Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • dg 7-бөл., 14—17 бет.
  • Бүліктің нәтижесі қандай болды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бүліктің нәтижесі қандай болды?
  • Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қазіргі жағдай
  • Уақыт нені көрсетті?
  • Құдайдың көреген көзқарасы
  • Барлық қайғы-қасірет жақында жойылады!
    Барлық қайғы-қасірет жақында жойылады!
  • Құдайдың қайғы-қасіретке жол беру себебі
    Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
  • Құдай Патшалығы — жердің жаңа үкіметі
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Неге Құдай қайғы-қасіретке жол беріп отыр?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
dg 7-бөл., 14—17 бет.

7-бөлім

Бүліктің нәтижесі қандай болды?

1—3. Құдайдың ескертуі тура екендігін уақыт қалай дәлелдеді?

ҚҰДАЙДЫҢ басшылық ету құқына байланысты даулы мәселеге келсек, адамзаттың ғасырлар бойы Құдайдан тәуелсіз болған басшылығының нәтижесі қандай болды? Адамдар Құдайдан жақсы басқарушы бола алатынын дәлелдеді ме? Адамның адамға жасаған зұлымдығына қарасақ, олай болмағандығы анық көрінеді.

2 Бабаларымыз Құдайдың басшылығынан бас тартқан уақыттан бастап бақытсыздыққа ұшырай бастады. Олар өздеріне де, өздерінен тараған бүкіл адамзат отбасына да қайғы-қасірет әкелді. Олар өздерінен басқа ешкімді кінәлай алмады. Құдай Сөзі былай дейді: «Бірақ олар азғындыққа салынып, өз кемістіктерінің кесірінен Құдайдың балалары болудан қалды» (Заңды қайталау 32:5).

3 Қамқорлығынан бас тартса, қартайып өлетінін Құдайдың өзі ескерткен болатын. Бұның туралығын тарих көрсетіп отыр (Жаратылыс 2:17; 3:19). Олар Құдайдың басшылығынан бас тартып, уақыт өте келе шынымен-ақ қартайды да өлді.

4. Неге біз кемелсіз, ауру мен өлімге бейім болып туылудамыз?

4 Осының нәтижесінде олардың ұрпақтары қандай жағдайға ұшырағаны Римдіктерге 5:12-де түсіндіріледі: «Бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді». Сондықтан бабаларымыз Құдайдың бақылап отыруына қарсы болып, бүлік шығарғаннан кейін кемелсіз күнәкарларға айналды. Генетика заңы бойынша, олар ұрпақтарына өздерінде пайда болған кемелсіздіктен басқа ештеңе қалдыра алмады. Міне сондықтан біз өмірге кемелсіз, ауру мен өлімге бейім болып келіп жатырмыз.

5, 6. Бейбітшілік пен бақытты өмір үшін жағдайлар орнатудағы адамзаттың әрекетіне байланысты тарих нені көрсетіп отыр?

5 Көптеген ғасырлар өтті. Бір үстемдік етуші мемлекетті басқасы ауыстырып жатты. Басшылық етудің мүмкін болған барлық түрлері бастан өтті. Бірақ адамзат отбасы, бірінен соң бірі ілескен бақытсыздықтардан көз ашқан жоқ. Алты мың жыл өткен соң, адамдар бүкіл дүниеде бейбітшілік, әділеттілік пен жақсы өмір орнатып, оған қоса мейірімділік, рақымдылық пен бірлік сияқты қасиеттердің басшылығымен өмір сүреді деп күтуге болар еді.

6 Алайда іс жүзінде бәрі керісінше болып шықты. Адам ойлап тапқан басшылықтың ешбірі жалпыға бірдей бейбітшілік пен бақытты өмір үшін жағдайлар орната алмады. Осы XX ғасырдың өзінде, миллиондаған адамдардың холокауст [ұлтшылдық қырғын] кезінде топ-тобымен жойылғандығын және 100 миллионнан астам адамдардың соғыстарда қырылғанын көріп отырмыз. Біздің уақытымыздың өзінде қаншама адам басқа көзқарасқа деген шыдамсыздық пен саяси дау-жанжалдың кесірінен азапталып, айуандықпен өлтіріліп, түрмеге жабылды.

Қазіргі жағдай

7. Қазіргі кездегі адамзат отбасының жағдайы қандай?

7 Оған қоса, қазіргі кездегі адамзат отбасының барлық жердегі жағдайына қарашы. Қылмыс пен қатыгездік қаһарын төгіп тұр. Есірткі қабылдау кең жайылуда. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар жаппай індетке айналды. Миллиондаған адамдар өмірге қауіпті СПИД ауруын жұқтыруда. Адамдардың шамалысы үлкен байлыққа ие болып, ал миллиондағаны аштық пен аурудан өлуде. Адамдар жер шарын ластап, тоздыруда. Қайда қарасаң да ойран болған отбасы, аяққа тапталған ар-ұждан. Шынымен де қазіргі өмір, «осы дүниенің құдайы» — Шайтанның мейлінше жаман басшылығын көрсетіп отыр. Ол басқарып отырған дүние суық, қатыгез әрі әбден бүлінген (2 Қорынттықтарға 4:4).

8. Адамзаттың жетістіктерін неге нағыз дамығандық дей алмаймыз?

8 Құдай адамдарға өздерінің ғылым мен әл-ауқат жағынан дамуының жоғарғы шегіне жетулеріне жеткілікті уақыт берді. Бірақ олардың жетістіктерін нағыз дамығандық деуге бола ма? Найза мен садақтың орнына пулеметтер, танкілер, реактивті бомбылаушылар мен ядролық ракеталар пайда болды емес пе? Адамдар ғарышқа ұшқанымен, жер бетінде тату-тәтті өмір сүре алмай жатқандығын дамығандық деуге бола ма? Кей жерлерде тіпті күндізгі күні де адамдар көшеде жүруге қорқады. Осы да дамығандық па?

Уақыт нені көрсетті?

9, 10. а) Өткен ғасырлар нені айқын көрсетті? ә) Қалау еркіндігін Құдай неге қайтып алып қоймады?

9 Берілген уақыт, адамдар өз қадамын қадағалап Құдайдан тәуелсіз басшылық жүргізе алмайтындығын көрсетті. Ас-су мен ауасыз өмір сүре алмайтындай, олар Құдайдың басшылығынсыз да өмір сүре алмайды. Бұның дәлелі айдан анық: ас-су мен ауаға қалай тәуелді болып жаратылған болсақ, Құдайдың басшылығына да солай тәуелді болып жаратылдық.

10 Құдай зұлымдықтың болуына жол беру арқылы, қалау еркіндігін дұрыс қолданбаудың қайғылы нәтижеге әкелетіндігін біржолата көрсетті. Қалау еркіндігі құнды сыйлық болғандықтан, Құдай оны алып қоймай, оны дұрыс қолданбаудың нәтижесі қандай болатынын адамдардың өз көзімен көруіне мүмкіндік берді. Құдай Сөзі «өзінің қадамына бағыт беру жүрушінің билігінде емес» деп шындықты айтып отыр. Оның «адам адамның үстінен оған зиян келтіріп билік етеді» дегені де рас (Еремия 10:23; Екклесиаст 8:9).

11. Адамзаттың қандай да бір басқару жолы қайғы-қасіретті жоя алды ма?

11 Құдайдың адамзатқа алты мың жыл бойы басшылық етуге жол беруі арқылы, адамның қайғы-қасіретті жоя алмайтындығын анық көрсетті. Бұл олардың қолынан ешқашан да келген емес. Мысалы, Сүлеймен патша қаншама дана болып, байлық пен билікке ие болса да, адамзаттың басшылығынан болған нашар жағдайларды кезінде қалпына келтіре алмаған (Екклесиаст 4:1—3). Бүгінгі күні де, техниканың тіпті ең соңғы жетістіктерін қолданса да, дүниедегі алдыңғы қатарлы адамдар қайғы-қасіретті жоюға дәрменсіз. Тарихтан көріп отырған одан да қайғылы жай: Құдайдың басшылығынан тәуелсіз болған адамдар, қайғы-қасіретті жоюдың орнына, көбейтіп жіберді.

Құдайдың көреген көзқарасы

12—14. Құдайдың қайғы-қасіретке жол бергендігінің нәтижесі бізге қандай мәңгілік пайда әкеледі?

12 Құдай қайғы-қасіретке жол бергендіктен, біз көп азап шектік. Бірақ Құдай белгілі бір уақыттан кейін нәтижесі жақсы болатынын біліп, көрегендік танытты. Құдайдың бұндай көзқарасы, жаратқандарына бірнеше жыл немесе мыңдаған жылдар ғана емес, миллиондаған жылдар, тіпті мәңгілік пайдасын тигізеді.

13 Егер болашақта біреу қалау еркіндігін жамандық жасауға қолданып, Құдайдың іс-әрекетіне күмән келтіретін болса, оған өз әрекетінің дұрыстығын дәледеп жатуына уақыт берудің қажеті болмайды. Өйткені Құдай бүлікшілерге мыңдаған жыл өмір сүруге мүмкіндік беру арқылы, әлемнің кез- келген жерінде, барлық уақытта үлгі боларлық сабақ көрсетті.

14 Құдай зұлымдық пен қайғы-қасіреттің болуына жол беруінің арқасында, Оның еркіне қайшы келетін нәрсенің бәрі де жақсы нәтижеге әкелмейтіні дәлелденеді. Адамдардың да, рухани жаратылыстардың да одан тәуелсіз жасаған бірде-бір жоспарларының пайдасы ұзаққа созылмайтыны анық болады. Осының арқасында, кез келген бүлікшіні тез арада жоюға Құдай толық қақылы болады. «Арам ойлы адамдарды жояды» (Забур 144:20; Римдіктерге 3:4).

[15-беттегі сурет]

Алғашқы бабаларымыз, Құдайдан тәуелсіз болуды таңдап алған соң, көп кешікпей қартайып өлді.

[16-беттегі суреттер]

Адамзаттың Құдайдан тәуелсіз басқаруы зиянды болып шықты.

[Рұқсатымен]

U.S. Coast Guard photo

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу