Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • hf 5-бөл., 15—17 бет.
  • Туған-туыспен ынтымағыңыз жарассын

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Туған-туыспен ынтымағыңыз жарассын
  • Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • 1. ТУЫСТАРҒА ДЕГЕН ДҰРЫС КӨЗҚАРАС
  • 2. ҚАЖЕТ БОЛҒАНДА, ӨЗ ДЕГЕНІҢІЗДЕ ТҰРЫҢЫЗ
  • Адалдық барда үй іргесі шайқалмас
    Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Құдайдың ақыл-кеңесі — бақытты отбасының арқауы
    Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Сыйлық қымбат емес, сыйластық қымбат
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Той өткен соң
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
Көбірек мәлімет
Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
hf 5-бөл., 15—17 бет.
Енесі келінінің ас әзірлеу әдісіне көңілі толмай қарап тұр

5-БӨЛІМ

Туған-туыспен ынтымағыңыз жарассын

“Жанашырлық, мейірімділік, кішіпейілділік, жұмсақтық, шыдамдылық сияқты қасиеттерге бөленіңдер” (Қолостықтарға 3:12).

Екі жас қосылғанда, жаңа шаңырақ бой көтереді. Бағып-қағып өсірген ата-ананы әрдайым жақсы көріп, ардақтау — әр адамның парызы. Десе де отау құрғаннан кейін адам үшін әлемдегі ең қымбат жан оның жары болу керек. Мұнымен келісу туыстарыңыздың кейбіріне қиын болатын шығар. Құдай Сөзіндегі кеңестер осы мәселеде сізге байсалдылық танытуға көмектесе алады. Соның арқасында туған-туыстарыңызбен ынтымақта бола отырып, өзіңіздің жас отауыңызды да нығайта аласыз.

1. ТУЫСТАРҒА ДЕГЕН ДҰРЫС КӨЗҚАРАС

Ерлі-зайыптылар ата-аналарымен бірге уақыт өткізуде

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда “әке-шешеңді құрметте” деген сөздер бар (Ефестіктерге 6:2). Жасыңыз қаншада болмасын, ата-ананы өмір бойы аялап, құрметтеу — сіздің перзенттік борышыңыз. Ендеше, жұбайыңыздың да өз ата-анасының алдында осындай борышы бар екенін ұмытпаңыз. Құдай Сөзінде: “Сүйіспеншілік қызғанбайды”,— делінген. Сондықтан жарыңыз өз ата-анасымен араласқанда, қызғанышқа бой алдырмаңыз. Оның туған-туысымен араласқаны отбасыңыздың берекесін кетірер деп қауіптенбеңіз (Қорынттықтарға 1-хат 13:4; Ғалаттықтарға 5:26).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • “Сенің үй ішің мені үнемі сынап-мінейді”, “сенің анаңа ешқашан жақпайсың” деп асыра сілтеп сөйлеуден аулақ болыңыз.

  • Жағдайға жұбайыңыздың көзімен қарауға тырысыңыз.

2. ҚАЖЕТ БОЛҒАНДА, ӨЗ ДЕГЕНІҢІЗДЕ ТҰРЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Еркек әке-шешесін қалдырып, әйеліне қосылады, сөйтіп, екеуі біртұтас болады”,— делінген Құдай Сөзінде (Мұсаның 1-жазбасы 2:24). Өз алдыңызға отау тіккенде де, ата-анаңыз сіз үшін әлі де жауаптымыз деп ойлауы мүмкін. Олардың жеке өміріңізге тым араласып кетуі де сондықтан.

Ата-анаңыз отбасылық өмірлеріңізге қаншалықты араласа алатынын жұбайыңызбен ақылдасып алыңыз. Сосын мұны ата-анаңызға ізетпен әрі еш бүкпесіз айтып жеткізіңіз (Нақыл сөздер 15:1). Кішіпейілділік, жұмсақтық және шыдамдылық сияқты қасиеттер туған-туыстарыңызбен жақсы қатынаста болуға, сондай-ақ оларға “сүйіспеншілікпен төзімділік танытуға” көмектеседі (Ефестіктерге 4:2).

Күйеуі мен әйелі бір шешімге келіп отыр. Ерлі-зайыптылар ата-аналарына сыйлық беріп жатыр

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Туыстарыңыздың отбасыңызға жиі араласып кететіні сізді мазаласа, оңтайлы уақытта жарыңызбен осы жөнінде сөйлесіңіз.

  • Осы мәселеде ортақ шешімге келіп алыңыздар.

ТҮСІНІКПЕН ҚАРАҢЫЗ

Ата-анаңыздың сезімдері мен көзқарасын түсінуге тырысыңыз. Отбасыңызға араласқанда, олар мұны сізге жақсы болсын деп істейді. Әке-шешеңіз шын жүректен сіздің қамыңызды ойлайды. Балаларының өз алдына түтін түтетіп отырған отбасы екенін мойындау оларға оңай болмауы мүмкін. Ата-анаңыз тіпті өздерін елеусіз қалғандай сезінер. Алайда Құдай Сөзіндегі кеңестерді қолданудың және ашық пікір алысудың арқасында некеңіздің шырқын бұзбастан, ата-анаңызға құрмет көрсете аласыз.

ОЙТАМЫЗЫҚ

  • Ата-енем отбасымызға көп көңіл бөлсе, неге бұған таңғалмауым керек?

  • Жұбайымның мен үшін қымбат екенін, сөйте тұра ата-анамды да сыйлайтынымды қалай көрсете аламын?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу