37-ән
Жазбалар рухтандырылған
1. Құдай Сөзі — жарық нұр,
Түнекте де жанып тұр.
Нәр алған одан жеңілдеп,
Шындықтың дәмін сезінбек.
2. Рухтанған сол сөздері,
Сонда өмір көздері.
Ергенге беріп тәлімін,
Әр істің ашады мәнін.
3. Құдай бізді сүйерін
Жазбалардан түйерің.
Күн сайын оны оқысақ,
Ақылға ақыл қосылмақ.
(Зәб. 119:105; Нақ. с. 4:13 қараңыз.)