Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g22 № 1 13—15 бет.
  • 4. Үмітіңізді үзбеңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 4. Үмітіңізді үзбеңіз
  • Ояныңдар! 2022
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
  • Нені ескерген жөн?
  • Сақтанғанды Құдай сақтайды
  • Киелі жазбалардағы үміт өрге тартады
  • Үміт берер не бар?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Киелі кітап нұрлы үміт сыйлайды
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Киелі жазбалар нұрлы үміт сыйлайды
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (Киелі кітап сабақтарына кіріспе)
  • 2024 жылға қандай үміт артамыз? Киелі кітапта не делінген?
    Сан түрлі тақырыптар
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2022
g22 № 1 13—15 бет.
Гүлі бар вазаның алдында Киелі кітап ашық тұр.

АЛАСАПЫРАН ЗАМАН

4 | Үмітіңізді үзбеңіз

БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Дүниедегі дүрбелең адамның тән саулығын да, жан саулығын да аяп жатқан жоқ. Өмірден түңіліп, ертеңнен үміт үзгендер аз емес. Мысалы:

  • Кейбірі болашаққа қолды бір-ақ сілтеп қоя салады.

  • Басқалары уайымдарын спиртті ішімдікпен не есірткімен басуға тырысады.

  • Біреулері: “Бұлай өмір сүргенше, өлгенім артық”,— деп, өздеріне қол жұмсауды ойлай бастайды.

Нені ескерген жөн?

  • Қиыншылықтардың кейбірі уақытша, тіпті сіз ойламаған жерден жағдайыңыз оңалып кетуі мүмкін.

  • Оңалмаған күнде де, оған төтеп берудің амалдары бар екенін ұмытпаңыз.

  • Киелі жазбалар адамзаттың барлық қиындықтары келмеске кететінін уәде етіп, берік үміт береді.

Сақтанғанды Құдай сақтайды

Киелі жазбаларда: “Ешқашан ертеңгі күнді ойлап уайымдамаңдар, өйткені ертеңгі күннің өз уайымы бар. Әр күннің қиыншылығы өзіне жеткілікті”,— делінген (Матай 6:34).

Мәселені туған бойда шешіп отырыңыз. Алдағы күнді уайымдап сарғая бермеңіз, әйтпесе бүгінгі күннің әуресі шешілмей қалып қояды.

Қара аспанды төндіріп, әлі болмаған нәрсені уайымдап кетсек, жүгімізге жүк қосып аламыз, үмітіміз де үзіле бастайды.

ҚАЙТІП ӨТПЕКПІЗ? Ақыл қалта

ҮНЕМІ ЖАҚСЫ ОЙЛАР ОЙЛАҢЫЗ

Бір әйел терезеден риза болып қарап тұр.

Киелі жазбаларда: “Мұңшыл адамның барлық күні қайғылы, Көңілді жанның әр күні той-думан”,— делінген (Нақыл сөздер 15:15). Жағдайдың жаман жағын ойлай берсеңіз, көзіңіз тұмшаланып, шығар жолды көрмей қаласыз. Ал оң көзбен қарасаңыз, шешімін тауып, шара қолдана бастайсыз.

  • Жаңалықтар көретін уақытыңызды шектеңіз.

  • Күнде кешке қандай 2-3 жайтқа риза болғаныңызды жазып отырыңыз.

  • Атқарылу керек істердің тізімін жасаңыз, бірақ тек сол күні істей алатыныңызды жазыңыз. Үлкен істерді бөліп-бөліп жасаңыз, сонда күннің аяғына қарай біраз нәрсе тындырып тастағаныңызды көресіз.

ЖЫЛАМАҒАН БАЛАҒА СҮТ ЖОҚ

Үлкен жастағы кісі жастау ер адамға сеніммен сөйлеп жатыр.

Киелі жазбаларда: “Оқшауланған жан қара басын ойлар, Даналық атаулыдан бас тартар”,— делінген (Нақыл сөздер 18:1). Терең ордан досымыздың қолынан ұстап шықпасақ, жалғыз өзіміз шыға алмаймыз.

  • Жақындарыңыз бен достарыңыздан көмек сұраңыз.

  • Өзіңіз де оларға көмек қолын созуға асық болыңыз. Сонда өз проблемаларыңыздан бас көтере алмайтын жағдайға жетпейсіз.

  • Үмітіңіз сөгіліп, өмірден түңіліп кетсеңіз, дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс болар. Өйткені мұндай күй кейде депрессия сияқты аурулардың себебінен болады. Ем алғанның арқасында көп адам өздерін әлдеқайда жақсы сезінгенa.

a  “Ояныңдар!” журналы қандай да бір ем-шара түрін ұсынбайды.

Киелі жазбалардағы үміт өрге тартады

Ежелде бір пайғамбар Құдайға: “Сенің сөзің — шырағдан, аяғыма жарығын, жүрер жолыма нұрын шашады”,— деп жырлаған (Зәбүр 119:105). Құдайдың сөзі — Киелі жазбалардың шырағданға теңелуі бекер емес.

Қараңғы түнде қолымызда шырағдан болса, аяғымызды қайда басып, қайда жүру керектігін көре аламыз. Даналыққа тұнған Киелі жазбалар да өмірде дұрыс жолды таңдап, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Шырағданның, мысалы қолшамның, жарығы алысты көрсете алады. Киелі жазбалар да алда бізді жарқын күндер күтіп тұрғанын айтады.

Киелі жазбалар — қасиетті кітап. Ол адамзаттың о бастан бергі тарихын баяндап қана қоймай, кемел келешекке деген мызғымас үміт сыйлайды. Онда мына сұрақтардың жауабы бар:

Қалай?

Адамдардың бүкіл қиыншылығы қалай басталды? “Бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды, себебі бәрі күнә жасады” (Римдіктерге 5:12).

Неге?

Үкіметтер қиыншылықтарды неге шеше алмай отыр? “Пенденің өмір жолы өз билігінде емес екенін білемін. Адам тіпті өз қадамына бағыт бере алмайды” (Еремия 10:23). Әлемнің бүгінгі ахуалы осыны көрсетіп отыр, солай емес пе?!

Құдай не істейді?

Әлемдегі жағдайды реттеу үшін Құдай не істейді? “Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4).

“Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” видеосынан бір фрагмент. Әйелі Киелі кітаптан білгенін күйеуіне айтып жатыр.

БІЛГЕНГЕ МАРЖАН. “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” видеосын көру үшін, тақырыбын jw.org сайтына теріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу