Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w03 1.10. 8—13 бет.
  • Рухани әңгімелер нығайтады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Рухани әңгімелер нығайтады
  • 2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Жүректеріңде не барын тексеріңдер
  • “Осылар жөнінде ой жүгірте беріңдер”
  • Нығайтатын тақырыптарға әңгімелесіңдер
  • Рухани әңгімелердің пайдасы зор
  • Әңгіме бастауға арналған жаңа айдар
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
  • Пікірлесу үлгілерін қалай қолданған жөн?
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
  • Әңгіме бастаудан қуаныш табыңыз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • Пікірлесу үлгілері
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
Көбірек мәлімет
2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w03 1.10. 8—13 бет.

Рухани әңгімелер нығайтады

Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін” (ЕФЕСТІКТЕРГЕ 4:29).

1, 2. а) Адамның сөйлеу қабілеті қаншалықты құнды? ә) Ехобаның қызметшілері тілдерін қалай қолдануды қалайды?

“АДАМНЫҢ сөйлеу қабілеті — құпия; ол — Құдайдың сыйы, керемет құбылыс”. Бұл сөздерді лексикограф Людвиг Келер жазған. Бәлкім, Құдай берген осы сыйға аса мән бермейтін де болармыз (Жақып 1:17). Бірақ сүйікті адамың инсультке ұшырап, анық сөйлеу қабілетінен айырылып қалса, жоғалған қазынаның қаншалықты құнды болғаны қатты байқалады. Күйеуі жақында ғана инсульт болған Джоан: “Біз жақсы пікір алысатынбыз, бұл бізді қатты біріктіретін”,— деп түсіндірді. “Әңгіме-дүкен құратын сондай кезеңдерді қалай сағындым десеңші!”

2 Пікір алысып, әңгімелесу достықты нығайтады, түсініспеушілікті сейілтеді, көңілге жел береді, сенімді нығайтады әрі өмірге сән береді, бірақ мұндай нәтиже ешқашан өзінен-өзі пайда болмайды. Дана патша Сүлеймен былай ескерген: “Ойланбай сөйлейтін адамның сөзі қылыштай жаралайды, ал парасаттының тілі айықтырады” (Нақыл сөздер 12:18). Біз, Ехобаның қызметшілері, пікір алмасып, әңгімелесуді көңілге тиіп, ұнжырғаны түсіруге емес, жігер беріп, нығайту үшін қолданғымыз келеді. Сондай-ақ біз тілімізді уағыздау қызметінде болсын, жеке әңгімемізде болсын, Ехобаны мадақтау үшін қолдануды қалаймыз. Забур жыршысы: “Әрбір күні мақтан тұтарым Құдайым. Есіміңді мәңгі-бақи мадақтаймын”,— деп жырлаған (Забур 43:9).

3, 4. а) Сөйлеу қабілетімізге қатысты әрқайсысымыз қандай қиыншылыққа кезігеміз? ә) Неге не айтып, не қойғанымызды қадағалауымыз керек?

3 Шәкірт Жақып: “Адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды”,— деп ескерткен. Ол мынаны да есімізге салды: “Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам” (Жақып 3:2, 8). Ешқайсысымыз да кемелді емеспіз. Сондықтан қанша қаласақ та, әрқашан сөзімізбен өзгелерді нығайта не Жаратушымызды дәріптей бермейміз. Олай болса не айтып, не қоятынымызға мұқият болуға тиіспіз. Оның үстіне, Иса былай деген: “Сендерге шын айтамын: адамдар айтқан әрбір жағымсыз сөздері үшін қиямет сотында жауап береді. Сол кезде сендер айтқан сөздеріңе сай не ақталатын, не айыпталатын боласыңдар” (Матай 12:36, 37). Иә, айтқан сөздеріміз үшін шынайы Құдайдың алдында есеп береміз.

4 Жағымсыз әңгімеден аулақ болудың бір жолы — ұнамды рухани әңгімелер айтуды әдетке айналдыру. Осы мақалада мұны қалай жүзеге асыруға және қандай тақырыпқа сөйлесуге болатыны, сондай-ақ нығайтатын әңгімелердің біз үшін қандай пайдасы бар екені талқыланады.

Жүректеріңде не барын тексеріңдер

5. Қалай нығайтатын әңгімелер айтуды үйренуде жүрек басты орын алады?

5 Көңілге жағымды, нығайтатын әңгімелер айтуды әдетке айналдыруда алдымен әңгімемізге жүрегімізде немесе жан дүниемізде не бар екені әсер ететінін түсінуге тиіспіз. Иса: “Жан дүниең неге толса, ауызың соны айтар”,— деген (Матай 12:34). Әдетте біз өзіміз үшін маңызды нәрселер жөнінде әңгімелескенді ұнатамыз. Олай болса өзімізден былай сұрағанымыз жөн: “Әңгімемнен жүрегімде не бар екені көрінеді? Отбасымен немесе бауырластарыммен болғанда, әңгімем рухани нәрселердің төңірегінде ме, әлде, спорт, көйлек-көншек, кино, тамақ, соңғы алған затым не қандай да бір маңызсыз нәрселер жөнінде ме?” Мүмкін өміріміз бен ойымыз аса маңызсыз нәрселердің айналасында болар. Бірінші орынға маңыздыны қою арқылы әңгімелерімізді де, өмірімізді де жақсартамыз (Філіпіліктерге 1:10).

6. Қандай әңгіме айтатынымызда ой жүгіртудің алатын орны қандай?

6 Әңгімемізді мәнді етудің тағы бір жолы — мақсат етіп ой жүгірту. Рухани нәрселер жөнінде ой жүгіртуге саналы түрде күш салар болсақ, рухани тақырыпқа әңгімелесу біз үшін дағдыға айналатынын байқаймыз. Дәуіт патша осындай байланысты көрген. Ол: “Лайым менің аузымдағы сөздерім әрі жан дүниемдегі ойларым ұнамды болсын Саған, о, Тәңірім”,— деп жырлаған (Забур 18:15). Ал Асаф жыршы: “Сенің істерің жөнінде ой жүгіртіп, керемет істеріңді ойлап толғанатын боламын”,— деген (Забур 76:13). Құдай Сөзіндегі терең шындыққа толы жүрек пен ой-санадан мақтауға тұрарлық әңгіме өздігінен-ақ асып-таси беретін болады. Еремия Ехоба үйреткен сөздерді айтпаймын десе де, өзін тежей алмаған (Еремия 20:9). Үнемі рухани нәрселер жөнінде ойланатын болсақ, біздің жағдайымызда да солай болады (1 Тімотеге 4:15).

7, 8. Әңгімелеріміз нығайтатындай болу үшін қандай тақырыпқа сөйлескен жақсы?

7 Жақсы рухани кестені ұстану нығайтатын әңгімелерге тақырыптардың мол болуына мүмкіндік береді (Філіпіліктерге 3:16). Конгрестер, қауым кездесулері, кезекті басылымдар, сондай-ақ күнделікті оқуға арналған тармақ пен оған берілген түсініктемелердің барлығы — өзгелермен бөлісуге болатын асыл қазына (Матай 13:52). Ал уағыздау қызметіндегі оқиғалар қалайша рухани сергітеді десеңші!

8 Сүлеймен патша Исраилде көрген сан алуан ағаштарға, аң-құстар мен балықтарға қарап таң-тамаша болған (3 Патшалықтар 4:33). Ол Құдайдың жаратылыстары туралы әңгімелескеннен рақат алған. Біз де солай етуімізге болады. Ехобаның қызметшілері әр түрлі тақырыпқа сөйлескенді ұнатады, бірақ рухани нәрселерге үйір адамдар рухани тақырыпқа сөйлесуден ешқашан бас тартпайды (1 Қорынттықтарға 2:13).

“Осылар жөнінде ой жүгірте беріңдер”

9. Пауыл філіпіліктерге қандай кеңес берген?

9 Бірақ әңгімелеріміз елші Пауылдың Філіпідегі қауымға берген кеңесіне сай болса ғана өзгелерді нығайтады. Ол былай деп жазды: “Күллі шынайы да игі [“көңіл қоюға тұрарлық”, ЖД], әділ де таза, ұнамды да тартымды [“жақсы лебізді”, ЖД], адамгершілікті де мақтаулыны естеріңде ұстаңдар [“ойлап, осылар жөнінде ой жүгірте беріңдер”, ЖД]!” (Філіпіліктерге 4:8). Атап өтілгендердің маңызды болғаны соншалық, Пауыл “осылар жөнінде ой жүгірте беріңдер” деген. Ой-санамыз бен жүрегімізді осындай нәрселермен толтырғанымыз дұрыс. Онда Пауыл атап өткен сегіз нәрсенің әрқайсысы әңгімелеріміздің дұрыс бағытта болуына қалай көмектесетінін қарастырайық.

10. Әңгімелеріміз қалай шынайы бола алады?

10 Шынайы деген мәліметтің дұрыс әрі тура болуына ғана емес, Құдай Сөзіндегі шындық сияқты рас әрі сенуге тұрарлық нәрсеге нұсқайды. Демек, өзгелермен өзімізге керемет әсер берген Киелі кітаптағы шындық, көңілімізге жел берген қауымдағы бағдарлама бөлігі не баяндама, көмегін көрген Жазбалардағы кеңес туралы сөйлескенде, шынайы нәрселер жөнінде ой жүгіртеміз. Басқа жағынан, жай ғана шын болып көрінетін “білімпаздық” деп қате аталатын” ілімдерді қабылдамайтын боламыз (1 Тімотеге 6:20). Сонымен қатар күмәнді әрі тексеріп білу мүмкін емес әңгімелерді таратудан аулақ боламыз.

11. Көңіл қоюға тұрарлық қандай әңгімелер айтуға болады?

11 Көңіл қоюға тұрарлық деген — ұсақ, мәнсіз әңгіме емес, мағыналы да маңызды сөз. Оған уағыздау қызметіне, өзіміз өмір сүріп жатқан қиын-қыстау күндерге және жүріс-тұрысымыздың жақсы болып қалуына қажетті нәрселер жөніндегі әңгімелер кіреді. Осындай көңіл қоюға тұрарлық жайттар жөнінде әңгімелескенде, біздің рухани сергек болуға, адалдығымызды сақтауға және ізгі хабарды уағыздай беруге деген шешіміміз нығая түседі. Осылайша қызметте болған қызықты оқиғалар мен соңғы күндері өмір сүріп жатқанымызды еске салып тұратын болып жатқан жағадайлар жігерлендіретін әңгімелерге арқау болады (Елшілердің істері 14:27; 2 Тімотеге 3:1—5).

12. Пауылдың әділ және таза нәрселерге қатысты кеңесіне орай неден аулақ болуымыз керек?

12 Әділ деген Құдайға ұнамды болуды, яғни оның талаптарына сай келуді, білдіреді. Ал таза деген ой-қалып пен жүріс-тұрыс тазалығына нұсқайды. Біздің арамызда жалған сөз, әдепсіз қалжың немесе азғындыққа меңзейтін екі ұшты әңгімеге орын жоқ (Ефестіктерге 5:3; Қолостықтарға 3:8). Жұмыс орнында не мектепте әңгіменің барысы осындай тақырыптың төңірегіне көшер болса, ақылды мәсіхшілер кетіп қалады.

13. Қалай әңгімелеріміз ұнамды және жақсы аталуға лайық нәрселердің төңірегінде бола алатынына мысал келтіріңдер.

13 Пауыл ұнамды нәрсе жөнінде ойланыңдар дегенде, жеккөрініш, ыза, ұрыс-керіске қарама-қайшы жағымды, көңілден шығатын немесе сүйіспеншілік оятатын деген ойға нұсқаған. Жақсы лебіз деген қандай да бір жақсы мәліметті білдіреді. Мұндай жақсы мәліметке “Күзет мұнарасы” және “Ояныңдар!” журналдарында үнемі жарияланып тұратын адал бауырластарымыздың өмірбаяндары кіреді. Соңғы кезде оқып, өзіңе әсер еткен сенімді нығайтатын осындай мақалалардың біріндегі ойлармен неге өзгелермен бөліспеске? Өзгелердің рухани жетістіктерге жеткенін есту қалай жігерлендіреді десеңші! Осындай тақырыптарға әңгімелесу қауымда сүйіспеншіліктің артып, бірлік орнауына ықпал етеді.

14. а) Адамгершілік таныту бізден не талап етеді? ә) Қалай әңгімелеріміз мақтаулы нәрселерден тұра алады?

14 Пауыл адамгершілікке жататынды ойлау жөнінде де жазған. Адамгершілік ізгілікті, жақсылықты білдіреді. Біз әңгімелескенде Жазбалардағы принциптерді басшылыққа алуды, сондай-ақ әділдіктен, тазалық пен адамгершілік нормаларынан ауытқымауды мұқият қадағалауға тиіспіз. Мақтаулы дегеніміз мақтауға лайық дегенді білдіреді. Егер қауымда бауырластарың жақсы баяндама айтса немесе қандай да бір жағдайда адалдық танытса, сол жайында өзіне де өзгелерге де айтыңдар. Елші Пауыл бауырластарының жақсы қасиеттерін айтып, жиі мақтайтын (Римдіктерге 16:12; Філіпіліктерге 2:19—22; Філимонға 4—7). Сондай-ақ Құдайдың жаратылыстары әрине мақтауға тұрады. Осы тұста нығайтатын әңгімелер үшін тақырып өте көп (Нақыл сөздер 6:6—8; 20:12; 26:2).

Нығайтатын тақырыптарға әңгімелесіңдер

15. Жазбалардағы қандай бұйрық ата-аналардан балаларымен мағыналы әңгіме жүргізуді талап етеді?

15 Заңды қайталау 6:6, 7-де былай делінген: “Мен бүгін саған өсиет етіп отырған бұл сөздер сенің жүрегіңде болсын және оларды балаларыңның құлағына құй, үйіңде отырып та, жол жүргенде де, жатсаң да, тұрсаң да осы жайлы айт”. Бұл бұйрықтың ата-аналардан балаларымен мағыналы, рухани тақырыптарға әңгімелесуді талап ететіні анық.

16, 17. Ата-аналардың Ехоба мен Ыбырайымның үлгісінен қандай сабақ алуларына болады?

16 Иса көктегі Әкесімен өзі жерде орындайтын тапсырмасын талқылағанда, ұзақ әңгімелескен болу керек, сол жөнінде ойлап көруге болады. Иса шәкірттеріне: “Нені және қалай айтуға тиісті екенімді Мені жіберген Әкем Маған тапсырды”,— деген (Жохан 12:49; Заңды қайталау 18:18). Рубасы Ыбырайым баласы Ысқақпен Ехобаның өздеріне және ата-бабаларына қалай батасын бергені туралы әңгімелесу үшін көп сағаттар жұмсаған болу керек. Осындай әңгімелердің Исаға да, Ысқаққа да Құдайдың еркіне кішіпейілділікпен мойынсұнуға көмектескені сөзсіз (Жаратылыс 22:7—9; Матай 26:39).

17 Біздің балаларымыз да нығайтатын әңгімелерді қажет етеді. Ата-аналар істерінің көп болғанына қарамастан, балаларымен сөйлесуге уақыт табуға тиіс. Егер мүмкін болса, неге кем дегенде күніне бір рет отбасының төрт көзі түгел отырып тамақтануын жоспарламасқа? Осындай астың кезі не одан кейінгі уақыт отбасының рухани саулығы үшін теңдесі жоқ пайда әкелетін, нығайтатын әңгімелер айтатын қолайлы кезең болады.

18. Ата-ана мен балалардың жақсы пікір алмасқанының пайдалы екенін көрсететін мысал айтып беріңдер.

18 20 жасар ізашар Алехандро 14 жасында көңілінде күмән болғанын есіне алды. Ол былай әңгімеледі: “Сыныптастарым мен мұғалімдердің әсерінен Құдайдың бар екеніне және Киелі кітаптың шынайылығына күмәнданатынмын. Ата-анам менімен бірге ой жүгіртуге көп уақыт жұмсады. Сол әңгімелер қиын кезеңдердегі күмәнді сейілтуге ғана емес, өмірде дұрыс шешім қабылдауыма да көмектесті”. Ал қазір ше? Алехандро әңгімесін былай жалғады: “Мен әлі ата-анаммен тұрамын. Бірақ жұмысымыз көп болғандықтан, әкем екеуміздің жиі сөйлесуге мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан екеуміз аптасына бір рет оның жұмыс орнында бірге тамақтанамыз. Мен сондай кезеңдерді қатты бағалаймын”.

19. Неге бәріміз рухани тақырыптарға әңгімелесуді қажет етеміз?

19 Бауырластарымызбен пайдалы рухани тақырыптарға әңгімелесу мүмкіндіктерін де бағалауымыз керек, солай емес пе? Мұндай мүмкіндік қауым кездесулерінде, уағыздау қызметінде, сондай-ақ жай бас қосқанда не бірге жол жүргенде туады. Пауыл Римдегі мәсіхшілермен сөйлесуді асыға күткен. “Өздеріңді көруді қатты аңсаудамын,— деп жазды ол.— Сендермен болған кезімде Құдайға деген ортақ сенімімізді көріп, бір-бірімізді жігерлендірсек деймін” (Римдіктерге 1:11, 12). Иоганнес деген мәсіхші ақсақал: “Бауырластармен рухани тақырыптарға әңгімелесу өте қажет”,— деп ескерді. “Мұндай әңгімелер жүрекке жылы әрі күнделікті ауыртпалықты жеңілдеткендей болады. Мен жиі егде бауырластарымыздан өмірлері және қалай адалдықтарын сақтап жүргендері туралы сұраймын. Соңғы жылдар аралығында көп бауырластармен сөйлесуге мүмкіндігім болды, олардың бірі даналығымды арттырып, бірі түсінігімді кеңейтті. Бұл менің өмірімді көркейте түсті”

20. Ұялшақ адамға кезігіп қалсақ не істеуге болады?

20 Ал егер әлдебіреу сен бастаған рухани әңгімені қолдамаса ше? Ұнжырғаң түспесін. Бәлкім, кейінірек бұған анағұрлым қолайлырақ уақыт табылар. Сүлеймен: “Дер кезінде айтылған сөз — күміс кәрзеңкедегі алтын алмалардай”,— деген ғой (Нақыл сөздер 25:11). Адам ұялшақ болса, түсінушілік таныт. “Адамның жүрегіндегі ой-ниеті тұңғиық судай болады, бірақ ақылды адам оны сарқып алады”a (Нақыл сөздер 20:5). Ал ең бастысы, жүрегіңе әсер еткен нәрселер туралы тартыншақтап айтпай қоюға өзгелердің көзқарасының ықпал етуіне ешқашан жол берме.

Рухани әңгімелердің пайдасы зор

21, 22. Рухани тақырыптарға әңгімелесетін болсақ, мұның қандай пайдасын көреміз?

21 Пауыл: “Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін,— деген кеңес берген.— Себебі Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсынан ақталып, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады” (Ефестіктерге 4:29; Римдіктерге 10:10). Нығайтатын тақырыптарға әңгімелесу — күш салуды талап етуі мүмкін, бірақ мұның пайдасы зор. Рухани тақырыптарға сөйлесу өзгелермен сенімімізді бөлісуге мүмкіндік береді, әрі бауырластығымызды нығайтады.

22 Олай болса, сөйлеу қабілетімізді өзгелердің рухын көтеру және Құдайды мадақтау үшін қолданайық. Мұндай әңгімелер бізді қанағат сезіміне бөлейді, ал өзгелерді жігерлендіретін болады. Ең бастысы, Ехобаның жүрегін қуанышқа бөлейді, өйткені ол біздің әңгімелерімізге зер салады, тілімізді дұрыс қолданып жүрсек, қуанады (Забур 138:4; Нақыл сөздер 27:11). Әңгімелеріміз рухани тақырыптардың төңірегінде болса, Ехобаның бізді ұмытпайтынына сенімді болуымызға болады. Бүгінде Ехобаға қызмет етіп жүргендер жөнінде Киелі кітапта былай делінген: “Құдайдан қорқатындар бір-біріне былай дейді: — Тәңір зейін салады, әрі естиді, Оның алдында Өзінен қорқатын және Оның есімін құрметтейтіндер жайында естелік кітабы жазылуда” (Малахи 3:16; 4:5). Әңгімелеріміздің рухани нығайтатындай болғаны қаншалықты маңызды десеңдерші!

[Сілтеме]

a Исраилдегі кейбір құдықтар өте терең болған. Археологтар Гебионнан тереңдігі 25 метрге жуық су көзін тапқан. Онда адамдар құдықтың түбінен баспалдақпен түсіп су ала алатын болған.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Әңгімелерімізден жүрегімізде не бар екені көрінеді?

• Қандай нығайтатын тақырыптарға әңгімелесуге болады?

• Әңгімелесу отбасы мен мәсіхшілер қауымында қандай маңызды орын алады?

• Нығайтатын әңгімелердің қандай пайдасы бар?

[10-беттегі суреттер]

Нығайтатын әңгімелер мыналардың төңірегінде:

“шынайы”

“көңіл қоюға тұрарлық”

“мақтаулы”

“жақсы аталуға лайық”

[10-беттегі суреттер рұқсатымен]

Бейнетаспа мұқабасы, Stalin: U.S. Әскер суреті; “Қамқор жаратушы бар ма?” кітабының мұқабасы, Қыран тұманы: J. Hester and P. Scowen (AZ State Univ.), NASA

[11-беттегі сурет]

Бірге ас ішу рухани тақырыптарға әңгімелесудің керемет мүмкіндігі

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу