Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • hf 3-бөл., 9—11 бет.
  • Шешілмейтін түйін жоқ

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шешілмейтін түйін жоқ
  • Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • 1. МӘСЕЛЕНІҢ БЕТІН АШЫП АЛЫҢЫЗ
  • 2. ТЫҢДАП, ТҮСІНУГЕ ТЫРЫСЫҢЫЗ
  • 3. ШЕШІМДІ ІСКЕ АСЫРЫҢЫЗДАР
  • Қиыншылықтарды шешу
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сыйлық қымбат емес, сыйластық қымбат
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Адалдық барда үй іргесі шайқалмас
    Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Құдайдың ақыл-кеңесі — бақытты отбасының арқауы
    Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
Көбірек мәлімет
Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
hf 3-бөл., 9—11 бет.
Сезімдерімен бөлісіп жатқан әйелін күйеуі тыңдап отыр

3-БӨЛІМ

Шешілмейтін түйін жоқ

“Бір-біріңді барынша сүйіңдер, өйткені сүйіспеншілік көптеген күнәні жабады” (Петірдің 1-хаты 4:8).

Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны белгілі. Бұған ерлі-зайыптылардың пікірі, сезімі мен өмірге деген көзқарасының әртүрлілігі себеп болуы мүмкін. Кейде қиындықтар сырттан, күтпеген жағдайлардың салдарынан туындап жатады.

Сондай кездері қиындықтардан қашып кеткіміз келетін шығар, бірақ Киелі кітап оларды шешуге кеңес береді (Матай 5:23, 24). Киелі кітаптағы кеңестерді қолданар болсаңыз, кез келген түйінді шеше аласыз.

1. МӘСЕЛЕНІҢ БЕТІН АШЫП АЛЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда “сөйлейтін уақыттың” бар екені айтылған (Уағыздаушы 3:1, 7). Туындаған мәселенің бетін ашып алуға жеткілікті уақыт бөліңіз. Жұбайыңызға бұған қатысты не сезінетініңізді, не ойлайтыныңызды ашық білдіріңіз. Оған әрдайым “шындықты айтыңыз” (Ефестіктерге 4:25). Жағдай ушығып жатқан күнде де, ұрыс-керіске жол бермеңіз. Биязы жауап қырық пышақ болып қырылысудан сақтайды (Нақыл сөздер 15:4; 26:20).

Жарыңыздың айтқандарымен келіспеген жағдайда да, ізеттен озбай, сүйіспеншілік пен сый-құрмет танытыңыз (Қолостықтарға 4:6). Қиындықтарды қолдан келгенше тез шешіп алуға тырысыңыз және сөйлеспей қоюдан аулақ болыңыз (Ефестіктерге 4:26).

Ерлі-зайыптылар туындаған мәселені бірге талқылап жатыр

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Мәселенің бетін ашып алу үшін қолайлы уақыт таңдаңыз.

  • Жұбайыңыз сөйлеп жатқанда, сөзін бөлмеңіз. Сіздің де сөйлейтін кезегіңіз келеді.

2. ТЫҢДАП, ТҮСІНУГЕ ТЫРЫСЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда: “Бір-біріңді туған бауырлардай жақсы көріңдер. Бір-біріңе бірінші болып құрмет көрсетіңдер”,— делінген (Римдіктерге 12:10). Жұбайыңызды қалай тыңдайтыныңызға мән бергеніңіз аса маңызды. Оның көзқарасын түсіну үшін сезіміне ортақтасып, кішіпейіл болыңыз (Петірдің 1-хаты 3:8; Жақып 1:19). Тыңдап жатқандай сыңай танытпай, мұны шын көңілден істеңіз. Мүмкін болса, істеріңізді ысырып қойып, жұбайыңызға бар зейініңізді аударыңыз, я болмаса кейінірек әңгімелесуді ұсынып көріңіз. Оны жауыңыз емес, жан досыңыздай көрсеңіз, оған “ренжуге асықпайсыз” (Уағыздаушы 7:9).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Естіп жатқандарыңыз құлағыңызға жақпаса да, кең көзқараспен қарауға тырысыңыз.

  • Жарыңыздың сөздерінің артында не тұрғанына мән беріңіз. Оның ым-ишараты мен дауыс сарынына көңіл аударыңыз.

3. ШЕШІМДІ ІСКЕ АСЫРЫҢЫЗДАР

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Әр бейнеттің зейнеті бар, құр сөз жоқшылыққа ұшыратар”,— делінген Құдай Сөзінде (Нақыл сөздер 14:23). Қабылданған шешіммен келісіп қоя салу жеткіліксіз, оны бірге іске асырғандарыңыз жөн. Бұл көп еңбектеніп, көп күш салуды талап етер, алайда берер нәтижесі соған тұрарлық (Нақыл сөздер 10:4). Егер бірлесе әрекет етсеңіздер, күш салғандарыңыздың “игі жемісін көресіздер” (Уағыздаушы 4:9).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Қиындықты шешу үшін әрқайсысыңыз не істейтіндеріңізді анықтап алыңыздар.

  • Қол жеткізген жетістіктеріңізді арагідік саралап отырыңыздар.

ЖҰМЫЛА ӘРЕКЕТ ЕТІҢІЗДЕР

Қиындықты бірлесіп шешкендеріңіз отбасыңыздың іргесін берік қылып, оны бақытты да баянды етеді (Нақыл сөздер 24:3). Өткен қиындықтарды қозғай бермей, алдағы жарқын күндер жайлы ойлаңыздар (Нақыл сөздер 17:9). Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Киелі кітаптағы кеңестерді қолдануға тырыссаңыздар, сіздер шеше алмайтын түйін болмайды.

ОЙТАМЫЗЫҚ

  • Мен жұбайыммен тез арада қай мәселені талқылауым керек?

  • Осы мәселеге қатысты жарымның не сезінетінін түсіну үшін не істей аламын?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу