Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.1. 3—5 бет.
  • Шын мәнінде тапсыз қоғамның орнауы мүмкін бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шын мәнінде тапсыз қоғамның орнауы мүмкін бе?
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайдың көзінде барлық адамдар бірдей
  • Тапсыз қоғам қалай орнайды?
  • Бүгінгі тапқа бөлінбейтін адамдар
  • Тең болу деген біркелкілікті білдірмейді
  • Теңсіздік — осы заманның қасіреті
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Теңсіздік — Құдай оның болғанын қалады ма?
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Теңсіздіктің езгісін бәсеңсіту
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.1. 3—5 бет.

Шын мәнінде тапсыз қоғамның орнауы мүмкін бе?

ҚҰРАМА штаттардың екінші президенті болған Джон Адамс тарихи тәуелсіздік декларациясына қол қойған адамдардың бірі болған еді. Ол декларацияда мынадай керемет сөздер бар: “Біз мына ақиқаттар өзін-өзі айқындаған деп есептейміз: барлық адам тең болып жаратылған”. Сөйткенмен де, Джон Адамс адамдардың шын мәнінде тең екеніне күмәнданған болса керек, өйткені ол былай деп жазған еді: “Ақыл-ой мен тәннің теңсіздігін Жаратқан Ие адамның болмысына терең орнықтырғаны сонша, ешқандай ғылым немесе саясат ешқашан оларды теңдестіре алмайды”. Ал, Британ тарихшысы Герберт Уэллс болса, керісінше, адамдардың барлығы тең болатын қоғамды елестете алған еді. Оның ойынша бұл қоғам үш нәрсеге: таза, былғанбаған бәріне ортақ бір дінге, барлығына бірдей білімге және қарулы күшсіз ортаға негізделген.

Осы уақытқа дейін адамзат тарихында Уэллс елестеткен әлеуметтік теңсіздік жойылған қоғам болған емес. Адамдардың барлығының бірдей жағдайда емес екені айқын және таптық ерекшеліктер қоғам өміріне әлі де қатты әсер етуде. Осындай тапқа бөліну жалпы қоғамға қандай да пайда келтірді ме? Әрине жоқ. Тапқа бөліну адамдарды бөліп, нәтижесінде қызғаныш, жек көрушілік, жан азабы орын алуда және көптеп қан төгілуде. Бір кездері ақ нәсілділер өзгелерден артық деген ой қалпының салдарынан Африкада, Австралияда және Солтүстік Америкада ақ нәсіліділерден өзгелер қасірет шеккен болатын. Оның ішінде қазіргі Тасмания еліндегі аборигендерге қарсы жаппай геноцид те бар. Еуропада еврейлерді төменгі сатының адамдары деп санау оларды жаппай қыруға әкеліп соқты. Ақсүйектердің аса дәулетті болуы мен төменгі сатыдағы және орта тап адамдарының оларға деген наразылығы он сегізінші ғасырдағы Француз революциясы мен жиырмасыншы ғасырда болған Ресейдегі большевиктер революциясына әкеліп соқты.

Ертеректе өмір сүрген дана адам былай деп жазған еді: “Адам адамның үстінен оған зиян келтіріп билік етеді” (Екклесиаст 8:9, СА). Оның сөздері өзгелерді билеп отырған жеке адамдарға да, таптарға да байланысты шындықты көрсетеді. Адамдардың бір тобы өзін өзге топтағы адамдардан жоғары санайтын болса, бұл сөзсіз қайғы-қасіретке апарып соғады.

Құдайдың көзінде барлық адамдар бірдей

Адамдардың кейбір топтары өзгелерден жоғары ма? Жоқ, Құдайдың көзінде олай емес. Киелі кітапта былай делінген: ‘Ол бір кісіден бүкіл адамзатты таратып, бүкіл жер жүзіне мекендетті’ (Елшілердің істері 17:26). Оның үстіне Жаратушы “әкімдердің бет-жүзіне қарамайды, байларды кедейлерден жоғары қоймайды, өйткені олардың бәрін де Өзі жаратқан” (Әйүп 34:19, СА). Барлық адамдар бір-біріне туыс және Құдайдың көзінде олардың бәрі тең.

Сондай-ақ, адам қайтыс болған кезде, оның өзгелерден артық саналуына еш себеп қалмайтынын ұмытпалық. Ежелгі мысырлықтар оған сенбеген. Перғауын қайтыс болған кезде, о дүниеде де өзінің жоғарғы шенін сақтайды деп ойлап, сонда қолдансын деген оймен, мысырлықтар оның қабіріне өте бағалы заттарды қойған. Перғауын ол заттарды қолданды ма екен? Әрине жоқ. Ол заттардың көбісі қабір тонаушылардың қолында кетті, ал олардан қалғандарын бүгінде мұражайлардан көруге болады.

Өлі перғауын ол қымбат заттарды қолдана алмағаны анық. Өлген соң жоғары тап, төмен тап, бай және кедей деген болмайды. Киелі кітапта былай делінген: “Надан және парықсыз адамдар сияқты дана адамдар да қайтыс болады... жануарлар сияқты ол (адам) да өледі” (Забур 48:11, 13, СА). Патшамыз ба, құлмыз ба, Құдайдың рухының жетелеуімен жазылған келесі сөздер барлығымызға да қатысты: “Ал өлілер ештеңе білмейді, және оларға енді тиісті баға да жоқ... сен баратын молада, іс те, ой шолу да, білім де, даналық та жоқ” (Екклесиаст 9:5, 10, СА).

Құдайдың көзінде барлығымыз да теңбіз, өлген соң да бір-бірімізден артықшылығымыз жоқ. Олай болса қысқа ғұмырымызда адамдардың бір тобын екінші тобынан жоғары қойғанымыз қаншалықты түкке тұрғысыз нәрсе десеңізші!

Тапсыз қоғам қалай орнайды?

Алайда, алдағы уақытта әлеуметтік тап орын алмайтын қоғам орнайды деген үміт бар ма? Иә, ондай үміт бар. 2 000 жылға жуық уақыт бұрын, Иса жерде болған кезде осындай қоғамның негізі қаланған болатын. Ол, ‘Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болуы үшін’ өзінің өмірін сенім білдіретін адамдар үшін азаттық төлемі ретінде құрбан етті (Жохан 3:16).

Шәкірттерінің ешқайсысы да өздерін бір сенімдегілерден жоғары қоймауы керек екенін көрсету үшін, Иса былай деді: “Сендер “ұстаз” деп аталмаңдар! Ұстаздарың Біреу-ақ, ал бәрің де өзара бауырлассыңдар. Жер бетіндегі ешкімге “әке” деген рухани атақ бермеңдер! Бірден-бір рухани Әкелерің көкте ғой. Өздеріңді “тәлімгер” деп те ешкімге ататпаңдар! Тәлімгерлерің Біреу-ақ, Ол — Мәсіх. Араларыңдағы ең ұлыларың бәріңе де қызмет ете берсін! Себебі өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады” (Матай 23:8—12). Құдайдың көзінде ақиқат дінді ұстанатын Исаның шәкірттерінің барлығы да бірдей.

Алғашқы мәсіхшілердің арасында теңдік болды ма екен? Исаның тәлімін түсіне білгендердің арасында теңдік болды. Олар бірін-бірі сенімдеріне байланысты тең санады және мұны бірін-бірі “бауырлас” деп атау арқылы көрсетті (Філимонға 1, 7, 20). Ешқайсысы да өзін өзгелерден артық санамаған. Мысалы, екінші хатында өзі туралы айтқанда Петірдің кішіпейілділік танытқанын қарастырып көрейікші: “Иса Мәсіхтің басыбайлы қызметшісі, әрі елшісі Шимон Петірден ортақ сеніміміздегілердің бәріне дұғай сәлем... бізге берілгендей, сендерге де аса құнды сенім сыйға берілді” (2 Петір 1:1). Петір Исаның өзінен тәлім алған болатын және елші ретінде оған маңызды жауапкершілік жүктелген еді. Сөйткенмен де, ол өзін басыбайлы қызметші ретінде санады және өзі сияқты өзгелерге де аса құнды сенім сыйға берілгенін мойындады.

Кейбіреулер мәсіхшілерге дейінгі кезде, Исраилдің Құдайдың таңдаулы халқы болғаны теңдік принципіне қайшы келеді деп айтуы мүмкін (Мысырдан шығу 19:5, 6). Олар бұл бір халықтың екінші халықтан артық екендігінің мысалы деп айтуы мүмкін, бірақ олай емес. Рас, Ыбырайымның ұрпағы ретінде исраилдіктер Құдаймен ерекше қарым-қатынаста болған және солар арқылы Құдай аяндар беріп отырған (Римдіктерге 3:1, 2). Бірақ оларға аян беруінің мақсаты, оларды өзгелерден жоғары қою емес еді. Керісінше, Оның мақсаты ‘барлық ұлттарға ақ батасын қондыру’ болатын (Жаратылыс 22:18; Ғалаттықтарға 3:8).

Ақыр аяғында исраилдіктердің басым көпшілігі Ыбырайымдікіндей сенім танытпады. Олар адалдықтарын сақтамады, сөйтіп Исаны Мәсіх ретінде қабылдамады. Сол себепті Құдай олардан бас тартты (Матай 21:43). Алайда, кішіпейіл адамдар уәде етілген игіліктерден айырылып қалған жоқ. Б. з. 33 жылындағы Алғашқы өнім мейрамы кезінде мәсіхшілер қауымы дүниеге келді. Киелі рухпен майланған мәсіхшілердің бұл ұйымы ‘Құдайдың Исраил халқы’ аталды және уәде етілген баталар осылар арқылы берілетін болды (Ғалаттықтарға 6:16).

Сол қауым мүшелерінің кейбіреулерін теңдік принципіне үйрету керек болды. Мысалы шәкірт Жақып дәулетті мәсіхшілерді, кедей тұратын мәсіхшілерден гөрі көбірек сыйлайтындарға кеңес берген еді (Жақып 2:1—4). Өйткені олай еткен дұрыс емес болатын. Елші Пауыл өзге халықтардан шыққан мәсіхшілердің еврейлерден шыққан мәсіхшілерден, әйел мәсіхшілердің ер мәсіхшілерден кем емес екенін анық көрсетті. Ол былай деп жазған еді: “Барлығың Иса Мәсіхке деген сенімдерің арқылы Құдайдың рухани баласысыңдар. Өйткені Мәсіхпен тығыз байланысып, шомылдыру рәсімінен өткен бәрің Мәсіхтің рухани қасиеттеріне бөлендіңдер. Бұл жерде яһуди мен басқа ұлт адамының, құл мен еріктінің, еркек пен әйелдің арасында айырмашылық жоқ, себебі барлығың Иса Мәсіхпен тығыз байланыста біртұтассыңдар” (Ғалаттықтарға 3:26—28).

Бүгінгі тапқа бөлінбейтін адамдар

Ехоба Куәгерлері бүгін де Киелі кітаптың принциптеріне сай өмір сүруге тырысады. Әлеуметтік ерекшеліктер Құдайдың алдында ешқандай рөл ойнамайтынын олар түсінеді. Сол себепті олар дін басылары және бұқара халық болып және түстеріне немесе байлығына қарап бөлінбейді. Олардың кейбірі дәулетті болғанымен, олар “мал-мүлікке мастанбайды”, өйткені мұндай нәрселердің өткінші екенін жақсы біледі (1 Жохан 2:15—17). Керісінше барлығы бірігіп, Әлемнің Әміршісі Ехоба Құдайға қызмет атқаруда.

Олардың барлығы жақындарына Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздау міндетін атқарып жүр. Олар Иса сияқты жабырқаған және езілген адамдарды құрметтеп, олардың үйіне барып, Құдай Сөзін зерттеуді ұсынады. Әлеуметтік жағдайы төмен адамдар кейбіреулер жоғарғы сатыда деп ойлауы мүмкін адамдармен бірге иін тіресіп жұмыс істейді. Маңыздысы адамдардың әлеуметтік жағдайы емес, рухани қасиеттері. Бірінші ғасырдағы сияқты ақиқат дінді ұстанатын адамдардың барлығы да бауырластар.

Тең болу деген біркелкілікті білдірмейді

Әрине теңдік дегеніміз барлық жағынан біркелкілікті білдірмейді. Әр түрлі нәсілден, тілден, ұлттан және әлеуметтік таптан шыққан адамдардан тұратын мәсіхшілердің ұйымында ерлер мен әйелдер, кәрілер мен жастар да бар. Олардың әрқайсының ойлау қабілеті мен физикалық күштері әр түрлі. Бірақ бұл ерекшеліктері олардың бірін өзгелерден жоғары не төмен етпейді. Керісінше әркелкілік жарасымды, жағымды нәрсе. Мәсіхшілер қандай таланттары болмасын, Құдайдың сыйы екенін, сол себепті өзін өзгелерден жоғары қоюға негіз жоқ екенін түсінеді.

Тапқа бөлу адамзаттың Құдайдың басшылығына бағынудың орнына өзін-өзі басқаруға тырысқанының нәтижесі. Жақында Құдай Патшалығы бүкіл жер бетіне басшылық ететін болады. Сол кезде адамдар жасап отырған тапқа бөлу жойылады, сондай-ақ ғасырлар бойы адамдардың қайғы-қасірет шегуіне себеп болған нәрселер де жойылады. Сол кезде тура мағынада “момындар жерді мұра етеді” (Забур 36:11, СА). Өзін өзгелерден артық санауға ойдан шығарылған себептер болмайды. Тапқа бөлінудің адамдардың дүниежүзілік бауырластығының арасына іріткі салуына жол берілмейтін болады.

[4-беттегі сөздер]

Жаратушы “әкімдердің бет-жүзіне қарамайды, байларды кедейлерден жоғары қоймайды, өйткені олардың бәрін де Өзі жаратқан” (Әйүп 34:19, СА).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу