Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 51-саб., 263-б.—264-б., 4-абз.
  • Уақытында сөйлеп біту; уақытты дұрыс бөлу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уақытында сөйлеп біту; уақытты дұрыс бөлу
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Сауалдар жәшігі
    Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Қауымға арналған баяндамаларды дайындау
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Мектеп тапсырмасын дайындау
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Еркін сөйлеу
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 51-саб., 263-б.—264-б., 4-абз.

51-САБАҚ

Уақытында сөйлеп біту; уақытты дұрыс бөлу

Не істеуің керек?

Сөзіңді уақтылы бітір және әрбір бөлімге уақытты дұрыс бөл.

Бұл неге маңызды?

Әрбір негізгі ойды ашуға жеткілікті уақыт бөліну керек. Қауым кездесулерінің уақтылы аяқталғаны маңызды.

БЕРЕТІН тәліміңнің сапасына бірінші кезекте мән беру керек екені сөзсіз, дегенмен уақтылы сөйлеп бітіруді де ескерусіз қалдырмау керек. Кездесулеріміз өз уақытында басталып, белгіленген уақытта аяқталу керек. Бұл үшін бағдарлама бөліктеріне қатысатындардың бәрі де қызметтес бола білуі қажет.

Киелі кітап жазылған уақытта өмір сүрген адамдардың өмірге деген көзқарасы қазіргі адамдардікінен өзгеше болған. Ол кезде уақытты жобалап қана айтқан, мұны “сағат он екі және үш шамасында”, “сағат төрттер шамасы” деген тіркестерден көреміз (Мат. 20:4, 5; Жох. 1:39). Бірдеңені дәл мына уақытта істеу керек деп ойлаған жайттар сирек болған. Қазір де дүниенің кейбір бөліктерінде уақытқа осылай қарайды.

Жергілікті салт-дәстүрдің әсерінен не өзіміз қалағандықтан, уақытты емін-еркін жоспарлауға үйреніп қалған болсақ та, уақытқа тиісті түрде көңіл бөлуді үйренгеніміз пайдалы. Бағдарламаға бірнеше адам қатысатын болса, оның әрбір бөлігіне берілген уақытты ойлау керек. Бұл жерде “тек бәрінде әдеп пен тәртіп сақталсын” деген принцип қолданарлық (Қор. 1-х. 14:40).

Бөлінген уақыттан асырмай аяқтау үшін не істеу керек? Бұл жерде ең бастысы — дайындық. Жақсы дайындалмағандар әдетте сөзін өз уақытында бітіре алмай қалады. Бәлкім, олар өздеріне тым сенімді болар, не дайындықты соңғы сәтке қалдырып қояр. Уақтылы аяқтау үшін, ең алдымен, берілген тапсырманы бағалай біліп, әрі жақсылап дайындалуға әзір болу керек.

Мысалы, дауыстап оқу тапсырмасын алайық. Бірінші кезекте, жатық сөйлеу, кідіріс, логикалық екпін мен негізгі ойларға айрықша назар аудару туралы айтылған 4—7 дейінгі сабақтарды қайталап шық. Сонан соң сол сабақтардағы кеңестерді қолданып, берілген мәтінді дауыстап оқы. Уақытты қадағала. Уақтылы аяқтау үшін, бәлкім, сәл жылдамырақ оқу керек шығар? Онша маңызды емес тұстарды тезірек оқы, алайда негізгі ойларды баса назар аудару үшін кідіріс жасап, баяуырақ оқы. Қайта-қайта оқып жаттық. Қаншалықты жатық оқысаң, бөлінген уақыттан асырмай аяқтау соншалықты жеңіл болады.

Ал жоспарды қолданып сөйлеу туралы не деуге болады? Сөзіңді уақтылы аяқтау үшін оны бастан-аяқ түгел жазып алудың қажеті жоқ. 25-сабақпен жұмыс істегенде, бұның тиімдірек жолымен танысқан болатынсың. Келесі бес кеңесті есіңде ұста: 1) Жақсы материал таңда, бірақ ол тым көп болмасын. 2) Негізгі ойларды жақсылап түсініп ал, бірақ сөйлемдерді түгелімен жаттап алма. 3) Баяндамаңның әрбір бөлігіне қанша уақыт кететінін, я болмаса алғы сөзден бастап есептегенде, белгілі бір ойға дейін қанша уақыт өту керектігін жоспарыңда белгілеп ал. 4) Егер үлгермей жатсаң, қай жерлерін тастап кетуге болатынын дайындық барысында ойластыр. 5) Қайталап жаттық.

Қайталап жаттығу өте маңызды. Қайталағанда баяндаманың әр бөлігін уақтылы аяқтауды қадағала. Сөзіңді толығымен қажет уақытта аяқтап үйренбейінше, қайталап жаттыға бер. Бөлінген уақыттың ішінде көп нәрсе айтуға тырыспа. Көпшіліктің алдында сөйлегенде, қайталап жаттыққан кездегіден де көбірек уақыт кетуі мүмкін, сондықтан біршама артық уақыт қалдыр.

Әрбір бөлікке уақытты дұрыс бөл. Уақтылы аяқтау үшін баяндаманың әр бөлігіне кететін уақытты дұрыс бөлу керек. Ең көп уақытты оның негізгі бөлігіне бөлу қажет. Өйткені тәліміңнің мәнісі мен негізгі ойлары дәл осы бөлігінде қамтылған. Алғы сөзіңнің ұзақтығы 38-сабақта талқыланған үш мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей болу керек. Сонымен қатар 39-сабақта айтылғандай, негізгі бөлігі ұтымды қорытынды жасауға уақыт жетпей қалатындай ұзаққа созылып кетпеу керек.

Бөлінген уақыттан асырмай бітіруді үйрене отырып, баяндамаңды жақсартасың, әрі бағдарламаға қатысушы өзгелерді, сондай-ақ қауымды сыйлайтыныңды көрсетесің.

МҰНЫ ІСТЕУ ҮШІН

  • Күні бұрын жақсылап дайындал.

  • Баяндамаңның әр бөлігіне тиісінше уақыт бөліп, сол жоспарыңды ұстан.

  • Қайталап жаттық.

ЖАТТЫҒУ: Қауым кездесуіне 15—20 минут ертерек келуді жоспарла. Бүкіл отбасының жиналып үлгеруіне қажет уақытты да ескер. Жолға кететін уақытты да ескер. Уақтылы келуге кедергі болатын нәрселерді қалай жеңуге болатынын ойлан. Қажет болып бара жатса, өзгерістер жасап, құрған жоспарыңды бірнеше рет жүзеге асыруға талпынып көр. Баяндама айтқанда да осы іспеттес принциптер қолданылады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу