36-ән
“Құдай қосқан” жұпты
1. Құрмет пен қуаныш —
Арқауы үш жіптің.
Куә болды Ехоба
Антына бұл жұптың.
Жан жарын аялауды
Күйеу уәде етті.
Қайырмасы:
“Адам ажыратпасын
Құдай қосқан” жұпты.
2. Олар тәлім алып,
Тыңдауды үйренді.
Некені нығайтпақ боп,
Құдайға жүгінді.
Күйеуін шын сүюді
Әйел уәде етті.
Қайырмасы:
“Адам ажыратпасын
Құдай қосқан” жұпты.
(Мұс. 1-ж. 2:24; Уағ. 4:12; Ефес. 5:22—33 қараңыз.)