Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w00 1.4. 9—14 бет.
  • Ехобаның үйі «қалаулыларға» толуда

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның үйі «қалаулыларға» толуда
  • 2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Пайғамбарлықтың І ғасырда орындалуы
  • Бүгінгі таңдағы «қалаулылар»
  • «Қорықпаңдар!»
  • “Мен сендермен біргемін!”
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Рухани ғибадатханада құлшылық ету мәртебесін бағалайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Нағай және Зәкәрия кітаптарындағы көңіл бұрарлық ойлар
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қолдарың қуатты болсын!
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w00 1.4. 9—14 бет.

Ехобаның үйі «қалаулыларға» толуда

«Мен барша халықты сілкіп аламын, сонда барша халықтың қалаулылары келеді, сөйтіп бұл үйді даңққа бөлеймін,— дейді Тәңір Саваоф» (НАҒАЙ 2:7).

1. Қауіпті жағдай туғанда неге біз ең алдымен жақындарымызды ойлаймыз?

ҮЙІҢДЕ қандай қалаулы заттар бар? Қымбат тұратын жиһаз ба, жаңадан шыққан компьютер ме, әлде судай жаңа машина ма? Бұлардың бәрі үйіңде бар болғанымен, адамдардың, яғни отбасы мүшелерінің бәрінен де қымбат екенімен келісетін шығарсың? Түн ортасында түтіннің иісінен оянғаныңды елестетіп көрші. Үйің лаулап жанып жатыр, сыртқа шығып үлгеру үшін санаулы-ақ минуттар қалды! Ең алдымен ойыңа не келеді? Жиһаз ба? Компьютер ме? Машина ма? Әлде жақындарың ба? Әрине жақындарың, өйткені адам үние-мүлікке қарағанда әлдеқайда қымбат.

2. Ехобаның жаратылыстары қаншалықты ғаламат және олардың қайсысы Иса үшін бәрінен де қымбат болған?

2 Ал енді, Ехоба Құдай мен оның ұлы Иса Мәсіх жайында ойланып көрші. Ехоба «көк пен жерді, теңізді және олардағы нәрселердің бәрін жаратты» (Елшілердің істері 4:24). Барлық тіршілік атаулыны ол өзінің ұлы, «шебер жұмысшысы», арқылы жаратқан болатын (Нақыл сөздер 8:30, 31, ЖД; Жохан 1:3; Қолостықтарға 1:15—17). Ехоба мен Иса өздері жаратқан нәрселердің бәрін жоғары бағалайтынында күмән жоқ. (Жаратылыс 1:31, салыстырыңдар.) Қалай ойлайсың, олар үшін жансыз нәрселер қымбат па, әлде адамзат қымбат па? Даналыққа теңеліп бейнеленген Иса былай дейді: «Менің қуанышым адамзаттың ұрпақтарымен бірге еді».

3. Ехоба Нағай арқылы қандай пайғамбарлық айтты?

3 Ехобаның адамдарды жоғары бағалайтындығында күмән жоқ. Осыны растайтын айғақтардың бірін б. з. б. 520 жылы Құдайдың Нағай пайғамбар арқылы айтқан пайғамбарлық сөздерінен табамыз. Ехоба былай деген болатын: «Мен барша халықты сілкіп аламын, сонда барша халықтың қалаулылары келеді, сөйтіп бұл үйді даңққа бөлеймін,— дейді Тәңір Саваоф. Осы соңғы ғибадатхананың даңқы әуелгісінен асып түседі» (Нағай 2:7, 9).

4, 5. а) «Қалаулылар» деген сөз дүние-мүлікті білдіреді деген ой неге ақылға қонбайды? ә) Сендердің ойларыңша «қалаулылар» деген кімдер және неге олай ойлайсыңдар?

4 Қандай «қалаулылар» Ехобаның үйін толтырып, бұрын-соңды болмаған даңққа бөлеуі керек еді? Бай жиһаз бен әсем жасау ма? Алтын, күміс, асыл тастар ма? Бұл ақылға қонбайтын ой сияқты. Естеріңде шығар, бұдан бес ғасыр бұрын салтанатты түрде ашылған әуелгі ғибадатхананы тұрғызу үшін есепсіз қаражат жұмсалған болатын!a Әрине Сүлейменнің соққан ғибадатханасынан еліне оралған азғантай адамның соққан ғибадатханасы әсемдігі жағынан асып түседі деп Ехоба күткен жоқ.

5 Ендеше Ехобаның үйін қандай «қалаулылар» толтыруы керек еді? Сірә, адамдар болса керек. Сайып келгенде Ехобаның жүрегін қуантатын күміс пен алтын емес, сүйіспеншілікпен қызмет етіп жүрген адамдар ғой (Нақыл сөздер 27:11; 1 Қорынттықтарға 10:26). Иә, Ехоба өзіне дұрыс жолмен мінажат етіп жүрген кез келген ер адам мен әйелді және балаларды бағалайды (Жохан 4:23, 24). «Қалаулылар» осылар және Ехоба үшін олар Сүлейменнің ғибадатханасындағы әсем жасаудан әлдеқайда қымбат.

6. Көне ғибадатхана қандай рөл атқарған еді?

6 Жаудың табан тірескен қарсылығына қарамастан, б. з. б. 515 жылы ғибадатхана соғылып бітті. Исаның құрбандығы әлі тарту етілмеген кезде, «қалаулылар» үшін, яғни иудей боп туғандар мен иудей дініне кіргендер үшін, Иерусалимдегі ғибадатхана шынайы мінажаттың орталығы болып келді. Алайда, әрі қарай білгелі отырғанымыздай, ғибадатхана бұдан да зор нәрсені бейнелеген болатын.

Пайғамбарлықтың І ғасырда орындалуы

7. а) Иерусалимдегі көне ғибадатхана ненің бейнесі еді? ә) Бас діни қызметкердің Ұлы Кешірім күні жасайтын іс-әрекетін суреттеп беріңдерші?

7 Иерусалимдегі ғибадатхана мінажат етуге арналған үлкен құрылымды бейнелейтін. Бұл, б. з. 29 жылы Ехоба Исаны Бас діни қызметкер етіп тағайындау арқылы негізін қалаған, рухани ғибадатхананың бейнесі болатын (Еврейлерге 5:4—10; 9:11, 12). Көңіл аударыңдаршы, Исраилдегі бас діни қызметкердің міндеттері мен Исаның істеген істерін қатар қойып қарастыруға болады. Жыл сайын, Ұлы Кешірім күні келгенде, бас діни қызметкер ғибадатхананың ішкі ауласындағы құрбандық шалатын орынға келетін де, діни қызметкерлердің күнәлары кешірілуі үшін өгізшені құрбандыққа шалатын. Содан кейін ол ғибадатханаға өгізшенің қанын алып кіріп, аула мен қасиетті орынды бөліп тұратын есіктен өтіп, қасиетті орын мен Ең қасиетті орынды бөліп тұратын перденің ар жағына өтетін. Ең қасиетті орында бас діни қызметкер келісім сандығының алдында тұрып қанды бүрку рәсімін жасайтын. Содан кейін, осы істегендерін қайталай отырып, діни қызметкерлікке тағайындалмайтын Исраилдің 12 руы тазаруы үшін, текені құрбандыққа шалатын (Леуі 16:5—15). Бұл рәсімнің Құдайдың рухани ғибадатханасымен қандай байланысы бар?

8. а) Қай мағынада Исаның құрбандыққа шалынуы б. з. 29 жылы басталған? ә) Иса жерде қызмет еткен кезде Ехобамен қандай ерекше қарым-қатынаста болды?

8 Негізі Исаның құрбандыққа шалынуы б. з. 29 жылы, ол шомылдыру рәсімінен өтіп, киелі рухпен майланған кезде, басталған болатын (Лұқа 3:21, 22). Шын мәнінде, бұл — Исаның өзін құрбандыққа шалу үшін арнаған үш жарым жылға созылған өмірінің басын білдіретін оқиға (Еврейлерге 10:5—10). Өмірінің осы кезеңінде Иса Құдаймен ерекше қарым-қатынаста болды. Мұндай қарым-қатынасты тек рухани қайта туылғандар ғана сезіне алатын. Бұндай тамаша қарым-қатынасты өзге адамдардың түсінуі мүмкін емес еді. Киелі шатырдың ауласындағылардан қасиетті орынды перденің жауып тұрғаны сияқты, олардың көзін түсінбеушіліктің пердесі жауып тұрды (Мысырдан көшу 40:28).

9. Адам кезінде Иса «көктің өзіне» неге кіре алмады және оның кіруі қалай мүмкін болды?

9 Киелі рухпен майланған Құдайдың Ұлы болғанына қарамастан, Иса өзінің адам кейпімен аспанда өмір сүруге мүмкіндік ала алмаған болар еді. Неге? Себебі ет пен қаннан тұратын тәндік дене Құдайдың аспан Патшалығына кіре алмайды (1 Қорынттықтарға 15:44, 50). Бұл жағдайда бөгет болған Исаның тәндік денесі болғандықтан, оның тәндік денесін бейнелеуге Құдайдың көне ғибадатханасындағы қасиетті орын мен Ең қасиетті орынды бөліп тұрған перде сәйкес келеді (Еврейлерге 10:20). Бірақ Иса өлгеннен кейін үш күннен соң, Құдай оны рухани жаратылыс ретінде қайта тірілтті (1 Петір 3:18). Сол кезде ғана Иса Құдайдың рухани ғибадатханасының Ең қасиетті орны — «көктің өзіне» кіруге мүмкіндік алды. Бұл дәл осылай жүзеге асты. Пауыл: «Мәсіх сол шынайы үйдің көшірмесі болатын адам қолымен жасалған қасиетті орынға емес, көктің өзіне енді»,— деп жазды (Еврейлерге 9:24).

10. Иса көкке қайта оралғанда не істеді?

10 Өзінің төлем құрбандығының құнымен Ехобаның алдына келуі арқылы, Иса көкте өзінің қанымен «бүрку» рәсімін жасады. Бірақ Иса бұны ғана істеп қойған жоқ. Өлуіне аз-ақ уақыт қалған кезде, ол ізбасарларына: «Мен сол жерден сендер үшін орын дайындауға бара жатырмын. Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Мен болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін»,— деген болатын (Жохан 14:2, 3). Осылай, Иса Ең қасиетті орынға немесе көктің өзіне енуге мүмкіндік алып, өзгелерге де сол жаққа жол ашты (Еврейлерге 6:19, 20). Олардың саны 144000 және олар Құдайдың рухани ғибадатханасының құрылымында діни қызметкер болып қызмет атқармақ (Аян 7:4; 14:1; 20:6). Діни қызметкерлердің күнәлары кешірілуі үшін, өгізшенің қанын исраилдік бас діни қызметкердің Ең қасиетті орынға алып кіргені сияқты, Исаның төгілген қанының құны ең алдымен осы 144000-ды құрайтындардың күнәлары кешірілуі үшін қолданылдыb.

Бүгінгі таңдағы «қалаулылар»

11. Исраилдік бас діни қызметкер кімдердің күнәсы үшін текені құрбандыққа шалушы еді және бұл нені бейнелейді?

11 Майланғандарды жинау науқаны 1935 жылы аяқталған болса керекc. Дегенмен Ехоба өз үйін даңққа бөлеуді аяқтаған жоқ. Оның үйіне «қалаулылар» әлі де келуі керек. Естеріңде шығар, исраилдік бас діни қызметкер екі малды құрбандыққа шалатын: діни қызметкерлердің күнәсы үшін — өгізшені, ал діни қызметкерлікке тағайындалмайтын ру үшін — текені. Діни қызметкерлер аспанда Исамен бірге болатын майланғандарды бейнелейтін болса, діни қызметкер тағайындалмайтын ру кімді бейнелейді? Бұл сұрақтың жауабын Жохан 10:16-да жазылған Исаның сөздерінен табамыз: «Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады». Ендеше, Исаның төгілген қаны адамдардың екі тобына пайдасын тигізеді: біріншіден, Исамен бірге аспанда басшылық жасауға үміті бар мәсіхшілерге, екіншіден, жер бетінде болатын мәңгі өмірді күтіп жүрген мәсіхшілерге. Нағайдың пайғамбарлығындағы «қалаулылар», сірә, осы екінші топты бейнелейтін болса керек (Мика 4:1, 2; Жохан 2:1, 2).

12. Бүгін Ехобаның үйіне көптеген «қалаулылар» қалай келуде?

12 Осы «қалаулылар» Ехобаның үйін бұрынғыша толтыруда. Шығыс Еуропа мен Африканың кейбір елдерінде және басқа да елдерде ертеректе уағыздауға салынған тыйым соңғы жылдары жойылған болатын. Бұл Аспан Патшалығының орнағаны туралы ізгі хабардың бұрын-соңды мұндай хабар жетпеген аудандарға да тарауына мүмкіндік жасады. Құдайдың ғибадатханасының құрылымына енген «қалаулылар», Исаның бұйрығын орындап, жаңа шәкірттерді дайындауға талпынуда (Матай 28:19, 20). Олар «қалаулылардың» қатарын толықтырып, Ехобаның үйін даңққа бөлей алатын көптеген әр түрлі жастағы адамдарды кездестіруде. Бұның қалай жүзеге асып жатқанын көрсететін бірнеше мысалдарды қарастырайық.

13. Боливиялық кішкентай қыз Патшалық туралы хабарды таратуға деген ықыласын қалай көрсетті?

13 Боливияда, ата-анасы Ехобаға қызмет ететін бес жасар қыз қауымға аралаушы бақылаушы келетін аптаның сабағынан мұғаліміне айтып сұранды. Ол неге сұранды? Бұл қыз осы аптаның ішінде қызметке толық қатысуды көздеді. Қыздарының бұл әрекеті ата-анасын таңғалдырды, дегенмен қыздарының керемет ықыласы оларды қуанышқа кенелтті. Қазір осы кішкентай қыз бес адаммен Киелі кітапты зерттеу сабағын жүргізіп жүр және олардың кейбіреулері қауым кездесулеріне келіп жүр. Бұл қыз жиналысқа тіпті мектепте сабақ беретін мұғалімін де ертіп келді. Оның сабақ өткізіп жүрген адамдарының кейбірі, мүмкін, «қалаулылардың» қатарына қосылып, Ехобаның үйінің даңқын шығаратын болар!

14. Дінге қызықпайтын болып көрінген адаммен әңгіме бастаған бауырласымыз табандылығының қандай жемісін көрді?

14 Кореяда, бекетте поезд күтіп тұрған бір әйел бауырласымыз, наушник киіп алып музыка тыңдап тұрған студент жігітке таяп келіп: «Сенің өз дінің бар шығар?» — деп сұрайды. Студент жігіт болса: «Мені дін қызықтырмайды»,— деп жауап қатады. Оның жауабынан бұл әйел қорқа қоймайды. «Уақыт өте келе,— деп жалғастырады ол,— адамның бір дінді таңдағысы келуі мүмкін. Бірақ дін атаулыдан хабары болмаса, адам дұрыс емес талғам жасауы мүмкін». Студент жігіт райынан қайтып, бауырласымыздың айтқандарын қызығып тыңдай бастайды. Бауырласымыз оған «Қамқор Жаратушы бар ма?» деген кітапты ұсынады да, уақыты келіп дінді таңдау керек болғанда осы кітаптың көмек болатынын айтады. Жігіт кітапты қуана-қуана алып, бір аптадан соң Ехоба Куәгерлерінің көмегімен Киелі кітапты зерттеуді бастайды. Ал қазір, ол жігіт қауым кездесулерінің бәріне барады.

15. Жапонияда бір кішкентай қыз өзгелермен бірге Киелі кітапты зерттеуді қалай бастайды және әрекеті үшін қандай баталарға ие болуда?

15 Жапонияда, Мегуми деген он екі жасар қыз өзінің мектебін уағыздауға арналған ырысты алқап деп есептейді. Ол тіпті оқушылардың көпшілігімен бірге Киелі кітапты зерттеуді бастайды. Қалайша? Мегуми үлкен үзіліс кезінде Киелі кітапты зерттеп немесе жиналысқа дайындалатын болғандықтан, бірге оқитын құрбылары одан немен айналысып жатқандығын жиі сұрайды. Ал енді біреулерін Мегумидің мектепте өтетін кейбір жиындарға қатыспауының себебі қызықтырады. Олардың сұрақтарына жауап беріп, Мегуми Құдайдың есімі бар екендігін айтады. Бұл көбінесе оның құрбыларын қызықтыра түседі. Қазір Мегуми жиырма адаммен бірге Киелі кітапты зерттеуді жүргізуде. Олардың он сегізі өзімен бірге оқитын құрбылары.

16. Камерундағы бір бауырласымыз өзін келеке еткендермен Киелі кітапты зерттеуді қалай бастады?

16 Камерунда, құрылыс алаңында бір топ ер адам жұмыс істеп жатқан болатын. Осы кезде сол төңіректе бір бауырласымыз уағыз айтып жүрген-ді. Бауырласымызды келеке етуді көздеген олар, шақырып алып оның Үшбірлікке, тозақ отына және жанның өлмейтіндігіне неге сенбейтінін сұрайды. Бауырласымыз олардың сұрақтарына Киелі кітаптың көмегімен жауап береді. Соңында әлгі адамдардың үшеуі Киелі кітапты зерттеуге келіседі. Ал Даниел есімді біреуі қауым кездесулеріне баруды бастайды да, тіпті үйіндегі спиритизмге қатысы бар барлық заттарын жояды (Аян 21:8). Бір жыл өтпей ол шомылдыру рәсімінен өтеді.

17. Патшалық туралы хабарды тыңдағысы келмеген адамға уағыз айту үшін Сальвадордағы бауырластарымыз қандай тапқырлық танытты?

17 Сальвадордағы бір адам үйіне қарай Ехоба Куәгерлерінің келе жатқанын көрген кезде, есігінің алдына қабаған итін байлап қоятын. Куәгерлер кеткенше күтіп, олар кеткеннен кейін итін үйіне кіргізіп алатын. Бауырластарымыздың бұл адаммен сөйлесуге ешбір мүмкіндігі болмаған еді. Бір күні олар басқа бір амалын табады. Иттің қожайыны еститінін білген олар, итке «уағыз айтуды» ұйғарады. Үйге жақындап келіп, итпен амандасады да, онымен сөйлесе алатындықтарына өздерінің қуанышты екендіктерін айтады. Олар итке жер бетінде жұмақ орнап, зұлым адамдар болмайтын, тіпті жан-жануарлар да бір-бірімен тату болатын уақыт туралы айтады. Сонан соң, олар итпен жылы қоштасады. Сөйтіп кетуге енді оқтала берген кезде, кенет, бауырластарымызды таңғалдыра, иттің қожайыны шығады да, өзінің осы уақытқа дейін сөйлесуге мүмкіндік бермегеніне кешірім сұрайды. Сонан соң ол ұсынылған журналды алады да, кейінірек бұл адаммен Киелі кітапты зерттеу сабағы басталады. Қазір болса бұл адам біздің бауырласымыз, яғни «қалаулылардың» бірі.

«Қорықпаңдар!»

18. Мәсіхшілердің көпшілігінде қандай қиындықтар болуы мүмкін, дегенмен Ехобаның өзіне мінажат еткендерге деген көзқарасы қандай?

18 Уағыз айтып, шәкірт дайындап адамдардың өмірін сақтайтын жұмысқа араласып жүрсің бе? Осылай істеп жүрген болсаң, сен керемет іске ат салысудасың. Өйткені Ехоба осы жұмыстың арқасында өзінің үйіне «қалаулыларды» жинауда (Жохан 6:44). Иә, кейде шаршайсың немесе ұнжырғаң түсуі мүмкін. Тіпті Ехобаның кейбір адал қызметшілерінің өзі де ауық-ауық өздерін түкке тұрғысыз сезініп, сол сезіммен күресіп жатады. Бірақ берілме! Ехоба өзіне мінажат ететіндердің әрбірін бағалайды, әрі сенің құтқарылғаныңды қалайды (2 Петір 3:9).

19. Ехоба Нағай арқылы жігер беретін қандай сөздер айтты және бұл сөздер бізге қалай күш береді?

19 Қарсылықтың немесе басқа жағымсыз жағдайлардың кесірінен ұнжырғамыз түскен кездерде, өз отанына оралған иудейлерге Ехобаның айтқан сөздері бізге күш береді. Нағай 2: 4—6 тармақтарда былай делінген: «Бірақ, қазір, жігерлен [«берік бол», ЖД], Зоробабел! — дейді Тәңір,— Жігерлен [Берік бол, ЖД], Ешуа, Иоседектің ұлы, ұлы діни қызметкер! Жер жүзіндегі халайық, жігерленіңдер де [берік болыңдар да, ЖД], жұмыстарыңды атқарыңдар,— дейді Тәңір,— Өйткені Мен сендермен біргемін,— дейді Тәңір Саваоф. Сендер Мысырдан шыққан кезде Менің сендермен жасаған келісімім мен Менің рухым сендердің араларыңда, қорықпаңдар! Өйткені Тәңір Саваоф былай дейді: Мен көк пен жерді, теңіз бен құрлықты жақында тағы бір сілкіп аламын». Байқап қарашы, Ехоба бізді берік болуға шақырып қана жатқан жоқ, берік болуымызға көмектесіп те жатыр. Қалайша? «Мен сендермен біргемін» деген сөздерге көңіл бөлші. Ехобаның бізбен бірге екенін білгеніміз, қандай қиындыққа кезіккенімізге қарамастан, сенімімізді қалай күшейтеді десеңші! (Римдіктерге 8:31).

20. Ехобаның үйі қазір қандай бұрын-соңды болмаған даңққа толуда?

20 Ехоба өзінің халқымен бірге екенін дәлелдеді. Бәрі де Ехобаның Нағай пайғамбар арқылы айтқанындай болып жатыр: «Осы соңғы ғибадатхананың даңқы әуелгісінен асып түседі... және осы жерде Мен бейбітшілік орнатамын,— дейді Тәңір Саваоф» (Нағай 2:9). Аса зор ұлылық бүгінде Ехобаның рухани ғибадатханасында! Жыл сайын адамдар шынайы мінажат ету үшін жүз мыңдап келіп жатыр. Олардың рухани азығы жеткілікті және заманның осы аумалы-төкпелі кезеңінде олар бейбіт өмір кешуде. Олардың бейбіт өмірінен Құдайдың жаңа дүниесінде болатын өмір ғана асып түседі (Ишая 9:6, 7; Лұқа 12:42).

21. Қандай іс үшін белімізді бекем бууымыз керек?

21 Алда, яғни Һармагеддонда, Ехобаның халықтарды сілкіп алатын уақыты күтіп тұр (Аян 16:14, 16). Сондықтан қалған уақытты көптеген адамдардың құтқарылуына көмектесу үшін пайдаланғаймыз. Берік болып, Ехобаға барынша арқа сүйейік. Жұмыстың біткендігі туралы хабар Ехобаның өзінен келгенге дейін, Ехобаның ұлы рухани ғибадатханасында, оны «қалаулыларға» толтыру арқылы, мінажат етуді жалғастыру үшін белімізді бекем буайық.

[Сілтемелер]

a  Сүлейменнің ғибадатханасы соғылу үшін тарту етілген қаражаттың шамасы, қазіргі балама бойынша, американың 40 миллиард долларына теңелген болар еді. Құрылысқа пайдаланғаннан артылған нәрсенің барлығы ғибадатхананың қазынасына қосылды (3 Патшалық 7:51).

b Исаның исраилдік бас діни қызметкерден айырмашылығы — кешіруді қажет ететіндей оның күнәсы жоқ болатын. Бірақ күнәкар адамдардың ішінен алынған оның діни қызметкерлері кешіруді қажет ететін (Аян 5:9, 10).

c 1998 жылдың 15 ақпанындағы «Күзет мұнарасын» қараңдар, 17-22 беттер, ор.

Естеріңде ме?

• Ехобаға дүние мүлікке қарағанда не қымбат?

• Исаның төгілген қаны адамдардың қандай екі тобына пайдасын тигізуде?

• Қандай «қалаулылар» Ехобаның үйін даңққа толтыруы керек еді?

• Нағай айтқан пайғамбарлықтың орындалып жатқандығының қандай дәлелдерін бүгін көріп отырмыз?

[10-беттегі диаграмма]

(Толық мәтінді басылымда қараңдар)

Ехобаның көне ғибадатханасының нені бейнелейтінін білесіңдер ме?

Ең қасиетті орын

Перде

Қасиетті орын

Кіре беріс

Құрбандық шалатын орын

Аула

[11-беттегі сурет]

Бас діни қызметкер Леуі руы үшін өгізшені, ал діни қызметкер тағайындалмайтын ру үшін текені құрбандыққа шалған.

[12-беттегі сурет]

Дүниежүзілік Патшалықты уағыздау жұмысы көптеген адамдарды Ехобаның үйіне жинауда.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу