Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w03 1.2. 4—7 бет.
  • Кешірім сұрау — татуласудың кілті

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Кешірім сұрау — татуласудың кілті
  • 2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Кешірім сұраудың пайдалы әсері
  • “Бірақ мен ешқандай жаман нәрсе істеген жоқпын ғой”
  • Шынайылық қажет
  • Кешірім сұрау орынсыз болған жағдайда
  • Татулыққа кедергі болмайтын кезде
  • Неге кешірім сұраған дұрыс?
    Жастардың сауалдары
  • Кешірім сұрау неліктен сонша қиын?
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ол ақылмен әрекет етті
    Сенімін серік еткендер
  • Әбигел мен Дәуіт
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w03 1.2. 4—7 бет.

Кешірім сұрау — татуласудың кілті

“КЕШІРІМ өтінудің пайдасы көп. Бұл дау-жанжалды күш қолданбай шешеді және халықтар арасындағы өшпенділікті жояды, өкімет басшыларына әрбір заматтың көріп жатқан қасіретін мойындауға көмектесіп, адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіреді”. Бұл сөздерді әйгілі жазушы Вашингтондағы Джорджтаун университетінің тілтанушысы Дебора Таннен жазған.

Киелі кітап жиі шын жүректен кешірім сұрағанның арқасында, адамдардың арасындағы араздықты оңай жоюға болатынын растайды. Мысалы, Исаның адасып қайта оралған ұл туралы астарлы әңгімесінде: баласы қайта оралып, шын жүректен кешірім сұрағанда, әкесі құшақ жая қарсы алып, оны отбасына қайтадан қабыл алды (Лұқа 15:17—24). Иә, егер біз біреуді ренжітсек менмендігімізді басып, кешірім сұрағанымыз жөн. Нағыз кішіпейіл адамдарға бұл қиын емес.

Кешірім сұраудың пайдалы әсері

Көне Исраилдегі ақылды әйел Әбигел күйеуі істеген зұлымдық үшін кешірім сұрауымен, кешірім өтінудің қандай пайдалы әсері бар екенін көрсеткен. Бұл оқиға былай болған еді. Исраилдің патшасы болмай тұрған кезінде Дәуіт шөл далада жасырынып жүрген еді. Сол кезде ол өз адамдарымен Әбигелдің күйеуі Набалдың отар-отар қойларын ұры-қарыдан қорғап жүреді. Алайда Дәуіттің адамдары Набалдан ас-су сұрап барғанда, ол дөрекі жауап беріп, ештеңе бермей шығарып салады. Ашуланған Дәуіт Набалдың отбасын шабуға 400 нөкерімен жолға шыққан еді. Мұны білген Әбигел Дәуіттің алдынан шығады. Ол Дәуітті көрген бойда басын иіп, аяғына жығылады. Сонан соң ол: “Тақсыр ием, кінә өз мойнымда! Күңіңіздің сөйлеуіне рұқсат беріп, айтқандарына құлақ түре көріңіз”,— дейді. Әбигел болған жағдайды Дәуітке түсінідіріп береді де, тарту ретінде ас-суын береді. Бұған Дәуіт: “Аман-есен үйіңе қайта бер. Сөздеріңе құлақ астым, бетіңді қайтармаймын”,— деп жауап береді (1 Патшалықтар 25:2—35).

Әбигелдің кішіпейілділігі мен күйеуінің дөрекі мінезі үшін кешірім сұрағаны оның үй-ішін құтқарады. Дәуіт тіпті “өзін қан төгуден сақтап қалғаны үшін” Әбигелге алғысын айтады. Әбигел Дәуіт пен оның адамдарына ешқандай жамандық істемегенімен, өз отбасының айыбын мойнына алып, Дәуітпен татуласады.

Қашан кешірім сұрауды білген елші Пауылды мысал ретінде келтірсе болады. Бірде оған жоғарғы кеңестің, яғни яһудилердің жоғарғы сотының, алдында қорғану керек болған. Пауылдың ашып айтқан сөздеріне қатты ызаланған бас діни қызметкер Анани Пауылдың қасында тұрғандарға оны аузынан ұруға бұйырады. Сонда Пауыл оған: “Әктелген қабырға, сізді Құдай ұрады! Осы жерде мені Таурат заңы бойынша соттау үшін отырғанмен, заңды бұзып мені ұрғыздыңыз”,— деді. Сонда қасында тұрғандар оны бас діни қызметкерді жамандадың деп айыптағанда елші өз қателігін дереу мойындап: “Бауырластар, оның бас діни қызметкер екенін білмедім! Киелі жазбада: “Халқыңның басшысын жамандама!” делінген ғой”,— деді (Елшілердің істері 23:1—5).

Би болып тағайындалған адам күш қолданбау керек деп, Пауыл дұрыс айтқан еді. Сонда да ол бас діни қызметкерге сыйламағандық болып көрінетін сөздерді білмегендіктен айтқаны үшін кешірім сұрағанa. Пауыл жоғарғы кеңестен кешірім сұрағандықтан, қасындағылар оны ақырына дейін тыңдады. Сот мүшелерінің арасында келіспеушілік бар екенін білген елші, өзін қайта тірілуге сенгені үшін соттап жатқаны туралы айтады. Мұнан кейін үлкен дау-жанжал туып, парызшылдар Пауылдың жағына шығады (Елшілердің істері 23:6—10).

Киелі кітаптағы осы екі мысалдан біз неге үйренеміз? Екі оқиғада да істеп қойған нәрсеге шын жүректен өкінгендік әрі қарай да қарым-қатынасқа жол ашты. Кешірім сұрау біздің де татулыққа жетуімізге көмектеседі. Иә, өз қателіктеріңді мойындағаның және біреуді шығынға ұшыратқаның үшін кешірім сұрағаның, келелі мәселелерді татулықпен шешуге мүмкіндік береді.

“Бірақ мен ешқандай жаман нәрсе істеген жоқпын ғой”

Біздің сөзіміз немесе іс-әрекетіміз біреуге қатты тигенін біліп қалсақ, ол адам орынсыз ренжіп, тым көңіліне алып тұрғандай болып көрінуі мүмкін. Бірақ Иса Мәсіх өзінің ізбасарларына мынадай өсиет берген: “Сонымен сен Құдайға арнаған сый-тартуыңды құрбандық үстеліне алып барғанда, егер бауырласыңның өзіңе өкпелеп жүргені сол жерде есіңе түсіп кетсе, алып келгеніңді сонда қалдыр да, бауырласыңа барып, онымен татулас! Бұдан кейін қайтып келіп, сый-тартуыңды Құдайға бағышта” (Матай 5:23, 24).

Мысалы, бауырласымыз сен оған қарсы күнә жасадың деп ойлауы мүмкін. Мұндай жағдайда Исаның сөзіне сәйкес, тіпті сен ешқандай жамандық істемедім деп ойласаң да, бауырласыңа барып, онымен татуласуың қажет. Вайнның сөздігіне сәйкес грек мәтінінде Иса қолданған сөз “екі жақтың жанжалдасуынан кейін, екі жақтың да өз айыптарын мойындауын” білдіреді. (Vine’s Expository Dictionary of Old and New Testament Words). Расында егер екі адам жанжалдасып қалса, қандай да бір мөлшерде жауапкершілік екеуінің де мойнында, өйткені екеуі де кемелсіз және қателіктер жасауға бейім. Сондықтан екі жақтың да өз айыптарын мойындаулары талап етіледі.

Мәселе кімдікі дұрыс, кімнің айыпты екендігінде емес, кім татуласуға бірінші болып қадам жасайды, міне, сонда. Елші Пауыл Қорынт қаласындағы қаражат жағынан туған даулар сияқты бір-бірімен келісе алмаушылықтан, мәсіхшілердің бір сенімдегілерді сотқа бергені туралы естігенде: “Одан да әділетсіздікке неге төзбеске, неге ақыларыңды жегізбеске?”— деп оларға ескерту жасады (1 Қорынттықтарға 6:7). Пауыл бұл жерде қорынттықтарды өзара туған дауға бола соттаспауға шақырғанымен, принцип түсінікті: бір сенімдегілердің арасындағы татулық — кім дұрыс, кім айыпты екенін дәлелдеуден әлдеқайда маңызды. Бұл принципті есте сақтасақ, әлдекім бізді оларға адамгершілікке жатпайтын қылық істеді деп ойлайтындай жағдай болса, олардан кешірім сұрауымыз оңай болады.

Шынайылық қажет

Алайда кейбір адамдар кешірім сөздерін орынсыз пайдаланады. Мысалы, Жапонияда әдетте кешірім сұрау үшін қолданылатын сумимасен деген сөзді кез келген себеппен жиі естуге болады. Бұл сөз тіпті істелінген игі іске алғысыңды білдіріп, қалай жақсылықпен қайтара алатыныңды білмей ыңғайсызданған кезде де қолданылады. Бұл сөз жан-жақты қолданылатындықтан, кейбіреулер кешірім сұраушылардың шын жүректен сұрап тұрғандықтарына күмәндануы мүмкін. Басқа мәдениеттерде де кейде кешірім сөздерін орынсыз пайдаланып жатқандай көрінеді.

Біз қай тілде сөйлесек те, кешірім сұрағанда шынайы да адал болғанымыз маңызды. Қандай сөз қолданғанымыз және қалай айтқанымыз, шын өкініп тұрғандығымызды көрсетіп тұру керек. Иса Мәсіх Таудағы уағызында өзінің ізбасарларын былай деп үйреткен: “Қайта, сендердің “иә” дегендерің шынымен “иә”, “жоқ” дегендерің шынымен “жоқ” болсын! Бұған қоса айтқандарыңның бәрі жамандықтарыңнан келеді” (Матай 5:37). Кешірім сұраған кезде, “кешіріңіз” дегендерің шыныменен “кешіріңіз” болсын! Міне, бір мысал: әуежайда тіркелу үшін кезекте тұрған бір еркек шабаданымен қасында тұрған әйелге тиіп кетеді де, кешірім сұрайды. Бірнеше минөттен кейін кезек жылжыған соң, әлгі еркек шабаданымен бағанағы әйелді тағы да түртіп кетіп, тағы да сыпайы түрде кешірім өтінеді. Бұл қайталанған кезде, әйелдің серігі әлгі еркекке: егер оның “кешірімі” шынында да “кешіріңізді” білдірсе, онда қайтадан әйелге тиіп кетпеудің қамын жасау керек екенін ескертеді. Көріп отырғанымыздай шын жүректен кешірім сұрау қателіктерді қайталамауға тырысуды білдіреді.

Егер біз шынайы да адал болсақ, жіберген қателігімізді мойындап, кешірім сұрап және мүмкіндігімізше тигізген шығынның орнын толтыруға тырысамыз. Өз кезегінде ренжіген адам өз қателігін мойындаған адамды шын жүректен кешіру керек (Матай 18:21, 22; Марқа 11:25; Ефестіктерге 4:32; Қолостықтарға 3:13). Екі жақтың да адамдары кемелсіз болғандықтан, татуласу оңайға соқпайды. Әйтсе де кешірім сұрау татуласуға көп көмегін тигізеді.

Кешірім сұрау орынсыз болған жағдайда

Қателігін мойнына алған және өкініш білдірген сөздер көңілді жайландырғанымен, парасатты адам мұндай сөздерді орынсыз айта бермейді. Мысалы, мәселе Құдайға деген сенімділікке қатысты болсын делік. Иса Мәсіх жерде болған кезде: ‘Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнып, өлімге, тіпті азап шегу бөренесіндегі өлімге дейін бойсұнды’ (Філіпіліктерге 2:8). Алайда ол өзінің көріп жатқан азабын жеңілдету мақсатымен өз нанымдары үшін кешірім өтінбеді. Сонымен қатар Исадан бас діни қызметкер: “Мәңгі тірі Құдайдың алдында ант етіп, бізге айтып бер: Сен Құдайдың рухани Ұлы — Мәсіхсің бе?” — деп сұрағанда, ол кешірім сұрай бастаған жоқ. Жасқанып кешірім сұраудың орнына, Иса батыл жауап берді: “Өзіңіз айтып тұрсыз. Сіздерге мынаны да айтамын: Менің билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар!” (Матай 26:63, 64). Бас діни қызметкермен татулық сақтап, әкесі Ехоба Құдайға деген сенімділікті жоғалту Исаның ойына да келмеді.

Билік берілген адамдарға мәсіхшілер құрмет пен ізеттілікпен қарайды. Алайда Құдайға мойынсұнулары мен бауырластарына деген сүйіспеншілігі үшін мәсіхшілерге кешірім сұрау қажет емес (Матай 28:19, 20; Римдіктерге 13:5—7).

Татулыққа кедергі болмайтын кезде

Біз көптеген қателіктер жасаймыз, өйткені түп атамыз Адамнан кемелсіздік пен күнәні мұра еттік (Римдіктерге 5:12; 1 Жохан 1:10). Адам ата Құдайға қарсы шығып күнәлі болды. Бірақ Адам мен Хауа басында кемелді және күнәсіз болатын. Құдай адамдарды осындай кемелділікке жеткіземін деп уәде етеді. Ол күнәні және оның салдарынан болып жатқан нәрселерді мүлдем жояды (1 Қорынттықтарға 15:56, 57).

Бұның нені білдіретіні туралы ойланып көріңдерші! Исаның туған бауыры тіл туралы тәлім беріп жатып: “Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам”,— деп жазған (Жақып 3:2). Кемелді адам аузына толық абай бола алады, сондықтан оған біреуді ренжітер сөзі үшін кешірім сұраудың қажеті болмайды. Ол “денесін тұтастай меңгере” алады. Біздің де, айналамыздағылардың да кемелді болғаны қандай ғажап! Сол кезде адамдардың арасында татулыққа жеткізетін жолда ешқандай кедергі болмайды. Ал қазір қателігіміз үшін шын жүректен және орынды сұраған кешіріміміздің татулыққа жеткізетін көмегі аз емес.

[Сілтеме]

a Көзі жақсы көрмегендіктен Пауылдың бас діни қызметкерді танымай қалуы әбден мүмкін.

[5-беттегі сурет]

Пауылдың әрекетінен біз неге үйрене аламыз?

[7-беттегі сурет]

Барлығы кемелді болған кезде, татулыққа ешнәрсе кедергі жасамайды

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу