Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 48-тар., 116-б.—117-б., 1-абз.
  • Жесір әйелдің ұлы қайта тірілді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жесір әйелдің ұлы қайта тірілді
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Сарепталық жесір әйел сенімі үшін жарылқанды
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ол Құдайынан жұбаныш тапты
    Сенімін серік еткендер
  • Жалғыз қалып, қорыққан кезің болды ма?
    Кел, балақай, оқиық!
  • Ехоба Ілиясты нығайтты
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 48-тар., 116-б.—117-б., 1-абз.
Ілияс отын жинап жүрген жесір әйелді шақырып жатыр

48-ТАРАУ

Жесір әйелдің ұлы қайта тірілді

Бір құмыра ұн мен бір құмыра май

Құрғақшылық кезінде Ехоба Ілиясқа былай деді: “Сарепта қаласына бар. Сол жерде бір жесір әйел саған тамақ береді”. Ілияс қала қақпасына жете бергенде, отын жинап жүрген бір жесір әйелді көрді. Ілияс одан ішетін бір кесе су сұрады. Әйел су әкелуге бара жатқанда, Ілияс артынан: “Нан да ала келші”,— деді. Бірақ әйел оған былай деп жауап берді: “Үйімде сізге беретін бірүзім де нан жоқ. Балам екеумізге ғана жететін біруыс ұн мен азғантай майым бар”. Сонда Ілияс оған: “Егер маған бір күлше нан пісіріп берсең, жаңбыр жауғанша, сенде ұн мен май таусылмайды. Бұл — Ехобаның уәдесі”,— деді.

Сөйтіп, жесір әйел үйіне барып, Ехобаның пайғамбарына нан пісіріп әкелді. Ехоба айтқандай, құрғақшылық кезінде баласы екеуінің дастарқанында әрдайым нан болды. Жесір әйелдің құмырасындағы ұны да, майы да таусылмады.

Кейін бір сұмдық оқиға болды. Жесір әйелдің баласы қатты ауырып, өліп қалды. Ол Ілиястан жалынып көмек сұрады. Ілияс баланы анасының қолынан алды да, жоғарғы қабаттағы бөлмеге апарды. Сосын баланы төсекке жатқызып, былай деп дұға етті: “Уа, Ехоба, мына баланы қайтып тірілте көр”. Ехоба оның тілегін орындаса, бұл бір ғажайып болар еді. Неге екенін білесің бе? Өйткені бұған дейін өлгендердің ешқайсысы қайта тірілген емес. Оның үстіне, жесір әйел мен оның ұлы исраилдік емес еді.

Бірақ бала тіріліп, дем ала бастады! Сонда Ілияс әйелге: “Қарашы, ұлың тірі!”— деді. Қатты қуанған әйел Ілиясқа: “Сіз шынымен де Құдайдың адамы екенсіз. Өйткені сіз Ехоба айт дегенді ғана айтасыз және ол әрқашан орындалады”.

Ілияс қайта тірілген баланы жесір әйелге тапсырып жатыр

“Қарғаларға қараңдаршы: олар егін екпейді де, орып, қамбаға жинамайды да, әйтсе де көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!” (Лұқа 12:24).

Сұрақтар: Сарепталық жесір әйел Ехобаға сенетінін қалай көрсетті? Ілияс шынымен Ехобаның пайғамбары болғанын қайдан білеміз?

Патшалар 1-жазба 17:8—24; Лұқа 4:25, 26

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу