Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g19 № 2 12—13 бет.
  • Үлкендер жолы өнеге

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Үлкендер жолы өнеге
  • Ояныңдар! 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҮЛГІ-ӨНЕГЕНІҢ БАСТАУЫ КІМДЕР?
  • ҮЛКЕНДЕРДІҢ ӨНЕГЕСІ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
  • ЖОЛ СІЛТЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
  • Бала өсіруге қатысты сенімді кеңестер
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Баланы нәресте күнінен тәрбиелеңдер
    Отбасы бақытының сыры
  • Балаларыңызды тәрбиелеуге Киелі кітап көмектесе ала ма?
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Балаларыңызға Ехобаны сүюді үйретіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Ояныңдар! 2019
g19 № 2 12—13 бет.
Бір әйел кішкентай қызға ескі суретін көрсетіп жатыр

5-КЕҢЕС

Үлкендер жолы өнеге

ҮЛГІ-ӨНЕГЕНІҢ БАСТАУЫ КІМДЕР?

Балалар үлкендердің ақыл-кеңесіне, бағыт-бағдарына мұқтаж. Бұл — бірінші кезекте ата-ананың міндеті. Десе де ата-аналар ғана емес, басқа да үлкен кісілер балаларға өз ақылдарын айтып, көмек бере алады.

ҮЛКЕНДЕРДІҢ ӨНЕГЕСІ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Көп елдерде балалар үлкендермен уақыт өткізе бермейді. Бұның кейбір себептері мынадай:

  • Балалар көп уақытын мектепте өткізеді, ал онда ұстаздардан гөрі оқушылар көп;

  • Мектептен келген кейбір балалар үйде оңаша жалғыз болады, өйткені ата-анасы жұмыс істеуге мәжбүр;

  • Бір зерттеуге сай, Америка Құрама Штаттарында 8 бен 12 жас аралығындағы балалар электронды құрылғыға орта есеппен 6 сағат байланып отырадыa.

Бала тәрбиесі туралы бір кітапта былай делінген: “Жастар ақыл-кеңес пен үлгі алу үшін, бағыт-бағдар сұрау үшін ата-анасына, ұстаздарына, үлкендерге емес... өз құрдастарына жүгіріп баратын халге жеттік” (“Не упускайте своих детей”).

ЖОЛ СІЛТЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Балаларыңызбен уақыт өткізіңіз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Баланы тәрбиелеп, тура жолға сал, Жасы ұлғайғанда да таймас одан” (Нақыл сөздер 22:6).

Әдетте балалар бағыт-бағдар мен ақыл-кеңестерді ата-аналарынан күтеді. Мамандардың айтуынша, жасөспірімдер үшін құрдастарынікінен гөрі ата-анасының берген ақыл-кеңестері салмақтырақ келеді. Психолог Лоуренс Стейнберг өз кітабында былай деп жазды: “Ата-аналар өтпелі шақтан бастап ересектікке аяқ басқан кезеңге дейін балалардың көзқарасы мен мінез-құлқына зор ықпал тигізеді. Жасөспірім балаңыз мойындамаса да, әрбір сөзіңізбен келісе бермесе де, сіздің не ойлайтыныңызды білгісі келеді, айтқан сөздеріңізді тыңдағысы келеді” (“You and Your Adolescent”).

Ата-ана ретінде осыны ұтымды пайдаланып қалыңыз. Балаңызбен бірге уақыт өткізіп, әр нәрсеге деген ойыңызды, нені бағалайтыныңызды, өмірден көрген-түйгеніңізді айтып беріңіз.

Жолбасшы тауып беріңіз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Данамен жүрген дана болар” (Нақыл сөздер 13:20).

Үлкендерден жасөспірім балаңызға жақсы үлгі бола алатын біреуді білесіз бе? Балаңыз сол адаммен уақыт өткізу үшін не ұйымдастыра аласыз? Әрине, балаңыз үшін сізден басқа ешкімнің жауапты емес екенін ұмытпаңыз. Бірақ балаңызға зиян әкелмейтін сенімді адам сізге бала тәрбиелеуде қолдау көрсетіп, көмек бере алады. Киелі кітап беттерінен білетініміздей, Тімөте тіпті ересек шағында елші Пауылмен араласудың көп пайдасын көрді. Пауыл да бұл достықтың игілігін көрді (Філіпіліктерге 2:20, 22).

Бүгінгі таңда көп отбасылар ата-әжелерінен, туысқандарынан алыс тұрады. Сіздің де жағдайыңыз дәл сондай болса, жасөспірім балаңыздың өзіңіз үлгі тұтатын, соған ұқсаса екен дейтін ересек адамдармен араласуына жағдай жасаңыз.

a Сол зерттеуге сай, 13 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер электронды құрылғының алдында күніне шамамен 9 сағат өткізетіні анықталды. Бұл — балалар мен жасөспірімдердің мектепте не үй жұмысын істегенде ғаламторға кіретін уақыттарын қоспағандағы көрсеткіш.

Бір әйел кішкентай қызға ескі суретін көрсетіп жатыр

БҮГІННЕН БАСТАҢЫЗ

Үлкендердің үлгі-өнегесін алған бала ақыл тоқтатқан, парасатты адам болып өседі

Үлгіңіз сөйлесін

  • Мен балаларым үшін жақсы үлгі көрсетемін бе?

  • Менің де кей кездері көпті көрген адамнан ақыл-кеңес сұрайтынымды балаларым көре ме?

  • Балаларым маған бәрінен де маңызды екенін көрсету үшін олармен бірге уақыт өткіземін бе?

Ата-аналардың айтары...

“Қызым кейде дәл қолым бос емес кезде сөйлескісі келеді. Ондай кездері қызыма оның мен үшін бәрінен де маңызды екенін көрсеткім келеді. Сондықтан оны мұқият, еш алаңсыз тыңдай алуым үшін сәл күте тұруды айтамын. Әйелім екеуміз қызымызға жақсы үлгі болуға тырысамыз. Қызымыз оған үйрететінімізді өзіміз де істейтінімізді көрсе екен дейміз” (Давид).

“Қызымыз туылғанда күйеуім екеуміз мен жұмысқа шықпай, үйде бала қарап отырамын деп шештік. Бұл шешімімізге еш өкінбеймін. Үнемі балаңның қасында болғанға не жетсін?! Оны әрдайым дұрыс жолға бағыттап отыра аласың. Ал бәрінен бұрын сен үшін қаншалықты қымбат екенін балаң сезіп жүреді” (Лиза).

ҮЛКЕНМЕН ӨТКЕН КҮНДЕР

“Менің балаларым үлкендердің арасында өсті. Ол кісілердің жастары да, істейтіндері де әртүрлі. Олардың көрген-түйгені балаларыма өмірді әр қырынан тануға көмек болды. Мысалы, менің нағашы әжем кішкентай кезінде үйіне электр жарығын өткізген алғашқы отбасы болғанын айтып бергенде, балаларым қатты таңғалды. Әжесі оларға көрші жатқан елді мекеннен адамдар асүйлеріндегі жарықтың қалай жанып, қалай өшетінін көру үшін ғана келетін айтып берді. Әжелерінің осындай әңгімесінің арқасында балалар өмірдің қазіргіден өзгеше болғанын түсінді. Бұдан әжелеріне, басқа да үлкен кісілерге деген сый-құрметтері артты. Балалардың үлкендермен өткізген бір күні құрдастарымен өткізген мың күннен артық. Өйткені үлгі-өнеге дегеннің бәрі — үлкендерде” (Маранда).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу