Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • hf 4-бөл., 12—14 бет.
  • Ақшаны ұқсата біліңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ақшаны ұқсата біліңіз
  • Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • 1. ЖАҚСЫЛАП ЖОСПАРЛАҢЫЗ
  • 2. ШЫНШЫЛ ДА ШЫНАЙЫ БОЛЫҢЫЗ
  • Ақша және отбасы
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ақша жамандықтың түптамыры ма?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
hf 4-бөл., 12—14 бет.
Күйеуі мен әйелі қаражаттарын қалай жұмсайтындарын жоспарлап жатыр

4-БӨЛІМ

Ақшаны ұқсата біліңіз

“Жоспар іске асар кеңесумен” (Нақыл сөздер 20:18).

Отбасымызды керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін бәрімізге де ақша керек (Нақыл сөздер 30:8). Рас, қандай да бір шамада “ақша адамды қорғайды” (Уағыздаушы 7:12). Бәлкім, жұбайыңызбен ақша мәселесі жайлы әңгімелесу сізге қиын шығар, бірақ ақша үшін отбасыңыздың шырқы бұзылып жүрмесін (Ефестіктерге 4:32). Ақшаны қалай жарататындарын шешкенде, ерлі-зайыптылардың ақылдасқандары әрі бір-біріне сенім артқандары абзал.

1. ЖАҚСЫЛАП ЖОСПАРЛАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда: “Араларыңдағы біреу мұнара салғысы келсе, құрылысын аяқтауға қаражаты жетер-жетпесін білу үшін, алдымен шығынын есептеп алмай ма?”— делінген (Лұқа 14:28). Қаражатты қайда жұмсайтындарыңызды бірге отырып жоспарлау аса маңызды (Амос 3:3). Не сатып алу керектігін, оған қанша қаражат жұмсай алатындарыңызды шешіп алыңыздар (Нақыл сөздер 31:16). Қалтаңызда ақша болса, бұл оны міндетті түрде жұмсау керек дегенді білдірмейді. Қарызға батудан сақ болыңыз. Қолыңызда бар қаражатты ғана жұмсаңыз (Нақыл сөздер 21:5; 22:7).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Айдың соңында артық ақшаңыз қалса, жұбайыңызбен оны қайда жұмсайтыныңызды ақылдасыңыз.

  • Ал егер ақшаңыз жетпей жатса, шығындарыңызды азайту үшін нақты жоспар құрыңыз. Мысалы, асты дәмханаларда ішкеннен гөрі, үйде дайындау жағын ойлап көріңіз.

Ерлі-зайыптылар шығындарын есептеуде

2. ШЫНШЫЛ ДА ШЫНАЙЫ БОЛЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда Құдайдың ғана емес, “адамдардың да алдында барлық істе адал болуға тырысуымыз” керектігі айтылған (Қорынттықтарға 2-хат 8:21). Қанша ақша тауып, қанша жұмсайтыныңызды жұбайыңызға бүкпесіз айтыңыз.

Қаражатқа қатысты маңызды шешім қабылдарда міндетті түрде жұбайыңызбен ақылдасыңыз (Нақыл сөздер 13:10). Қаражат туралы ашық сөйлесу отбасында ынтымақ-бірліктің болуына септігін тигізеді. Кірісті тек жеке өзіңіздің емес, отбасыңыздың ақшасы деп қарастырыңыз (Тімөтеге 1-хат 5:8).

Ерлі-зайыптылар тізімге азық-түлік сатып алуда

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Қанша соманы өз еріктеріңізбен жұмсай алатындарыңызды өзара келісіп алыңыздар.

  • Қиындықтың алдын алу үшін, ақша мәселесі жайында ашық сөйлесіңіздер.

АҚШАҒА ДЕГЕН КӨЗҚАРАС

Ақшаның өмірде қажет екені рас. Алайда соның кесірінен отбасыңыздың берекесі кетіп, уайымыңыз да көбейіп жүрмесін (Матай 6:25—34). Бақытты өмір кешу үшін көп ақшаның қажеті жоқ. Киелі кітапта: “Ашкөздік атаулыдан аулақ болыңдар”,— деген ескерту жазылған (Лұқа 12:15). Отбасы — ешбір ақшаға сатып ала алмайтын теңдесі жоқ байлық. Сондықтан қолда барды қанағат етіңіз. Сондай-ақ Құдаймен қарым-қатынасыңыз жайлы ойлаңыз. Сонда отбасыңыз бақытты болып, Құдайдың мейір-шапағатына бөленеді (Еврейлерге 13:5).

ОЙТАМЫЗЫҚ

  • Біреуден қарыз алмау үшін жұбайым екеуміз не істей аламыз?

  • Жұбайым екеуміз қаржы жөнінде соңғы рет қашан ашық сөйлестік?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу