Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w03 1.6. 13—18 бет.
  • Ертедегі мәсіхшілер мен Мұсаның заңы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ертедегі мәсіхшілер мен Мұсаның заңы
  • 2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәсіхшілердің іліміндегі ғажап өзгерістер
  • Кейбіреулер ‘тәрбиешінің’ жолымен жүре берді
  • Келіспеушілік шешіліп, бірлік орнады!
  • Еврейлер арасынан шыққан мәсіхшілер туралы не айтуға болады?
  • Жаңа шындықты түсінудегі қиыншылықтар
  • Біз қандай сабақ аламыз?
  • ”Сөзге келіп, қатты айтысып қалды”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • Оқырман сауалдары
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • “Құдай ешкімді алаламайды”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • “Өзімді қорғау үшін айтатын сөздеріме құлақ салыңыздар”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
Көбірек мәлімет
2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w03 1.6. 13—18 бет.

Ертедегі мәсіхшілер мен Мұсаның заңы

“Таурат заңы “тәрбиелеушіміз” болып бізді Мәсіхке әкелді” (ҒАЛАТТЫҚТАРҒА 3:24).

1, 2. Мұсаның заңын мұқият орындаған исраилдіктер оның қандай игіліктерін көрді?

ЕХОБА б. з. б. 1513 жылы Исраил халқына заңдар жинағын берді. Ол исраилдіктерге, өзінің үніне құлақ асар болса, оларға батасын төгіп, олардың бақытты әрі қанағаттанарлық өмір кешетіндіктерін айтты (Мысырдан шығу 19:5, 6).

2 Мұсаның заңы, немесе Таурат заңы, деп аталған бұл заңдар жинағы “қасиетті, әділ және игі” еді (Римдіктерге 7:12). Ол қайырымдылық, адалдық, құлықтылық тазалығы және адамгершілік сияқты керемет қасиеттерді дамытуды үйретті (Мысырдан шығу 23:4, 5; Леуіліктер 19:14; Заңды қайталау 15:13—15; 22:10, 22). Бұл Таурат заңы исраилдіктерді бір-бірін жақсы көруге талпындырды (Леуіліктер 19:18). Оның үстіне, олар Таурат заңына бағынбайтын өзге халықтармен араласпауы немесе некеге тұрмаулары керек еді (Заңды қайталау 7:3, 4). Мұсаның заңы, бейнелеп айтқанда, еврейлер мен еврей емес халықтарды бөліп тұрған “қабырғадай” болды; ол Құдай халқын басқа ұлттардың ой-қалпы мен әдет-ғұрыптарынан арамдалудан сақтады (Ефестіктерге 2:14, 15; Жохан 18:28).

3. Таурат заңын ешкім бұлжытпай орындай алмаса да, оның мақсаты қандай еді?

3 Алайда тіпті адал ниетті исраилдіктердің өздері де Құдайдың заңын бұлжытпай орындай алмады. Ехоба олардан көп нәрсені талап етті ме? Жоқ. Таурат заңының берілу себептерінің бірі “күнәларды әшкерелеу” еді (Ғалаттықтарға 3:19). Бұл заң ниеті таза исраилдіктерге өздерінің Құтқарушыға мұқтаж екендіктерін түсіндірді. Осы Құтқарушы келгенде, адал исраилдіктер қатты қуанды. Олардың күнә мен өлімнің қарғысынан құтылатын уақыты жақындады! (Жохан 1:29).

4. Қай мағынада Таурат заңы ‘Мәсіхке әкелетін’ ‘тәрбиеші’ болды?

4 Мұсаның заңы уақытша берілген еді. Елші Пауыл мәсіхшілерге жазған хатында оны ‘Мәсіхке әкелетін’ “тәрбиелеушіміз” деп атады (Ғалаттықтарға 3:24). Ертеде тәрбиеші балаларды мектепке ертіп апарып немесе ертіп әкелетін. Әдетте ол мұғалімнің қызметін атқармайтын, тек қана мұғалімге балаларды алып баратын. Сол сияқты, Мұсаның заңы да Құдайды қастерлейтін еврейлерді Исаға әкелуге арналған еді. Иса өзінің ізбасарларымен бірге “бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні” болатынын уәде еткен (Матай 28:20). Мәсіхшілердің қауымы пайда болғаннан кейін, ‘тәрбиешінің’, яғни Таурат заңының, қажеті болмай қалды (Римдіктерге 10:4; Ғалаттықтарға 3:25). Алайда кейбір еврейлер бұл маңызды шындықты бірден ұғына қоймады. Олар Таурат заңының кейбір талаптарын ұстануды, тіпті Иса қайта тірілгеннен соң да жалғастыра берді. Ал өзгелері өз ой-қалыптарын түзеді. Бұнымен олар бізге керемет үлгі қалдырды. Мұның қалай болғанын қарастырып көрейік.

Мәсіхшілердің іліміндегі ғажап өзгерістер

5. Петір аянда қандай нұсқаулар алды және неліктен ол қайран қалды?

5 Б. з. 36 жылы елші Петір таңғажайып аян көрді. Көктен шыққан дауыс Таурат заңында арам деп саналатын жануарларды сойып, оны жеуді бұйырды. Петір қатты қайран қалды! Ол ешқашан да ‘арам тамақ жемеген’. Бірақ көктегі дауыс оған: “Сен Құдай тазалағанды арам деп айтпа!” — деді (Елшілердің істері 10:9—15). Таурат заңын қатып ұстанып қалмай, Петір өзінің көзқарасын өзгертті. Бұл Құдайдың ниетіне қатысты ашылған керемет жаңалықты көруге көмектесті.

6, 7. Петірдің енді еврей еместерге де уағыздай алатынын түсінуіне не көмектесті және ол тағы қандай қорытындылар жасаса керек?

6 Міне, әрі қарай не болады: Петірдің тоқтаған үйіне үш кісі келіп, одан өздерімен бірге сүндеттелмеген еврей емес Корнел есімді Құдайды қастерлейтін адамның үйіне баруды өтінеді. Петір оларды үйге шақырып, қонақ етіп күтеді. Ол өзі көрген аянның мәнісін түсініп, ертесіне солармен бірге Корнелдің үйіне аттанады. Ол жерде Петір Иса Мәсіх туралы тәптіштеп куәлік береді. Әңгіме барысында Петір: “Құдайдың адамның бет-жүзіне қарамайтынын енді шынымен біліп алдым. Ол әр ұлттың Өзін қастерлеп, әділетке сай әрекет ететіндерін қабылдайды”, — деді. Исаға Корнел ғана емес, барлық туған-туысқандары мен жақын достары да сенді, сөйтіп ‘Киелі Рух сөзін тыңдап тұрғандардың бәріне қонды’. Мұның бәрі Ехобаның ісі екенін түсінген Петір “оларды Исаның атынан шомылдыру рәсімінен өткізуге бұйырды” (Елшілердің істері 10:17—48).

7 Еврей еместер, яғни Мұсаның заңын ұстанбайтындар, енді Иса Мәсіхтің ізбасарлары бола алады деп қорытынды жасауына Петірге не көмектесті? Рухани түйсігі. Құдайдың еврей еместерге, яғни сүндеттелмеген өзге ұлттың адамдарына, киелі рухын төгу арқылы көрсеткен қолдауын көріп, Петір олардың шомылдыру рәсімінен өтуге лайықты екенін түсінді. Сонымен қатар сол кезде, Петір Құдайдың шомылдыру рәсімінен өткісі келетін еврей еместерден Мұсаның заңын ұстануды талап етпейтінін түсінсе керек. Сол кездері өмір сүргеніңде, Петір сияқты көзқарасыңды өзгертуге дайын болар ма едің?

Кейбіреулер ‘тәрбиешінің’ жолымен жүре берді

8. Иерусалимде тұратын кейбір мәсіхшілер сүндеттелуге қатысты Петірдікінен өзгеше қандай көзқарасты ұстанды және неліктен?

8 Корнелдің үйінен кеткен соң, Петір Иерусалимге барды. ‘Құдайдың Ізгі хабарын басқа ұлттың адамдары да қабылдағаны’ туралы жаңалықты осы жердегі қауымдағылар естігенде, кейбір еврей шәкірттеріне бұл ұнамады (Елшілердің істері 11:1—3). Сүндеттеуді жақтаушылар басқа ұлттың адамдары Исаның ізбасарлары бола алатындығын мойындағанмен, олар құтқарылу үшін Мұсаның заңын ұстану керек деген пікірде болды. Ал еврейлер арасынан шыққан мәсіхшілер аз, басым көпшілігі иудей дініне жатпайтындар тұратын аймақтарда сүндеттелуге қатысты сұрақ онша көп дау тудыра қойған жоқ. Осындай екі түрлі көзқарас 13 жылға созылды (1 Қорынттықтарға 1:10). Ертедегі мәсіхшілер үшін, әсіресе басым көпшілігі еврейлер тұратын аймақтардағы басқа ұлттан шыққан мәсіхшілер үшін, бұл қандай сынақ болды десеңші!

9. Сүндеттелуге қатысты сұрақты шешу неге маңызды болды?

9 Б. з. 49 жылы Пауыл уағыздап жүрген Сириядағы Антақия қаласына Иерусалимнен мәсіхшілер келгенде, бұл жағдай шиеленісе түсті. Олар сенім жолына жуықта ғана түскен еврей еместер Таурат заңы бойынша сүндеттелу керек деп үйрете бастады. Пауыл мен Барнаба олармен келіспей, қызу айтысып та қалып жүрді. Егер бұл сұрақ шешілмегенде, ол еврейлер мен еврей еместер арасынан шыққан кейбір мәсіхшілердің сенімдеріне кері әсерін тигізер еді. Сондықтан да, Пауыл мен тағы бірнеше адам Иерусалимге барып, басқарушы кеңестен осы сұрақты біржолата шешіп беруін сұрау үшін шаралар қолданылды (Елшілердің істері 15:1, 2, 24).

Келіспеушілік шешіліп, бірлік орнады!

10. Басқа ұлттарға қойылған талаптарға қатысты шешім қабылдамас бұрын, басқарушы кеңес қандай деректерді ескерді?

10 Мәжіліс шақырылып, сонда біреулері сүндеттеуді қолдаса, өзгелері оған қарсы шықса керек. Бірақ ақыл сезімге жеңдірмеді. Ұзақ уақытқа созылған даудан соң, Петір мен Пауыл басқа ұлттар арасынан шыққан сенушілерге Құдайдың көрсеткен кереметтерін айтып берді. Олар Құдайдың сүндеттелмеген адамдарға киелі рухын қалай төккендігін түсіндірді. Шын мәнінде, олар мынадай сұрақты көтерді: мәсіхші қауымының Құдай қабылдаған адамдардан бас тартуы дұрыс па? Бұдан кейін Жақып бұл сұраққа қатысты Ехобаның еркі қандай екенін түсінулеріне көмектескен Жазбалардан үзінді келтірді (Елшілердің істері 15:4—17).

11. Сүндеттелуге қатысты сұрақты шешуге не нәрсе әсерін тигізбеді және бұл шешімге Ехоба батасын бергені неден көрінеді?

11 Енді барлығы басқарушы кеңестің қолында еді. Өздері еврей ұлтынан шыққандықтан, олар сүндеттелуді қолдар ма екен? Жоқ. Бұл адал кісілер Жазбаларға және Құдайдың киелі рухының басшылығына жүгінуге бел буған еді. Іске қатысты барлық дәлелдерді тыңдап, басқарушы кеңес бірауыздан еврей емес мәсіхшілерге сүндеттелудің және Мұсаның заңына бағынудың қажеті жоқ деген шешім қабылдады. Бауырластар бұл туралы естігенде қуанып, қауымдардағы “сенушілердің саны күн сайын арта берді”. Айқын теократиялық басшылыққа мойынсұнған мәсіхшілер Жазбаларға негізделген жауап алды (Елшілердің істері 15:19—23, 28, 29; 16:1—5). Алайда тағы да бір маңызды сұрақ жауапсыз қала берді.

Еврейлер арасынан шыққан мәсіхшілер туралы не айтуға болады?

12. Қандай сұрақ жауапсыз қалды?

12 Басқарушы кеңес еврей еместер арасынан шыққан мәсіхшілерге сүндеттелудің қажеті жоқ екенін анық түсіндірді. Ал еврейлер арасынан шыққан мәсіхшілер туралы не айтуға болады? Басқарушы кеңестің шешімінде бұл жөнінде нақты ештеңе айтылмаған еді.

13. Құтқарылу үшін Мұсаның заңын ұстану міндетті деп есептеу неліктен дұрыс емес еді?

13 Еврейлер арасынан шыққан ‘Таурат заңын қатаң ұстанушы’ кейбір мәсіхшілер балаларын сүндетке отырғызуды және сол заңның белгілі бір талаптарын ұстануды жалғастыра берді (Елшілердің істері 21:20). Ал өзгелері болса еврей мәсіхшілері құтқарылу үшін бүкіл Таурат заңын орындауы керек деп қасарысуымен, алдыңғылардан да асып түсті. Бұл жерде олар үлкен қателік жіберді. Мысалы, мәсіхшілер күнәлары кешірілу үшін қалайша жануарларды құрбандыққа шалар еді? Өйткені Мәсіхтің құрбандығы мұның күшін жойғантұғын. Немесе Таурат заңындағы басқа ұлттың адамдарымен араласудан аулақ бол деген талапты олар қалай орындай алар еді? Ізгі хабарды құлшына таратқан мәсіхшілерге бұл шектеулерді ұстана отырып, Исаның өзге халықтарға да үйретіңдер деген тапсырмасын орындау өте қиын болар еді (Матай 28:19, 20; Елшілердің істері 1:8; 10:28)a. Бірінші ғасырдағы басқарушы кеңестің осы сұрақты түсіндіргендігі туралы ешбір мәлімет жоқ. Әйтсе де, қауымға көмек көрсетілмей қалған жоқ.

14. Пауылдың Құдай рухының жетелеуімен жазылған хаттарында Таурат заңына қатысты қандай басшылық бар еді?

14 Басшылық басқарушы кеңес жазған хат түрінде емес, Құдай рухының жетелеуімен жазылған елшілердің хаттары түрінде келді. Мысалы, елші Пауыл Римдегі еврей және еврей еместерге арнап хат жолдады. Бұл хатында ол нағыз яһуди ‘жан дүниесінде Құдайдың адамы болған... сүндеттелуі... жан дүниесінде болған’ адам ғана бола алатынын түсіндірді (Римдіктерге 2:28, 29). Сол хатта Пауыл, сондай-ақ мәсіхшілердің бұдан былай Мұсаның заңына бағынбайтынын көрнекті мысалдың көмегімен көрсетті. Ол әйел екі кісіге бірдей жар бола алмайтынын айтты. Ал егер күйеуі қайтыс болса, оның басы бос. Пауыл осы көрнекті мысалды қолданып, мәсіхшілер де Мұсаның заңына және Мәсіхке бірдей бағынышты бола алмайды деп қорытты. Мәсіхпен бірге болу үшін, олар ‘Таурат заңын орындау міндетінен босауы’ керек еді (Римдіктерге 7:1—5).

Жаңа шындықты түсінудегі қиыншылықтар

15, 16. Неліктен кейбір еврей мәсіхшілері Таурат заңына қатысты жаңа ашылған шындықты түсіне алмады және бұл рухани сергек болудың маңыздылығын қалай көрсетеді?

15 Пауылдың Мұса заңына қатысты келтірген дәлелі даусыз еді. Онда неге кейбір еврей мәсіхшілердің бұл жаңа ашылған шындықты түсінулері қиын болды? Мұның бір себебі олардың рухани түйсіктерінің таяздығы еді. Мысалы, олар “қатты тағамды” ескермеді (Еврейлерге 5:11—14). Сондай-ақ олар қауым кездесулеріне үнемі қатыспады (Еврейлерге 10:23—25). Өзгерістерді қабыл алмаудың тағы бір себебі Таурат заңының өзіне байланысты еді. Таурат заңы көзге көрінетін, сезілетін нәрселерге, мысалы ғибадатхана мен діни қызметке негізделетін. Рухани түйсіктері аздар үшін негізі көзге көрінбейтін мәсіхшіліктің терең принциптерінен гөрі Таурат заңын ұстанған жеңіл болды (2 Қорынттықтарға 4:18).

16 Пауыл өзінің Ғалаттықтарға жазған хатында кейбір мәсіхшілердің неге Таурат заңын ұстануға ұмтылғанының тағы бір себебін атап өткен. Ол бұл адамдардың жұртқа сыйлы, көпшілік ұстанатын діннің мүшелері ретінде көрінгілері келгендігін айтты. Мәсіхшілер ретінде өзге адамдардан ерекшеленбеу үшін, олар қолынан келгеннің бәрін істейтін. Жұрттың қолдауы олар үшін Құдайдың қолдауынан да артық еді (Ғалаттықтарға 6:12).

17. Мұсаның заңын ұстануға қатысты дұрыс көзқарас қай кезде барынша түсінікті болды?

17 Түсінігі мол мәсіхшілер Пауылдың және басқалардың Құдай рухымен жазылған хаттарын тыңғылықты зерттеп, Таурат заңын ұстануға қатысты дұрыс қорытындылар жасады. Б. з. 70 жылынан кейін ғана Мұсаның заңына деген дұрыс көзқарас барлық еврейлер арасынан шыққан мәсіхшілер үшін барынша түсінікті болды. Бұл Құдайдың еркі бойынша Иерусалим, ондағы ғибадатхана мен діни қызметкерлердің туылу шежірелері жойылғаннан соң болды. Одан кейін ешкімге де Таурат заңының барлық талаптарын орындау мүмкін емес еді.

Біз қандай сабақ аламыз?

18, 19. а) Рухани деніміз сау болу үшін, өзгерістерге деген қандай көзқарасты дамытып, қандайынан аулақ болуымыз керек? ә) Пауылдың басынан өткен жағдайдан, жауапкершілік жүктелген бауырластардың нұсқауларына құлақ салуға қатысты неге үйрене аламыз? (16-беттегі қоршауды қара.)

18 Өткен оқиғаларды қарастыра отырып, сенде, бәлкім, мынадай сұрақтар туған болар: егер мен сол уақытта өмір сүрген болсам, Құдайдың біртіндеп ашылып жатқан еркін қалай қабылдар едім? Ештеңеге қарамастан, қалыптасқан дәстүрлерді қатаң ұстана берер ме едім? Әлде шындыққа қатысты дұрыс түсінік анық болғанша, шыдай тұрар ма едім? Ал осы дұрыс түсінік берілгенде, оны толығымен ұстанар ма едім?

19 Әрине, сол кезде өмір сүргенде, қалай әрекет ететінімізді сеніммен айта алмаймыз. Әйтсе де, әрқайсысымыз өзімізден былай деп сұрауымызға болады: қазіргі таңдағы Киелі кітапты түсінудегі кейбір түсіндірмелерді қалай қабылдап жүрмін? (Матай 24:45). Жазбаларға негізделген басшылықтар берілгенде, олардың әрпін ғана емес, рухын ұстануға тырысамын ба? (1 Қорынттықтарға 14:20). Кейбір сұрақтар жауапсыз қалып жатқандай көрінсе, сабырлықпен Ехобаның жауабын күтем бе? Бізге “бағытымыздан ауытқып кетпеуіміз” үшін қолымызда бар рухани тағамды жақсылап меңгеру өте маңызды (Еврейлерге 2:1). Ехоба өзінің Сөзі, рухы және жердегі ұйымы арқылы нұсқаулар бергенде, мұқият тыңдалық. Осылай етер болсақ, Ехобаның батасына ие болып, шексіз де бақытты өмірге ие боламыз.

[Сілтеме]

a Сириядағы Антақия қаласына барғанда, Петір басқа ұлттан шыққан мәсіхшілермен тығыз қарым-қатынаста болатын. Алайда Иерусалимнен еврей мәсіхшілер келгенде, Петір “олардан қаймығып, басқа ұлт сенушілерінен тартыншақтап, алшақтай бастады”. Құрмет тұтатын елшінің өздерімен бірге тамақтанудан бас тартқаны, сенім жолына жуықта түскен еврей емес мәсіхшілерге қандай ауыр тигенін көз алдымызға елестетіп көрсек болады (Ғалаттықтарға 2:11—13).

Қалай жауап берер едіңдер?

• Қай мағынада Мұсаның заңы ‘Мәсіхке әкелетін’ ‘тәрбиеші’ болды?

• Сенің ойыңша, неліктен Петір мен сүндеттелуді жақтаушылар шындықты түсінудегі өзгерістерді әр түрлі қабылдады?

• Бүгінде Ехобаның шындықты қалай ашатындығы жөнінде не білдіңдер?

[16-беттегі қоршау/сурет]

Пауыл сынақты кішіпейілділікпен қабылдады

Б. з. 56 жылы Пауыл өзінің миссионерлік сапарын жемісті аяқтап, Иерусалимге оралды. Бұл жерде оны сынақ күтіп тұр еді. Пауылдың Таурат заңының бұдан былай жарамсыздығы туралы оқытып жатқаны жөнінде қауымдарға жеткен еді. Ақсақалдар сенім жолына жуықта түскен еврейлерге Пауылдың Таурат заңы туралы тіке айтқандары сенімдеріне кері әсер етіп, оларда мәсіхшілер Ехобаның орнатқан тәртіптерін құрметтемейді деген ой туып қалуы мүмкін деп қорыққан еді. Дәл сол кезде қауымда ант берген, назир антын болса керек, төрт еврей мәсіхші бартұғын. Берген анттарының талаптарын толығымен орындау үшін, олар ғибадатханаға бару керек болатын.

Ақсақалдар Пауылға әлгі төрт мәсіхшімен ғибадатханаға барып және олардың шығынын өз мойнына алуды өтініш жасады. Бұған дейін Пауыл құтқарылу үшін Таурат заңын ұстану талап етілмейтінін дәлелдеп, Құдай рухының жетелеуімен кемінде екі хат жазған болатын. Сөйтсе де ол өзгелердің ар-ұжданын ескерді. Ілгеріректе ол: “Таурат заңына бағынған оларды Мәсіхке әкелу үшін... оған бағынушыдай араларында жүріп-тұрамын”,— деп жазған болатын (1 Қорынттықтарға 9:20—23). Пауыл ақсақалдардың ұсынысын қабыл алуымен ешқандай да Киелі кітаптың маңызды принциптерін бұзбайтынын түсінді (Елшілердің істері 21:15—26). Бұл шешімде дұрыс емес ештеңе жоқ еді. Ант беру Киелі жазбаларға қайшы келмейтін, сондай-ақ ғибадатхана жалған тәңірлерге емес, Ехобаға мінажат ету үшін қолданылатын. Ешкімнің де сеніміне кері әсер етпес үшін, Пауыл ақсақалдардың айтқанын істеді (1 Қорынттықтарға 8:13). Әрине, бұл Пауылдың зор кішіпейілдік танытуын қажет ететін. Осы үшін де біз оны аса құрметтейміз.

[15-беттегі сурет]

Бірнеше жыл бойы мәсіхшілер арасында Мұсаның заңына деген әр түрлі көзқарастар болды

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу