55-ән
Міне, өмір мәңгі!
1. Көрдің бе, сенім көзбен
Татулықты жұрт сезген?
Кеткен ауру, мұң мүлде,
Бейбітшілік күнде!
Қайырмасы:
Қуанышпен ән сал,
Сол уақытты қарсы ал.
Деу үшін: “Бұл кез мәнді,
Міне, өмір мәңгі!”
2. Кәрілер бүлдіршіндей
Жүреді еш күрсінбей.
Жастық шаққа оралар,
Қорқыныш жоғалар.
Қайырмасы:
Қуанышпен ән сал,
Сол уақытты қарсы ал.
Деу үшін: “Бұл кез мәнді,
Міне, өмір мәңгі!”
3. Қуаныш дәмін татып,
Жұмақта жалындатып,
Құдай атын мадақтап,
Ән саламыз даңқтап.
Қайырмасы:
Қуанышпен ән сал,
Сол уақытты қарсы ал.
Деу үшін: “Бұл кез мәнді,
Міне, өмір мәңгі!”
(Әйүп 33:25; Зәб. 72:7; Аян 21:4 қараңыз.)