35-ән
Құдайдың шыдамдылығына алғыс айту
1. Уа, Құдайым, шексіз қайратың,
Әділдікті сен жақтадың.
Зұлымдық жер бетін торлап,
Тынышыңды алды сорлап.
Жұрт кешікті деп пайымдайды,
Белгіленген уақты оңтайлы.
Ал біз жақын деп сенеміз,
Шыдамды да әділ Төреміз.
2. Мың жыл саған бір күндей болар
Қас қағымда зулап ұшар.
Өз уақытын лайым аңдап,
Сот күнің де келер таяп.
Зұлымдықты сен жақтырмайсың,
Өкінгенді бірақ ақтайсың.
Жүрек толып зор алғысқа,
Көз тігеміз әрдайым алға.
(Лұқа 15:7; Пет. 2-х. 3:8, 9 қараңыз.)