Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.8. 10—15 бет.
  • Жар таңдауға байланысты Құдайдың басшылығы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жар таңдауға байланысты Құдайдың басшылығы
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайдың сүйіспеншілікпен берген басшылығы
  • Құдайға шын берілгендік — шешуші фактор
  • Қашан некеге тұрған дұрыс?
  • ‘Тек екеуі де Иемізбен тығыз байланыста тұрсын’
  • Неке — сүйіспеншілікке толы Құдайдың сыйы
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Ақ неке — Құдайдың сыйы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Той өткен соң
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Некенің сәтті болуы үшін жасалатын дайындық
    Отбасы бақытының сыры
Көбірек мәлімет
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.8. 10—15 бет.

Жар таңдауға байланысты Құдайдың басшылығы

“Мен саған ақыл-кеңес беремін, жүретін жолыңды көрсетемін; сені көзімнен таса қылмай, әрдайым жетелеп жүремін” (ЗАБУР 31:8).

1. Некеде бақытты болу үшін не қажет?

ӘУЕ АКРОБАТЫ тербеліп тұрған трапециядан секірді де, екі бүктеліп әуеде шеберлікпен шыр айналды. Содан соң жылдам бойын түзеп қолдарын созды да, оны қарсы жақтағы трапецияға аяғымен асылып тұрған екінші акробат ұстай алды. Екі мәнерлеп сырғанаушы мұз айдынында сырғанап жүрді. Кенет, ер кісі жолдасын көтеріп алды да, лақтырып жіберді. Ол айналып барып, епті қимылмен бір аяғымен мұзға түсті де, екеуі әрі қарай мұз үстінде айнала берді. Мұндай қимыл-әрекеттерді орындаудың аса қиындығы жоқ болып көрінуі мүмкін. Алайда, ешкім де алдын ала үйренбесе, сондай-ақ жанындағы серігі осы істің маманы болмаса, әсіресе дұрыс басшылықсыз немесе нұсқаусыз, мұндай тәуекелге бармас еді. Сол сияқты некенің бақытты болуы да бір қарағанда өздігінен болатындай болып көрінуі мүмкін. Алайда некеде бақытты болуың жарыңның жақсы болғанына, екеуіңнің бірдей күш салғандарыңа және әсіресе дана кеңеске құлақ асқандарыңа байланысты. Шынында да, дұрыс басшылықтың болғаны өте маңызды.

2. а) Некеге бастама берген кім және оның мақсаты не? ә) Некеге тұру үшін кейбір келісімдер қалай жасалатын болған?

2 Жастық шақта өмірлік жар туралы ойлау — табиғи нәрсе. Құдай некеге бастама бергеннен бері, ер кісі мен әйел адамның некеге тұруы — өмірдің ажырамас бөлігі. Алайда Адамата әйелін өзі таңдамаған еді. Оған әйелді сүйіспеншілікпен Ехобаның өзі берді (Жаратылыс 2:18—24). Алғашқы жұп өсіп-өніп көбейіп, жер бетін толтырулары керек еді. Бұдан кейін некеге тұру үшін, күйеу жігіт пен қалыңдықтың ата-аналары келісім жасайтын болды, кейде олар алдымен қыз бен жігіттің келісімін алатын болған (Жаратылыс 21:21; 24:2—4, 58; 38:6; Ешуа 15:16, 17). Кейбір елдерде қалыптасқан мәдениетке сәйкес осы дәстүр сақталғанымен, бүгінгі күні көп адамдар өмірлік жарын өзі таңдайды.

3. Жарды қалай таңдау керек?

3 Өмірлік жарды қалай таңдау керек? Кейбіреулер көзге тартымды және сүйкімді көрінетін сырт келбетіне қызығады. Өзгелері материалдық пайдасын көздеп — өздерінің қамын ойлайтын, сондай-ақ мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыратын адамды іздейді. Алайда тек осы ниеттерді көздеп қана тұрмыс құру бақытты және қуанышты қарым-қатынасқа жеткізе ала ма? Нақыл сөздер 31:30-да: “Сүйкімділік алдамшы және сұлулық та өткінші; ал Тәңірден қорқатын әйел мақтауға лайық”,— деп айтылған. Мұнда маңызды ой айтылған: жар таңдағанда Ехобаны есепке алыңдар.

Құдайдың сүйіспеншілікпен берген басшылығы

4. Жар таңдауға байланысты Құдай қандай көмек ұсынып отыр?

4 Сүйіспеншілікке толы көктегі Әкеміз Ехоба барлық нәрселерге байланысты басшылық ретінде өзінің Сөзін берген. Ол былай дейді: “Мен, Құдай Иелерің, сендерге пайдалыны үйретіп, түзу жолмен бастап алып жүремін” (Ишая 48:17). Олай болса, Киелі кітаптан жар таңдауға да байланысты уақыт сынағынан өткен басшылық табуымыз таңғаларлық емес. Ехоба біздің некеміздің берік және бақытты болғанын қалайды. Сол себепті ол біздің осы басшылықты түсініп, өмірімізде қолдана алуымыз үшін көмегін ұсынып отыр. Сүйіспеншілігі мол Жаратушымыздан осыны күтуіміз керек емес пе? (Забур 18:9).

5. Некеде баянды бақытқа бөлену үшін ненің маңызы зор?

5 Неке құрылымын бекіткен кезде Ехоба оның берік одақ болғанын қалаған (Марқа 10:6—12; 1 Қорынттықтарға 7:10, 11). Сол себепті ол “неке бұзғанды жек көреді” және тек ‘жеңіл жүрістің’ себебінен ғана неке бұзуға рұқсат береді (Малахия 2:13—16; Матай 19:9). Сол себепті, жар таңдау ең маңызды қадамдардың бірі және оған жеңіл қарауға болмайды. Бұл — бақытты болу-болмауымызға септігін тигізетін азғана маңызды шешімдердің бірі. Дұрыс жасалған таңдау адамның өмірін ажарландырып, қуанышқа бөлейтін болса, дұрыс жасалмаған таңдау шексіз күйініш әкеледі (Нақыл сөздер 21:19; 26:21). Баянды бақытқа бөлену үшін даналықпен таңдау жасағанның және жарыңа деген адалдығыңды сақтауға дайын болғанның маңызы зор, өйткені Құдайдың еркі бойынша ерлі-зайыптылардың бақытты болуы үшін некеде келісушілік пен ынтымақтастық болуы керек болатын (Матай 19:6).

6. Неліктен әсіресе жастар жар таңдағанда абай болулары керек және олар қалай дана шешім қабылдай алады?

6 Әсіресе жастар жар таңдаған кезде тартымдылық пен күшті құштарлық парасаттылықпен шешім қабылдауларына кедергі келтірмес үшін абай болулары керек. Өйткені мұндай қарым-қатынас лезде суып, бір-бірін жақтырмауға, тіпті жек көрушілікке ұласып кетеді (2 Патшалықтар 13:15). Керісінше, жарымызды жақсы біліп алсақ, сондай-ақ өзімізді де жақсы түсінсек, бәріне де шыдайтын сүйіспеншілік дамыта аламыз. Сонымен қатар, алғашында жүрегіміздің біз үшін жақсы болатын нәрсені қаламауы мүмкін екенін түсінуіміз керек (Еремия 17:9). Сол себепті Киелі кітапта жазылған Құдайдың басшылығы өте маңызды. Ол өмірде ең жақсы шешім қабылдауымызға көмектеседі. Забур жыршысы Ехоба туралы былай деп жырлады: “Мен [Ехоба] саған ақыл-кеңес беремін, жүретін жолыңды көрсетемін; Сені көзімнен таса қылмай, әрдайым жетелеп жүремін” (Забур 31:8; Еврейлерге 4:12). Некеде біздің сүйіспеншілік пен тығыз қарым-қатынасқа деген туа біткен мұқтаждығымыз қанағаттандырылатын болғанымен, онда толысқандық пен парасаттылықты талап ететін қиыншылықтар да болады.

7. Неліктен кейбіреулер жар таңдауға байланысты Киелі кітапқа негізделген кеңесті қабыл алмайды, бірақ оның неге апарып соғуы мүмкін?

7 Некеге бастама Берушінің жар таңдауға байланысты басшылығын ұстанған даналық болып табылады. Ата-анамыз немесе мәсіхші қариялар Киелі кітапқа негізделген кеңес берген кезде құлақ аспауымыз мүмкін. Олар бізді толық түсінбейді деп ойлап, күшті сезімге беріліп жүректің қалауына еріп кетуіміз мүмкін. Алайда, уақыт өте келе өмірдің шындығымен бетпе-бет келгенде, біздің пайдамыз үшін берілген дана кеңеске құлақ аспағанымызға өкінуіміз мүмкін (Нақыл сөздер 23:19; 28:26). Некеде сүйіспеншілік болмауы мүмкін, балалардың қамын ойлауда қиыншылықтарға ұшырауымыз мүмкін және тіпті жарымыз шындықты мойындамайтын болатын шығар. Баянды бақыт сыйлауы керек болған неке көптеген қасірет шегуімізге себеп болса қандай қайғылы болған болар еді десеңші!

Құдайға шын берілгендік — шешуші фактор

8. Құдайға шын берілгендік некенің берік және бақытты болуына қалай көмектеседі?

8 Әрине, ерлі-зайыптылардың бір-біріне тартымды болғаны некені нығайта түсетіні рас. Бірақ, некенің бұзылмауы және бақытты болуы үшін олардың өмірде ненің маңызды екеніне байланысты көзқарастарының бір болғаны маңыздырақ. Ал екеуінің де Ехоба Құдайға шын берілгендігі араларын жақындатып, ынтымақтарын сақтауларына бәрінен де көп әсер етеді (Екклесиаст 4:12). Мәсіхші ерлі-зайыптылар өмірлерін Ехобаға деген шынайы мінажаттың айналасында құрған кезде олардың рухы, ойы, өнегелілікке деген көзқарастары бір болады. Олар Құдай Сөзін бірге зерттейді. Бірге дұға еткендері бір-біріне деген сезімдерін күшейтеді. Олар мәсіхшілердің кездесулеріне бірге барады және бірге уағызға шығады. Бұл жағдайдың бәрі олардың рухани жағынан ынтымақтарын нығайтады да, ол өз кезегінде оларды бір-біріне жақындата түседі. Тіпті бұдан да маңыздысы — олар Ехобаның батасына ие болады.

9. Ысқаққа жар табуға байланысты Ыбырайым не істеді және нәтижесі қандай болды?

9 Құдайға шын берілген адал отағасы Ыбырайым ұлы Ысқаққа жар таңдайтын уақыт келгенде Құдайға ұнауға тырысты. Өзінің сенімді бас қызметшісіне Ыбырайым былай деді: “Аспан мен жерді жаратқан Құдай Иеміздің алдында ант бер: сен ұлым Ысқаққа әйелді бірге тұрып жатқан қанахандықтардың қыздарынан алып бермейсің. Қайта, менің туған жеріме, туысқандарыма барып, сол жақтан алып келесің... [Ехоба] ұлыма сол жерден әйел тауып алуың үшін сенен бұрын өз періштесін жібереді”. Рабиға жақсы әйел болып шықты да, Ысқақ оны өзіндей сүйді (Жаратылыс 24:3, 4, 7, 14—21, 67).

10. Жазбаларда ерлі-зайыптыларға қандай міндеттер жүктелген?

10 Егер некеге тұрмаған мәсіхшілер болсақ, Құдайға шын берілгендігіміз некеге байланысты Жазбалардың талаптарына сай келуге мүмкіндік беретін қасиеттер дамытуымызға көмектеседі. Ерлі-зайыптардың міндеттерінің біразын Пауыл атап өткен болатын: “Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар... Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды!... әрқайсың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті” (Ефестіктерге 5:22—33). Көріп отырғанымыздай, Пауыл Құдай рухының жетелеуімен жазған сөздерінде сүйіспеншілік пен құрмет керек екеніне аса көңіл бөлген. Бұл кеңесті орындау үшін Ехобаны қастерлеуден туған қорқыныш болу керек. Сондай-ақ, өмірдің ыстық-суығына бірге шыдап, шын жүректен бір-біріне адал болып қалулары қажет. Некеге тұрғысы келген мәсіхшілер осы жауапкершілікті мойнына алуға дайын болулары керек.

Қашан некеге тұрған дұрыс?

11. а) Некеге қашан тұруға болатыны жайлы Жазбаларда қандай кеңес берілген? ә) 1 Қорынттықтар 7:36-да жазылған Киелі кітаптың кеңесіне құлақ асқанның даналық екенін қандай мысал көрсетеді?

11 Некеге тұруға дайын болған уақытыңды білген өте маңызды. Әр адамның некеге дайын болатын шағы әр түрлі болғандықтан, Жазбаларда жас шамасы нақты айтылмаған. Алайда Жазбаларда жыныстық қатынасқа деген өте күшті құштарлық дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайтын “албырт шақтан” өткенге дейін күткеніміз жақсы болатыны көрсетілген (1 Қорынттықтарға 7:36, ЖД). “Құрбыларымның, көбісі әлі 20-ға да толмаған еді, кездесуге барып жүргендерін және тұрмысқа шығып жатқандарын көргенде, бұл кеңесті ұстану кейде қиын болатын. Бірақ мен бұл кеңестің Ехобадан екенін, ал оның бізге тек жақсылық тілейтінін түсіндім. Тұрмысқа шықпай, күте тұрған уақыт ішінде Ехобамен қарым-қатынасыма аса көңіл бөлуге мүмкіндігім болды және адамда жас шағында болуы мүмкін емес біраз тәжірибе жинақтадым. Біраз уақыт өткен соң, мен жауапкершіліктерді алып жүруге және некеде пайда болатын қиыншылықтарды жеңуге әлдеқайда дайын болдым”,— дейді Мишель.

12. Неліктен жастай некеге тұруға асықпаған дұрыс?

12 Жиі асығыстық жасап жастай некеге тұрғандар кейінірек есейген сайын мұқтаждықтары мен қалаулары өзгере бастағанын сезеді. Сонда олар бастапқыда тартымды болып көрінген нәрселердің маңызын жоғалтқанын сезінеді. Бір жас мәсіхші 16 жасында тұрмысқа шыққысы келеді. Оның әжесі де, анасы да осы жаста тұрмысқа шыққан болатын. Көңілі түсіп жүрген жас жігіттің бұл уақытта үйленгісі келмегендіктен, ол үйленуге келіскен өзге адамды таңдайды. Алайда кейінірек ол өзінің асығыс шешім қабылдағанына қатты өкінеді.

13. Көбінесе некеге ерте тұрғандарға не жетіспейді?

13 Некеге тұру жайлы ойланғанда оның жақсы жақтарымен қатар, қиыншылықтарын да толық түсінген маңызды. Асығыс некеге тұрудың салдарынан жастар өздері шешуге дайын емес болуы ықтимал көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Оларға ерлі-зайыптылық өмір мен бала тәрбиелеуде туындайтын қиыншылықтарды жеңуге қажетті өмірлік тәжірибе мен даналық жетіспеуі мүмкін. Некелік одақты сақтауға байланысты жауапкершілікті алып жүруге тәнің, ақыл-ойың және рухани күйің дайын болған кезде ғана некеге тұрған дұрыс.

14. Некедегі шиеленіскен жағдайларды шешу үшін не қажет?

14 Пауыл: “Үйленгендер өмірлерінде көп ауыртпалық көреді”,— деп жазған болатын (1 Қорынттықтарға 7:28). Қиыншылықтар болмай қоймайды, өйткені әр адамның мінезі және әр нәрсеге деген көзқарасы әр қандай. Кемелсіздіктің салдарынан ерлі-зайыптылардың некеге қатысты Жазбалардың жүктейтін рөлін орындаулары қиын болуы мүмкін (1 Қорынттықтарға 11:3; Қолостықтарға 3:18, 19; Титке 2:4, 5; 1 Петір 3:1, 2, 7). Құдайдың басшылығын іздеп, оны қолдана отырып шиеленіскен жағдайларды сүйіспеншілікпен шеше алу үшін олар толысқан және рухани берік болулары керек.

15. Балаларын некеге тұруға дайындаудағы ата-аналардың рөлі қандай? Мысал келтір.

15 Ата-аналары Құдайдың басшылығын ұстанғанның қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектесу арқылы балаларын некеге тұруға дайындай алады. Жазбалар мен мәсіхшілердің әдебиеттерін шебер қолдана отырып, ата-аналары балаларының өздерінің немесе болашақ жарларының некеге қатысты міндеттерін орындауға дайын-дайын емес екендерін анықтауларына көмектесуіне боладыa. Он сегіз жастағы Блоссом өзінің қауымындағы бір жас жігітке ғашық болып қалады. Ол жігіт толық уақытты ізашар еді және екеуінің некеге тұрғысы келетін. Алайда, Блоссомның ата-анасы оны әлі тым жас деп ойлап, бір жыл күте тұруын сұрайды. Кейінірек Блоссом былай деп жазды: “Сол дана кеңеске құлақ асқаныма өте ризамын. Бір жылдың ішінде мен есейе түстім және ол жас жігіттің жақсы жар болатындай қасиеттерінің жоқ екенін байқай бастадым. Ол ақыр аяғында Құдайдың ұйымын тастап кетті, ал мен болсам өмірімді қор қылуы мүмкін нәрседен аман қалдым. Әрқашан да жақсы кеңес бере алатын дана ата-анаңның болғаны қандай тамаша десеңші!”

‘Тек екеуі де Иемізбен тығыз байланыста тұрсын’

16. а) ‘Тек екеуі де Иемізбен тығыз байланыста тұрсын’ деген принципке байланысты мәсіхшілер қалай сыналуы мүмкін? ә) Бір сенімде емес адамға ойы кеткенде мәсіхшілер не жайында ойланулары керек?

16 Мәсіхшілер үшін Ехобаның басшылығы айқын, ол — ‘Иемізбен тығыз байланыстағы’ адаммен ғана некеге тұру (1 Қорынттықтарға 7:39). Мәсіхші ата-аналар мен олардың балалары үшін бұл сынақ болуы мүмкін. Қалайша? Жастардың некеге тұрғысы келуі мүмкін, бірақ қауымда лайықты адам жоқ шығар. Болмаса солай сияқты көрінер. Кейбір жерлерде әйелдерге қарағанда ерлер аздау болуы мүмкін немесе бүкіл жақын аймақта лайықты ешкім жоқтай көрінер. Сол кезде шомылдыру рәсімінен өтпеген жас жігіт жас мәсіхші қызға (немесе керісінше) көңіл білдірді делік, ондай жағдайда олар Ехобаның нормаларын елемеуге азғырылуы мүмкін. Мұндай жағдайға кезіккенде Ыбырайымның үлгісінің үстінен ой жүгірткен дұрыс. Өзінің Құдаймен қарым-қатынасын сақтауға деген ықыласы оны ұлы Ысқақты Ехобаға шынайы мінажат ететін адамға үйлендіруге талпындырды. Ысқақ та өзінің ұлы Жақыпты үйлендіру үшін осындай қам жасады. Бұлай ету үшін ол екеуі де көп күш жұмсау керек болды, бірақ бұл Құдайға ұнамды болды және Ол батасын берді (Жаратылыс 28:1—4).

17. Сенбейтін адаммен некеге тұрған неліктен көп жағдайда бақытсыздыққа ұшыратады және некеге тұрған кезде ‘екеуінің де Иемізбен тығыз байланыста тұрғандығы’ маңызды болуының басты себебі не?

17 Сенбейтіндер ақыр аяғында мәсіхші болған кездер болған. Алайда сенбейтіндермен некеге тұрғандар көбінесе оның ащы зардаптарын шеккен. Мұндай ерлі-зайыптылардың сенімдері, ұстанатын нормалары немесе мақсаттары әр түрлі (2 Қорынттықтарға 6:14). Бұл жағдай қарым-қатынасқа және некеде бақытты болуға кері әсерін тигізеді. Мысалы, бір мәсіхші әйел мәсіхшілердің жиналысынан кейін үйге барып сенбейтін күйеуімен рухани нәрселерді талқылай алмайтынын айтып күйінішін білдірді. Әрине, бұдан әлдеқайда маңыздысы некеге тұрған кезде ‘екеуінің де Иемізбен тығыз байланыста тұрғаны’ Ехобаға шын берілгендікті білдіреді. Құдай Сөзін орындаған жағдайда жүрегіміз бізді айыптамайды, себебі ‘[Құдай] не қаласа, соны істеудеміз’ (1 Жохан 3:21, 22).

18. Некеге тұру жайлы ойланған кезде қандай маңызды нәрселерге көңіл бөлінуі керек және неліктен?

18 Некеге тұруды ойлаған кезде, болашақ жарыңның адамгершілік қасиеттері мен рухани күйіне бірінші кезекте көңіл қою керек. Мәсіхші ретіндегі қасиеттері және Құдайға деген сүйіспеншілігі мен оған шын берілгендігі сырт көрінісінің сұлулығына қарағанда әлдеқайда маңызды. Рухани берік күйеу немесе әйел болу міндеттерін сезінетін және орындайтын адамдар Құдайдың ықыласына ие болады. Және бәрінен де ерлі-зайыптылардың Жаратушыға деген шын берілгендіктері мен оның басшылығын ұстануға дайын болғандары некені нығайтады. Осылай етер болсақ Ехобаның даңқын арттырамыз және ол некеміздің мықты рухани негізі болады, ал бұл өз кезегінде некеміздің бұзылмауына септігін тигізеді.

[Сілтеме]

a 1999 жылғы 15 ақпандағы “Күзет мұнарасын” қара, 4—8 беттер (ор.).

Қалай жауап берер едіңдер?

• Жақсы жар таңдау үшін неліктен Құдайдың басшылығына жүгінуіміз керек?

• Құдайға шын берілгендігіміз некедегі ынтымақты қалай нығайтады?

• Ата-аналар балаларын некеге қалай дайындай алады?

• Некеге тұрғанда ‘екеуінің де Иемізбен тығыз байланыста тұрғандығы’ неліктен маңызды?

[11-беттегі суреттер]

Жар таңдаған кезіңде Құдайдың кеңесіне құлақ асқанның арқасында баянды бақытқа кенелесің

[12-беттегі суреттер]

‘Иемізбен тығыз байланыстағы’ адаммен некеге тұрғанның игілігі мол

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу