Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lff 2-саб. 1—5 тақ.
  • Киелі кітап нұрлы үміт сыйлайды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітап нұрлы үміт сыйлайды
  • Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
  • ТҮЙІНДЕМЕ
  • ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
  • Киелі жазбалар нұрлы үміт сыйлайды
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (Киелі кітап сабақтарына кіріспе)
  • Жарқын болашаққа жарық үміт
    Сан түрлі тақырыптар
  • 2023 жылы жақсылыққа үміттенеміз. Киелі кітап бұл жайлы не дейді?
    Сан түрлі тақырыптар
  • 2024 жылға қандай үміт артамыз? Киелі кітапта не делінген?
    Сан түрлі тақырыптар
Көбірек мәлімет
Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
lff 2-саб. 1—5 тақ.
2-сабақ. Кең алқаптағы бидай егістігінің үстінен көтеріліп келе жатқан күн.

2-САБАҚ

Киелі жазбалар нұрлы үміт сыйлайды

Баспа басылымы
Баспа басылымы
Баспа басылымы

Дүниенің қай бөлігінде тұрмасын, адамдар әртүрлі қиындықтардың кесірінен қайғырып, уайымға салынып, тіпті дертке шалдығып жатады. Осындай жағдай сіздің де басыңызға түскен бе? Мүмкін, сіз аурудан немесе жақын адамыңыз қайтыс болғандықтан қиналып жүрген шығарсыз. Сондайда сізде “өміріміз жақсара ма өзі?” деген сұрақ туар. Бұл сұраққа Киелі жазбаларда көңілге жұбаныш беретін жауап бар.

1. Киелі жазбалардың берер үміті қандай?

Киелі жазбалар адамзаттың қиындықтан неге көз ашпай жатқанын түсіндіреді. Сондай-ақ оның бізге айтар жақсы хабары да бар: жақында осы қиыншылықтар атымен болмайды. Киелі жазбалардағы уәделер сізге “жарқын болашақ пен үміт сыйлайды” (Еремия 29:11, 12 оқыңыз). Бұл уәделер бізге қазіргі қиындықтарды еңсеруге, өмірге жақсы көзқараспен қарауға және мәңгі таусылмас бақытқа қол жеткізуге көмектеседі.

2. Киелі жазбалар қандай болашақты уәде етеді?

Киелі жазбалар “енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайтын” заман келеді деп уәде етеді (Аян 21:4 оқыңыз). Сол кезде адамның үмітін сөндіретін кедейлік, әділетсіздік, ауру мен өлім сияқты қиындықтар болмайды. Адамдар жер бетінде орнайтын жұмақта мәңгі жасап, өмірдің рақатын көреді.

3. Киелі жазбалардағы уәделердің орындалатынына қалай көз жеткізуге болады?

Көп адам алдан жақсылық күтеді, бірақ үміттері ақталатынына сенімсіз. Ал Киелі жазбалардағы уәделер сөзсіз орындалады. Мұның растығына көз жеткізу үшін “Жазбаларды мұқият зерттесек болады” (Елшілердің істері 17:11). Киелі жазбаларды оқып-зерттеп жатқанда, болашаққа қатысты уәделеріне сенуге бола ма, жоқ па — соны өзіңіз үшін анықтай аласыз.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Киелі жазбалардағы болашаққа қатысты кейбір уәделерді қарастырайық. Ондағы үміт бүгінде адамдарға қалай көмектесіп жатқанын көрейік.

Коллаж: Суретте адамдардың бүгінгі ахуалы мен Киелі кітаптың болашаққа қатысты уәделері орындалғанда болатын жағдай салыстырылған. Бұл сурет төменде қайталанады.

4. Мамыражай заманда мәңгі жасаймыз

Киелі жазбалардағы уәделердің кейбірі төменде келтірілген. Оқып, танысып көріңіз. Сізге қайсысы әсіресе ұнады? Неге?

Уәделердің қасындағы тармақтарды оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бұл тармақтар сізге үміт сыйлай ма? Сіздің ойыңызша, осы сөздер отбасыңызға және достарыңызға да үміт бере ме?

Мынадай дүниеде өмір сүріп жатқаныңызды елестетіңізші:

ЕШКІМ...

ӘРБІР АДАМ...

  • қайғырмайды, қартайып, өлмейді (Ишая 25:8).

  • жер бетінде қайта тірілген жақындарымен қауышады (Жохан 5:28, 29).

  • ауырмайды, мүгедек болмайды (Ишая 33:24; 35:5, 6).

  • денсаулығы мықты болып, бойына жастық шақтың күш-жігері құйылады (Әйүп 33:25).

  • әділетсіздік көрмейді (Ишая 32:16, 17).

  • мол азық-түліктің, жайлы үй мен қызығып істейтін жұмыстың рақатын көреді (Зәбүр 72:16; Ишая 65:21, 22).

  • соғыстан жапа шекпейді (Зәбүр 46:9).

  • керемет тыныштыққа кенеледі (Зәбүр 37:11).

  • жаман нәрселерді ойлап не еске алып қиналмайды (Ишая 65:17).

  • ғажайып өмірде мәңгі жасайды (Зәбүр 37:29).

Бұрын ауырып жатқан баланың қазір дені сап-сау, анасын құшақтап тұр. Қария кісі қазір жап-жас әрі көкөніске толы арбаны сүйреп барады. Кезінде аш-жалаңаш болып, ауыр жұмысқа салынған балалар енді өсімдік отырғызып, доп қуып жүр. Еңсесі езіліп, бүгілген әйел қазір бойын тіктеп, күлімсіреп тұр.

5. Құдай Сөзіндегі үміт алға жетелейді

Айналасындағы қиындықтарды көргенде, көп адамның еңсесі түсіп, тіпті ызасы келеді. Ал кейбіреулер жағдайды жақсарту үшін барын салып күреседі. Киелі жазбалардағы үміт сыйлайтын уәделер адамдарға қазір қалай көмектесіп жатқанын біліңіз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

БЕЙНЕРОЛИК: “Мен әділетсіздікті жойғым келді” (4:07)

Коллаж: “Мен әділетсіздікті жойғым келді” бейнеролигінен үзінділер: 1. Рафика жас кезінде өз нәсілінің адамдарымен бірге мақта терді. 2. Рафика Ехоба куәгерлерінің аймақтық конгресіне алғаш рет келгенде, әртүрлі нәсіл өкілдерінің бірге жиналғанын көріп, таңғалуда.
  • Бейнероликте қандай әділетсіздік Рафиканың жанына батты?

  • Бұл әділетсіздік жойылмаса да, Киелі кітап оған қалай көмектесті?

Құдай Сөзіндегі болашаққа деген үміт бізге көңілімізді түсірмеуге және қиындыққа мойымауға көмектеседі. Нақыл сөздер 17:22 мен Римдіктерге 12:12 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Киелі жазбалардағы үміт беретін сөздер өміріңізді қазір жақсарта ала ма? Неге?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Киелі кітаптағы уәделер ертегі сияқты естіледі екен”.

  • Киелі кітаптағы уәделердің орындалатынына дәлел іздеу неге маңызды деп ойлайсыз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Киелі жазбалар болашағымыз жарқын болады деп уәде етеді. Бұл бізге алға үмітпен қарауға, қиындықтарға төтеп беруге көмектеседі.

Қайталау

  • Неге адамдар үмітке зәру?

  • Киелі жазбаларда болашақ жайлы не айтылған?

  • Болашаққа үмітіңіз бар болса, бұл сізге қазір қалай көмектеседі?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Үміттің күші жайлы оқып көріңіз.

“Үмітті қайдан тапса болады?” (“Ояныңдар!” (ор.), 22 сәуір, 2004)

Болашаққа деген үміт созылмалы дертке шалдыққандарға қалай демеу болатынын біліңіз.

“Созылмалы аурудың кезінде Киелі кітаптың көмегі бар ма?” (jw.org сайтындағы мақала)

Мына бейнебаянды тамашалаған кезде, өзіңіздің және отбасыңыздың Киелі кітап уәде еткен жұмақта өмір сүріп жүргенін елестетіңіз.

“Иә, көз алдымда” (3:37)

Киелі кітаптағы болашаққа қатысты үміт жайлы білгенде, қоғамның белсенді мүшесі болған бір адамның өмірі қалай өзгергенін оқып көріңіз.

“Енді мен дүниені өзгертуім керек деген ойда емеспін” (“Күзет мұнарасы”, 1 шілде, 2013)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу