Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w99 1.10. 6—8 бет.
  • Теңсіздіктің езгісін бәсеңсіту

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Теңсіздіктің езгісін бәсеңсіту
  • 1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мүмкіндіктеріңді барынша толық пайдаланыңдар!
  • Араларында теңдік орнаған бауырластық
  • Теңсіздік — Құдай оның болғанын қалады ма?
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Теңсіздік — осы заманның қасіреті
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұлтаралық теңдік орнайтын күн туа ма? Киелі кітапта не делінген?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Экономикалық дағдарыс. Құдай Патшалығы не істейді?
    Сан түрлі тақырыптар
Көбірек мәлімет
1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w99 1.10. 6—8 бет.

Теңсіздіктің езгісін бәсеңсіту

Жаратушы жақында адамзат аңсаған жалпыға бірдей теңдікті орнатады. Ал әзірше, біз өзімізді және жақындарымызды теңсіздіктің қайғылы әсерінен аздап болса да қорғай аламыз. Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Манделаның ескертуі бойынша: «Адамдардың қарым-қатынасына бөгет болатын меншігіміздегі зат емес, оның біздің өмірімізде алатын орны».

ОНЫҢ сөздерінің растығын тарих дәлелдеп отыр. Тұрмыс жағдайы нашар отбасында дүниеге келген адамдардың көбісі өз меншіктеріндегі азғана нәрселерді дұрыс жұмсап, табиғатынан дарынды, өмірдегі жағдайы жақсы құрдастарына қарағанда үлкен жетістіктерге жетті. Керісінше, жетістіктерге жетуге барлық жағдайы бар болып көрінген кейбір адамдар өз меншігіндегілерін талан-таражға салып, мүмкіндіктерін толық пайдалана алмады.

Мүмкіндіктеріңді барынша толық пайдаланыңдар!

Басқа адамдардың Киелі кітапты зерттеу арқылы Құдайды және оның ниетін білуі үшін, Ехоба Куәгерлері қолдарынан келгенін істеуде. Бірақ, сауаты жоқ адамның Киелі кітапта жазылғандардан толық мөлшерде пайда ала алмайтындығын олар түсінеді. Сондықтан Ехоба Куәгерлері осы уақытқа дейін ондаған мың адамдарды оқуға және жазуға үйретті. Тек батыс Африкадағы бір елдің өзінде олар 23 000 (90-жылдардың ортасынан бастап) адамға білім берді. Бір газетте Ехоба Куәгерлерінің қызметінің қоғамға келтіретін пайдасы туралы былай деп айтылған болатын: «Оларды үлгілі азаматтар деуге болады. Олар салықты уақтылы төлейді, ауру адамдарға қарасады және сауатсыздыққа қарсы күресуде» («San Francisco Examiner»).

Сонымен бірге, Ехоба Куәгерлері ұйымдастырған арнаулы бағдарлама, мыңдаған адамдардың шешендікті меңгеруіне және көпшіліктің алдында өз ойын сауатты, әрі анық жеткізуге үйреніп алуларына көмектесуде. Олардың арасында бұрын тілінің мүкісі болған адамдар да аз емес. Мысалы, Оңтүстік Африка Республикасында тұратын бір ер кісі былай деп жазды: «Мен қатты тұтығатын едім, сондықтан көп сөйлемейтінмін, үнемі мен үшін басқа біреудің айтқанын күтетінмін... Теократиялық қызмет Мектебіне жазылған кезімде, маған азғана тыңдаушылардың алдында Киелі кітаптан үзінді оқуға тапсырма берді... Қатты тұтыққаным сонша, берілген уақыттан асырып жібердім. Жиналыс аяқталған соң [Мектептің жетекшісі] маған өте пайдалы кеңес берді. Ол маған үйде көбірек дауыстап оқып жаттық деп ақыл берді. Мен оның айтқанын істеп, күн сайын Киелі кітапты және Күзет Мұнарасы журналын дауыстап оқитын болдым». Ал қазір, бұл кісі үлкен жетістіктерге жетіп, жүздеген, керек десең мыңдаған адамдардың алдында баяндама жасайды.

Араларында теңдік орнаған бауырластық

Ехоба Куәгерлерінің білім мен дәрігерлік көмек алу мүмкіншіліктері, материалдық және әлеуметтік жағдайлары әр түрлі. Бұл айырмашылықтар бүгінгі дүниедегі кемелсіз жағдайлардың әсері ғана. Ал ұлттық, әлеуметтік және экономикалық өзгешеліктерге байланысты теріс ұғымдарға келетін болсақ, Ехоба Куәгерлері басқа діни топтарға қарағанда оларды жоя алды деуге болады.

Ехоба Куәгерлері бұл жетістіктерге Киелі кітаптан алған білімдеріне сай өмір сүруге тырысуының нәтижесінде қол жеткізді. Олар Киелі кітаптың келесі принциптерін шын жүректен қолдануға тырысады: «Мен [Құдай] адам сияқты қарамаймын; өйткені адам бет-жүзіне қарайды, ал Тәңір жүрегіне қарайды» (1 Патшалық 16:7). «Құдайдың адамның бет-жүзіне қарамайтынын енді шынымен біліп алдым. Ол әр ұлттың Өзін қастерлеп, әділетке сай әрекет ететіндерін қабылдайды» (Елшілердің істері 10:34, 35). «Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында әдепті болуына тырысыңдар. Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату-тәтті тұрыңдар» (Римдіктерге 12:17, 18; және де 1 Тімоте 6:17—19; Жақып 2:5, 9-ды қараңдар).

Ехоба Куәгерлері, ынтымаққа жетуге көмектесетін Киелі кітап принциптерін берік ұстанып, өз араларында ұлттық өзгешеліктен және әлеуметтік немесе экономикалық жағдайларының әр түрлілігінен туындаған теңсіздіктің болуына жол бермейді. Мысалы, мәсіхшілер қауымында бауырларды жауапты қызметке тағайындағанда бұл өзгешеліктер есепке алынбайды. Мәсіхшілерге оқыту және қауым істерін атқару сияқты маңызды міндеттердің жүктелуі тек қана олардың рухани қасиеттеріне байланысты (1 Тімотеге 3:1—13; Титке 1:5—9).

Әсіресе, құндылыққа байланысты көзқарасы бұрмаланған осы дүниеде теңсіздіктің зардабын бастан кешірген адамдар үшін Құдайдың алдында өзінің басқалармен тең екенін және айналасындағылар өзін бауырлас санайтынын сезіну қандай қуанышты. Мысалы үшін Мартинаны алайық. Әкесі отбасын тастап кеткендіктен, оны шешесі жалғыз тәрбиеледі. Ол жоқшылық көріп өсті. Жиі өзін ешкімге керексіз, барлық адамдар шеттететін сияқты сезінетін және өзіне сенімсіз болып, басқалармен қарым-қатынас жасауда қиындық көретін. Ол барлық нәрсеге енжарлықпен қарайтын. Бірақ Киелі кітапты зерттеуді бастап, уақыт өте келе Ехоба Куәгері болған соң, оның өмірі толық өзгерді. Ол былай дейді: «Менің әлі де кертартпа мінезім кейде бой көрсетіп қалады, бірақ қазір мен оны жеңе білуді үйрендім. Менде өзіме деген сенім пайда болды, енді мен бұрынғыдай тұйық емеспін. Шындық маған өзімді бағалай білуіме көмектесті. Енді мен Ехобаның маған сүйіспеншілікпен қарайтынын білемін және өмірді бағалай білетін болдым».

230-дан аса елде тұратын Ехоба Куәгерлері көп ұлтты мәсіхшіл бауырластықты құрайды. Олардың арасында басқа еш жерде жоқ теңдік орнаған. Қандай да бір басқа діни ұйым туралы солай деп айтып, оған дәлелдер келтіруге бола ма?

Әрине, Ехоба Куәгерлері қиял қумайды. Олар кемелсіз ортада өмір сүріп отырғандықтан, ғасырлар бойы әлі ешкімнің жеңе алмағаны сияқты, олар да адамдар арасындағы теңсіздікті толық жеңе алмайтынын біледі. Сөйтсе де, олар өздерінің қарым-қатынасында теңсіздікті едәуір жеңгендеріне қуанышты. Олар Құдайдың уәделеріне шын жүректен сенеді және теңсіздік ешқашан болмайтын жаңа әділ дүниені күтуде.

Иә, барлық тілалғыш адамзат жақында Жаратушысының бастапқы ниеті бойынша қайтадан «өз абыройы мен құқығы» жағынан тең болады. Мұны біліп, сезіну қандай қуаныш! Сол уақытта осы сөздер толық іске асатын болады!

[7-беттегі сурет]

Ехоба Куәгерлері ондаған мың адамдарға оқуды және жазуды үйретуі арқылы сауатсыздыққа қарсы күресуде.

[8-беттегі сурет]

Киелі кітаптағы шындық — нәсілдік, әлеуметтік және экономикалық өзгешеліктерге байланысты теріс ұғымды жеңуге көмектеседі.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу