Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • od 3-тар., 17—23 бет.
  • “Араларыңда басшылықты қолға алғандарды ұмытпаңдар”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Араларыңда басшылықты қолға алғандарды ұмытпаңдар”
  • Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “АДАЛ ДА АҚЫЛДЫ ҚҰЛ” ДЕГЕН КІМ?
  • НЕГЕ “БАСШЫЛЫҚТЫ ҚОЛҒА АЛҒАНДАРДЫ ҰМЫТПАУЫМЫЗ” КЕРЕК?
  • ЕХОБА МЕН ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА СЕНІМ АРТАТЫНЫМЫЗДЫ ҚАЛАЙ КӨРСЕТЕМІЗ?
  • “Адал да ақылды құл кім?”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Олар Тоқтының соңынан еріп жүреді
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Әрі адал, әрі ақылды “құл”
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Адал үй басқарушы және оның Басқарушы кеңесі
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
od 3-тар., 17—23 бет.

3-ТАРАУ

“Араларыңда басшылықты қолға алғандарды ұмытпаңдар”

ЕЛШІ Пауылдың Еврейлерге 13:7-де жазылған бұл сөздерін: “Басқарушыларыңды ұмытпаңдар”,— деп те аударуға болады. Б. з. 33 жылының Елуінші күн мейрамынан бастап Иеміз Иса Мәсіхтің адал елшілері басқарушы кеңес ретінде қызмет атқарып, жаңадан құрылған мәсіхшілер қауымына бағыт-бағдар бере бастады (Ел. іс. 6:2—4). Шамамен б. з. 49 жылына қарай басқарушы кеңеске елшілерден басқа да адамдар қосылды. Сүндеттелу мәселесі шешілген кезде басқарушы кеңестің құрамында “Иерусалимдегі елшілер мен ақсақалдар” болды (Ел. іс. 15:1, 2). Олардың міндетіне жан-жақтағы мәсіхшілерге қатысы бар мәселелерді қарастыру кірген. Олар қауымдарға хаттар мен нұсқаулар жіберіп отырған. Осының арқасында қауымдағылар нығайып, ойлары мен істері бір жерден шыққан. Қауымдар басқарушы кеңестің нұсқауларына мойынсұнғандықтан әрі бағынғандықтан, Ехобаның батасына кенеліп, өркендей түсті (Ел. іс. 8:1, 14, 15; 15:22—31; 16:4, 5; Евр. 13:17).

2 Елшілер дүние салғаннан кейін, жолдантаюшылық кең етек алды (Сал. 2-х. 2:3—12). Иса бір астарлы әңгімесінде бидайдың (майланған мәсіхшілердің) арасына арамшөп (жалған мәсіхшілер) себілетінін алдын ала айтып кеткен. Ғасырлар бойы осы екеуі орақ кезіне дейін, яғни “осы заманның ақырына” дейін, бірге өсе берді (Мат. 13:24—30, 36—43). Сол уақыт аралығында Исаның ықыласына бөленген жеке-дара майланған мәсіхшілер болғанмен, ізбасарларға басшылық беретін басқарушы кеңес те, нақты арна да болған жоқ (Мат. 28:20). Алайда, Иса айтып кеткендей, орақ кезінде бір өзгеріс болмақ еді.

3 “Адал да ақылды құл кім?” Иса “осы заманның аяқталып қалғандығының белгісі” туралы түсіндіргенде, аталмыш сұрақты қойып, бір мысал айтты (Мат. 24:3, 42—47). Ол адал құлдың Құдай халқына рухани ас-суды “уақтылы” беріп тұратынын айтқан. Иса I ғасырда басшылықты қолға алу үшін бір адамды емес, бір топ ер адамды қолданғанындай, “осы заманның ақырында” да ол адал құл ретінде жалғыз бір адамды ғана қолданбайды.

“АДАЛ ДА АҚЫЛДЫ ҚҰЛ” ДЕГЕН КІМ?

4 Иса өзінің шәкірттерін рухани тамақтандыру үшін кімді тағайындады? Жердегі майланғандарды деп айту қисынды. Киелі кітапта олар “патша әрі діни қызметкерлер” деп аталған, әрі оларға “түнектен өзінің тамаша жарығына шақырғанның “керемет қасиеттерін барлық жерде жариялау” тапсырылған (Пет. 1-х. 2:9; Малх. 2:7; Аян 12:17). Жер бетіндегі барлық майланғандар ақылды құл ма? Жоқ. Иса бірде әйелдер мен балаларды есептемегенде, 5000-дай ер адамды керемет түрде тамақтандыру үшін балық пен нанды шәкірттеріне берген, ал олар халыққа үлестірген (Мат. 14:19). Осылай ол аздың қолымен көпті тамақтандырды. Бүгінгі күні де ол Құдай халқына рухани ас-суды тура осылай береді.

5 Сонымен, “адал да ақылды басқарушы” дегеніміз — Мәсіхтің осында болуы кезінде рухани ас-суды дайындауға және таратуға тікелей қатысатын майланған ер бауырластардың шағын тобы (Лұқа 12:42). Соңғы күндер басталғалы бері “адал да ақылды құлды” құрайтын майланған ер бауырластар бас басқармада бірге қызмет етіп келді. Қазіргі таңда олар Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесін құрайды.

6 Иса Басқарушы кеңес арқылы Киелі кітап пайғамбарлықтары қалай орындалып жатқанын мәлімдейді, сондай-ақ Киелі кітап принциптерін күнделікті өмірде қалай қолдануға болатыны жайлы уақтылы басшылық береді. Бұл рухани ас-су Ехоба куәгерлерінің қауым кездесулері арқылы беріледі (Ишая 43:10; Ғал. 6:16). Киелі кітап заманында сенімді құлға үй шаруасын басқару тапсырылатын. Сол сияқты, адал да ақылды құлға Ехобаның барлық адал қызметшісін басқару жауапкершілігі жүктелген. Сондай-ақ адал құл ұйымның мүліктеріне, уағыздау ісіне, аудандық және аймақтық конгрестің бағдарламаларын дайындауға, ұйымда әртүрлі міндеттер атқаратын бақылаушыларды тағайындауға, Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерді басып шығаруға бас-көз болады. Мұның бәрі “үйдегі басқа құлдардың” игілігіне асады (Мат. 24:45).

7 Ал “үйдегі басқа құлдар” деген кімдер? Бір сөзбен айтқанда, рухани ас-суды қабылдайтындар. Бастапқыда “үйдегі басқа құлдар” тек майланғандар болатын. Кейінірек оларға ұлы жамағатқа кіретін “басқа қойлар” қосылды (Жох. 10:16). Бұл екі топ та “адал да ақылды құл” әзірлеген рухани ас-сумен тамақтанады.

8 Зор алапат кезінде, Иса осы зұлым дүниеге үкім шығаруға және оны жүзеге асыруға келгенде, адал да ақылды құлды “бүкіл меншігіне қараушы етіп тағайындайды” (Мат. 24:46, 47). Сонда адал құлға жататындар көктегі сыйын алады. Олар 144 000-ға кіретін көктегі майланғандарға қосылып, Мәсіхпен бірге билік етеді. Содан кейін жер бетінде адал да ақылды құл болмайды, бірақ Ехоба мен Иса Патшалықтың жердегі азаматтарына басшылықты “бекзада” етіп тағайындалғандар арқылы беретін болады (Зәб. 45:16).

НЕГЕ “БАСШЫЛЫҚТЫ ҚОЛҒА АЛҒАНДАРДЫ ҰМЫТПАУЫМЫЗ” КЕРЕК?

9 Бізде “басшылықты қолға алғандарды ұмытпауға” әрі оларға сенетінімізді көрсетуге себептер жетіп артылады. Бұлай істегеніміз өзіміз үшін пайдалы. Өйткені елші Пауыл: “Олар үнемі сендердің қамдарыңды ойлайды, әрі бұл үшін есеп береді. Олар күрсініп емес, қуана қамдарыңды ойлау үшін солай етіңдер, әйтпесе бұдан өздерің зиян көресіңдер”,— деген (Евр. 13:17). Басшылықты қолға алғандар бізді рухани жағынан қорғау үшін үнемі қамымызды ойлайтындықтан, олардың нұсқауларына мойынсұнғанымыз әрі бағынғанымыз өте маңызды.

10 Елші Пауыл Қорынттықтарға 1-хат 16:14-те: “Бәрін сүйіспеншілікпен істеңдер”,— деп айтқан. Құдайдың ұйымында қабылданған шешімдердің бәріне осы бір асыл қасиет арқау болады. Сүйіспеншілік жөнінде Қорынттықтарға 1-хат 13:4—8 тармақтарда былай делінген: “Сүйіспеншілік шыдамды да мейірімді; сүйіспеншілік қызғанбайды, мақтанбайды, менменсінбейді; ол әдепсіз емес, өзімшіл де, ашушаң да емес, кек те сақтамайды; сүйіспеншілік әділетсіздікке емес, шындыққа қуанады; ол бәріне төзеді, бәріне сенеді, еш үмітін үзбейді, бәріне төтеп береді. Сүйіспеншілік еш сарқылмайды”. Ехобаның қызметшілерінің игілігі үшін қабылданған шешімдердің бәрі сүйіспеншілікке негізделгендіктен, ондай басшылыққа еш күмәнданбай сенім артамыз. Оның үстіне, бұндай басшылық — Ехобаның бізге деген сүйіспеншілігінің көрінісі.

Басшылықты қолға алғандар бізді рухани жағынан қорғау үшін үнемі қамымызды ойлайтындықтан, оларға бағынғанымыз өте маңызды

11 Бірінші ғасырдағыдай, бүгінде де Ехоба өз халқын басқару үшін кемелсіз адамдарды қолданады. Алайда Ехоба өз еркін іске асыру үшін ежелгі уақытта да кемелсіз адамдарды қолданған. Мысалы, Нұх пайғамбар кеме соғып, зұлымдардың жойылатынын жариялаған (Мұс. 1-ж. 6:13, 14, 22; Пет. 2-х. 2:5). Ал өз халқын Мысырдан алып шығуды Ехоба Мұсаға тапсырды (Мұс. 2-ж. 3:10). Киелі кітапты да киелі рухтың қозғау салуымен кемелсіз адамдар жазған (Тім. 2-х. 3:16; Пет. 2-х. 1:21). Қазіргі таңда да Ехоба уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне жетекшілік ету үшін кемелсіз адамдарды пайдаланады, бірақ осыған бола біз оның ұйымына деген сенімімізді әлсіретпейміз. Қайта, оның ұйымына толық сенім артамыз, өйткені Ехобаның қолдауынсыз ұйым қазір атқарып жатқан істердің ешқайсысын да істей алмас еді. Адал құлдың көп жылдар бойы жинақтаған тәжірибесінен, небір қиындықтарға қарамастан қызметін атқарып келе жатқанынан оны Құдай рухы жетелейтіні көрінеді. Расында да, бүгінде Ехоба өз ұйымының жердегі бөлігіне батасын молынан төгіп отыр. Сондықтан біз ұйымға толық сенім артып, шын жүректен қолдау көрсетеміз.

ЕХОБА МЕН ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА СЕНІМ АРТАТЫНЫМЫЗДЫ ҚАЛАЙ КӨРСЕТЕМІЗ?

12 Қауымда жауапты қызметке тағайындалған бауырластар Ехоба мен оның құрылымына сенім артатындарын өздеріне тапсырылған міндеттерді зор ықыласпен қабыл алып, оларды шын жүректен адал атқаруларымен көрсетеді (Ел. іс. 20:28). Патшалықтың жариялаушылары біз құлшыныспен үйме-үй уағыздаймыз, адамдарға қайта барамыз және Киелі кітапты зерттеу сабақтарын өткіземіз (Мат. 24:14; 28:19, 20). Адал құл беріп жатқан нәрлі рухани ас-судың толық пайдасын көру үшін, қауым кездесулеріне дайындалып барамыз, аудандық және аймақтық конгрестерден қалмаймыз. Осындай жиындарда бауырластармен бас қосқанда, бір-бірімізді жігерлендіріп, нығайтамыз (Евр. 10:24, 25).

13 Ұйымның ісіне қаржылай қолдау көрсету арқылы да ұйымға сенім артатынымызды көрсетеміз (Нақ. с. 3:9, 10). Бауырластарымыз материалдық жағынан мұқтаждық көргенде, біз дереу қол ұшын береміз (Ғал. 6:10; Тім. 1-х. 6:18). Мұны бауырластарды жақсы көргендіктен және жасаған барлық жақсылығы үшін Ехоба мен ұйымына алғыс білдіргіміз келгендіктен істейміз (Жох. 13:35).

14 Ұйымға сенім артатынымызды көрсетудің тағы бір жолы — оның шешімдерін қолдау. Бұл үшін аудандық бақылаушылар, қауым ақсақалдары сияқты Құдай халқын бағуға тағайындалған бауырластардың нұсқауларына кішіпейілділікпен құлақ асамыз. Бұл бауырластар “басшылықты қолға алғандардың” қатарында болғандықтан, оларға мойынсұнуымыз әрі бағынуымыз қажет (Евр. 13:7, 17). Кейбір шешімдердің не үшін қабылданғанын толық түсінбесек те, оны орындағанымыз өзіміз үшін пайдалы. Ехоба өз Сөзіне және ұйымына бойсұнғанымыз үшін бізді сөзсіз жарылқайды. Осылай Қожайынымыз Иса Мәсіхке де бағынатынымызды көрсетеміз.

15 Шынында да, адал да ақылды құлға сенім артуымызға себеп өте көп. “Осы дүниенің құдайы” Шайтан Ехобаның есімі мен ұйымын қаралау үшін барын салуда (Қор. 2-х. 4:4). Шайтанның тұзағына түсіп қалудан сақ болыңыз! (Қор. 2-х. 2:11). Өзінің тұңғиыққа түсетін “уақытының аз қалғанын білгендіктен”, ол мүмкіндігінше Құдайдың көп қызметшісін Ехобадан алыстатуға тырысып бағады (Аян 12:12). Шайтан неғұрлым күш салған сайын, біз де Ехобаға соғұрлым жақындай түсейік. Ендеше, Ехобаға және бізді жетелеу үшін қолданып жатқан арнасына мүлтіксіз сенім арта берейік. Сонда дүниежүзілік бауырластығымыздың бірлігі жарасқан үстіне жараса түседі.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу