Әлемдегі дүрбелеңнен адамдардың өздері ғана жапа шекпей, арақатынастары да шытынай бастайды.
Көпшілігі өздері білмей жора-жолдастарынан алшақтап кетеді.
Жұбайлар бір-біріне ызалары келіп, берекелері қаша бастайды.
Ата-аналар балаларының көңіл күйі мен уайымына онша мән бермей, тіпті мүлдем елемеуі мүмкін.
Нені ескерген жөн?
Достар деніміздің де, жанымыздың да саулығына көп үлес қосады, қиындықта құлап жатсақ, тірек бола алады.
Дүниедегі дүрбелең жұбайларды стреске салып жатқандықтан, отбасында тосын қиындықтар тууы ғажап емес.
Қорқынышты жаңалықтар балаңыздың психикасына қаншалықты әсер етіп жатқаны ойыңызға кіріп те шықпауы мүмкін.
Сақтанғанды Құдай сақтайды
Киелі жазбаларда: “Нағыз дос әрқашан жақсы көрер, Ол — бауырың қиын шақта арқа сүйер”,— делінген (Нақыл сөздер 17:17).
Сізге тірек болып, ақылын айта алатын арқа сүйер досыңыз бар ма? Сондай жанашырыңыздың бар екенін білудің өзі сол күнгі ауыртпалықты көтеруге күш береді.