террорист есебінде күдікті не қоғамға қауіпті деп қарастырылады. Бірақ кейбір тілдерде өз нанымы үшін жанын қиюға даяр деген ұғым ма́ртис деген грек сөзінен шығып, Киелі кітап жазылып жатқан уақытта “куәгер”, яки өзі сенетін шындық туралы куәлік беретін адам, дегенді білдіретін. Мұндай куәлікті ол сот мәжілісінде де беруі мүмкін. Кейінірек оның “куәлік ету үшін өз өмірін қиятын адам” немесе өмірін беріп куәлік ететін адам деген басқа мағынасы да пайда болды.

4. Ма́ртис деген грек сөзі Исаға қатысты бірінші кезекте қандай мағынада қолданылады?

4 Аталмыш грек сөзі (ма́ртис) Исаға қатысты бірінші кезекте куәгер мағынасында қолданылады. Өзі Пилатқа айтқандай, ол “шындыққа куәлік ету үшін” келген. Оның куәлігін адамдар әр түрлі қабылдаған. Қарапайым адамдардың кейбіріне естіп-көргендері қатты әсер етіп, олар Исаға сенген (Жохан 2:23; 8:30). Өзге халық пен дінбасылары да қатты әсерленеді, бірақ олардың алған әсері жағымсыз болады. Иса сенуші емес туыстарына: “Осы күнәкар дүние сендерді жек көре алмайды. Ал ол Мені жек көреді, себебі Мен оның істерінің жаман екенін әшкерелеп жүрмін”,— дейді (Жохан 7:7). Куәлік етуімен Иса халық басшыларының ашуын шақырып, олар оны өлтіртті. Расында да, ол “адал да шынайы Куәгер (ма́ртис)” болған (Аян 3:14).

“Жұрт сендерді жек көретін болады”

5. Қызметінің басында Иса қуғын-сүргінге қатысты не деген?

5 Иса өзі ғана емес, ізбасарларының да қуғынға ұшырайтынын ескерткен. Иса қызметінің басында айтқан Таудағы уағызында тыңдаушыларына былай деді: “Әділдік үшін қудаланғандар бақытты: Құдай Патшалығы сондайларға арналған! Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, Әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар! Қуана шаттаныңдар! Себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!” (Матай 5:10—12).

6. Иса 12 елшісін куәлік етуге жіберіп жатып нені ескерткен?

6 Кейінірек 12 елшісін куәлік етуге жіберіп жатып, Иса: “Жұрттан сақтанып жүріңдер, олар сендерді соттарға ұстап беріп, өздерінің мәжілісханаларында дүре соғатын болады. Менің жолыма түскендеріңе бола сендерді әміршілер мен патшалар алдына да апарады. Осылайша соларға және басқа ұлт адамдарына Мен туралы куәлік етесіңдер”,— деді. Шәкірттерді қудалайтын тек дінбасылары ғана емес еді. Иса былай деп қосты: “Тіпті бауыры өз бауырын, әкесі өз баласын ажалға ұстап беріп, балалары да әке-шешелеріне қарсы көтеріліп, оларды өлімге душар етеді. Менің атыма бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады. Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады” (Матай 10:17, 18; сілтемені қараңдар, 21, 22). Бірінші ғасырдағы мәсіхшілердің бастарынан кешкендерінен осы сөздердің растығы дәлелденіп отыр.

Адалдықпен төтеп бергендер

7. Степанның өз нанымы үшін өлуіне себеп болған не?

7 Исаның өлімінен кейін көп ұзамай шындыққа куәлік еткені үшін бірінші болып өлтірілген мәсіхші Степан болды. “Құдайдың рақымы мен құдіретіне кенелген Степан халық арасында ұлы кереметтер жасап жүрді”. Діни қарсыластары “оның даналығына қарсы еш нәрсе істей алмады, себебі ол Киелі Рухқа сүйеніп сөйлейтін” (Елшілердің істері 6:8, 10). Содан бойларын қызғаныш билеген қарсыластары оны Жоғарғы кеңестің, яһудилердің жоғарғы сотының, алдына сүйреп апарады. Онда ол жалған айып тағушылармен кезігіп, керемет куәлік берді. Бірақ ақырында жаулары сол адал куәгерді өлтірді (Елшілердің істері 7:59, 60).

8. Иерусалимдегі мәсіхшілер Степанның өлімінен кейін бастарына түскен қуғын-сүргінді қалай қарастырды?

8 Степан азап шегіп өлтірілгеннен кейін, ‘Иерусалимдегі сенушілер қауымын қатты қудалау басталады. Елшілерден басқалардың бәрі Яһудея мен Самария аймақтарына бытырап кетеді’ (Елшілердің істері 8:1). Қудалау мәсіхшілердің куәлік етуіне тосқауыл болды ма? Жоқ. Жазбаларда ‘бытырап кеткен сенушілер ел аралап, Ізгі хабарды таратып жүргені’ айтылған (Елшілердің істері 8:4). Олар содан ертеректе елші Петірдің “адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керек!” дегенді айтқанындағыдай сезімде болса керек (Елшілердің істері 5:29). Қуғын-сүргінге қарамастан, сол адал әрі батыл шәкірттер қуғынның үдей түсетінін білсе де, қайтпай шындыққа куәлік ете берген (Елшілердің істері 11:19—21).

9. Исаның шәкірттеріне қандай қуғын көрсетілу жалғаса берді?

9 Қуғын-сүргіннің үдей түскені рас. Алдымен, Степанның өлтірілуін қоштаған, “Иеміздің жолын қуушыларға қарсы өлтірем деген қоқан-лоқысы мен қаскөйлігін әлі де үдеткен Саул бас діни қызметкерге жолығып, (Сирияның) Дамаск қаласындағы мәжілісханаларына арнап хат жазуын сұрады; сол жерден еркек болсын, әйел болсын Исаның жолына түскендерді тапса бұғаулап, Иерусалимге алып келмекші еді” (Елшілердің істері 9:1, 2). Одан соң б. з. 44 жылдары “Ирод (Агриппа) патша қауымның кейбір мүшелерін қолға түсіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, Жоханның туған ағасы Жақыпты семсермен шауып өлтіртті” (Елшілердің істері 12:1, 2).

10. Елшілердің істері және Аян кітаптарында қудалау туралы қандай мәлімет бар?

10 Елшілердің істері кітабы — бұрын қудалаушы болған елші Пауыл іспетті адал кісілердің (ол шамамен б. з. 65 жылы Рим императоры Неронның қолынан азап шегіп өлсе керек) басына түскен сынақтары, түрмеге жабылғандары және қудаланғандары туралы мәліметке толы (2 Қорынттықтарға 11:23—27; 2 Тімотеге 4:6—8). Сонымен қатар бірінші ғасырдың аяғына таман жазылған Аян кітабынан егде тартқан елші Жоханның ‘Құдай сөзін және Иса Мәсіхтің шынайы хабарын уағыздағаны үшін’ Патмос аралына айдалғанын білеміз. Онда адал хабаршы Антипаның Перғам қаласында өлтірілгені туралы да жазылған (Аян 1:9; 2:13).

11. Ертедегі мәсіхшілердің жағдайында Исаның қудалауға қатысты айтқан сөздері қалай расталды?

11 Осының барлығы Исаның шәкірттеріне: “Адамдар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды”,— деген сөздерінің растығын дәлелдейді (Жохан 15:20). Ертедегі адал мәсіхшілер Иеміз Иса Мәсіхтің: “Сендер Киелі Рух өздеріңе қонғанда, Оның құдіретін қабылдайсыңдар, сөйтіп Иерусалимде, бүкіл ЯҺудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар”,— деген тапсырмасын орындау үшін ең ауыр сынаққа, яғни азапталып, жыртқыш аңдардың жемі болып немесе басқа да жолдармен өлуге даяр болған (Елшілердің істері 1:8).

12. Неге мәсіхшілердің қудалануы тарихта ғана болған жайт емес?

12 Егер әлдекім сондай аяусыз қуғынға Исаның тек ертедегі ізбасарлары кезіккен деп ойлайтын болса, қатты қателеседі. Пауыл: “Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады”,— деп жазды. Ол болса, өзіміз көргендей, көптеген қиыншылықтарға төтеп берген (2 Тімотеге 3:12). Ал Петір қудалауға қатысты: “Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек”,— деген (1 Петір 2:21). Қазіргі зұлым заманның ‘соңғы дәуірінде’ Ехобаның халқына әлі де жек көрушілік танытылып, қастық жасалуда (2 Тімотеге 3:1). Бүкіл жер бетінде, мейлі диктатуралық не демократиялық жүйе орнаған елдер болсын, кейде Ехоба Куәгерлері жеке де, жалпы да қуғын-сүргіннен жапа шегіп жатады.

Неге оларды жек көреді және қудалайды?

13. Бүгіндегі Ехобаның қызметшілері қудалануға қатысты нені жадында сақтаулары керек?

13 Бүгінде көпшілігіміз еркін уағыздап, кездесулерімізді тыныштықта өткізіп жүргенімізбен, Киелі кітаптың “дүниедегі жағдай өзгеріс үстінде” деген ескертуіне көңіл қоюға тиіспіз (1 Қорынттықтарға 7:31, ЖД). Жағдай қас қағым уақытта күрт өзгеріп кете салуы мүмкін, ондайда ой-сана, сезім және рухани жағынан даяр болмасақ, шалыс қадам жасап қоюымыз оп-оңай. Олай болса өзімізді қорғау үшін не істеуге болады? Біз үшін зор қорғаныш болатын — тыныштық сүйгіш, заңға мойынсұнғыш мәсіхшілердің жек көрінішті болып, қудалануының себебі неде екенін жадымызда анық сақтағанымыз.

14. Петір мәсіхшілердің қудаланып жүргендерінің қандай себебіне көңіл бұрды?

14 Елші Петір осы мәселені шамамен б. з. 62—64 жылдары, мәсіхшілер бүкіл Рим империясында қиыншылықтар мен қуғынға ұшырап жатқан уақытта, жазған бірінші хатында айтып өткен. Ол былай деді: “Қымбатты бауырластарым, өздеріңнің “от кешіп” ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды оғаш нәрсе деп ойламаңдар”. Петір мұнымен не айтқысы келгенін түсіндіріп, сөзін былай жалғады: “Егер қайсыбіреулерің азап шексеңдер, бұл, әрине, кісі өлтіріп, ұрлық не өзге қылмыс жасаудың немесе басқаның шаруасына қол сұғудың зардабы болмауға тиіс! Ал мәсіхші болғандарың үшін жәбірленсеңдер, одан ұялмаңдар, керісінше, Мәсіхтің атынан соған төзіп, Құдайды мадақтаңдар”. Петір олардың бұрыс қылық жасап қойғандықтан емес, мәсіхші болғандары үшін азап шегіп жүргендеріне көңіл бұрған. Егер айналадағылардың ‘азғын өмір салтына қосылар’ болса, олар мәсіхшілерді құшақ жая қарсы алар еді. Бірақ мәсіхшілер Мәсіхтің ізбасарлары болуға лайықты өмір кешуге тырысқандары үшін азап шеккен. Бүгінде де тап солай (1 Петір 4:4, 12, 15, 16).

15. Бүгінде Ехоба Куәгерлеріне қатысты жасалатын қандай екі түрлі әрекетті байқауға болады?

15 Көп жерлерде Ехоба Куәгерлерін араларындағы бірлік, конгрестері мен құрылыс жұмыстары кезіндегі қызметтестіктері, адалдықтары мен ынта-жігері, үлгі етуге тұрарлық өнегеліліктері және отбасы өмірлері, тіпті сырт көріністері мен өздерін қалай ұстайтындары үшін ел алдында мақтайдыa. Басқа жағынан, осы мақала жазылып жатқанда, Куәгерлердің істеріне тыйым салынып не шектеулер қойылған елдердің саны кем дегенде 28 болған, сол елдерде көптеген Куәгерлер сенімдері үшін қорлық көріп, жапа шегіп жүр. Неге мұндай жайттар орын алуда? Неге бұған Құдай жол беріп отыр?

16. Құдайдың өз халқының қудалануына жол беріп отырғанының басты себебі неде?

16 Ең алдымен және ең бастысы, Нақыл сөздер 27:11-де айтылған: “Ұлым, ақылды болып, менің жүрегімді қуант. Сонда мені кінәлап жүргенге жауап бере алам”,— деген сөзді жадымызда тұтқанымыз жөн. Әңгіме атам заманда көтерілген әлемдік билік жөніндегі даулы мәселеде болып отыр. Тарих бойында қаншама адам Ехобаға деген адалдығын дәлелдегенмен, Шайтан әділ кісі Әйүптің кезіндегідей Ехобаны кінәлауын әлі доғарған жоқ (Әйүп 1:9—11; 2:4, 5). Қайта, қазір қол астындағылары мен өкілдері бар Құдай Патшалығы берік орнаған уақытта, Шайтанның өз дегенін дәлелдеу үшін барынша тырысып жатқаны сөзсіз. Құдай Патшалығын қолдаушылар қандай бақытсыздық пен қиыншылыққа кезігетіндеріне қарамастан, Құдайға адал болып қала ма? Бұл — Ехобаның әрбір қызметшісі өзіне қоюға тиіс жеке сұрақ (Аян 12:12, 17).

17. ‘Мұның нәтижесі сендердің куәгерлік етулерің болады’ деуімен Иса не айтқысы келген?

17 Иса шәкірттеріне ‘ақыр заманда’ болатын оқиғаларды айта отырып, Ехобаның өз қызметшілерінің қудалануына не себепті жол беріп отырғанының тағы бір себебіне нұсқаған. Иса былай деді: ‘Жұрт сендерді патшалар мен әміршілердің алдына апарады. Мұның нәтижесі сендердің куәгерлік етулерің болады’ (Матай 24:3, 9; Лұқа 21:12, 13, сілтемені қараңдар). Исаның өзі де Ирод пен Понти Пилаттың алдында куәлік берген. Елші Пауыл да ‘патшалар мен әміршілердің алдына апарылған’. Пауыл Иеміз Иса Мәсіхтің басшылығымен: “Римдік патша алдында сотталуымды талап етемін”,— дегенде, ең ықпалды әміршіге куәлік берудің мүмкіндігін іздеген (Елшілердің істері 23:11; 25:8—12). Бүгінде де солай, жиі қиын жағдайлар қызмет адамдары мен жұрт алдында куәлік берудің керемет мүмкіндігі болып жатадыb.

18, 19. а) Қалайша сынақтардың біз үшін пайдасы болуы мүмкін? ә) Келесі мақалада қандай сұрақтар талқыланады?

18 Тағы айтар болсақ, сынақтар мен қиыншылықтарға кезіккеніміздің біз үшін пайдасы бар. Қандай? Шәкірт Жақып бауырластарының есіне мынаны салған: “Бауырластарым менің, алуан түрлі қиын-қыстау сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер”. Иә, қуғын-сүргін сенімімізді жетілдіріп, төзімділігімізді нығайтады. Сондықтан біз қудаланудан қорықпаймыз да, Жазбалардағы принциптерге қайшы келетін әдістерді қолданып, олардан қашудың немесе тоқтатудың жолдарын іздемейміз де. Қайта, Жақыптың: “Төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан толықтай жетіліп, ешбір кемшіліктерің қалмайды”,— деген кеңесіне құлақ саламыз (Жақып 1:2—4).

19 Құдай Сөзі не себепті Ехобаның адал қызметшілері қудаланып жатқанын және неге Оның бұған жол беріп отырғанын түсінуімізге көмектесетін болғанмен, бәрібір оларды бастан өткеру оңай емес. Сондай шақтарда қалай біз берік бола аламыз? Қуғын-сүргінге ұшырағанда не істеуімізге болады? Осы маңызды сұрақтарды келесі мақалада талқылаймыз.

[Сілтемелер]

a “Күзет мұнарасы” журналының 1995 жыл 15 желтоқсан 27—29 беттер (ор.) және 1994 жыл 15 сәуірдегі санының 16, 17-беттерін (ор.), сондай-ақ “Ояныңдар!” журналының 1993 жылғы 22 желтоқсандағы санының (ағ.) 6—13 беттерін қараңдар.

b “Ояныңдар!” журналының (ор.) 2003 жылғы 8 қаңтардағы санының 3—11 беттерін қараңдар.

Түсіндіріп бере аласыңдар ма?

• Ма́ртис деген грек сөзі Исаға қатысты ең алдымен қай мағынада қолданылады?

• Бірінші ғасырдағы мәсіхшілерге қуғынға ұшырағандары қалай әсер еткен?

• Петірдің түсіндіруінше, ертедегі мәсіхшілер не үшін қудаланған?

• Не себепті Ехоба өз қызметшілерінің қудалануына жол беріп отыр?

[20-беттегі суреттер]

Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер бұрыс қылықтары үшін емес, мәсіхші болғандары үшін азап шеккен

ПАУЫЛ

ЖАҚЫП

ЖОХАН

АНТИПА

СТЕПАН

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу