Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • hf 7-бөл., 22—25 бет.
  • Баланы — жастан

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Баланы — жастан
  • Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • 1. БАЛАҢЫЗ ӨЗ ОЙЫН ЕРКІН АЙТА АЛСЫН
  • 2. СӨЗ ТӨРКІНІНЕ ҮҢІЛІҢІЗ
  • 3. ЕКІ ЖАҚҚА ТАРТПАҢЫЗДАР
  • 4. ЖАҚСЫЛАП ОЙЛАСТЫРЫҢЫЗ
  • Баланы нәресте күнінен тәрбиелеңдер
    Отбасы бақытының сыры
  • Ата-аналар, балаларыңды сүйіспеншілікпен тәрбиелеңдер
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Балаларыңызды тәрбиелеуге Киелі кітап көмектесе ала ма?
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Отбасын рухани берік етіңдер
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
hf 7-бөл., 22—25 бет.
Әкесі мен баласы бірге велосипед жөндеп жатыр

7-БӨЛІМ

Баланы — жастан

“Мен бүгін бұйырған осы сөздер жүрегіңнен орын алсын. Оларды балаларыңның құлағына құй” (Мұсаның 5-жазбасы 6:6, 7).

Отбасы атаулыға бастау берген Құдай ата-аналарға бала тәрбиелеу жауапкершілігін жүктеген (Қолостықтарға 3:20). Сондықтан ата-ана ретінде сіз балаңызды Құдайды жақсы көруге үйретуіңіз және жауапты азамат болып өсуіне көмектесуіңіз қажет (Тімөтеге 2-хат 1:5; 3:15). Сондай-ақ ұл-қызыңыздың көңілінде не жатқанын түсінуді үйреніңіз. Әрине, балаға өзіңіздің үлгі көрсеткеніңіз аса маңызды. Құдай Сөзін балаңыздың санасына ұялату үшін, ол алдымен өз жүрегіңізден орын алу керек (Зәбүр 40:8).

1. БАЛАҢЫЗ ӨЗ ОЙЫН ЕРКІН АЙТА АЛСЫН

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Әркім тыңдауға жүйрік, сөйлеуге... баяу болсын”,— делінген Киелі кітапта (Жақып 1:19). Кез келген ата-ана баласының өздерімен еркін сөйлесе алғанын қалайтыны айтпаса да түсінікті. Бұл үшін балалар ата-анасының әрдайым тыңдауға дайын екенін сезінулері қажет. Олар ішіндегілерін ашық айта алу үшін, үйде тыныштық болуына қам жасаңыз (Жақып 3:18). Егер қатал не бірден ұрсып шыға келсеңіз, олардың сізге өз ойын ашық айтуы екіталай. Балаларға шыдамды болыңыз, оларды жақсы көретініңізді жиі айтып отырыңыз (Матай 3:17; Қорынттықтарға 1-хат 8:1).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Балаларыңыз сізбен сөйлескісі келгенде, тыңдауға дайын болыңыз.

  • Балаларыңызбен қиындықтар болғанда ғана емес, күнде сөйлесіп тұрыңыз.

2. СӨЗ ТӨРКІНІНЕ ҮҢІЛІҢІЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Құдай Сөзінде: “Мәселенің байыбына баратын табысқа жетеді”,— деп жазылған (Нақыл сөздер 16:20). Балаларыңыздың шынайы сезімдерін түсіну үшін, олардың айтқан сөздерінің астарына үңіле біліңіз. Түймедейді түйедей қылу не ойындағысын басқаша жеткізу — жастарға тән нәрсе. “Мән-жайды тыңдамай жатып жауап қайтару — ақымақтық”,— делінген Киелі кітапта (Нақыл сөздер 18:13). Сондықтан тез ашуға берілмеңіз (Нақыл сөздер 19:11).

Анасы кызының айтқанына ашуланып жатыр

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Балаңыз не айтпасын, оның сөзін бөлмеңіз және күйіп-піспеңіз.

  • Оның жасында өзіңіздің қандай болғаныңызды, сіз үшін ненің маңызды болғанын еске түсіріңіз.

3. ЕКІ ЖАҚҚА ТАРТПАҢЫЗДАР

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда: “Балам, әкеңнің тәрбиесіне құлақ ас, анаңның тәлімінен де бас тартпа”,— делінген (Нақыл сөздер 1:8). Құдай әкеге де, шешеге де баланың үстінен билік берген. Балаларыңызды өздеріңізді құрметтеуге және тіл алуға үйретіңіздер (Ефестіктерге 6:1—3). “Ойларыңыз бен пікірлеріңіз бірдей” болмай, бөлініп жатса, екі жаққа тартпаңыздар. Өйткені мұндайды балалар дереу сезіп қояды (Қорынттықтарға 1-хат 1:10). Қандай да бір мәселеде келіспей жатсаңыздар, мұны балалардың көзінше ашық көрсетпеген дұрыс. Себебі бұл ата-ананың беделін түсіруі мүмкін.

Әкесі баласын оңашада жөнге салуда

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Бала тәрбиесіне қатысты ашық сөйлесіп, бір тоқтамға келіңіздер.

  • Ойларыңыз бір жерден шықпай жатса, жарыңыздың көзқарасын түсінуге тырысыңыз.

4. ЖАҚСЫЛАП ОЙЛАСТЫРЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Баланы тәрбиелеп, тура жолға сал”,— делінген Құдай Сөзінде (Нақыл сөздер 22:6). Жақсы тәлім-тәрбие өздігінен келетін жайт емес. Сондықтан ата-аналар балаларын қалай тәрбиелейтіндерін жақсылап ойластырып алу керек. Тәрбиелеуге баланы жөнге салып отыру да жатады (Зәбүр 127:4; Нақыл сөздер 29:17). Алайда жөнге салу тек жазалауды ғана білдірмейді. Балалар тәртіп ережелерінің не үшін орнатылғанын түсіну керек (Нақыл сөздер 28:7). Сонымен қатар оларға Құдай Сөзін жақсы көруді үйретіп, ондағы принциптерді түсіндіру керек (Зәбүр 1:2). Бұл оларға таза ар-ұжданға ие болуға көмектеседі (Еврейлерге 5:14).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Балаларыңызға Құдайдың тірі Тұлға екенін әрі оған сенім арту маңызды екенін түсінуге көмектесіңіз.

  • Оларға құлықтылық жағынан ғаламтор мен әлеуметтік желілер қандай қауіп төндіретінін көре білуді үйретіңіз. Сондай-ақ бала зорлаушылардан қалай сақтануға болатынын түсіндіріңіз.

Ата-анасы баласына кішкентайынан бастап шомылдыру рәсімінен өткенге дейін Ехобаға қызмет етуді үйретуде

“Баланы тәрбиелеп, тура жолға сал”

ЕҢБЕГІҢІЗГЕ ҚҰДАЙ БАТАСЫН БЕРЕДІ

Ата-ана ретінде сізге балаларыңызға Ехоба Құдай туралы үйрету міндеті жүктелген (Ефестіктерге 6:4). Бұл үшін көп тер төгу керек екенін Құдай жақсы біледі. Бірақ мынаған сенімді болыңыз: бала тәрбиесіндегі еңбегіңіз зая кетпейді, қайта, Құдайға мадақ әкеледі, әрі сізді зор қуанышқа бөлейді (Нақыл сөздер 23:24).

ОЙТАМЫЗЫҚ

  • Балам маған ойын еркін айта алуы үшін не істей аламын?

  • Бала тәрбиелеп жатқан ата-аналардан не үйренсем болады?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу