Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w03 1.10. 4—7 бет.
  • Некені қалай нығайтуға болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Некені қалай нығайтуға болады?
  • 2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Адалдық және өз борышын сезіну
  • Адалдық пен біртұтастық
  • Риясыздық некедегі адалдықты нығайтады
  • Некені өмірлік деп қарастыру өте маңызды
  • Некеңе адал бол
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • 1 Адалдық
    Ояныңдар! 2018
  • Некенің сәтті болуы үшін жасалатын дайындық
    Отбасы бақытының сыры
  • Той өткен соң
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
Көбірек мәлімет
2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w03 1.10. 4—7 бет.

Некені қалай нығайтуға болады?

КӨЗ АЛДЫҢА әбден тозығы жеткен үйді елестетіп көрші. Оның сылағы көшіп, шатыры қирап, ауласы қараусыз қалған. Бұл үй бірнеше рет қатты дауылдың астында қалғанға ұқсайды, сондай-ақ көп жылдан бері оған ешкімнің де қолы тимеген. Сонда бұл үйді тек бұзып тастау керек пе? Міндетті түрде емес. Егер оның іргетасы мықты, негізгі қаңқасы берік болса, бұл үйді қайта жөндеуге болады.

Бұл жайт сенің некеңді еске сала ма? Жылдар өте, өмірдің қатты дауылы отбасындағы қарым-қатынастарыңа едәуір нұқсан келтірген шығар. Бірің не екеуің де оны жөнге келтіру үшін ешқандай әрекет жасамаған боларсыңдар. Бәлкім, саған Сандидің күйі таныс шығар. Ол некеге тұрғанына 15 жыл өткен соң, былай деді: “Некеге ресми түрде тіркелгеніміз болмаса, екеумізді байланыстырып тұрған ештеңе де жоқ. Ал бұл жеткіліксіз болатын”.

Егер сенің некең туралы да осылай деуге болады десең, онда оны бұзу керек деген қорытынды жасауға асықпа. Қарым-қатынастарыңды қалыпқа келтіру әлі де мүмкін шығар. Көп нәрсе жұбайың екеуіңнің некеге қаншалықты адал болуды қалайтындықтарыңа байланысты. Бұл ниет жұбайларға некедегі қиыншылықтарға төтеп берулеріне көмектесе алады. Киелі кітап осындай ниеттің берік болуына қалай көмектесе алады?

Адалдық және өз борышын сезіну

Адалдық — сезімдегі, қарым-қатынастағы және адамның өз міндетін, борышын атқарудағы тұрақтылық пен табандылық. Кейде бұл қандай да бір нәрсеге, мысалы, кәсіпкерлік келісім-шартқа, қатысты болуы мүмкін. Мысалы, құрылысшы үй салуға қатысты жасаған келісім-шарттағы талаптарды орындауға өзін міндеттімін деп есептейді. Ол тапсырыс иесін тікелей танымауы да мүмкін, әйтсе де өз борышын сезінуі оны өз сөзіне сай әрекет етуге міндеттейді.

Неке қатаң бір кәсіпкерлік мәміле болмаса да, адалдық жұбайлардан өз міндеттерін орындауды талап етеді. Өмірлік серігің екеуің Құдайдың және өзгелердің алдында, бастарыңа қандай күн түссе де, бірге болуға салтанатты түрде ант бердіңдер. Иса ‘Жаратқан Иенің әуел бастан-ақ “адамды бірін еркек, бірін әйел қылып” жаратқанын’, ‘сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылатынын’ айтқан болатын. Сондай-ақ ол: “Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!” — деп толықтырды (Мат. 19:4—6). Олай болса қиыншылықтар туғанда, жұбайың екеуің бір-біріңе берген некелік уәделеріңді орындауға белдеріңді бекем бууларың керек.a Бір әйел өз ойымен бөлісіп: “Ажырасу дегенді ойдан шығарғаннан кейін ғана қарым-қатынасымыз түзеле бастады”,— деді.

Алайда некедегі адалдық — бұл тек борышты сезіну ғана емес. Бұған тағы не жатады?

Адалдық пен біртұтастық

Ерлі-зайыптылар бір-біріне адал болса, бұл олардың ойлары барлық уақытта бір жерден шығады дегенді білдірмейді. Келіспеушілік туғанда, оларды татуласуға өз міндетін сезіну ғана емес, бір-біріне деген ынтық сезімдері әкелу керек. Ерлі-зайыптылар туралы Иса: “Олар енді екеу емес, біртұтас”,— деген.

Жұбайыңмен “біртұтас” болу деген нені білдіреді? Елші Пауыл “жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті” екенін жазған (Ефестіктерге 5:28, 29). Олай болса “біртұтас” болу деген жолдасының қамын өзінікіндей ойлауды білдіреді. Үйленгендер “мен”, “менікі” деген ойларын “біз”, “біздікі” дегенге өзгертулері қажет. Бір кеңес беруші әйел: “Екеуі де көңілдеріндегі “мен” деген “біз” болып, ерлі-зайыпты екендіктерін сезінулері керек”,— деп жазды.

Ал сендер туралы не айтуға болады? Өздеріңді ерлі-зайыптымыз деп сезінесіңдер ме? Көп жылдар бірге өмір сүрсе де, жұбайлар осы мағынада “біртұтас” болмауы да мүмкін. Иә, осындай жағдай болып тұрады, әйтсе де бір кітапта былай делінген: “Неке өміріңді өзгемен бөлісу дегенді білдіреді. Екеуінің бірігіп істейтін нәрселері неғұрлым көп болса, олардың некедегі өмірлері де соғұрлым бақытты болады” (Giving Time a Chance).

Кейбір бақытсыз жұбайлар балалары үшін, не қаражаттан қысылмаулары үшін ғана бірге тұра береді. Ал басқалары болса, ажырасуға қатысты қатаң көзқарасты ұстанатындықтан, не болмаса өзге жұрттың сөзіне қалмау үшін бір-біріне шыдап бағады. Мұндай адамдардың бірге тұрып жатқаны мақтарлықтай болғанмен, сендердің мақсаттарың тек ұзақ бірге өмір сүру емес, сүйіспеншілікке толы қарым-қатынаста болу керек екенін ұмытпаған жөн.

Риясыздық некедегі адалдықты нығайтады

Киелі кітап “соңғы дәуірде” адамдардың “өзімшіл” болатынын алдын ала айтқан (2 Тімотеге 3:1, 2). Осы пайғамбарлыққа сәйкес, бүгінде адамдар өз-өзіне құлшылық ететін сияқты. Өкінішке орай, көп некеде ештеңе күтпестен өзгенің қамын жасау әлсіздіктің белгісі деп есептеледі. Алайда салауатты некеде ерлі-зайыптылар жанқиярлық рух танытады. Осындай рухты сен қалай таныта аласың?

Өзіңнен үнемі “Бұл қарым-қатынас маған не береді?” деп сұраудың орнына, “Некемді нығайту үшін өз басым не істеудемін?” деп сұра. Киелі кітап мәсіхшілер ‘өз мүддесін ғана емес, басқалардікін де ойлай жүру’ керектігін айтады (Філіпіліктерге 2:4). Ал енді осы принципті есте ұстап, соңғы апта ішіндегі атқарған істерің туралы ойланып көр. Тек жарыңның игілігі үшін жасаған істерің қанша? Жұбайың сөйлескісі келгенде, тыңдауға онша зауқың соғып тұрмаса да, оған құлақ салдың ба? Өзіңе емес, жарыңа көбірек ұнайтын қанша істі атқара алдың?

Осы сұрақтардың үстінен ой жүгірткенде, атқарған игі істерің ескерусіз не бағаланбай қалады деп қамықпа. Бір анықтамалық еңбекте: “Некелердің басым көпшілігінде жасаған игі істердің жауабы да дәл сондай болады. Өз тарапыңнан мүмкіндігінше көбірек игілікті істер жасау арқылы жолдасыңның да солай әрекет етуіне түрткі бол”,— делінген. Риясыз істер некеңді нығайтады. Өйткені мұндай істер өз некеңді бағалайтыныңды әрі оны сақтағың келетінін көрсетеді.

Некені өмірлік деп қарастыру өте маңызды

Ехоба адалдықты жоғары бағалайды. Расында да Киелі кітапта: “Өзіңе шексіз берілгендерге Сен де шексіз берілгендік танытасың”,— делінген (2 Патшалықтар 22:26, ЖД). Құдайға адал болу — Оның құрастырған некесіне адал болу деген сөз (Жаратылыс 2:24).

Жұбайың екеуіңнің бір-біріңе адал болғандарың жұптарың жазылмайды деген жағымды сезімге бөлейді. Келешекті — жақын не алыс болсын — бір-біріңсіз елестете алмайтын боласыңдар. Бірге емеспіз деген ой сендерге тіпті жат, әрі бұл өзара қарым-қатынастарыңды сақтайды. Бір әйел былай деп бөліседі: “Тіпті күйеуіме қатты ашулансам да, арамызда болған жайды ғана ойлап абыржимын, бірақ некеміз бұзылады деп қорықпаймын. Мен тек қалай бәрін орнына келтіру керектігін ойлап уайымдаймын. Сол сәтте мұны қалай істеуге болатынын білмесем де, бәрінің өз қалпына келетініне еш күмәнданбаймын”.

Өкініштісі, көптеген ерлі-зайыптылар адалдықтың некені өмірлік деп қарастырумен тікелей байланысты екенін түсіне бермейді. Керісіп қалған уақытта жұбайлардың бірі ойланбастан: “Мен сенен кетем!” немесе “Мен өзімді шын мәнінде бағалайтын өзге біреуді табам!” деп айтуы мүмкін. Жиі бұлар жай сөздер болғанымен, Киелі кітап адамның тілі “кісі өлтіретін уға толы” екенін айтады (Жақып 3:8). Қоқан-лоқы мен зілді талаптың артында: “Некеміз еш бұзылмайды деп ойламаймын. Мен кез келген сәтте кете аламын” деген ой жатады. Мұндай ой-қалпы некені ойран ете алады.

Некеңді өмірлік деп қарастырсаң, жарыңмен бірге отқа да, суға да түсуге дайын боласың. Мұның бұдан да басқа пайдасы бар. Бұл саған да, жұбайыңа да бір-біріңнің кемшіліктерің мен қателіктеріңе қарамауға, әрі қарай да шыдамдылық танытып, бір-біріңді шын көңілден кешіре білулеріңе жеңілдік жасайды (Қолостықтарға 3:13). “Жақсы неке — бұл жұбайлардың екеуі де қателік жасайтын, бірақ соған қарамастан бұзылмай, сақталып қалатын неке”,— делінген бір кітапта.

Некеге тұрып жатқанда, сен адал болу уәдеңді неке құрылымына емес, тірі жанға — жұбайыңа бердің. Бұл сенің некелік өміріңде жар ретінде не ойлап, не істейтініңе әсер ету керек. Жұбайыңмен неке жұбын қасиетті деп қарастырғандықтан ғана емес, оны сүйетіндіктен де бірге қалуың керек екенімен келісетін боларсың?

[Сілтеме]

a Ерекше жағдайларда ғана бөлек тұру қажет болуы мүмкін (1 Қорынттықтарға 7:10, 11; Ехоба Куәгерлері басып шығарған “Отбасы бақытының сыры” кітабының 160, 161-беттерін қара). Бұдан басқа, Киелі кітап неке адалдығын бұзған (азғындыққа барған) жағдайда ғана ажырасуға рұқсат етеді (Матай 19:9).

[5-беттегі қоршау/сурет]

Қазір не істей аласың?

Некеңдегі адалдық туралы не айта аласың? Бәлкім, жақсартуың керек тұстарын көрген боларсың. Егер осылай болса, онда келесі кеңестерді қолдануға тырыс:

● Өз-өзіңді тексер. Өзіңнен: “Өзімді біреудің жары ретінде сезінем бе, әлде әлі де басым бос кезімдегідей ойланып, әрекет етем бе?” — деп сұра. Бұған қатысты жолдасыңның ойын біл.

● Осы мақаланы жарыңмен бірге оқы. Сонан соң байсалдылықпен некеде адалдықты қалай нығайта алатындарыңды талқылаңдар.

● Бір-біріңе адал болу ниеттеріңді нығайта түсетін істермен айналысыңдар. Мысалы, бірге үйлену тойларыңдағы немесе өмірлеріңдегі басқа да маңызды оқиғалардың суреттерін қараңдар; үйленгенге дейін немесе некелеріңнің алғашқы жылдарында сендерге қуаныш әкелген нәрселерді істеңдер; некеге қатысты Киелі кітапқа негізделген “Күзет мұнарасы” не “Ояныңдар” журналындағы мақалаларды бірге зерттеңдер.

[6-беттегі қоршау/сурет]

Некедегі адалдық бұл — ...

● өз борышын сезіну. “Берген уәдеңді орында. Уәде беріп, оны орындамағанша, уәде етпегенің жақсы” (Екклесиаст 5:4, 5).

● біртұтастық. “Біреуден екеу жақсы... егер біреуі құласа, екіншісі тұрғызады” (Екклесиаст 4:9, 10).

● жанқиярлық рухын таныту. “Алғаннан гөрі берген бақытты” (Елшілердің істері 20:35).

● некеге өмірлік деп қарау. “Сүйіспеншілік... бәріне де шыдайды” (1 Қорынттықтарға 13:4, 7).

[7-беттегі суреттер]

Жұбайың сөйлескісі келгенде, оған құлақ саласың ба?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу