Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g20 № 3 12—13 бет.
  • Жақсылық жасаңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жақсылық жасаңыз
  • Ояныңдар! 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Шындық
  • Киелі кітап қағидасы
  • Ойда болсын
  • Алалауды алып жыққандар
    Ояныңдар! 2020
  • Алалау дертінен аман-саусыз ба?
    Ояныңдар! 2020
  • Мен әділетсіздікті жойғым келді
    Киелі кітап адам өмірін өзгертеді
  • Ехоба мен Исаның бірлікте екеніндей, барлығымыз да бірлікте болайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2020
g20 № 3 12—13 бет.
Үндістандық әйел жасы үлкен ақ нәсілді әжейді сүйемелдеп, азық-түлігін көтерісіп бара жатыр.

Жақсылық жасаңыз

Шындық

Жақтырмайтын адамды бір-ақ күнде жақсы көріп кету мүмкін емес. Мысалы, вирус жұқтырған адам да бір күнде жазылып кетпейді ғой. Ол үшін уақыт керек. Екіншіден, қандай да бір ем алу керек. Алалау вирусымен де солай. Одан жазылып кету үшін уақыт керек. Бірақ қол қусырып отыра беруге де болмайды. Сонда не істеуге болады?

Киелі кітап қағидасы

Коллаж: 1. Азиялық кісі кофе ұстап бара жатқан қара нәсілді кісіге есік ашып беріп тұр. 2. Кейін сол қара нәсілді кісі әріптестеріне, соның ішінде алдыңғы суреттегі үндістандық әйелге де кофе ұсынып жатыр.

“Сүйіспеншілікке бөленіңдер, өйткені ол адамдарды толықтай біріктіреді” (ҚОЛОСТЫҚТАРҒА 3:14).

Қағиданың мәні. Жақсы істер тіпті бөтен адамдардың басын біріктіреді. Жақсылық жасаған сайын адамдарды азырақ алалайтын боламыз. Осылайша адамдарды жақсы көруді үйренеміз. Сүйіспеншілік бар болса, жүректе жеккөрінішке орын қалмайды.

Ойда болсын

Коллаж: 1. Үндістандық әйел жасы үлкен ақ нәсілді әйелді сүйемелдеп, азық-түлігін көтерісіп бара жатыр. 2. Ақ нәсілді әжей көршісіне, яғни алдыңғы суреттегі азиялық кісіге печенье ұсынып тұр.

Сіз жақтырмайтын бір ұлттың адамына қалай жақсылық жасасам екен деп ойланып көріңіз, бірақ ұсақ-түйегіне дейін ойластырудың қажеті жоқ. Мысалы, мына кішігірім істерден бастасаңыз болады:

Әр кішкентай жақсылығыңыз алалаудан алыстатады

  • Адамға ілтипаттылық танытып, кірер есікті ашып беріңіз. Немесе қоғамдық көлікте орын беріңіз.

  • Сіздің тіліңізде жақсы сөйлемесе де, оны әңгімеге тартыңыз.

  • Оның әрекеті сізге түсініксіздеу болса, шыдамдылық танытыңыз.

  • Қиындықтары жайлы айтқанда, сезімдерін түсінуге тырысыңыз.

Өмірден: Назаре (Гвинея-Бисау)

“Бір кездері мен иммигранттарды жақтырмайтынмын. Өйткені олар жеңілдіктер мен ақшалай көмек алу үшін мемлекетті алдайды дегенді көп еститінмін. Оларды қылмысқа жақын деп те айтатын. Осындайды естіген соң оларды қайтіп жақсы көресің?! Бірақ бұл сезімім алалаушылық деп еш ойламаппын, өйткені жұрттың бәрі иммигранттарға солай қарайтын.

Сосын мен оларды иммигрант болғаны үшін ғана жақтырмай жүргенімді түсіндім. Құдай сөзі маған оларға дұрыс қарауды, оларды құрметтеуді үйретті. Содан бастап мен олардан қашпайтын болдым. Қайта, құшақ жая қарсы алып, олармен әңгімелесетін болдым. Олардың әрбірін дара тұлға ретінде танығым келді. Қазір маған олардың арасында болған қатты ұнайды”.

“Мен әділетсіздікті жойғым келді”

Рафика Моррис.

Рафика әділетсіздікке қарсы күресіп жүрген бір топқа қосылады. Бірақ кейін ол Ехоба куәгерлерінің жиынына барып, өмір бойы іздеп жүрген ынтымақ пен бірлікті табады.

Бұл видеоны көру үшін jw.org сайтына кіріп, “Рафика Моррис. Мен әділетсіздікті жойғым келді” деген тақырыпты теріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу