Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • hf 2-бөл., 6—8 бет.
  • Адалдық барда үй іргесі шайқалмас

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адалдық барда үй іргесі шайқалмас
  • Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • 1. ОТБАСЫҢЫЗ — ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНАҢЫЗ
  • 2. ЖҮРЕГІҢІЗДІ БӨТЕН БІРЕУ ЖАУЛАП АЛМАСЫН
  • Құдайдың ақыл-кеңесі — бақытты отбасының арқауы
    Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Той өткен соң
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Некеңе адал бол
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Сыйлық қымбат емес, сыйластық қымбат
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
hf 2-бөл., 6—8 бет.
Әйеліне қолшатыр ұстап тұрған кұйеуі оған көліктің есігін ашып беруде

2-БӨЛІМ

Адалдық барда үй іргесі шайқалмас

“Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!” (Марқа 10:9).

Жаратушы Иеміз “адалдықты жоғары бағалағанымызды” қалайды (Миха 6:8). Бұл әсіресе отбасында маңызды, өйткені адалдық жоқ жерде сенім де болмайды. Ал сенім махаббат оты сөніп қалмас үшін аса қажет.

Өкінішке қарай, бүгінде адалдық атты ізгі қасиет аяқасты етілуде. Некеңізді бұдан сақтау үшін, келесі екі кеңеске ден қойыңыз.

1. ОТБАСЫҢЫЗ — ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда “ненің маңыздырақ екеніне көз жеткізіңдер” деген кеңес бар (Філіпіліктерге 1:10). Отбасыңыз — өміріңіздегі ең бағалы құндылықтардың бірі. Сондықтан оның алар орны ерекше болу керек.

Құдай сізден жарыңызға жіті көңіл аударып, “өмірдің қызығын” онымен бірге көреді деп күтеді (Уағыздаушы 9:9). Ол ерлі-зайыптылардың бір-бірін елеусіз қалдырмай, бақытты етудің жолдарын іздегендерін қалайды (Қорынттықтарға 1-хат 10:24). Сондықтан жарыңыздың өзін керекті әрі бағалы екенін сезінуіне қам жасаңыз.

Әйеліне ыстық шай әкелген күйеуі. Күйеуі үйіне келгенде әйелі ас дайындап жатыр

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Сүйікті жарыңызға әрдайым уақыт бөліңіз, осылайша бар көңіліңіз жарыңызда екенін көрсетіңіз.

  • “Мен” деп емес, “біз” деп сөйлеп үйреніңіз.

Пикникке шыққан кұйеуі мен әйелі бірге уақыт өткізуде

2. ЖҮРЕГІҢІЗДІ БӨТЕН БІРЕУ ЖАУЛАП АЛМАСЫН

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Кімде-кім бір әйелге құмарта қараса, өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны” (Матай 5:28). Егер әлдекім азғындық жайлы ойлай берсе, мұнысы жұбайына адалдық танытпағанмен бірдей болар еді.

Құдай Сөзінде: “Бәрінен де бұрын сақта жүрегіңді”,— делінген (Нақыл сөздер 4:23; Еремия 17:9). Бұл үшін алдымен не нәрсеге көз салатыныңызды қадағалауыңыз қажет (Матай 5:29, 30). Әйүп пайғамбар осы орайда керемет үлгі қалдырған. Ол бөтен әйелге ешқашан қарамаймын деп көзімен “келісім” жасасқан (Әйүп 31:1). Порнографияны мүлдем көрмеңіз. Өз қосағыңыздан бөтен біреуге романтикалық сезім оятудан аулақ болыңыз.

Кұйеуі жұмыс үстеліне әйелінің суретін қойып қойған

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Жұбайыңызға кіршіксіз адал екеніңіз өзгелерге көрініп тұрсын.

  • Жарыңыздың сезімдерін ойлаңыз және қарсы жынысты адаммен арақатынасыңыз оның көңіліне қаяу түсірсе, оны дереу тоқтатыңыз.

СІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?

Шындықтың жүзіне тура қарап, әлсіз тұстарыңызды анықтап алыңыз (Зәбүр 15:2). Өзгелерден көмек сұраудан тартынбаңыз (Нақыл сөздер 1:5). Азғындық жайлы ойлар маза бермей жатса, талмай күресіңіз. Бұл күресте сағыңыз сынбасын (Нақыл сөздер 24:16). Жарыңызға адал болып қалуға барынша тырысып жатқаныңыз үшін Жаратушы Ие оң батасын береді.

ОЙТАМЫЗЫҚ

  • Жұбайыма көбірек уақыт бөлу үшін не істей аламын?

  • Жарым мен үшін ең жақын досым ба?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу