Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 49-тар., 118—119 бет.
  • Жазасын алған зұлым патшайым

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жазасын алған зұлым патшайым
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Қатыгез ханым Езабел
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Иқу таза ғибадатты құлшыныспен қолдаған
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның әділеттілікке деген көзқарасын ұстанасыз ба?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Қазір батыл әрекет ететін уақыт
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 49-тар., 118—119 бет.
Қызметшілері Езабелді терезеден лақтырып жатыр

49-ТАРАУ

Жазасын алған зұлым патшайым

Ахаб патшаның Езрехел жеріндегі сарайының терезесінен бір жүзімдік көрінетін. Ол Набутай деген кісінікі болатын. Ахаб бұл жүзімдікті өзіне алғысы келіп, Набутайға оны маған сат деді. Набутай сатпай қойды, өйткені Ехобаның Заңы бойынша, ата-бабасынан мұраға қалған жерді сатуға болмайтын. Дұрыс істеп жатқаны үшін Ахаб Набутайға риза болды ма? Жоқ. Ахаб қатты ашуланды. Оның көңілі түскені сонша — өз бөлмесінен шықпай, тамақ та ішпей қойды.

Сонда Ахабтың әйелі, зұлым патшайым Езабел оған: “Сен Исраилдің патшасы емессің бе? Сен не қаласаң, сол болады. Мен саған ол жерді алып беремін”,— деді. Ол қаладағы ақсақалдарға хат жазды да, Набутайға Құдайды қорлады деген кінә тағып, таспен атқылап өлтіріңдер деп бұйырды. Ақсақалдар оның айтқанын істеді. Сонда Езабел Ахабқа келіп: “Набутай өліп қалды. Жүзімдік енді сенікі”,— деді.

Езабел Набутайды ғана емес, басқа да кінәсіз адамдарды өлтірді. Ол Ехобаны жақсы көретін көп адамды өмірінен айырды. Езабел жалған құдайлардың мүсіндеріне табынатын, басқа да жаман істер жасайтын. Оның істеген барлық жамандығын Ехоба көріп тұрды. Ехоба оған не істегенін білесің бе?

Біраз уақыттан соң Ахаб көз жұмды. Кейінірек оның Жорам деген баласы патша болды. Ал Ехоба Езабел мен отбасын жазалау үшін Иқу деген кісіні жіберді.

Иқу арбасын Езабел тұратын Езрехелге айдап келді. Сонда Жорам патша арбаға мініп, оның алдынан шықты. Ол Иқудан: “Тыныштық па?”— деп сұрады. Иқу былай деді: “Анаң Езабел зұлымдық істеп жүргенде, қандай тыныштық болсын?!” Жорам арбасын бұрып, қашып кетпекші болды. Бірақ Иқу садағын алып оны атып жібергенде, ол өліп қалды.

Иқу Езабелді жерге лақтырыңдар деп айғайлап жатыр

Сосын Иқу Езабелдің сарайына келді. Оның келе жатқанын естігенде, Езабел боянып, шашын әдемілеп, жоғарғы қабаттағы терезеден қарап отырды. Иқу келгенде, ол оны дөрекі сөздермен қарсы алды. Иқу оның жанында тұрған қызметшілерге: “Лақтырыңдар оны!”— деп айғайлады. Сонда олар Езабелді терезеден итеріп жіберді. Ол жерге құлап, өлді.

Бұдан соң Иқу Ахабтың 70 ұлын өлтірді де, елді Бағалға табынушылардан тазартты. Көрдің бе, Ехоба бәрін біледі және уақыты келгенде жамандық істейтіндерді жазалайды.

“Ашкөздікпен иемденген байлықтан түбінде еш береке болмас” (Нақыл сөздер 20:21).

Сұрақтар: Набутайдың жүзімдігін тартып алу үшін Езабел не істеді? Неге Ехоба Езабелді жазалады?

Патшалар 1-жазба 21:1—29; Патшалар 2-жазба 9:1—10:30

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу