Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g22 № 1 4—6 бет.
  • 1. Денсаулығыңызды күтіңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 1. Денсаулығыңызды күтіңіз
  • Ояныңдар! 2022
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
  • Нені ескерген жөн?
  • Сақтанғанды Құдай сақтайды
  • Айтып келмеген аурумен күрес
    Сан түрлі тақырыптар
  • Тән саулығы
    Ояныңдар! 2019
  • Денсаулықты күтуге қатысты Киелі кітаптың көзқарасын ұстан
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Стреспен күрес
    Ояныңдар! 2020
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2022
g22 № 1 4—6 бет.
Үстелде пайдалы тамақтың түр-түрі тұр.

АЛАСАПЫРАН ЗАМАН

1 | Денсаулығыңызды күтіңіз

БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Апаттар мен дағдарыс сияқты дүрбелең жағдайлар адам денсаулығына тікелей де, жанама түрде де кері әсерін тигізеді. Мысалы:

  • Адамды стреске душар етеді. Ал ұзаққа созылған стресс денсаулықты әлсіретіп, түрлі ауруға шалдықтырады.

  • Ауруханалар науқас не жарақаттанған адамдарға лық толып, медициналық қызметтер шектелуі және дәрі-дәрмек тапшы болып қалуы мүмкін.

  • Қаржылай қиындықтар туындап, біреулер тіпті ішер ас пен қажетті дәріге қол жеткізе алмай қалуы мүмкін.

Нені ескерген жөн?

  • Ауыр дерті бар не стресте жүрген адам жағдайды дұрыс бағамдай алмауы мүмкін. Нәтижесінде ол денсаулығына немкетті қарап, халін одан сайын нашарлатып алады.

  • Қажетті ем қабылдамаған соң, ауруы асқынып, тіпті өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

  • Тәні саудың — жаны сау. Денсаулыққа көңіл бөліп, сақтансаңыз, төтеннен келген апаттарда сабыр сақтап, дұрыс әрекет ете аласыз.

  • Денсаулықты күту өз қолыңызда, ол қалтаңыздың қалың я жұқалығына байланысты емес.

Сақтанғанды Құдай сақтайды

Ақылды адам қауіпті жағдайды көре біліп, одан айналып өтудің бар амалын жасайды. Бұның денсаулыққа да қатысы бар. Гигиеналық шараларды ұстансаңыз, аурудың не асқынудың алдын аласыз. Ауырып ем іздегеннен ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда жақсы.

“Өзімізді де, үйімізді де таза ұстасақ, дәрігер мен дәрі-дәрмекке кететін шығындарды анағұрлым үнемдейтін боламыз” (Андреяс)a.

a Осы журналдағы кейбір есімдер өзгертілген.

ҚАЙТІП ӨТПЕКПІЗ? Ақыл қалта

Аласапыран уақытта денсаулығыңызды күтуге арналған кеңестер

ТАЗАЛЫҚ САҚТАҢЫЗ

Ер кісі даладағы суға қолын сабындап жуып тұр.

Тазалық сақтаңыз

Киелі жазбаларда: “Парасатты қатерді көріп, бас сауғалар”,— делінген (Нақыл сөздер 22:3). Денсаулыққа зиян келтіретін жайттарды көре біліп, олардың алдын алыңыз.

  • Қолыңызды сабынмен жиі-жиі жуыңыз, әсіресе, тамақ жердің алдында және әжетханадан кейін.

  • Үйіңізді таза ұстаңыз, әсіресе, қолмен жиі ұстайтын жерлерді дезинфекциялап тұрыңыз.

  • Жұқпалы аурумен ауырып жатқан адамдарға мүмкіндігінше жоламаңыз.

ДҰРЫС ТАМАҚТАНЫҢЫЗ

Үстелде пайдалы тамақтың түр-түрі тұр.

Дұрыс тамақтаныңыз

Киелі жазбаларда: “Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, аялап күтеді”,— делінген (Ефестіктерге 5:29). Расында да, өз тәнімізді жақсы көрсек, не ішіп, не жеп жүргенімізге мән беретін боламыз.

  • Көп су ішіңіз.

  • Жемістер мен көкөністердің түр-түрін жеңіз.

  • Майлы, тұзды және тәтті тағамдарды шектеңіз.

  • Темекі мен есірткіден және ішімдікке салынудан аулақ болыңыз.

“Аурудың алдын алу үшін біз дұрыс тамақтануға тырысамыз, әйтпесе азын-аулақ кірісіміз тек дәрі-дәрмекке кетіп қалады. Сондықтан пайдалы тамақтан ақшамызды аямаймыз” (Карлос).

ШЫНЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ ЖЕТКІЛІКТІ ТҮРДЕ ТЫНЫҒЫҢЫЗ

Жігіт топырақ жолмен жүгіріп бара жатыр.

Шынығып тұрыңыз

Киелі жазбаларда: “Тынымсыз еңбектеніп, желдің соңынан қуғанша, азырақ тынығып алған артық”,— делінген (Уағыздаушы 4:6). Біз жұмыс пен демалуға келгенде таразы басын тең ұстағанымыз жөн.

  • Көп қимылдаңыз. Мысалы, жүйелі түрде жаяу жүруден бастасаңыз болады. Дене еңбегі барлық адамға — жасы үлкен, мүмкіндігі шектеулі не созылмалы дерті бар кісілерге де пайдалы.

  • Бір қыз мызғып алды.

    Тынығып алыңыз

    Тынығуға жеткілікті уақыт бөліңіз. Ұйқыңыз қанбай жүре берсеңіз, стресіңіз қоюланып, зейін қою қабілетіңіз төмендеп кетеді. Бұлай жалғаса берсе, денсаулығыңыз сыр бере бастауы мүмкін.

  • Қай уақытта ұйықтайтыныңызды белгілеп қойыңыз да, соны барынша ұстаныңыз. Күніге бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдырыңыз.

  • Төсекте жатып теледидар көруден не телефонға үңілуден аулақ болыңыз.

  • Ұйықтар алдында ауыр тамақ жемеңіз, кофеин мен ішімдік ішпеңіз.

“Менің бүгінгі күйім түнгі ұйқыма тікелей байланысты. Ұйқым қанбаса, басым ауырып, денем солқылдап тұрады. Ал жақсы тынығып тұрсам, тауды қопарып тастайтындай, күшім тасып тұрады әрі анау айтқандай көп ауыра да бермеймін” (Жастин).

“Вирустан сақтану жолдары” видеосынан бір фрагмент. Әйел вирусқа есік ашып жатыр.

БІЛГЕНГЕ МАРЖАН. “Вирустан сақтану жолдары” деген видеоны көру үшін, тақырыбын jw.org сайтына теріңіз. Сондай-ақ “Тән саулығы. Өмірді жақсартатын Киелі кітап кеңестері” деген мақаланы оқу үшін де, тақырыбын jw.org сайтына теріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу