Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w00 1.4. 15—17 бет.
  • Сен өзің жайлы қандай ойдасың?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сен өзің жайлы қандай ойдасың?
  • 2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өркөкіректік шынайы мінажат ететіндер үшін де қауіпті
  • Өзі туралы асқақ ойда болудың залалды салдары
  • Өзімізге деген байсалды көзқарас
  • Байсалды көзқарастың берер баталары
  • Қарапайымдылық өз құнын жоғалтқан жоқ
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Кішіпейіл де қарапайым болыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Сыналғанда қарапайымдылық сақтайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Шынайы кішіпейілділік дамытыңдар
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w00 1.4. 15—17 бет.

Сен өзің жайлы қандай ойдасың?

ОЛ ӨР көкірек адам болатын. Өкімет дәрежесінің жоғары сатысына көтеріліп, беделі аса түскен соң, өзгелердің оған жарамсақтанып, таңдай қағып, тамсана қарағанын көріп, масайрай түсетін. Бірақ бір шенеуніктің өзгелердей құрмет көрсетпегендігі оның қытығына қатты тиеді. Өр көкірек шенеунік ақысын алу үшін, жәбірлеушісіне нәсілдес, сол мемлекетте тұратын адамдардың бәрінің көзін құртуды ойластырады. Өзі жайлы қандай бұрыс ой десеңші!

Бұл қаскүнем — Парсы патшасы Артақсерікстің сарайында қызмет ететін жоғары дәрежелі шенеунік Аман болатын. Ол өзінің қаһарын төккен адам кім болды екен? Мардохай деген еврей. Аманның бүкіл халықты жойып жібергісі келген әрекетінен тым шектен шығып кеткендігі байқалғанымен, бұл оқиғадан өркөкіректіктің қауіпті екенін, сондай-ақ оның елеулі залал келтіретінін аңғаруға болады. Бұл адамның тәкаппарлық рухы өзгелерге ғана қатер тудырған жоқ, өзін де жұрт алдында масқара етіп, ақыр аяғында түбіне жетті (Естер 3:1—9; 5:8—14; 6:4—10; 7:1—10).

Өркөкіректік шынайы мінажат ететіндер үшін де қауіпті

Ехоба бізден «Құдайымыздың алдында кіші пейілділікпен жүруді» талап етеді (Мика 6:8). Киелі кітапта кіші пейілділіктен ада болған әр түрлі адамдар жөнінде әңгімеленеді. Осының кесірінен олар алуан түрлі қиын жағдайларға ұшырап, қасірет шегетін болған. Осындай мысалдардың кейбіреулеріне ой жүгірту, бұрыс көзқарастың қаншалықты ақылсыздыққа жататынын, әрі оның қауіпті екенін көруімізге көмектеседі.

Ехоба Ніневи қаласының әділетсіз тұрғындарына шығарған үкімін жария етуді тапсырғанда, Құдайдың пайғамбары Жүністің көзқарасы бұрыс болғандықтан, ол бұл тапсырманы орындамай қашып кетуге бел байлайды (Жүніс 1:1—3). Кейінірек, оның уағызы жемісті болып, ніневиліктер тәубесіне келгенде, Жүністің өкпесі қара қазандай болады. Өзінің пайғамбар атына кір келе ме деп қорыққаны соншалық, мыңдаған ніневиліктердің өмірі оны онша қызықтырмайды, бәлкім мүлдем қызықтырмаған да болар (Жүніс 4:1—3). Егер біз кіші пейілділіктен ада болып, өзіміз турасында тым асқақ ойлайтын болсақ, бізге өзгелерді де, өзімізді қоршаған дүниені де алалаусыз, әділетті қабылдау қиынға соғады.

Сондай-ақ Иудеяның ізгілікті патшасы Озияның мысалын қарастырайықшы. Кейінірек, көзқарасы бұрыс болып кеткендіктен, ол менменсіп, діни қызметкерлердің міндетіне қол сұғады. Өзіне тым сенімді болып, өрескел әрекет еткені үшін, ол денсаулығы мен Құдайдың тілектестігінен айырылады (2 Шежіре 26:3, 16—21).

Байымсыз көзқарас Исаның елшілері үшін де қақпан бола жаздады. Олар өздерінің даңқы мен дәрежесін тым көп ойлай бастаған-тын. Ал ауыр сынаққа тап болғанда, Исаны тастап, қаша жөнелген еді (Матай 18:1; 20:20—28; 26:56; Марқа 9:33, 34; Лұқа 22:24). Кіші пейілділіктің жетіспеуінен, сондай-ақ өздері жайлы тым асқақ ойлағандықтан, олар Ехобаның еркі мен өздерінің оның еркіндегі алатын орнын ұмыт қалдыра жаздайды.

Өзі туралы асқақ ойда болудың залалды салдары

Өзіне деген байымсыз көзқарас жанды жаралайды, сондай-ақ адамдардың арасындағы қарым-қатынасты бұзады. Мысалы, бір бөлмеде бір-бірімен сыбырласып, күліп отырған екі адамды көрдік делік. Егер өзіміз жайлы асқақ ойлауға бейім болсақ, бізді келеке етіп отырғандықтан, олар осылай сыбырлап сөйлесіп отыр деген жаңсақ долбар жасауымыз мүмкін. Бәлкім, олардың бұл қылығын біз басқаша түсіндіре алмайтын болармыз. Бәсе, олар кімді әңгіме етуші еді?! Көңілімізге дақ түсіп, бұдан былай ол екеуімен ешқашан сөйлеспеуге бекінуіміз мүмкін. Өзі жайында асқақ ойлау, міне, осылайша түсініспеушілік тудырып, жора-жолдастармен, отбасы мүшелерімен, сондай-ақ басқа адамдармен де қарым-қатынасты бұзады.

Өзі туралы көп ойлайтындар өздерін дарынды деп есептейтін, істерін немесе дүние-мүлкін аузынан тастамайтын мақтаншақ болып кетуі мүмкін. Немесе бұндай адамдар әңгіменің барысын үнемі өзіне әкеліп тіреп, өзгелердің бар назарын тек өзіне ғана аударып алуы ықтимал. Бұндай әңгіме шынайы сүйіспеншіліктің жетіспейтіндігін көрсетеді, әрі айналадағы адамдарға да өте жағымсыз болады. Сондықтан менменшіл адамдар жиі айналасындағылардан дараланып қалады (1 Қорынттықтарға 13:4).

Ехоба Куәгері болғандықтан, қызмет етіп жүрген уақытта біз келемеждеу мен қарсылыққа кезігуіміз мүмкін. Жарияланып жатқан хабар Ехобанікі болғандықтан, бұндай қарсылықтың, негізінде, біздің жеке басымызға емес, Ехобаға қарсы жасалып жатқанын есте сақтағанымыз жөн. Ал өзі жайлы тым асқақ ойлаудың залалы ауыр болады. Бірнеше жыл бұрын бір мәсіхші үйден-үйге уағыздап жүргенде әлдекімнің қарсылық танытқан сөздерін жеке өзіне қабылдап, дөрекі жауап қатқан (Ефестіктерге 4:29). Аталмыш мәсіхші осы жағдайдан кейін үйден-үйге уағыздау қызметіне ешқашан қатыспады. Иә, өркөкіректіктің кесірінен қызмет барысында өзіңді-өзің ұстай алмай қалуың мүмкін. Осындай жағдай басымызға түспеу үшін бар күшімізді салғаймыз! Оның орнына, мәсіхшілік қызметімізді әрқашан бағалай білу үшін, кіші пейілділікпен Ехобадан көмек сұрағаймыз (2 Қорынттықтарға 4:1, 7; 10:4, 5).

Өзіміз турасында тым асқақ ойда болу қажетті кеңесті қабылдауымызға тосқауыл болуы да мүмкін. Бірнеше жыл бұрын, орталық Америка елдерінің бірінде, мәсіхшілер қауымының алдында бір жас өспірім теократиялық қызмет Мектебінде баяндама айтады. Мектеп бақылаушысы оған тікелей кеңес бергенде, ашу қысқан бозбала Киелі кітапты еденге атып ұрады да, енді мұнда ешқашан келмеуге бекініп Патшалық Сарайынан шығып кетеді. Бірақ, бірнеше күннен кейін, ол өркөкіректігін жеңіп, мектеп бақылаушысымен қайтадан тіл табысып, берілген кеңеске кіші пейілділікпен құлақ асады. Бұл жас өспірім, уақыт өте келе, рухани толысқан мәсіхші болды.

Өзіміз жайлы көп ойлайтын, инабатсыз болуымыз Құдаймен қарым-қатынасымызға кесірін тигізеді. Нақыл сөздер 16:5-те мынадай ескерту бар: «Жүрегіне тәкаппарлық ұялаған әрбір адамға Құдай жеркенішпен қарайды».

Өзімізге деген байсалды көзқарас

Сонымен, біз өзіміз турасында тым асқақ ойламауымыз керек. Бірақ, әрине, бұл біздің ісіміз бен сөзіміздің парықсыз болуы керек екенін білдірмейді. Киелі кітапта бақылаушылардың, қызмет көмекшілерінің, сондай-ақ қауымдағылардың барлығының «байыпты» болуы керек екендігі айтылған (1 Тімотеге 3:4, 8, 11; Титке 2:2). Сонымен, қалайша мәсіхшілер өздеріне деген ұстамды да, байсалды көзқарас дамытып, байыпты бола алады?

Киелі кітапта өз-өзіне байсалды көзқараста болған адамдардың мысалдары аз емес. Кіші пейілділіктің ең көрнекті үлгісін Иса Мәсіх көрсетті. Әкесінің еркін орындау, сонымен қатар адамдарды құтқару үшін, Құдай Ұлы көктегі даңқты дәрежесін қалдыруға даярлықпен келісіп, өзін төмен тұтып, адам кейпінде жер бетіне келді. Қорлыққа, қатыгездікке, сондай-ақ масқара өліммен өлетініне қарамастан, ол ұстамдылық танытып, адамгершілігінен арылған жоқ (Матай 20:28; Філіпіліктерге 2:5—8; 1 Петір 2:23, 24). Иса ненің арқасында осылай әрекет ете алды? Ол толығымен Ехобаға арқа сүйеп, оның еркін орындауға табандылықпен бел буған еді. Иса Құдай Сөзін мұқият зерттейтін, бар көңілімен дұға етіп, жан сала қызмет ететін (Матай 4:1—10; 26:36—44; Лұқа 8:1; Жохан 4:34; 8:28; Еврейлерге 5:7). Исаның көрсеткен үлгісі өзімізге деген байымды көзқарас дамытып, әрқашан сондай көзқараста болуымызға көмектеседі (1 Петір 2:21).

Сауыл патшаның ұлы Жонатанның көрсеткен тамаша үлгісін де қарастырып көрелік. Әкесінің тілазарлығының кесірінен Жонатан Сауылдан кейін патша болу мүмкіндігінен айырылып қалады (1 Патшалық 15:10—29). Жонатан сол үшін аза тұтты ма? Өзінің орнына патшалық етуге тиіс жас жігіт Дәуітпен бақталас болды ма? Жонатанның жасы Дәуіттен анағұрлым үлкен, әрі, бәлкім, оған қарағанда тәжірибесі де молдау болса керек, осыған қарамастан, ол өзін төмен тұтып, кіші пейілділікпен Ехобаның еркіне бойсұнып, Дәуітті шын көңілімен қолдаған (1 Патшалық 23:16—18). Құдайдың еркі неде екенін анық білуіміз, сонымен қатар оған бойсұнуға даяр болуымыз «өзіміз туралы тиістісінен артық ойламауымызға» көмектеседі (Римдіктерге 12:3).

Иса өзін төмен тұтып, кіші пейілді болудың маңызы зор екендігіне үйреткен. Ол бұны көрнекі мысалмен көрсетіп, шәкірттері тойға барғанда жолы үлкен біреу келіп, ұялып, амалсыздан ең төменгі орынға барып отыратын күйге жетпеу үшін, «төрдегі құрметті орынға» отырмағандарының дұрыс екенін айтты. Осы берген сабағын айқындай түсіп, Иса былай деді: «Өйткені өзін жоғарылатқан әркім төмендейді, ал өзін төмен ұстаған жоғарылайды» (Лұқа 14:7—11). Исаның өсиетіне құлақ асып, «кіші пейілділікке бөленгеніміз» абзал (Қолостықтарға 3:12; 1 Қорынттықтарға 1:31).

Байсалды көзқарастың берер баталары

Өзін төмен тұту рухы мен кіші пейілділік рухы Ехобаның қызметшілерінің қызмет барысында қуанышқа бөленуіне көмектеседі. Қариялар кіші пейіл, әрі «қойларды аяйтын» болса, тартымды әрі жұртқа жұғымды болады (Елшілердің істері 20:28, 29). Сонда онымен еркін сөйлесіп, көмек сұрау қауымдағылардың бәріне оңайырақ түседі. Осылайша қауым мүшелері сүйіспеншілік, бауырмалдық пен сенімділік рухының арқасында бірлікте болады.

Егер өзіміз жайлы тиістісінен артық ойламайтын болсақ, жақсы жолдастар таба аламыз. Өзімізді төмен тұту мен кіші пейілділік бізді бақталастық рухына беріліп, іс-әрекетімізде немесе материалдық жағынан елден ерекше болуға ынтығудан сақтайды. Осы ұнамды қасиеттер анағұрлым ибалы болуымызға көмектеседі, соның арқасында көңіліне медеу іздегендерге көмек көрсету оңайырақ болады (Філіпіліктерге 2:3, 4). Біздің сүйіспеншілігіміз бен мейірімділігіміз, әдетте адамдарда жағымды әсер қалдырады. Осындай риясыз қарым-қатынас айнымас достықтың негізін қалайды емес пе? Өзі жайлы тым асқақ ойламайтын, кіші пейіл адамдарды мол бата күтіп тұр! (Римдіктерге 12:10).

Сонымен қатар өзімізге деген байымды көзқарас, әлдекімді ренжітіп қойған жағдайда, бұлтармай қателігімізді мойындауға көмектеседі (Матай 5:23, 24). Және аталмыш жағдайда татуластықты көздер болсақ, өзара сыйластық қарым-қатынасымыз жақсара түседі. Бақылау міндеті жүктелгендер, мысалы, мәсіхшілер қауымының қариялары, қарапайым әрі кіші пейілді болса, олар үшін өзгелерге көбірек игілік жасау мүмкіндігі туады (Нақыл сөздер 3:27; Матай 11:29). Сондай-ақ кіші пейіл адамға өзгелердің өзіне қарсы жасаған кінәсын кешіру оңайырақ болады (Матай 6:12—15). Әлдекімнің сыйламағанын сезсе де, ол көңіліне қатты алмайды, және егер жағдайды өзі жөнге келтіре алмаса, кіші пейіл адам іске Ехобаның араласуын күтеді (Забур 36:5; Нақыл сөздер 3:5, 6).

Өзін төмен тұту және өзіне кіші пейілділікпен қараудың берер баталарының ең үлкені — Ехобаның тілектестігі мен мақұлдауына ие болу. «Құдай тәкаппарларға қарсы тұрады, ал кіші пейілділерге рақымын шашады» (1 Петір 5:5). Өз болмысымыздан гөрі жақсырақпыз деген пікірдің қақпанына ешқашан түспегейміз. Оның орнына, Ехоба орнатқан осы дүниедегі алатын орнымызды кіші пейілділікпен мойындағаймыз. «Құдайдың алдында кіші пейілділікпен жүру» талабына сай келгендердің бәрін мол баталар күтіп тұр!

[17-беттегі сурет]

Жонатан Дәуітті кіші пейілділікпен қолдаған.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу