Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g19 № 2 14—15 бет.
  • Моральдық құндылықтардың құндылығы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Моральдық құндылықтардың құндылығы
  • Ояныңдар! 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • МОРАЛЬДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?
  • МОРАЛЬДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
  • МОРАЛЬДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ СІҢДІРУ
  • 7 Құндылықтар
    Ояныңдар! 2018
  • Дұрыс па, бұрыс па? Көп адам неге жүгінеді?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2024
  • Балаңызды өнегелілікке баулыңыз
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Дұрыс па, бұрыс па? Алдымыздан шыға келетін сұрақ
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2024
Ояныңдар! 2019
g19 № 2 14—15 бет.
Қызы анасының жоғалған әмиянды иесіне қайтарып жатқанын бақылап тұр

6-КЕҢЕС

Моральдық құндылықтардың құндылығы

МОРАЛЬДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

Моральдық құндылықтарды ұстанатын адам ақ пен қараның, жақсы мен жаманның аражігін анық ажырата алады. Мұндай адамның құндылықтары жағдайға қарай құбылмайды. Ол өзгермейтін өмірлік қағидаларға сай әрекет етеді. Ешкім көрмей тұрған кезде де осы ұстанымынан айнымайды.

МОРАЛЬДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?

Ненің жақсы, ненің жаман екеніне қатысты небір қате түсініктер балаларды жан-жақтан анталап тұр. Мектептегілер бірін айтса, тыңдаған әуендері, көрген фильмдері мен теле-шоуларының айтатыны мүлдем бөлек. Сан түрлі пікірлердің ортасында қалған бала дұрыс пен бұрыс деп сеніп келгеніне күмәнмен қарай бастауы мүмкін.

Осындай күмәннің шырмауына жиі жасөспірімдер түсіп жатады. Бір кітапта айтылғандай, “құрдастары мен бұқаралық ақпарат құралдары жасөспірімдерге қысым жасап, өзгелерге ұнау үшін, орталарына сіңісу үшін “былай істе, былай істе” деп түртпектеп тұрады. Жасөспірімдердің осыны түсінгені маңызды. Сондай-ақ олар өздерінің құндылық өлшемдері мен таңдауларына сай әрекет етуді үйрену қажет. Тіпті бұл достарына ұнамаса да дұрыс дегендерінен таймау керек” (“Beyond the Big Talk”). Ата-аналар осыны үйретуді балалары жасөспірімдік шаққа аяқ баспай тұрғанда бастағандары жөн.

МОРАЛЬДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ СІҢДІРУ

Дұрыс пен бұрысты ажыратуды үйретіңіз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Түйсіну қабілетін қолдану арқылы машықтандырып, жаман мен жақсыны ажырата алады” (Еврейлерге 5:14).

  • Сөзбен айтыңыз. Күнделікті жағдайларды қолданып, дұрыс пен бұрысты айқындап жүріңіз. Мысалы, біреу өтірік айтса, балаңызға: “Бұлай істеуге болмайды, өйткені бұл шыншылдыққа жатпайды”,— деңіз. Ал балаңыз шындықты айтса: “Дұрыс істедің, балам. Өйткені сен шыншыл болдың”,— деп айтыңыз. Біреу үлкен кісіге көмектеспесе: “Бұлай ету дұрыс емес. Ол құрмет танытпады”,— десеңіз болады. Ал балаңыз көмектескен жағдайда: “Сен құрмет таныттың, мұның өте дұрыс болды”,— деңіз. Осылай етсеңіз, уақыт өте балаңыз не істеп, не істемеу керектігін үйренеді.

  • Себебін түсіндіріңіз. Балаңызға былай деп сұрақ қойсаңыз болады: “Неге шыншыл болған дұрыс? Өтірік айту достықты қалай бұзуы мүмкін? Неге ұрлауға болмайды?” Балаңызбен осылай ой түзіп, оның жақсы мен жаманды ажырата алатын қабілетін жетілдіре беріңіз.

  • Пайдасын түсіндіріңіз. Балаңызға былай десеңіз болады: “Шыншыл болсаң, басқалар саған сенім артатын болады”, “мейірімді адам болсаң, адамдар саған тартылатын болады”.

Моральдық құндылықтар отбасыңыздың ажырамас бөлшегі болсын

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Кім екендеріңе көз жеткізу үшін өздеріңді үнемі тексеріп отырыңдар” (Қорынттықтарға 2-хат 13:5).

  • Моральдық құндылықтар отбасыңыздың ажырамас бөлшегі болса, былай деп айтуға қысылмайсыз:

    • “Біздің отбасымызда өтірік айтпайды”.

    • “Біз ешкімге қол көтермейміз, ешкімге айғайламаймыз”.

    • “Біз дөрекі сөйлеуді құптамаймыз”.

Балаңыз моральдық құндылықтар жай ғана орнатылған ережелер емес, отбасының өмір салты екенін білсін.

  • Балаңызбен отбасы құндылықтарын жиі талқылап тұрыңыз. Күнделікті жағдайларды арқау етіп, оған тәлім беріңіз. Теледидардағы не мектептегі адамдардың әрекеттерін өзіңіздің құндылықтарыңызбен салыстырып отырыңыз. Балаңыздан: “Ал сен не істер едің? Біздің отбасымызда бұл жағдай қалай шешілер еді?”— деп сұраңыз.

Ұстанымын ұштаңыз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Ар-ұждандарыңды таза сақтаңдар” (Петірдің 1-хаты 3:16).

  • Дұрысын мақтап отырыңыз. Балаңыз дұрыс әрекет еткенде, мақтаңыз және не үшін екенін түсіндіріңіз. Мысалы: “Сен шындықты айттың, сондықтан да сен менің мақтанышымсың”,— десеңіз болады. Ал бұрыс әрекет етіп, онысын мойындағанда, шындығын айтқаны үшін оны мақтаңыз. Содан кейін ғана жөнге салыңыз.

  • Бұрысын түзеп отырыңыз. Балаңызға өз ісі үшін жауап беруді үйретіңіз. Ол нені қате істегенін білсін, әрі бұл қылығы отбасылық құндылықтарға қаншалықты жат екенін түсінсін. Кейбір ата-аналар баласының көңілін түсіргісі келмей, бұрыс қылығына көз жұмып, үндемей қоя салады. Бірақ ата-ана баласына істеген ісінің неге бұрыс екенін түсіндіріп отырса, бұл баланың ар-ұятын қалыптастырып, жақсы мен жаманға сезімтал етеді.

Ата-аналар жайлы көбірек мәлімет алғыңыз келсе, jw.org сайтына кіріңіз.

Қызы анасының жоғалған әмиянды иесіне қайтарып жатқанын бақылап тұр

БҮГІННЕН БАСТАҢЫЗ

Ата-анасының шыншылдығын көріп өскен бала ешкім көрмей тұрған кезде де шыншылдықтан аттамайтын болады

Үлгіңіз сөйлесін

  • Балаларым отбасылық құндылықтардан аттап баспайтынымды сөзімнен және ісімнен байқай ма?

  • Жолдасым екеуміздің құндылықтарымыз ортақ па?

  • “Үлкендерге істеуге болады” деп моральдық құндылықтарымды бұзамын ба?

Ата-аналардың айтары...

“Біз балаларымызбен өз құндылықтарын берік ұстанып, артынан жемісін көрген адамдардың оқиғалары жайлы сөйлесеміз. Ақылсыз шешім қабылдап, артынан опық жеген адамдармен салыстырамыз. Ұлымыз бен қызымыз мектептегі құрдастарының бұрыс қылықтары жайлы айтып беріп жатады. Олардың қателіктерін қайталап жүрмес үшін балалармен жақсылап сөйлесіп, мәселені талқылаймыз” (Николь).

“Қызымызға кішкентай кезінен өмірде екі-ақ шешім болатынын айтатынбыз: бірі — жақсы, екіншісі — жаман. Әрқайсысының салдарын да түсіндіретінбіз. Осының арқасында қызымыз шешім қабылдауды үйренді. Бұл өте құнды сабақ болды. Адам қанша жаста болмасын шешім қабылдайды. Өйткені өмір шешімдерден тұрады” (Иоланда).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу