Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g16 № 5 7-б.
  • Америка жаңалықтары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Америка жаңалықтары
  • Ояныңдар! 2016
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Поштаны жиі тексеру стресс әкеле ме?
  • Табиғаттың қалпына келу қабілеті
  • Бразилиядағы зорлық-зомбылық
  • Стреспен күрес
    Ояныңдар! 2020
  • Стресс деген не?
    Ояныңдар! 2020
  • Мазмұны
    Ояныңдар! 2020
  • Стресте жүрсіз бе?
    Ояныңдар! 2020
Ояныңдар! 2016
g16 № 5 7-б.
Мұхиттағы балықтар

ШАРАЙНА

Америка жаңалықтары

Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарында орын алған кей жайттар Киелі кітаптағы құны ешқашан жоғалмайтын дана сөздерді растайды.

Поштаны жиі тексеру стресс әкеле ме?

Хабарламаларын күніне үш рет тексеретін бір ер кісі сабыр сақтап тұр, хабарламаларын жиі тексеретін екіншісі кісі абыржып тұр

Канаданың Ванкувер қаласында жүргізілген бір зерттеуге сай, электронды поштаны қайта-қайта тексере бермей, оған күніне үш рет қана кірсе, стресс азаюы мүмкін. Зерттеуді жүргізген Костадин Кушлев есімді кісі зерттеу қорытындыларына сүйене отырып былай дейді: “Адамдар қолдары қалт етсе хаттарын тексереді де тұрады, бірақ олар осы қалауларын тізгіндей білсе, стресс те азаяр еді”.

ОЙЛАНАТЫН ЖАЙТ. Біз “ерекше қиын уақытта” өмір сүріп жатырмыз. Ендеше, стресті көбейтудің емес, оны азайтудың қамын жасағанымыз дұрыс емес пе? (Тімөтеге 2-хат 3:1).

Табиғаттың қалпына келу қабілеті

Табиғатты қорғау қоғамының мәлімдеуінше, тіршілік иелерін аулауға тыйым салынған Белиз жағалауы мен Кариб теңізінің басқа да жерлерінде теңіз шаяндары, моллюскі мен балық саны қалпына келе бастағаны анықталды. Осындай аумақтардағы жойыла бастаған тіршілік иелерінің саны небәрі 1—6 жыл ішінде қалпына келуі мүмкін, ал толық қалпына келуге ондаған жыл кетуі ықтимал. Аталмыш қоғамның бағдарлама жетекшісі Джанет Гибсон Белиз елі жайлы былай дейді: “Тыйым салудың арқасында елдің балық шаруашылығы мен теңіз тіршілігінің алуандығы қалпына келе алатыны даусыз”.

ОЙЛАНАТЫН ЖАЙТ. Табиғаттың қалпына келе алатын қабілеті дана Жаратушының бар екенін көрсете ме? (Зәбүр 104:24, 25).

Бразилиядағы зорлық-зомбылық

Бразилияның бір ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елде зорлық-зомбылық барған сайын өршіп барады (“Agência Brasil”). Мысалы, 2012 жылы кісі өлтіру саны 56 000-ға жеткен. Бұл денсаулық сақтау министрлігі тіркеген ең жоғарғы жылдық көрсеткіш болып отыр. Ұлттық қауіпсіздік маманы Луис Сапоуридің ойынша, мұндай өсім моральдық құндылықтардың құлдырағанын көрсетеді. Өркениетті қоғамның заңдарын құрметтеуден қалған адам өз мүддесін алға тарту үшін адамгершілікті ұмытып, қатыгездікке бой алдырады.

СІЗ БІЛГЕНСІЗ БЕ? Киелі кітапта заңсыздық көбейіп, “көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кететін” заман келетіні алдын ала ескертілген (Матай 24:3, 12).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу