Аласапыран заман. Қайтіп өтпекпіз?
Әлемде дүрбелең тудырып жатқан жағдайлар ушыққан сайын тынышыңыз кетіп, уайымдайсыз ба? Бұрын тек жаңалықтардан көріп-естіген мына жағдайлардың кейбірі енді сіз тұратын жерде де болып жатқан шығар:
қарулы қақтығыстар
індеттер
табиғи апаттар
кедейлік
алалаушылық
қылмыс
Кесапатқа ұшырағанда көп адам абдырап, шарасыз күй кешеді. Кейбірі тіпті бәріне қол сілтеп, өздерін тастай салуы мүмкін. Мұндайда адам өзін қолға алып, шара қолданбаса, жағдайы одан сайын қиындап кетеді.
Ендеше, дереу бойымызды жинап, денсаулығымызды күтуге, қаражатты дұрыс жұмсауға, жақынымызды аялауға және үмітімізді үзбеуге бар күшімізді жұмылдырғанымыз жөн.
Осы дүрбелең уақытта өзіміз бен жақындарымызды барынша қорғау үшін не істей аламыз?