Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.8. 5—9 бет.
  • Ұлы істері үшін Ехобаны мадақтаңдар!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ұлы істері үшін Ехобаны мадақтаңдар!
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның мадақтауға лайық істерін жариялаңдар!
  • “Иаһты мадақтаңдар!”
  • Құдайдың мәңгілік мақсатына байланысты істер
  • Мыңдаған адамдар шынайы мінажатқа жиналуда
  • Жастар, Ехобаны мадақтаңдар!
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдайымыз Ехобаны мадақтайық!
    Ехобаға ән шырқайық
  • Құдайымыз Ехобаны мадақтайық!
    Ехобаға қуана ән шырқайық!
  • Ехобаны бірге мадақтайық!
    Ехобаға қуана ән шырқайық!
Көбірек мәлімет
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.8. 5—9 бет.

Ұлы істері үшін Ехобаны мадақтаңдар!

“Жан дүнием Иемді мадақтайды... Құдіретті Құдай Маған керемет ұлы істер жасайды!” (ЛҰҚА 1:46—49).

1. Қандай ұлы істері үшін Ехоба мадақталуға лайықты?

ЕХОБА ұлы істері үшін мадақталуға лайық. Мұса пайғамбар исраилдіктердің Мысыр құлдығынан босанғаны жайында әңгімелеген кезде: “Тәңірдің ұлы істерінің бәрін өз көздеріңмен көрдіңдер”,— деп жариялады (Заңды қайталау 11:1—7, СА). Сол сияқты, Жәбірейіл періште Исаның туылатынын хабарлағанда, Мәриям қыз: “Жан дүнием Иемді мадақтайды... Құдіретті Құдай Маған керемет ұлы істер жасайды!” — деді (Лұқа 1:46—49). Ехоба Куәгерлері ретінде біз оны исраилдіктердің Мысыр құлдығынан босауы мен сүйікті Ұлының керемет түрде дүниеге келуі сияқты ұлы істері үшін мадақтаймыз.

2. а) Құдайдың “мәңгілік мақсаты” тілалғыш адамзат үшін нені білдіреді? ә) Патмос аралында Жохан қандай жайды басынан кешті?

2 Ехобаның көптеген ұлы істері өзінің Мәсіх пен оның Патша ретіндегі басшылығы арқылы тілалғыш адамзатқа батасын төгуіне қатысты “мәңгілік мақсатымен” байланысты (Ефестіктерге 3:8—13). Қарт елші Жохан аян көріп, көктегі ашылған есіктің арғы жағына қарауға мүмкіндік алған кезде, Құдайдың бұл мақсаты орындалу үстінде еді. Ол: “Мұнда көтеріл, саған осыдан кейін не болуға тиіс екенін көрсетемін”,— деген керней үніне ұқсайтын дауысты естіді (Аян 4:1). ‘Құдай сөзін және Иса Мәсіхтің шынайы хабарын уағыздағаны үшін’ Рим үкіметі Патмос аралына жер аударған кезде Жоханға ‘Иса Мәсіх аян берген’ еді. Елшінің көргені мен естігені Құдайдың мәңгілік мақсаты жөнінде көп нәрсені ашып, барлық шынайы мәсіхшілерді рухани біліммен қамтамасыз етеді және оларды дер кезінде жігерлендіреді (Аян 1:1, 9, 10).

3. Жохан көрген көріністегі жиырма төрт ақсақал кімдерді білдіреді?

3 Сол көктегі ашық тұрған есіктен Жохан тақта отырған және патшалар сияқты тәж киген жиырма төрт ақсақалды көреді. Олар Құдайға тағзым етіп: “Құдай Иеміз! Сен ұлылық, құрмет пен билікке лайықсың. Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді”,— деді (Аян 4:11). Ол ақсақалдар — қайта тіріліп, Құдай уәде еткен жоғары дәрежеге ие болған барлық майланған мәсіхшілерді білдіреді. Жаратқан нәрселеріне байланысты ұлы істері үшін олар Ехобаны мадақтады. Ехобаның “мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы” бізді де тамсандырады (Римдіктерге 1:20). Және Ехоба жайында көбірек білген сайын, ұлы істері үшін оны мадақтауымызға себеп көбейе түседі.

Ехобаның мадақтауға лайық істерін жариялаңдар!

4, 5. Дәуіттің Ехобаны қалай мадақтағанының мысалын келтір.

4 Забур жыршысы Дәуіт ұлы істері үшін Құдайды мадақтаған. Мысалы, ол былай деп жырлады: “Сионда жасайтын Тәңірдің алдында шырқаңдар, халықтардың арасында Оның істерін жариялаңдар. О, Тәңірім, маған рақым ете гөр; мені жек көретіндерден шегіп жатқан азабыма көз салшы; Сион қызының қақпаларында Сенің мадақталуға лайық істеріңнің бәрін де жариялауым үшін мені өлім қақпасынан көтеріп алатын Сенсің” (Забур 9:12, 14, 15, СА). Дәуіт ұлы Сүлейменге ғибадатхананың құрылыс жобасын берген соң Құдайға ризашылығын білдірді және Оны мадақтап, былай деді: “Ұлылық та, құдірет те, даңқ та, жеңіс те, әсемдік те Сенікі, Тәңірім... Патшалық Сенікі, Тәңірім, әрі Сен Әмірші ретінде бәрінен жоғарысың... Және қазір, Құдайымыз, біз Сені дәріптейміз, сондай-ақ Сенің ұлы есіміңді мадақтаймыз” (1 Шежіре 29:10—13, СА).

5 Жазбалар бізді Дәуітке ұқсап Құдайды мадақтауға шақырып отыр; иә, талпындырып отыр. Забур кітабында көптеген Құдайды мадақтау сөздері жазылған және осы жырлардың жартысына жуығын Дәуіт жазған деп есептеледі. Ол әрдайым Ехобаны мадақтап, оған ризашылығын білдіретін болған (Забур 68:31). Ертедегі уақыттан бері Дәуіттің және өзгелердің Құдайдың рухының жетелеуімен жазылған туындылары Оны мадақтау үшін қолданылып келеді.

6. Құдайдың рухының жетелеуімен жазылған Забур жырлары біз үшін қай жағынан пайдалы?

6 Ехобаға мінажат ететіндер үшін Забур жырлары қаншалықты пайдалы десеңші! Біз үшін жасаған ұлы істері үшін Құдайға ризашылығымызды білдіргіміз келген кезде Забур жырларында жазылған тамаша сөздер есімізге түсуі мүмкін. Мысалы, әр күні ұйқыдан тұрғанда мына сияқты сөздерді айтқымыз келетін шығар: “Тәңірді даңқтап, Уа, Ең Жоғарғы, Сенің есіміңді жырлаған, таңертең Сенің мейіріміңді, түнде шындығыңды жариялаған игі... Өйткені Сен жаратылыстарыңмен мені қуанттың, Тәңірім; мен Сенің істеріңе таңғаламын” (Забур 91:2—5, СА). Рухани өсуімізге кедергі келтіретін нәрсені жеңген шағымызда Забур жыршысы сияқты біз де дұғада қуанышымыз бен ризашылығымызды білдіргіміз келуі мүмкін. Ол: “Келіңдер, Жаратқан Иеге арнап әндетейік қуана-қуана жырлап, жартастай мықты Құтқарушымызға сиына берейік қатты дауыстап! Бәріміз Тәңірдің алдына барып, ризашылығымызды білдірейік, ән-күймен де Оған мақтау айтып, даңқын Оның асыра берейік!” — деп жырлаған еді (Забур 94:1, 2).

7. а) Мәсіхшілер жырлайтын көптеген әндер жайында көңіл аударуға тұрарлық нәрсе не? ә) Кездесуге ерте келіп, аяғына дейін болуымыздың бір себебі неде?

7 Қауым кездесулерінде, аудандық және облыстық конгрестерде біз жиі Ехобаны мадақтап ән айтамыз. Көңіл аударарлық нәрсе — осы әндердің көбісі “Забур жырлары” кітабындағы Құдай рухының жетелеуімен жазылған ойларға негізделген. Қазіргі уақытқа сай Ехобаны мадақтайтын, жігерлендіретін әндер жинағының барына қаншалықты қуаныштымыз десеңші! Ән айтып Құдайды мадақтау, кездесуге ерте келіп, аяғына дейін болуымыздың көптен-көп себептерінің бірі. Осылайша біз бауырластарымызбен бірге Ехобаны әнмен және дұғада мадақтаймыз.

“Иаһты мадақтаңдар!”

8. “Хәлелуя” сөзі нені білдіреді?

8 Ехобаны мадақтау дегенді білдіретін “Хәлелуя” сөзі — кездескен жағдайларының барлығында дерлік “Иаһты мадақтаңдар!” деген мағынаны білдіретін еврей сөзінің транслитерациясы. Мысалы, біз Забур 134:1—3 тармақтарда келесі шын жүректен шыққан табанды шақыруды оқимыз: “Хәлелуя! Тәңірдің есімін мадақтаңдар, мадақтаңдар, Тәңірдің үйінде, Құдайымыздың үйінің ауласында тұрған Тәңірдің құлдары. Тәңірді мадақтаңдар, өйткені Тәңір ізгі; Оның есімін мадақтап жырлаңдар, өйткені бұл жағымды” (СА).

9. Ехобаны мадақтауға бізді не талпындырады?

9 Ехобаның керемет жаратылыстары мен біз үшін жасап жатқан барлық істері жайлы ойланған шағымызда шын көңілден шыққан ризашылығымыз оны мадақтауға талпындырады. Өткен уақыттағы Ехобаның өз халқы үшін жасаған керемет нәрселері жайлы ойланғанда жүрегіміз оны даңқтауға талпындырады. Және болашақта жүзеге асатын Ехоба уәде еткен ұлы істері жайлы ой жүгірткен кезімізде оны мадақтаудың және оған ризашылық білдірудің жолын қарастыра бастаймыз.

10, 11. Біздің өміріміз қалай Құдайды мадақтауымызға себеп болады?

10 Біздің өміріміздің өзі Иаһты мадақтауымыздың маңызды себебі болып табылады. Дәуіт: “Тамаша жаралдым, Сені [Ехоба] мақтаймын, керемет ғажап — жасаған істерің, мұны мен шын жүректен мойындаймын”,— деп жырлаған болатын (Забур 138:14). Иә, біз ‘тамаша жаралғанбыз’ және бізге көру, есту, ойлау қабілеттері сияқты керемет сыйлар берілген. Сол себепті Жаратушымызды мадақтайтындай өмір сүруіміз керек емес пе? Пауыл да осыған ұқсас ойлар айтқан: “Не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!” (1 Қорынттықтарға 10:31).

11 Егер Ехобаны шынайы сүйсек, барлық нәрсені Ехобаны дәріптеу үшін істейміз. Иса басты өсиет мынау деген болатын: “Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен, бар күш-қуатыңмен сүй!” (Марқа 12:30; Заңды қайталау 6:5). Ехобаны сүйіп, оны Жаратушымыз және ‘игі нәрселер’ мен ‘мүлтіксіз жарылқаудың’ бәрін Беруші ретінде мадақтауымыз керек (Жақып 1:17; Ишая 51:13; Елшілердің істері 17:28). Өйткені біздің ойымыздың алғырлығын, рухани қабілетіміз бен физикалық күшімізді — қасиеттеріміз бен мүмкіндіктеріміздің бәрін де — берген Ехоба ғой. Жаратушымыз ретінде ол сүюімізге және мадақтауымызға лайық.

12. Ехобаның ұлы істері және Забур 39:6-дағы сөздер сендердің бойларыңда қандай сезім оятады?

12 Ұлы істерін қарастырған сайын Ехобаны сүюіміз үшін және мадақтауымыз үшін себеп қаншалықты көбейе түседі десеңші! Дәуіт: “Сен өте көп нәрсе жасадың, Тәңір, Құдайым менің: Сенің кереметтерің және біз туралы ойларың жайлы уағыздап, айтқым-ақ келер еді, бірақ оларға сан жетпейді. Саған кім тең келер дейсің!” — деп жырлаған болатын (Забур 39:6, СА). Дәуіт Ехобаның керемет істерінің бәрін санай алмаған, біз де санай алмаймыз. Алайда, оның ұлы істерінің қайсысына болмасын көңіліміз бұрылған кезде, әрқашан Құдайды мадақтайық.

Құдайдың мәңгілік мақсатына байланысты істер

13. Біздің үмітіміз Құдайдың ұлы істерімен қалай байланысты?

13 Біздің болашаққа деген үмітіміз Құдайдың мәңгілік мақсатына қатысты ұлы да мадақтауға тұрарлық істерімен тығыз байланысты. Едем бағындағы бүліктен кейін Ехоба үміт отын жағатын бірінші пайғамбарлықты айтты. Құдай жыланға үкім шығарып былай деді: “Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың” (Жаратылыс 3:15). Уәде етілген әйелдің ұрпағына деген үміт, Ехоба, зұлым дүниені шайып кеткен бүкіл жер бетін басқан топан су кезінде Нұх пен оның отбасын құтқарып ұлы іс істеген кезден кейін де адал адамдардың жүрегінде сақталды (2 Петір 2:5). Ыбырайым, Дәуіт сияқты сенім адамдарына берілген пайғамбарлық уәделер Ехобаның сол Ұрпақ арқылы не істейтіндігін аша түсті (Жаратылыс 22:15—18; 2 Патшалықтар 7:12).

14. Адамзат үшін жасаған Ехобаның ең ұлы ісі не болды?

14 Ехобаның адамзат үшін жасаған ең ұлы ісі жалғыз ұлын, яғни уәде етілген Ұрпақ — Иса Мәсіхті, азаттық төлемін өтейтін құрбандық ретінде беруі болды (Жохан 3:16; Елшілердің істері 2:29—36). Азаттық төлемі Құдаймен татуласудың негізі болып табылады (Матай 20:28; Римдіктерге 5:11). Ехоба өзімен татуласқандардың алғашқыларын б. з. 33 жылының Алғашқы өнім мейрамы кезінде құрылған мәсіхшілер қауымына жинады. олар Киелі рухтың көмегімен ізгі хабарды барлық жерлерде уағыздады. Сөйтіп Исаның өліп, қайта тірілгені, тілалғыш адамзат үшін Құдайдың көктегі Патшалығының қол астында болатын мәңгілік қуанышқа қалай жол ашқанын түсіндірді.

15. Біздің уақытымызда Ехоба қалай керемет түрде әрекет етуде?

15 Біздің уақытымызда Ехоба майланған мәсіхшілердің соңғыларын жинау үшін керемет түрде әрекет етуде. Көкте Мәсіхпен бірге басшылық ететін 144 000-нан қалғандарға таңба салынып біткенін күтіп төрт желді төрт періште ұстап тұр (Аян 7:1—4; 20:6). Құдай майланған мәсіхшілерді “ұлы Бабылдың”, яғни дүниежүзілік жалған діндер империясының, рухани құлдығынан босату үшін әрекет етті (Аян 17:1—5). Сол 1919 жылы құлдықтан босауы мен содан бергі Құдайдың қорғауының арқасында майланған тамтық не істей алды екен? Ехоба Шайтанның зұлым заманын жоятын жылдам жақындап келе жатқан ‘ауыр азаптың’ алдында олар шешуші куәлік беріп, “нұр шашуда” (Матай 24:21; Даниял 12:3; Аян 7:14).

16. Қазіргі уақыттағы дүние жүзі бойынша Патшалықты уағыздау ісінің нәтижесі қандай болуда?

16 Ехобаның майланған Куәгерлері дүниежүзілік Патшалықты уағыздау ісінде белсенділікпен басшылықты қолға алды. Нәтижесінде қазіргі уақытта Ехобаға мінажат етіп жүрген ‘басқа қойлардың’ саны күн санап өсуде (Жохан 10:16). Жер бетіндегі кіші пейіл адамдардың Ехобаны мадақтауда бізге қосылуына әлі де мүмкіндіктің барына қуаныштымыз. “Келе гөр!” деген шақыруға құлақ салған адамдар “ауыр азап” кезінде аман қалып, Ехобаны мәңгі мадақтайтын болады (Аян 22:17).

Мыңдаған адамдар шынайы мінажатқа жиналуда

17. а) Ехоба біздің уағыз айту ісімізге байланысты қандай ұлы істер істеп жатыр? ә) Зәкәрия 8:23 қалай орындалуда?

17 Ехоба бүгін біздің уағыздау ісімізге байланысты ұлы да мадақталуға лайық істер істеуде (Марқа 13:10). Соңғы жылдары ол ‘еңбек етуіміз үшін есікті айқара ашты’ (1 Қорынттықтарға 16:9). Осының арқасында бұрындары шындықты жек көретіндер кедергі жасаған көптеген аймақтарда ізгі хабарды жариялау мүмкін болды. Бір кездері рухани қараңғылықта өмір сүргендердің көбісі қазір Ехобаға мінажат етуге қатысты шақыруға құлақ асуда. Бұдан келесі пайғамбарлық сөздердің орындалып жатқанын көруге болады: “Тәңір Сабаот былай дейді: сол күндері тілі әр түрлі халықтардан шыққан он адам Яһудидің етегіне жармасып: “Біз сенімен бірге барамыз, өйткені Құдай сендермен бірге деп естідік”,— дейтін болады” (Зәкәрия 8:23). Мұнда айтылып отырған — рухани Яһуди, ол майланған мәсіхшілердің тамтығын білдіреді. Он саны жердегі қандай да бір нәрсенің толықтылығын білдіретін болғандықтан, “он адам” “Құдайдың рухани Исраил халқына” қосылған “үлкен тобырды” білдіреді. Осы екі топ “біртұтас отар” болып табылады (Аян 7:9, 10; Ғалаттықтарға 6:16). Қазір Ехоба Құдайға мінажат етушілер ретінде бірігіп қасиетті қызмет атқарып жүрген осыншама көп адамдарды көру қаншалықты қуанышты десеңші!

18, 19. Ехобаның уағыздау ісіне батасын төгіп отырғанының қандай дәлелі бар?

18 Біз бір кездері жалған дін үстемдік еткен, адамдар ешқашан шындықты қабылдамайтындай көрінген жерлердегі он мыңдаған — тіпті жүз мыңдаған — адамдардың шындықты қабылдап жатқанына таңғалудамыз. “Ехоба Куәгерлерінің жылнамасының” биылғы нөмірін ашып, 100 000-нан 1 000 000-ға жуық Патшалық жариялаушылары бар елдердің есебіне көңіл аударыңдаршы. Бұл Ехобаның Патшалықты уағыздау ісіне батасын төгіп отырғанының керемет дәлелі (Нақыл сөздер 10:22).

19 Ехобаның халқы ретінде біз өмірімізге нағыз мағына, қуаныш сыйлайтын қызмет және болашаққа деген үміт бергені үшін көктегі Әкемізді мадақтаймыз және оған ризамыз. Біз Құдайдың уәделерінің барлығының орындалуын асыға күтудеміз және ‘мәңгілік өмірге жеткізуін аңсап күтіп’, ‘әрдайым Құдайдың сүйіспеншілігіне бөлене беруге’ бел будық (Яһуда 20, 21). Құдайды мадақтап жүрген “үлкен тобырдың” санының 6 000 000-ға жуық болғанын көргенімізге қаншалықты қуаныштымыз десеңші! Айқын көрініп отырған Ехобаның батасының арқасында майланған тамтық пен олардың “басқа қойларға” жататын серіктері 235 елде 91 000-ға жуық қауымдарды құрайды. “Адал да саналы қызметші” тынымсыз әрекет етуінің арқасында бәрімізді де рухани ас-сумен молынан қамтамасыз етуде (Матай 24:45). Алға басушы теократиялық ұйым Патшалық істеріне Ехоба Куәгерлерінің 110 филиалы арқылы сүйіспеншілікпен басшылық етуде. Ехобаның өз халқын ‘Тәңірді иелігіндегі нәрселермен құрметтеуге’ талпындырып отырғанына ризамыз (Нақыл сөздер 3:9, 10). Нәтижесінде біздің дүниежүзілік уағыздау ісіміз жалғасуда, әдебиеттер басылып шығуда, қажетіне сай Бетел және миссионерлер үйлері, Патшалық Сарайлары, Конгресс Сарайлары соғылуда.

20. Ехобаның ұлы да мадақтауға лайықты істері жайлы ойлағанымыз бізге қалай әсер етеді?

20 Көктегі Әкеміздің ұлы да мадақтауға лайық істерінің барлығын атап өту мүмкін емес. Сол себепті, адал жүректі әрбір адам қалай ғана Ехобаны мадақтайтын адамдардың қатарына қосылмас дерсің! Сондықтан Құдайды сүйетін адамдардың барлығы да қуанышпен былай деп жырласын: “Тәңірді көктен мадақтаңдар, Оны биіктерде мадақтаңдар. Періштелерінің бәрі де Оны мадақтаңдар... бозбалалар мен қыздар, қарттар мен балалар, Тәңірдің есімін мадақтасын, себебі Оның бір өзінің ғана есімі дәріптеуге лайықты, Оның даңқы жер мен көкте” (Забур 148:1, 2, 12, 13, СА). Иә, қазір және мәңгілік Ехобаны ұлы істері үшін мадақтағаймыз!

Қалай жауап берер едіңдер?

• Ехобаның мадақталуға лайық істерінің кейбіреуін ата.

• Не себепті Ехобаны мадақтағың келеді?

• Біздің үмітіміз Құдайдың ұлы істерімен қалай байланысты?

• Ехоба Патшалықты уағыздау ісіне қатысты қандай мадақталуға лайықты істер істеуде?

[6-беттегі сурет]

Ехобаны мадақтайтын жырларға шын жүректен үн қосып жүрсің бе?

[9-беттегі суреттер]

Ехобаны мадақтауда бізге қосылуға кіші пейіл адамдар үшін әлі де мүмкіндіктің барына қуаныштымыз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу