Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • hf 9-бөл., 29—31 бет.
  • Құдайға бүкіл отбасыңызбен ғибадат етіңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдайға бүкіл отбасыңызбен ғибадат етіңіз
  • Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • 1. ҚҰДАЙМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗДЫ НЫҒАЙТЫҢЫЗ
  • 2. ОТБАСЫЛЫҚ ҒИБАДАТТЫ ӨТКІЗУ
  • Отбасылары үшін көмек
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Отбасылық ғибадат деген не?
    Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?
  • Отбасылық ғибадат. Қызықтырақ етіп өткізе аласыңдар ма?
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды”
    Ехобаға жақында
Көбірек мәлімет
Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
hf 9-бөл., 29—31 бет.
Ерлі-зайыптылар бірге Киелі кітап зерттеп отыр

9-БӨЛІМ

Құдайға бүкіл отбасыңызбен ғибадат етіңіз

“Көк пен жерді... жаратқан Құдайға ғибадат етіңдер!” (Аян 14:7).

Осы кітапшадан білгеніңіздей, Киелі кітапта өзіңізге де, отбасыңызға да пайдасын тигізетін көптеген ақыл-кеңес бар. Ехоба Құдай сізді бақытты болса екен дейді. Егер оған ғибадат етуді өмірде басты орынға қойсаңыз, сізге қажеттінің “бәрін қосып беретінін” Құдай уәде етеді (Матай 6:33). Ол сізбен дос болуды қалайды. Сондықтан онымен жақындататын кез келген мүмкіндікті қалт жібермеңіз. Расында да, Құдаймен дос болу — адам баласына берілген теңдесі жоқ қазына (Матай 22:37, 38).

1. ҚҰДАЙМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗДЫ НЫҒАЙТЫҢЫЗ

Әйелі мен күйеуі бірге уағыздар жүр

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Мен Әкелерің, ал сендер ұл-қыздарым боласыңдар”,— дейді Ехоба Құдай (Қорынттықтарға 2-хат 6:18). Ол сізбен әке мен баладай жақын қарым-қатынаста болуды қалайды. Бұған қол жеткізудің бір жолы — дұға ету. Ехоба сізді өзіне “ұдайы дұға етуге” шақырады (Салоникалықтарға 1-хат 5:17). Ол мұң-шеріңіз бен тілек-қалауыңызды тыңдауға даяр (Філіпіліктерге 4:6). Отбасыңызбен бірге дұға еткенде, олар Құдайдың сіз үшін тірі Тұлға екенін көреді.

Құдайға жүрегіңіздегіні ақтарып қана қоймай, оны тыңдай білуіңіз де қажет. Бұл үшін оның Сөзін және оған негізделген әдебиеттерді оқу керек (Зәбүр 1:1, 2). Оқығандарыңызды ой елегінен өткізіңіз (Зәбүр 77:11, 12). Құдайды тыңдау дегенге қауым кездесулеріне үзбей бару да жатады (Зәбүр 122:1—4).

Құдаймен қарым-қатынасыңызды нығайтудың тағы бір маңызды жолы — ол туралы өзгелерге айту. Ол жайлы неғұрлым көп айтсаңыз, соғұрлым оған жақындай түсесіз (Матай 28:19, 20).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Құдай Сөзін оқуға және дұға етуге күнде уақыт бөліңіз.

  • Отбасыңыз үшін рухани іс-шаралар көңіл көтеру мен демалудан жоғары тұрсын.

2. ОТБАСЫЛЫҚ ҒИБАДАТТЫ ӨТКІЗУ

Отағасы отбасымен зерттеу өткізу үшін дайындалып жатыр. Кейінірек отбасымен бірге қызықты отбасылық ғибадат өткізуде

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Құдайға жақындаңдар, сонда ол да сендерге жақындайды”,— делінген Құдай Сөзінде (Жақып 4:8). Отбасылық ғибадатa кестесін жасап, оны жүйелі түрде өткізудің маңызы зор (Мұсаның 1-жазбасы 18:19). Бірақ отбасымен бірге Құдайға ғибадат ету мұнымен шектелмей, күнделікті өмірлеріңіздің ажырамас бөлігіне айналу керек. Сондықтан отбасы мүшелерінің Құдаймен қарым-қатынасы нығаюы үшін, ол жөнінде “үйде отырғанда да, жол жүргенде де, жатқанда да, тұрғанда да айтатын болыңыз” (Мұсаның 5-жазбасы 6:6, 7). Сіздің де мақсатыңыз Құдайдың ежелдегі қызметшісі Ешуанікіндей болсын. Ол: “Ал мен болсам үй ішіммен Ехобаға қызмет етемін”,— деген (Ешуа 24:15).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Отбасы мүшелерінің әрбірінің қажеттілігін ескере отырып, отбасылық ғибадатты жақсылап ойластырып, жүйелі түрде өткізіңіз.

[Сілтеме]

a Ехоба куәгерлері отбасымен бірге Құдайға ғибадат ету үшін апта сайын уақыт бөледі. Бұл уақытта олар емін-еркін отырып, рухани тақырыптағы мәліметтерді қарастырады.

ҚҰДАЙДЫҢ БАҚЫТТЫ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ

Құдайға ғибадат еткенге не жетсін! Отбасыңызбен бірге шын жүректен өзіне қызмет еткеніңізді көріп, оның жүрегі зор қуанышқа бөленеді. Әрі қарай да оған қызмет етсеңіз, оған деген сүйіспеншілігіңіз артып, көбірек еліктеуге тырысасыз (Марқа 12:30; Ефестіктерге 5:1). Құдайды отбасының ажырамас бөлігі етсеңіздер жұбайыңызбен жұптарыңыз жазылмай, етене жақындай түсесіздер (Уағыздаушы 4:12; Ишая 48:17). “Ехоба Құдай сіздерге батасын бергенде”, отбасыңыз мәңгі бақи бақытты болады (Мұсаның 5-жазбасы 12:7).

ОЙТАМЫЗЫҚ

  • Жұбайымыз екеуміз соңғы рет қашан бірге дұға еттік?

  • Құдайға деген сенімімізді нығайту үшін отбасылық ғибадатта нені қарастырсақ болады?

ОТАҒАСЫНЫҢ ҚАПЕРІНЕ

  • Отбасылық ғибадатты өткізуге ештеңе кедергі болмасын.

  • Отбасыңыз дайындалу үшін, қандай тақырып талқыланатынын алдын ала айтыңыз.

  • Отбасы мүшелерінің түгел қатысуын қадағалаңыз.

  • Отбасылық ғибадаттың жайлы әрі тыныш жағдайда өтуіне қам жасаңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу