Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.9. 30—31 бет.
  • Уақыт сынағына төзетін ағаштар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уақыт сынағына төзетін ағаштар
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • “Ехобаның ықылас түсіретін жылын жариялайық”
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2017)
  • Басыңызға күн туғанда қиындыққа дұрыс қараңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.9. 30—31 бет.

Уақыт сынағына төзетін ағаштар

Тік жартас, әсіресе оның шыңы, өмір сүруге оңтайлы жер болып көрінбеуі мүмкін. алайда, анық қолайсыз болса да, осындай жартастарға жармаса өскен кейбір альпі ағаштары қыстың қақаған суығы мен жаздың аптап ыстығына төзеді.

ӘДЕТТЕ, бұл төзімді ағаштар алқапты жерде өсетін тұқымдастары сияқты биік емес. Жиі бұл ағаштардың бойы аласа, діңі бұралаңқы, шырмалып келген. Климаттың қатаңдығы мен топырақтың аздығынан кейбіреулері шағын ғана, әрі бөрікбасының пішіні де қызық болып біткен.

Бүкіл жер бетіндегі ең қолайсыз орталардың бірінде өсетін болғандықтан, мұндай ағаштар ұзақ өмір сүрмейді деп ойлайтын шығарсыздар. Алайда олай емес. Кейбіреулер Мәтусала — Калифорнияның Уайт-Маунтинс тауларындағы үш мың метр биіктікте өсетін қылқан жапырақты қарағай — 4 700 жаста деп айтады. Гиннесстің рекордтар кітабының 1997 жылғы басылымында бұл қарағай жер шарындағы ең ұзақ жасаған ағаш аталған. Осы ежелгі ағаштарды зерттеумен шұғылданған Эдмунд Шульман былай деп түсіндіреді: “Қылқан жапырақты қарағай... осы уақытқа дейін қатаң климаттың арқасында тіршілік етіп келе жатқанға ұқсайды. Уайт-Маунтинс тауларындағы кәрі ағаштардың [қарағайлардың] барлығы үш мың метр биіктіктегі қуаң, сусыз жерлерде кездескен болатын”. Сондай-ақ Шульман қарағайлардың өзге түрлерінің де ең кәрілері қатаң ортада өсетінін байқады.

Қолайсыз жағдайда өскеніне қарамастан, төзімділік танытатын бұл ағаштар өздерінің екі артықшылықтарының барынша пайдасын көреді. Біріншіден, өсімдік сирек кездесетін қуаң жерлерде өсетіндігі оларды әсіресе ересек ағаштар үшін аса қауіпті нәрселердің бірі — орман өрттерінен қорғайды. Екіншіден, тамырларының жартасқа берік байланғаны соншалық, тек жер сілкінісі ғана оларды тамырымен жұлып ала алады.

Киелі кітапта Құдайдың адал қызметшілері ағаштарға теңеледі (Забур 1:1—3; Еремия 17:7, 8). Қиын жағдайларға тап болған кезде оларға да төзімділік қажет болады. Қуғын-сүргіннің, денсаулықтың нашарлығының немесе кедейліктің ауыртпалықтарының әсерінен олардың сенімдері, әсіресе мұндай жағдай ұзаққа созылған кезде, қатал сынаққа ұшырайды. Сөйткенмен де, қолайсыз жағдайларға төзетін ағаштарды жаратқан Жаратушы, өзіне ғибадат етушілерді қолдайтын айтады. Киелі кітап Құдайдың төзімділік танытқандарды ‘нығайтып, қуатты да табанды’ ететініне уәде етеді (1 Петір 5:9, 10).

Киелі кітапта көбінесе “төзімділік” деп аударылатын гректің етістігі “берік тұру, шайқалмау, табанды болу” деген мағыналарды білдіреді. Тауда өсетін қарағайлардың төзімді болуының басты себебі — тамырының беріктігі болып табылады. Мәсіхшілерге келер болсақ, төзімді болулары үшін олардың сенімдері Иса Мәсіхке берік негізделуі керек. Пауыл былай деп жазған болатын: “Сендер Иеміз Мәсіх Исаны қалай қабылдаған болсаңдар, солай Онымен тығыз байланыста жүріңдер! Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер; өздеріңе үйреткен сенімді мықтап ұстанып, Құдайға шексіз алғыс айтатын болыңдар!” (Қолостықтарға 2:6, 7).

Пауыл берік рухани тамырдың қажет екенін түсінген. Оның өзі де ‘тәніне шаншылған түйрелу азабымен’ күресті және қызметінің барысында қатаң қудалауларды басынан кешті (2 Қорынттықтарға 11:23—27; 12:7). Алайда ол Құдай сыйлаған күштің арқасында қызметін жалғастыра алатынын түсінді. Ол: ‘Маған күш-қуат беретін[мен] бірге болсам, бәріне де төзе аламын’,— деді (Філіпіліктерге 4:13).

Пауылдың қалдырған үлгісінен көріп отырғанымыздай, мәсіхшілердің ойдағыдай төзуі жағдайдың қандай болғанына байланысты емес. Егер сенімімізді Мәсіхке негіздеп, Құдай беретін күшке арқа сүйейтін болсақ, ғасырлар бойы қолайсыз ауа райына қарамай төзімділік танытып отырған тауда өсетін қарағайлар сияқты біз де сенімімізде берік бола аламыз. Сондай-ақ, егер соңына дейін төзетін болсақ, Құдайдың: “Менің халқымның күндері ағаштың күндеріндей болады”,— деген тағы бір уәдесінің орындалғанын өз көзімізбен көреміз (Ишая 65:22; Матай 24:13).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу