Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 52-саб., 265-б.—267-б., 4-абз.
  • Айтқан насихаттарың әсерлі болсын

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Айтқан насихаттарың әсерлі болсын
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Уағыздау қызметін кейінге қалдырмай атқарайық!
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Титке, Філимонға және Еврейлерге арналған хаттардағы көңіл бұрарлық ойлар
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • ‘Асқан шыдамдылыққа бөленіңдер’
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 52-саб., 265-б.—267-б., 4-абз.

52-САБАҚ

Айтқан насихаттарың әсерлі болсын

Не істеуің керек?

Көз жеткізерлік дәлелдер келтіре не сенімді көздердегі кеңестерге сүйене отырып, адамдарды белгілі бір іс-әрекетке талпындыр. Насихат айту байыппен, салмақты сөйлеуді талап етеді.

Бұл неге маңызды?

Насихат жақсылап айтылса, бұл өзгелерге Ехобаның баталарына ие болу үшін солай әрекет етудің қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі.

МӘСІХШІ ақсақалдар ‘дұрыс ілімге үйретіп, соған еруге жігерлендіре’ алулары керек (Тит. 1:9). Кейде өте қиын жағдайларда насихат айтуға тура келеді. Кеңестің Киелі кітаптағы басшылыққа сай берілгені өте маңызды. Олай болса, ақсақалдар: ‘Насихаттаумен... айналыса бер’,— деген шақыруға ден қоюлары керек (Тім. 1-х. 4:13). Бұл сабақ, негізінен, ақсақалдарға немесе сол қызметке ынталанып жүргендерге арналғанымен, ата-аналар мен Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізіп жүргендерге де насихат айтып, жөн-сілтеуге тура келеді. Сондықтан осы тараудағы басшылықты сондай жағдайларда да қолдануға болады.

Насихат айтатын кездер. Қай кезде насихат айтып, жөн сілтеу керектігін анықтау үшін, Киелі кітапта айтылған оқиғаларды қарастырып көрейік. Елші Петір ақсақалдарға бақташылар ретінде өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды насихат еткен (Пет. 1-х. 5:1, 2). Пауыл Титке жас жігіттерді “байсалды болуға шақыр” деп насихат айтқан (Тит. 2:6). Сондай-ақ ол бір сенімдегілерді “ауызбірлікті сақтап”, бауырластар арасында араздық тудырушылардан аулақ болуға шақырған (Қор. 1-х. 1:10; Рим. 16:17; Філіп. 4:2). Пауыл Салониқадағы қауым мүшелерін істеген игі істері үшін мақтаса да, алған өсиет-өнегелерін одан да жақсырақ қолдануға кеңес берген (Сал. 1-х. 4:1, 10). Петір бір сенімдегілердің ‘арам құмарлықтардан бас тартуларын’ ескерткен (Пет. 1-х. 2:11). Азғындыққа салынған арсыздардың ықпал етуі мүмкін екенін білген Яһуда бауырластарды “сенім үшін табандылықпен күресуге” шақырған (Яһуда 3, ЖД, 4). Бірде-біреуі күнәға алданып, қасарысып кетпеуі үшін мәсіхшілердің бәрі де өзара дем берісіп отыруға шақырылған болатын (Ев. 3:13). Петір әлі Мәсіхке сенбеген яһудилерді: ‘Мына азғын ұрпақтан құтқарылыңдар!’— деп ескерткен (Ел. іс. 2:40).

Осындай жағдайларда белгілі бір әрекет жасауға талпындыратындай шақырулар айту үшін бойымызда қандай қасиеттер болу керек? Насихат, жөн сілтеулер салмақты, бірақ дөрекі не өзгелердің көңілін түсіретіндей айтылмау үшін не істеу керек?

“Сүйіспеншілікпен”. Егер насихатты “сүйіспеншілікпен” айтпаса, тыңдаушының көңіліне қатты тиіп қалуы мүмкін (Філим. 9, ЖД). Сөз жоқ, егер жағдай шұғыл әрекет етуді қажет етсе, бұл баяндамашының сөзінен көрініп тұру керек. Ол жұмсақ сөйлейтін болса, кешірім сұрап жатқандай түйілуі мүмкін. Шақыруды салмақтап, әрі сезіммен айту керек. Адамдар сүйіспеншілікпен айтылған шақыруға көбірек құлақ асады. Пауыл салониқалықтарға қызметтестері мен өзі туралы: ‘Мынаны білесіңдер: әрқайсыңды туған баламыздай көріп... ескертіп, көздеріңді жеткіздік’,— деген (Сал. 1-х. 2:11, 12). Пауыл мен өзге де мәсіхші ақсақалдар бауырластарға сүйіспеншілікпен өтініп сөйлеген. Тыңдаушыларыңның шынымен қамын ойлап тұрғаның сөзіңнен көрініп тұрсын.

Әдеп сақтап сөйле. Іс-әрекетке талпындырғың келгендерді өзіңе қарсы қойып алма. Десе де, оларға ‘Құдайдың еркін түгел жариялаудан’ қаймықпа (Ел. іс. 20:27). Мейірімділікпен дұрыс әрекет етуге шақырғаныңды бағалайтын адам ренжімейді де, саған деген сүйіспеншілігін суытпайды да (Заб. 140:5).

Әдетте насихат айтып, жөн сілтегенде белгілі бір нәрсе үшін шын жүректен мақтаудан бастаған пайдалы. Бауырластардың істеп жатқан игі істері, яғни Ехобаның көңілі толатын істері: олардың іс жүзінде көрсетіп жатқан сенімдері, ынталы болуға талпындырып жатқан сүйіспеншіліктері мен сынақтарда танытып жатқан табандылықтары туралы ойлан (Сал. 1-х. 1:2—8; Сал. 2-х. 1:3—5). Мақтау сөздер бауырластарға өздерін бағалайтыныңды және оларды түсінетініңді көрсетеді, әрі ізінше айтылатын шақыруды қабыл алуларына көмектеседі.

“Зор сабырлылықпен”. Насихат айтып, жөн сілтегенде, ‘зор сабырлылық’ керек (Тім. 2-х. 4:2). Бұл нені білдіреді? Зор сабырлылық әділетсіздікке табандылықпен шыдауды және арандатушылыққа бой бермеуді білдіреді. Сабырлы адам айтқан кеңестеріне тыңдаушылар құлақ асады деген үмітін жоғалтпайды. Егер осындай рухпен насихат айтылса, тыңдаушының ешқайсысы да баяндамашы өздері туралы жаман ойда деп ойламайды. Бауырластардың өз қабілеттерін Ехобаға қызмет етуге барынша жақсылап қолданғысы келетініне деген сенімділігің олардың дұрыс әрекет етуге деген ықыластарын күшейтеді (Ев. 6:9).

‘Дұрыс ілімге үйрету’ арқылы. Ақсақал қалайша ‘дұрыс ілімге үйретіп, жігерлендіре’ алады? ‘Ілімімізге сәйкес шынайы хабарды берік ұстану’ арқылы (Тит. 1:9). Өз пікіріңді айтудың орнына, шақыруларыңды Құдай Сөзіне негізде. Не айту керектігін шешуде Киелі кітапқа сүйен. Қарастырып жатқан мәселеге қатысты Киелі кітаптың айтқандарын қолданудың бар пайдасын анықтап ал. Киелі кітап кеңестерін ұстанбаудың аяғы неге әкеп соққанын және әкеп соғатынын есіңде жақсылап ұста. Бұларды қажетті іс-әрекетті жасауға тыңдаушыларыңның көздерін жеткізу үшін қолдан.

Тыңдаушыларыңа не істеу керектігі мен оны қалай істеу керектігін міндетті түрде анық етіп түсіндір. Ой түзулеріңнің бәрі де толығымен Жазбаларға негізделгенін айқын көрсет. Егер Жазбалар талқыланып жатқан мәселеге қатысты шешім қабылдауда белгілі бір еркіндік берсе, оның шегі қандай екенін түсіндір. Сонан соң, тыңдаушыларыңның әрекет етуге деген шешімдерін нығайту үшін сөзіңді шақыру сөздермен аяқта.

‘Батылдықпен’ сөйлеу үшін. Насихат, жөн сілтеулер әсерлі болу үшін сөйлеуші адам ‘сенімде үлкен батылдыққа’ ие болу керек (Тім. 1-х. 3:13). Бұл үшін не қажет? Оның ‘ізгілікті үлгісі’ бауырластарына айтқан шақыруларына сай келу керек (Тит. 2:6, 7; Пет. 1-х. 5:3). Сонда тыңдаушылар да насихат айтып тұрған бауырластың өзі де соған сай әрекет ететінін түсінеді. Сонымен қатар оның сенімінен үлгі алуға болатынын көреді, себебі өзі де Мәсіхтің үлгісіне еліктеуге тырысып жүр (Қор. 1-х. 11:1; Філіп. 3:17).

Құдай Сөзіне негізделіп, әрі сүйіспеншілікпен айтылған насихат, жөн сілтеулер жақсы жемістер береді. Өзгелерге насихат айту міндеті жүктелгендердің бәрі де мұны жақсы атқаруға тырысулары керек (Рим. 12:8).

АЙТҚАН НАСИХАТТАР ӘСЕРЛІ БОЛУ ҮШІН

  • Сүйіспеншілік пен зор сабырлылық таныт, салмақты сөйле.

  • Насихатты толығымен Құдай Сөзіне негіздеп бер.

  • Насихатты жақсы үлгіңмен нығайта түс.

ЖАТТЫҒУ: Елші Пауылдың Філимонға арналған хатын оқып шығып, мыналарды тап: 1) шын жүректен шыққан мақтау сөздерін, 2) оның Онисымды қорғау үшін келтірген негізін, 3) Філимонға қайтып келген құлын қалай қабыл алуы керектігіне қатысты келтірген айғағы мен 4) Філимонның дұрыс әрекет ететініне берік сенетінін көрсететін сөздерін. Өзгелерге жөн сілтеп, насихат айтқанда Пауылдың үлгісіне қалай еліктей алатыныңды ойлан.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу