Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • hf 8-бөл., 26—28 бет.
  • Отбасына қара бұлт төнгенде

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Отбасына қара бұлт төнгенде
  • Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • 1. ҚҰДАЙҒА ҮМІТ АРТЫҢЫЗ
  • 2. ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ОТБАСЫҢЫЗДЫ ОЙЛАҢЫЗ
  • 3. КӨМЕКТЕН БАС ТАРТПАҢЫЗ
  • Оқырман сауалдары
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Айтып келмеген аурумен күрес
    Сан түрлі тақырыптар
  • Ехоба өз халқына назар тігеді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Менің өлгім келеді. Өз-өзіме қол жұмсағым келгенде, Киелі кітап маған көмектесе ала ма?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Көбірек мәлімет
Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
hf 8-бөл., 26—28 бет.
Баласының өлімін жоқтап жатқан ата-ана

8-БӨЛІМ

Отбасына қара бұлт төнгенде

“Әртүрлі сынақтарға кезігіп, аз уақыт қайғыруға тура келсе де, мейлінше қуанып жүрсіңдер” (Петірдің 1-хаты 1:6).

Отбасымызды бақытты етуге қанша ұмтылсақ та, өмірде болатын кездейсоқ жағдайлар бізді қуанышымыздан айырып жатады (Уағыздаушы 9:11). Отбасыңызға қара бұлт төнген кездері сүйіспеншілігі мол Құдай сізді жалғыз қалдырмайды. Оның Сөзіндегі келесідей ақыл-кеңестерді қолданар болсаңыз, сіз де, отбасыңыз да, тіпті ең ауыр деген қиындықты жеңе алады.

1. ҚҰДАЙҒА ҮМІТ АРТЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда Құдай туралы: “Бар уайымдарыңды оған артыңдар, себебі ол қамдарыңды ойлайды”,— делінген (Петірдің 1-хаты 5:7). Ендеше мына жайтты ешқашан естен шығармаңыз: сіздің басыңызға түскен қиындықтарға Құдай кінәлі емес (Жақып 1:13). Қайта, онымен қарым-қатынасыңызды жақсартсаңыз, ол тығырықтан шығудың ең жақсы жолын көрсетеді (Ишая 41:10). Құдайға “жүрек сырларыңызды ақтарыңыз” (Зәбүр 62:8).

Киелі жазбаларды күн сайын тыңғылықты оқығаныңыз да жұбаныш береді. Осылайша Ехобаның “қиындық көрген кездің бәрінде жұбататын” Құдай екеніне көзіңіз жетеді (Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4; Римдіктерге 15:4). Ол “адам ақылынан асқан тыныштықты” сыйлауды уәде етеді (Філіпіліктерге 4:6, 7, 13).

Ауруханада жатқан күйеуі отбасымен бірге

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Құдайдан сабырлық беруін және дұрыс ойлануға көмектесуін сұраңыз.

  • Тығырықтан шығудың қандай жолдары бар екенін қарастырып, ең жақсы дегенін таңдаңыз.

2. ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ОТБАСЫҢЫЗДЫ ОЙЛАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Түсінігі бардың жүрегі білімді иемденер, дананың құлағы білім іздер”,— делінген Құдай Сөзінде (Нақыл сөздер 18:15). Туындаған жағдайға қатысты мәлімет жинап, жан-жақты қарастырыңыз. Отбасыңыздың әрбір мүшесі не нәрсеге мұқтаж екенін аңғарыңыз. Олармен сөйлесіп, мұқият тыңдаңыз (Нақыл сөздер 20:5).

Ал жақын адамыңыз қайтыс болған жағдайда не істеуге болады? Сезімдеріңізді ашық көрсетуден қысылмаңыз. Мысалы, Иса пайғамбар да досы қайтыс болғанда, “көзіне жас алған” (Жохан 11:35; Уағыздаушы 3:4). Осындай кезде тынығу мен жеткілікті ұйықтаудың маңызы зор (Уағыздаушы 4:6). Бұл сізге қайғыңызды көтеруге күш береді.

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Отбасы мүшелеріңізбен әңгімелесіп тұруды әдетке айналдырыңыз, сонда қандай да бір қайғылы жағдай орын алып жатса, олар сізбен еркін сөйлесе алатын болады.

  • Сіздікіндей жағдайды бастан кешірген адамдармен сөйлесіңіз.

3. КӨМЕКТЕН БАС ТАРТПАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Нағыз дос әрқашан жақсы көрер, ол — бауырың қиын шақта арқа сүйер” (Нақыл сөздер 17:17). Достарыңыз сізге қол ұшын беруден аянып қалғысы келмейтіні анық, бірақ олар қандай көмек ұсыну керектігін білмеуі мүмкін. Сондықтан өзіңізге нақты қандай көмек қажет екенін бүкпей айтыңыз (Нақыл сөздер 12:25). Сондай-ақ Киелі кітапты жақсы білетіндерден ақыл-кеңес сұраңыз. Құдай Сөзіндегі кеңестер сізге қиындықпен күресуге көп көмегін тигізеді (Жақып 5:14).

Құдай жолында жүретін әрі оның уәделеріне кәміл сенетін адамдармен араласқаныңыз сізге демеу болады. Көңілі жүдеу жандарды жұбатсаңыз, бұдан өзіңіз де жұбанасыз. Оларға Ехоба Құдай туралы және оның керемет уәделері туралы айтыңыз. Өз қайғыңызды жеңілдету үшін, бар күшіңізді көмекке зәру адамдарға жұмсауға тырысыңыз, сондай-ақ өзіңізді жақсы көретін жандардан қашқалақтамаңыз (Нақыл сөздер 18:1; Қорынттықтарға 1-хат 15:58).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Жақын досыңызбен сөйлесіңіз, көмегін ұсынса, бас тартпаңыз.

  • Нақты қандай көмек керек екенін бүкпей айтыңыз.

ТОЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ КӨРЕ БІЛІҢІЗ

Қиындықтан қабырғаңыз қайысса да, Құдайды назарыңызда ұстауға тырысыңыз. Әйүп пайғамбар қиындыққа кезіккенде: “Ехобаның есімі мадақтала берсін!”— деген (Әйүп 1:21, 22). Сіз де уайым-қайғыға бой алдырмай, Ехоба Құдайдың есімін мадақтау мен оның еркін орындауға талпыныңыз. Жағдай сіз ойлағандай болмай жатса, үмітіңіз үзілмесін. Құдайға толықтай арқа сүйеңіз. Өйткені ол былай дейді: “Сендерге қатысты ой-ниетім өзіме аян. Сендерге апат жіберуді емес, тыныштық беруді, жарқын болашақ пен үміт сыйлауды ойлап жүрмін” (Еремия 29:11).

ОЙТАМЫЗЫҚ

  • Тіпті кішігірім мәселеде Құдайға арқа сүйеуге тырысамын ба?

  • Қандай жақсылықтары үшін Құдайға күнде алғыс айтамын?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу