Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g19 № 2 10—11 бет.
  • Жауапкершілікке тәрбиелеу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жауапкершілікке тәрбиелеу
  • Ояныңдар! 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЖАУАПТЫ АДАМ ҚАНДАЙ АДАМ?
  • ЖАУАПТЫ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
  • ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ БАУЛУ
  • Ерте бастан еңбекке баулу
    Ояныңдар! 2017
  • 8 Үлгі-өнеге
    Ояныңдар! 2018
  • Балаларыңызды тәрбиелеуге Киелі кітап көмектесе ала ма?
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Балаңыз сәтсіздікке мойымасын десеңіз
    Отбасыңыз берекелі болсын
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2019
g19 № 2 10—11 бет.
Әкесі баласына гүлге су құюға көмектесіп жатыр

4-КЕҢЕС

Жауапкершілікке тәрбиелеу

ЖАУАПТЫ АДАМ ҚАНДАЙ АДАМ?

Жауапкершілік сезінетін адамға әдетте жұрт сенім артады. Олар тапсырмаларын тиянақты әрі уақытылы орындайды.

Кішкентай бүлдіршіндер де жасына қарамай жауапкершілікке үйрене алады. Бір кітапта былай делінген: “Бала 1 жас 3 айдан бастап ата-анасының айтқанын істей бастайды. Ал 1 жас 6 айға толғанда, ата-анасының істегенін қайталағысы келеді. Көп елдерде ата-аналар әсіресе 5 пен 7 жас аралығында балаларын еңбекке баули бастайды. Сол жастағы балалар үй тірлігінде айтарлықтай қолғабыс ете алады” (“Parenting Without Borders”).

ЖАУАПТЫ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Жастар ата-анасынан бөлек кеткенде, өмірдің ауырлығын көтере алмай, қайтадан ата-анасына оралып жатады. Кей кездері кінә ата-анадан болады. Бәлкім, олар бала кезінде ақшаны дұрыс жұмсауды үйретпеген, үй тірлігіне араластырмаған, күнделікті өмірде жауапты адам болуға баулымаған.

Балаңыз ертеңгі күні не істерін білмей есеңгіреп қалмас үшін, бүгіннен бастап оны жауапты болуға үйреткен жөн. Бір кітапта: “Балаңызды он сегіз жасқа дейін өзіңізге тәуелді еткізіп қойып, ал сосын шынайы өмірдің теңізіне лақтырып жібергеніңіз дұрыс бола ма?”— делінген (“How to Raise an Adult”).

ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ БАУЛУ

Үйдегі міндеттерді тапсырыңыз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Әр бейнеттің зейнеті бар, Құр сөз жоқшылыққа ұшыратар” (Нақыл сөздер 14:23).

Кішкентай балалар ата-анасы не істесе де, соны бірге істегісі келіп тұрады. Балалардың осындай туабітті ықыласын ұтымды пайдаланып, үйдегі бір жұмысты тапсырып қойыңыз.

Алайда кейбір ата-аналардың бұлай еткісі жоқ. Мектеп жасындағы балалар онсыз да үй тапсырмаларынан бас көтере алмай жүргенде, жүктеріне жүк қосып қайтеміз деп ойлайды.

Бірақ, бір қызығы, үй тірліктеріне араласатын баланың мектептегі үлгерімі жақсы болатыны байқалған. Өйткені үйдегі міндеттер кез келген жұмысты аяқсыз қалдырмауға үйретеді. Бұған қоса, ата-аналар туралы бір кітапқа сай, “баланың көмектесуге деген ықыласын елемесек, ол өзгелерге қол ұшын беру маңызсыз деген тұжырымға келеді... Бұл аздай, олар үшін бәрін өзгелер істейді деп күтетін болады” (“Parenting Without Borders”).

Осы сөздерден бір байқағанымыз — үйдегі міндеттерді атқару баланы алаған емес, береген болуға баулиды. Сондай-ақ үйдегі міндеттер балаға отбасы өмірінде өзінің ойып алар орны бар екенін әрі бұл істер оның жауапкершілігінде екенін түсінуге көмектеседі.

Қолымен істегенін мойнымен көтеруге үйретіңіз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Кеңесті тыңда, түзетуді қабылда, Сонда дана боларсың алдағы уақытта” (Нақыл сөздер 19:20).

Балаңыз абайсызда бірдеңе бүлдіріп қойса, мысалы біреудің затын сындырып қойса, балаңыздың қателігін жуып-шаймаңыз. Ол өз қателігінің салдарын көру керек. Біреудің затын сындырған жағдайда, бала иесінен кешірім сұрасын, тіпті шығынын өтесін я орнын толтырсын.

Бала өз қателігіне жауапты екенін түсінсе...

  • шыншыл болады, әрі қателігін мойындай біледі;

  • өзгелерді кінәламайды;

  • өзін ақтамайды;

  • қажет кезде кешірім сұрайды.

Әкесі баласына гүлге су құюға көмектесіп жатыр

БҮГІННЕН БАСТАҢЫЗ

Жауапкершілікке үйренген баланың өмір жолы әлдеқайда жемісті болады

Үлгіңіз сөйлесін

  • Мен еңбексүйгіш, тәртіппен жүретін, бәрін уақытылы істейтін адаммын ба?

  • Балаларым үй тірліктерін жасайтынымды көре ме?

  • Қателіктерімді мойындап, қажет кезде кешірім сұрау маған тән бе?

Ата-аналардың айтары...

“Балаларым кішкентай кезінде маған көмектесіп жүретін. Тамақ істегенде, бірге тамақ істейтін. Таза киімдерді бүктегенде, қасымда қосылып бүктеп отыратын. Үй жинағанымда, қасымда жинап жүретін. Жұмыс істеу оларға қызық болатын. Олар менің істегенімді істеп, қасымда жүргендеріне риза болып жүретін. Осылай жүріп олар жауапкершілікке үйренді” (Лаура).

“Бірде мен ұлыма дос қызымызға хабарласып, дөрекі сөйлегенің үшін одан кешірім сұра дедім. Бірнеше жыл бойы ұлым шын болса да, жанға бататын сөздер айтқаны үшін қаншама рет кешірім сұрауға мәжбүр болды. Бірақ соның арқасында қазір ол қателіктері үшін өзі барып кешірім сұрайды” (Дебра).

ҚАТЕЛІКТЕН ДЕ ТҮЙІП АЛАР ТҮЙІН БАР

Джессика Лахей есімді оқытушы “Атлантик” журналында былай деп жазды: “Қателеспейтін бала жоқ. Сондықтан бала қателескенде, ата-анасы мына бір маңызды жайтты ұмытпау керек: қателіктен бір нәрсе түйіп алу — ол да бір сый. Мен қателік жіберетін оқушыларды жыл сайын көремін. Ата-аналары оларды қорғаштап, қателіктерін жуып-шаюға тырыспаған. Қайта, оларға мінін түзетуге көмек берген. Бір айтарым — дәл сол оқушылар өмірде бақыт пен табысқа қол жеткізді”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу