Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 50-тар., 120-б.—121-б., 5-абз.
  • Ехоба Жосафатты қорғап қалды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба Жосафатты қорғап қалды
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Жосафаттың Ехобаға сенім артуы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ехобаға бар жүрекпен қызмет етейік!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Құдай үйінің қамы үшін құлшыныс таныт!
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітаптағы ескертулерді жүрегімізге ұялатайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 50-тар., 120-б.—121-б., 5-абз.
Жосафат патша мен леуілік әншілер әскерді бастап, Иерусалимнен шығып келе жатыр

50-ТАРАУ

Ехоба Жосафатты қорғап қалды

Жосафат — Яһуданың патшасы. Ол бүкіл Яһуда еліндегі Бағалға арналған құрбандық орындары мен жалған құдайлардың мүсіндерін жойды. Жосафат адамдар Ехобаның заңдарын білсе екен деді. Сондықтан ол Яһуданың барлық жеріне басшылар мен леуіліктерді жіберді. Бұл адамдар халыққа Ехобаның заңдарын үйретулері керек еді.

Айналадағы халықтар Яһудамен соғысуға қорқатын. Өйткені олар Ехоба өзінің халқын қорғайтынын білетін. Олар тіпті Жосафат патшаға сыйлықтар әкеліп тұрды. Бірақ кейін моабтықтар, аммондықтар және Сейір өңірінен келген халықтар Яһудаға қарсы соғысқа шықты. Сонда Жосафат Ехобадан көмек сұрау қажет екенін түсінді. Сөйтіп, ол барлық ер адамдарды, әйелдер мен балаларды Иерусалимге жинады. Солардың алдында тұрып, ол былай деп дұға етті: “Ехоба, сен көмектеспесең, біз жеңе алмаймыз. Бізге не істеу керек екенін айтшы”.

Сол кезде Ехоба былай деп жауап берді: “Қорықпаңдар! Мен сендерге көмектесемін. Барыңдар да, қозғалмай тұрыңдар, өздеріңді қалай құтқаратынымды көресіңдер”. Сонымен, Ехоба оларды қалай құтқарды?

Келесі күні таңертең Жосафат халықтың арасынан әншілерді таңдап алды да, оларды әскердің алдына қойды. Олар Иерусалимнен шығып, Текоя деген жердегі соғыс алаңына дейін жүріп барды.

Әншілер зор дауыспен Ехобаны мадақтап жатқанда, Ехоба өзінің халқы үшін соғысты. Ол аммондықтар мен моабтықтарды састырғаны сонша — олар бір-бірімен соғыса бастады. Олардың бірде-біреуі тірі қалмады. Осылай Ехоба Яһуда халқын, сарбаздар мен діни қызметкерлерді құтқарып қалды. Көрші елдердің халқы Ехобаның не істегені туралы естіді. Сонда олар Ехоба өзінің халқын әлі де қорғап жүргенін түсінді. Ехоба өз халқын қалай құтқарады? Көптеген жолдармен. Бұл үшін оған адамдардың көмегі қажет емес.

“Бұл жолы сендерге шайқасудың қажеті болмайды. Тек сол жерге барыңдар да, тапжылмай тұрыңдар, сонда Ехобаның өздеріңді қалай құтқаратынын көресіңдер” (Шежірелер 2-жазба 20:17).

Сұрақтар: Жосафат қандай патша болды? Ехоба Яһуда халқын қалай қорғап қалды?

Шежірелер 2-жазба 17:1—19; 20:1—30

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу