Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g22 № 1 7—9 бет.
  • 2. Қаражатты ақылмен жұмсаңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 2. Қаражатты ақылмен жұмсаңыз
  • Ояныңдар! 2022
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
  • Нені ескерген жөн?
  • Сақтанғанды Құдай сақтайды
  • Азға қанағат ету
    Сан түрлі тақырыптар
  • Ақша және отбасы
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ақшаны ұқсата біліңіз
    Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Қаражатты жұмсай білу
    Ояныңдар! 2019
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2022
g22 № 1 7—9 бет.
Ұста ағашқа шеге қағып жатыр.

АЛАСАПЫРАН ЗАМАН

2 | Қаражатты ақылмен жұмсаңыз

БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Бүгінде нан тауып, жан бағудың өзі көп адам үшін қиынға соғады. Ал әлемде болып жатқан ауыр жағдайлар күнкөрісті одан бетер қиындатып жібереді. Өйткені:

  • Аласапыранда барлығы қымбаттап, соның ішінде тамақ пен баспананың бағалары ұша бастайды.

  • Дағдарыстың кесірінен жұмыссыздық көбейіп, жалақы тым мардымсыз болып кетуі мүмкін.

  • Табиғи апаттар адамдарды бүкіл кәсібінен, үйі мен басқа да мүлкінен айырып, бір күннің ішінде-ақ жоқшылыққа ұшыратуы мүмкін.

Нені ескерген жөн?

  • Ақшаны ақылмен жұмсай білсеңіз, дағдарыста жан сақтау жеңілірек болады.

  • Мүлкіміз не жинаған қаржымыз бізге кепілдік бере алмайды, себебі олар бір пәсте-ақ құнсызданып кетуі мүмкін.

  • Ақшамен өлшенбейтін нәрселер де бар екенін ұмытпаңыз, мысалы, бақыт пен отбасындағы ынтымақ.

Сақтанғанды Құдай сақтайды

Киелі жазбаларда: “Ішер ас, киер киім және баспана болса, соны қанағат етейік”,— делінген (Тімөтеге 1-хат 6:8).

Қанағат ету қалауымызды шектеп, қажетіміздің барына шүкір, жоққа сабыр етуді білдіреді. Әсіресе, күніміз тиын-тебенге қарап қалғанда осылай еткен маңызды.

Бәлкім, бұрынғыша емес, қарапайымдау өмір сүру керек болар. Өйткені кірістен шығыс көп болып кетсе, өз жағдайыңызды өзіңіз қиындатып алуыңыз мүмкін.

ҚАЙТІП ӨТПЕКПІЗ? Ақыл қалта

Аласапыран уақытта қаражатты ақылмен жұмсауға арналған кеңестер

ШЫҒЫНДЫ АЗАЙТЫҢЫЗ

  • Үлкен жасар әйел бақшасынан сәбіз жинап жатыр.

    Шығынды азайтыңыз

    Техниканы не киімді жаңартуға асықпаңыз. Бәлкім, жеке көліксіз жүре аларсыз немесе көкөністерді бақшада өзіңіз өсірерсіз.

  • Бір нәрсе сатып алмас бұрын ойланып алыңыз. Ол сізге шынымен қажет пе, қалтаңыз көтере ме?

  • Қолжетімді болса, мемлекеттік жәрдемақы мен гуманитарлық көмекке жүгініңіз.

“Біз бүкіл үй ішімізбен отырып, ақшаны қалай жұмсайтынымызды талқылап алдық. Сөйтіп, ақша тұратын демалыс пен көңіл көтеру түрлерінен бас тарттық. Ал азық-түлікті арзан жерден алатын болдық” (Гифт).

БЮДЖЕТ ҚҰРЫҢЫЗ

Бір қыз чектерге қарап, калькулятормен есептеп жатыр.

Бюджет құрыңыз

Киелі жазбаларда: “Ынталының жоспарлары табысқа жетелер, ал асығатын адам жоқшылыққа ұшырар”,— делінген (Нақыл сөздер 21:5). Бюджет құрып алсаңыз, шығындарыңыз кірістен асып кетпеуін қадағалай аласыз. Бұл үшін:

  • Бір айда қанша табатыныңызды жазып қойыңыз.

  • Сосын, бір айда кететін шығындардың тізімін жасаңыз. Сонда ақшаңыз қайда кетіп жатқанын анықтай аласыз.

  • Ал енді шығыс пен кірісті салыстырып көріңіз. Шығыс кірістен асып кетсе, қай нәрседе ақша үнемдеу керектігін шешіп алыңыз.

“Біз ай сайын тізім жасап, шығыс пен кірісті салыстырып отырамыз. Төтенше жағдайға және кейін сатып алатын нәрселерге деп бөлек ақша салып қоямыз. Осының арқасында біз көп уайымдамайтын болдық, себебі әр теңгеміздің есебі бар” (Карлос).

ҚАРЫЗ АЛМАҢЫЗ, АҚША ЖИНАҢЫЗ

  • Анасы қызына ақшаны банкаға салуға көмектесіп жатыр.

    Қарыз алмаңыз, ақша жинаңыз

    Қарыздарыңызды қалай азайтуға болатынын ойластырыңыз. Мүмкін болса, қарызға мүлдем жоламаңыз. Бір нәрсе сатып алу керек болса, қарыз алуға емес, ақша жинауға асық болыңыз.

  • Ай сайынғы қаржыңыздың аз-мазын бөлек қойып, оны жоқ деп санаңыз. Сонда аяқастынан туған немесе жоспарланған жағдайларға қаржы дайын тұрады.

ЕҢБЕКҚОР, АДАЛ БОЛЫҢЫЗ

Киелі жазбаларда: “Әр бейнеттің зейнеті бар”,— делінген (Нақыл сөздер 14:23).

  • Ұста ағашқа шеге қағып жатыр.

    Еңбекқор, адал болыңыз

    Жұмысыңызды сүйіп істеуге күш салыңыз. Армандаған ісіңіз сол болмаса да, соның арқасында өзіңізді, үйіңізді асырай аласыз.

  • Жауапты әрі еңбекқор болыңыз. Осындай абыроймен жұмысыңыздан айырылып қалмайсыз, ал айырылып қалған күнде басқа жұмысқа орналасу жеңіл болады.

“Мен қандай жұмыс шықпасын, мейлі айлығы аз болса да, өзіме жақпаса да істеуге дайынмын. Жұмысымды адал атқаруға, біреу үшін емес, өзім үшін істеп жатқандай жанымды салуға тырысамын” (Дмитрий).

Жұмыс іздеп жүрсеңіз

  • Күтіп отырмай, әрекет қылыңыз. Жұмысшы іздестіріп жатпаған кәсіпорындарға да хабарласып, жұмыс сұрасаңыз болады. Жұмыс іздеп жүргеніңізді туыстарыңыз бен достарыңызға айтып қойыңыз.

  • Бейімделе біліңіз. Өйткені арманыңыздағы жұмыс шыға бермеуі мүмкін.

Ата-анасы қаржыларын есептеп жатыр, далада балалары ойнап жүр.

БІЛГЕНГЕ МАРЖАН. “Азға қанағат ету” деген мақаланы оқу үшін, тақырыбын jw.org сайтына теріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу