Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 53-саб., 268-б.—271-б., 2-абз.
  • Тыңдаушыларды жігерлендір және нығайт

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Тыңдаушыларды жігерлендір және нығайт
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • “Күн сайын бір-біріңді жігерлендіріп отырыңдар”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Жігер беруші Құдай Ехобаға еліктейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Бір-бірімізді “бұрынғыдан да көбірек” жігерлендірейік!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Сүйіспеншілігіңізбен өзгелерді нығайта беріңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 53-саб., 268-б.—271-б., 2-абз.

53-САБАҚ

Тыңдаушыларды жігерлендір және нығайт

Не істеуің керек?

Тыңдаушыларыңның көңілінде үміт отын жағып, бойларына батылдық ұялат; оларға дем беріп, нығайт.

Бұл неге маңызды?

Адамдар осы дүниенің тарапынан қатты қысым көруде. Кейбіреулерінің ұнжырғасы түседі. Баяндамашының сөзі мен қалай айтқаны тыңдаушыларға қатты әсер ете алады.

ҚҰДАЙДЫҢ қызметшілері қандай қиыншылықтарға кезікпесе де, қауым кездесулерінен күш-жігер ала алулары керек. Сол себептен, әсіресе ақсақалдар сөздері мен кеңестерінің өзгелерді шынымен жігерлендіретіндей болуын қадағалаулары керек. Ақсақалдар “желден қорған, жауын-шашынды күні панадай, шөл даладағы бұлақ көзіндей, шөлдеген жерге биік жартастың көлеңкесіндей” болулары керек (Иш. 32:2).

Егер ақсақал болсаң, баяндамаларың тыңдаушыларыңды сергітіп, жұбата ма? Ехобаға адалдықпен қызмет етіп жүргендерге дем бере ме? Адамдардың селқостығына, ал кейде қарсылығына қарамастан, Құдайдың еркін табандылықпен орындай беруге күш-қуат беріп, нығайта ма? Ал егер тыңдаушылар арасында қаржы-қаражаттың жетіспеуі не жазылмайтын аурудың кесірінен көңілі жабыққандар бар болса ше? Сен бауырластарыңды ‘тіліңмен нығайта’ аласың (Әйүп 16:5).

Баяндамашы ретінде бауырластарға Ехоба мен оның іс-шараларына үміт пен күш-қуаттың көзі ретінде қарауға көмектесу мүмкіндігіңді қолдан (Рим. 15:13; Ефес. 6:10).

Ехобаның істерін естеріне сал. Бауырластарға батылдық берудің негізгі жолдарының бірі — өткен ауыр кезеңдерде Ехобаның өз халқына қалай көмектескенін көрсету (Рим. 15:4).

Исраил халқы жаулары қоныстанған Уәде етілген жерге кірерде Ехоба Мұсаға Ешуаны “жігерлендіріп”, “нығайтуды” бұйырды. Мұса мұны қалай істеді? Ол Ешуаның көзінше, бүкіл халыққа Ехобаның оларға Мысырдан шығып жатқанда не істегендерін естеріне салды (Заң. қ. 3:28; 7:18). Сондай-ақ аморлықтарды жеңуге Оның қалай көмектескенін бүге-шігесіне дейін айтып берді. Сонан соң Ешуаны: “Батыл да табанды бол”,— деп шақырды (Заң. қ. 31:1—8). Бауырластарды жігерлендіруге тырысқанда, сен де Ехобаның олар үшін істегендерін еске салу арқылы нығайтасың ба?

Кейде адамдардың қиыншылықтан еңселері түсетіні соншалық, олар Патшалықтың баталарын көретіндеріне күмәндана бастайды. Оларға Ехобаның уәделеріне толық сенуге болатынын естеріне салып тұр (Еш. 23:14).

Кей елдерде уағыздау ісіне ресми түрде тыйым салынған. Мұндай жағдайларда мейірімді ақсақалдар бір сенімдегілерге Иса Мәсіхтің елшілерінің үлгісінен күш-қуат алуға көмектесе алады (Ел. іс. 4:1—5:42). Естер кітабында баяндалған оқиғалардың барысына Ехобаның қалай бағыт беріп отырғанын естеріне салу да бауырластарға батылдық беретінінде шек жоқ.

Кейбіреулер қауым кездесулеріне келгенімен, рухани өспейді. Бәлкім, оларға бұрынғы күнәларының ауыр болғаны сонша, Құдай ешқашан өздерін кешірмейтіндей көрінер. Мұндай жағдайда Ехобаның Манаса патшаға қалай қарағаны жайлы айтып берсең болады (Шеж. 2-ж. 33:1—16). Я болмаса өмір қалыптарын өзгертіп, мәсіхші болған және Құдай әділ деп ақтаған ертедегі Қорынт тұрғындары жайлы айтып берерсің (Қор. 1-х. 6:9—11).

Бәлкім, әлдекім басына түскен қиыншылықтары Құдайдың шапағатынан айырылғандықтан болып жатыр деп есептер. Мұндай адамдарға Әйүптің басынан нелерді өткізгенін және Ехобаға мінсіз адал болып қалғаны үшін қандай зор баталарға ие болғандығын естеріне салып өтсе болады (Әйүп 1:1—22; 10:1; 42:12, 13; Заб. 33:20). Әйүпті жұбатушысымақтары қандай да бір күнә жасадың деп айыптаған (Әйүп 4:7, 8; 8:5, 6). Ал Пауыл мен Барнаба болса, керісінше, шәкірттерді нығайтып және ‘сенімдерінде адал болуға’ жігерлендіріп жатып: “Болашақтағы Құдай Патшалығының заманына жеткенше әлі талай азап шегеміз”,— деген (Ел. іс. 14:21, 22). Сен де сынақтарға кезігіп жатқандарды мәсіхшілердің бәріне қиыншылықтарда табандылық таныту керектігін және мұның Құдайдың көз алдында өте бағалы екенін көрсету арқылы нығайта аласың (Нақ. с. 27:11; Мат. 24:13; Рим. 5:3, 4; Тім. 2-х. 3:12).

Тыңдаушыларыңды Ехоба уәделерін сөзсіз орындайтынына өз өмірлерінде қалай көздері жеткені жайлы ойланып көруге талпындыр. Естеріне салып тұру Ехобаның оларға қатысты уәделерін орындағанын көрулеріне көмектеседі. Забур 31:8-ден: “Мен саған ақыл-кеңес беремін, жүретін жолыңды көрсетемін; сені көзімнен таса қылмай, әрдайым жетелеп жүремін”,— деп оқимыз. Ехобаның қалай басшылық беріп, нығайтып отырғандарын естеріне түсіруге көмектесу арқылы сен тыңдаушыларыңа Ехоба әрбірінің қамын ойлайтынын және қандай сынаққа кезіксе де қол ұшын беретінін түсінулеріне жәрдемдесесің (Иш. 41:10, 13; Пет. 1-х. 5:7).

Сені Құдайдың қазіргі істері таңдандыратынын көрсет. Бауырластарды жігерлендіруге тырысқанда, олардың назарын Ехобаның қазір істеп жатқандарына аудар. Ол істердің өзіңді қатты таңдандыратынын көрсетсең, тыңдаушыларыңның жүрегінде де сондай сезім оятасың.

Өмірдегі қиыншылықтарды жеңуге Ехоба қалай көмектесіп жатқанын ойланып көрейік. Ол бізге ең жақсы өмір жолын көрсетуде (Иш. 30:21). Ол қылмыс, әділетсіздік, жоқшылық пен аурудың, өлімнің не себептен болып жатқанын және мұның бәрін қалай жоятынын түсіндіруде. Бізді жақсы көретін бауырластар берді. Сондай-ақ ең қымбат сый — дұға ету мүмкіндігін берді және өзінің Куәгерлері болу мәртебесіне ие етіп отыр. Ол көзімізді ашты, сондықтан Мәсіхтің көктегі тақта отырғанын және бұл дүниенің соңғы күндері жылдам таяп келе жатқанын көреміз (Аян 12:1—12).

Қауым кездесулері мен конгрестеріміз де Ехобаның баталары болып табылады. Осы шараларға шын жүректен риза екеніңді білдіріп сөйлесең, бұл тыңдаушыларыңның бауырластармен бас қосу мүмкіндігін бағалауға деген шешімдерін нығайтады (Ев. 10:23—25).

Уағыздау ісіне Ехобаның батасын беріп жатқанын көрсететін хабарлар да жігер береді. Бірінші ғасырда Пауыл мен Барнаба Иерусалимге жол жүріп бара жатқанда, басқа ұлт адамдарының Құдай жолына түскендігі жайлы егжей-тегжейлі айтып беріп, бауырластарды “қатты қуантып тастады” (Ел. іс. 15:3). Жігерлендіретін оқиғаларды айтып беріп, сен де бауырластарды қуанта аласың.

Адамдар істеп жатқан еңбектерінің игілігін көргенде, қатты қуанады. Бауырластарға қызметтегі істері үшін және кәріліктің не аурудың шектеу қойып жатқанына қарамастан, адалдықпен табандылық танытып жатқандары үшін мақтау айт. Ехоба өзінің есіміне көрсетіп жатқан сүйіспеншіліктерін ұмытпайтынын естеріне сал (Ев. 6:10). Сыналған сенім — баға жетпес қазына (Пет. 1-х. 1:6, 7). Бауырластарға мұны ескертіп тұру қажет.

Үмітіміз жайлы сезіммен айт. Құдай рухының жетелеуімен жазылған келешек туралы уәделер — Ехобаны жақсы көретіндер үшін күш-жігердің ең зор көзі. Бәлкім, тыңдаушыларыңның көбісі бұл уәделерді талай рет естіген болар. Бірақ оларды сенің ризашылықпен айтқаның тыңдаушыларың үшін сол уәделерді өмір шындығы етіп, іске асатынына деген сенімдерін нығайтып, жүректеріне ризашылық ұялатады. Теократиялық қызмет мектебінде үйренгендеріңді қолданғаның осындай нәтижеге қол жеткізуіңе көмектеседі.

Ехоба — өз халқы үшін жігер мен күш-қуаттың басты Бұлағы. Алайда сен де осындай баталарды басқаларға жеткізуге атсалыса аласың. Қауым кездесулерінде сөйлегенде, мұның керемет мүмкіндігі туады.

МҰНЫ ҚАЛАЙ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

  • Баяндамаңды дайындап жатқанда, тыңдаушыларың кезігіп жатқан қиыншылықтарды өзіңе ескертіп тұр. Оларды қалай жігерлендіріп, нығайтуға болатыны жайлы жақсылап ойлан.

  • Құдай Сөзін шебер қолдан. Өмірімізде кездесіп жатқан жағдайларда Киелі кітапты қалай қолдануға болатынын көрсет.

  • Шын жүректен және сезіммен сөйле.

ЖАТТЫҒУ: Осы аптада Киелі кітапты не өзге бір әдебиетті оқығанда, өзгелерді жігерлендіре алатын үзіндіні таңдап ал. Осы ойларды қауымдағы біреумен бөліс.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу