Естен кетпес әсер
ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ жыл сайын өз елдерінде өтетін мәсіхшілердің аудандық және облыстық конгрестерінде бас қосады. Олар бұл бас қосуларда берілген өсиеттерден және өзара ой бөлісу арқылы рухани жігерленеді. Алайда бұл кездесулерден алған өзге де әсерлер келушілердің есінде ұзақ уақытқа қалады.
Мысалы, 1999 жылдың шілде айында Мозамбиктегі мыңдаған Куәгерлер рухани азыққа мол үш күнге созылған “Құдайдың пайғамбарлық сөзі” атты облыстық конгресте бас қосты. Олардың арасында конгреске бірінші мәрте келгендер көп болды. Мінбеден естігендері ғана емес, айналасынан көргендері де оларға үлкен әсер қалдырды.
Мапуту қаласындағы Конгресс залында болған бір кісі былай деді: “Мен өмірімде мұндай керемет жерді көрген емеспін! Әжетханаларда сабын қойылған, айналар орнатылған, тіпті тазалықтың иісі шығып тұрды. Айнала тып-тыныш, тіпті балалар да айқайлап, шулап төбелесіп жатқан жоқ. Итермелесіп жатқан ешкімді көрмегенімді айтсаңшы! Бірін-бірі жігерлендіріп әңгіме айтып жатқан қуанышты жастарды көрдім. Сондай-ақ айналамдағылардың бәрінің сәнді де әдепті киінгені маған үлкен әсер қалдырды. Келесі жолы мен балаларымды алып келемін және конгреске бірге баруымыз керек екенін күйеуіме де түсіндіремін”.
Иә, Ехоба Куәгерлерінің шынайы көңілдерін, әдептілігі мен тазалықтарын байқамау мүмкін емес. Олар неге өзгелерден ерекше? Себебі олар Киелі кітаптан үйренгендерін өмірлерінде қолдануға шын ниетпен талпынады. Неге сіз олармен бірге сіздің елде өтетін конгреске және жергілікті Патшалық сарайларында апта сайын өтетін жиналыстарына барып, бәрін өз көзіңізбен көрмеске?
[32-беттегі сурет]
ЗАМБИЯ
[32-беттегі сурет]
КЕНИЯ
[32-беттегі сурет]
МОЗАМБИК