Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g16 № 5 3—6 бет.
  • Иса пайғамбар тарихи тұлға ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса пайғамбар тарихи тұлға ма?
  • Ояныңдар! 2016
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ТАРИХҚА БОЙЛАСАҚ
  • КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ АЙҒАҚТАР
  • МҰНЫҢ ҚАНДАЙ МАҢЫЗЫ БАР?
  • Сіз білгенсіз бе?
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Бұл оқиға шынымен болған ба?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Ізгі хабарлар тарих па, әлде аңыз ба?
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Ояныңдар! 2016
g16 № 5 3—6 бет.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП

Иса пайғамбар тарихи тұлға ма?

Иса

ОНЫҢ байлығы да, билігі де болған жоқ. Тіпті табан тірер үйі де жоқ еді. Дегенмен оның тәлімдері миллиондаған адамның жүрек төрінен орын алды. Иса пайғамбар шынымен өмір сүрген бе? Заманауи және ертеден қалған сенімді деректер не дейді?

  • Майкл Грант есімді тарихшы әрі ежелгі заман қоғамтанушысы былай дейді: “Көне тарихи жазбалардың бәріне қалай қарасақ, Жаңа өсиетке де солай қарауымыз керек деп есептейік. Олай болса, тарихта болғандары ешқашан дауға салынбаған басқа да көптеген тұлғаларды қалай мойындасақ, Исаның да тарихта болғанын солай мойындауымыз керек қой”.

  • Рудольф Бультманн есімді Жаңа өсиетті зерттеуші-профессор былай дейді: “Иса өмірде болған жоқ деу — еш негізсіз әрі жоққа шығаруға тұрмайтын пікір. Көзі ашық, көкірегі ояу адам алғашқы өкілдері Палестинада өмір сүрген ежелгі (мәсіхшілер) қауымдастығының негізін қалаушы Иса екеніне күмәнданбайды”.

  • Уилл Дюрант деген тарихшы, жазушы әрі философ былай деп жазған: “Бір заманда өмір сүрген бірнеше қарапайым ер кісі (Інжілдің жазушылары) ықпалы зор, болмысы тамаша әрі жұртты өнегелік пен бірлікке баулыған тұлғаны ойлап тапты десек, бұл Інжілде баяндалған кез келген кереметтен асып түсер еді”.

  • Альберт Эйнштейн деген Германияда туылған еврей физигі пікірін былай білдірді: “Мен евреймін, бірақ сол назареттік тамаша кісі менің көңілімді жаулап алды”. Эйнштейн Исаны тарихи тұлға ретінде мойындаған ба? Бұл сұраққа ол былай жауап берді: “Сөзсіз мойындаймын! Інжілді оқып отырып Исаны өмірде болған адам ретінде қабылдамау мүмкін емес. Ондағы әрбір сөзден оның болмысының қыр-сыры көрінеді. Аңыз әңгіме осыншалықты тамаша баяндалар ма еді?”

    “Інжілді оқып отырып Исаны өмірде болған адам ретінде қабылдамау мүмкін емес” (Альберт Эйнштейн)

ТАРИХҚА БОЙЛАСАҚ

Иса пайғамбардың өмірі мен уағызы жайлы Матай, Марқа, Лұқа және Жохан деген шәкірттері егжей-тегжейлі жазып кеткен. Бұл мәлімет Киелі кітаптың Інжіл деп аталатын бөлігіне кірді. Мәсіхшілердің діни кітаптарынан бөлек басқа да ежелгі мәлімет көздерінде Иса пайғамбар жайлы мәлімет бар.

  • Тацит

    ТАЦИТ

    (Шамамен б. з. 56—120 жж.) Тацит ежелдегі ұлы Рим тарихшыларының бірі болып саналады. Ол бір еңбегінде б. з. 14—68 жылдар аралығында болған Рим империясындағы оқиғаларды баяндаған (“Annals”). Бұл уақыт аралығы Иса Мәсіх өмір сүрген кезді де қамтиды. Тациттің айтуынша, б. з. 64 жылы Римнің өртке орануына жұрт император Неронды жауапты санаған. Алайда Нерон “бұл сыбысқа тоқтау қою үшін”, кінәні мәсіхшілерге жапқан. Мәсіхшілер деген атауға бастау берген “Мәсіх Тиберийдің тұсында әмірші Понти Пилаттың үкімі бойынша өлімге кесілген” (“Annals”, XV, 44).

  • Светоний

    СВЕТОНИЙ

    (Шамамен б. з. 69—122 жж. және одан кейін) Бұл Рим тарихшысы өз еңбегінде алғашқы 11 императордың тұсында болған оқиғаларды баяндайды (“Lives of the Caesars”). Клауди жайлы бөлімде Римдегі яһудилердің арасында Исамен байланысты дау-дамай туғаны сөз етіледі (Елшілердің істері 18:2). Светонийдің айтуынша, “яһудилер Мәсіхке бола қайта-қайта тәртіпсіздік тудырғандықтан, Клауди оларды Римнен қуып шығарған” (“The Deified Claudius”, XXV, 4). Тәртіпсіздік үшін Исаны орынсыз кінәлағанмен, Светоний оның сол уақытта өмір сүргеніне шек келтірмеген.

  • Кіші Плиний

    КІШІ ПЛИНИЙ

    (Шамамен б. з. 61—113 жж.) Рим жазушысы әрі Бітүния провинциясында (қазіргі Түркия) басшы болған Плиний Рим императоры Траянға хат жазып, сол провинциядағы мәсіхшілерге қатысты қандай шара қолданып жатқанын айтқан. Хатта ол мәсіхшілерді сенімдерінен бас тартуға күштегенін, ал көнбегендерін жазаға тартқанын айтты. Сондай-ақ ол былай деп жазды: “Менімен бірге... (жалған) тәңірлерге сиынған және шарап пен ладан ұсынып, мүсініңізді пір тұтқан... ал соңында Мәсіхке лағынет айтқандарды... босатып жіберуді жөн көрдім” (“Pliny—Letters”, Book X, XCVI).

  • Иосиф Флавий

    ИОСИФ ФЛАВИЙ

    (Шамамен б. з. 37—100 жж.) Бұл тарихшы әрі яһуди діни қызметкерінің айтуынша, яһуди бас діни қызметкері Аннас қолындағы саяси билікті пайдаланып, “Жоғарғы кеңес мүшелерінің басын қосқан, сосын Мәсіх ретінде танылған Исаның Жақып деген інісін алдарына шығарған” (“Jewish Antiquities”, XX, 200).

  • Талмуд

    ТАЛМУД

    Яһуди раввиндерінің осы жазбалар жиынтығынан (б. з. ІІІ — VI ғғ.) тіпті Исаның жаулары да оның тарихи тұлға екенін мойындағаны көрінеді. Оның бір үзіндісінде “Құтқарылу мейрамы күні назареттік Иешудың (Исаның) ілінгені” айтылған, әрі бұл тарихи тұрғыдан тура мәлімет болып табылады (Babylonian Talmud, Sanhedrin 43a, Munich Codex; Жохан 19:14—16 қараңыз). Тағы бір үзіндіде: “Дүниеге ешқашан әлгі назареттік (бұл атау жиі Исаға қатысты қолданылған) сияқты жұртқа масқара болатын ұл не шәкірт әкелмейік”,— делінген (Babylonian Talmud, Berakoth 17b, footnote, Munich Codex; Лұқа 18:37 қараңыз).

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ АЙҒАҚТАР

Інжілде Исаның өмірі мен қызметі жан-жақты сипатталады. Онда бұлтартпас тарихи деректер болып табылатын нақты адамдар, оқиға орны мен уақыты сөз етіледі. Лұқа 3:1, 2-де жазылған бір мысалды қарастырайық. Ондағы мәлімет Иса пайғамбарға жол ашқан әрі шомылдыру рәсімін жасаған Жақия есімді кісінің өз қызметін қашан бастағанын анықтауға көмектеседі.

Киелі кітап

“Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған” (Тімөтеге 2-хат 3:16).

Лұқа былай деп жазған: “Император Тиберийдің билік құруының он бесінші жылында, Понти Пилат Яһудеяның әміршісі, ал Ирод Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп Итурея мен Трахонит аймақтарының, ал Лұсани болса Абелине аймағының әкімі болып тұрғанда, жоғарғы діни қызметкер Аннас пен Қаяпаның күндерінде, шөл далада Зәкәрияның ұлы Жақия Құдайдан хабар алды”. Егжей-тегжейлі жазылған осы мәлімет “Жақияның Құдайдан хабар алған” уақытын анықтауға көмектеседі. Бұл б. з. 29 жылы болып отыр.

Лұқа атаған осы жеті кісінің есімдері тарихшыларға жақсы таныс. Дей тұрғанмен бір кездері кейбір сыншылар Понти Пилат пен Лұсанидің тарихта болғандарына күмән келтірген болатын. Бірақ олар асығыс тұжырым жасады. Кейіннен осы екі мемлекет қызметкерінің есімдері бар көне жазбалар табылып, Лұқаның сөздері біржола расталдыa.

МҰНЫҢ ҚАНДАЙ МАҢЫЗЫ БАР?

Жер шары

Иса пайғамбар дүниежүзілік үкімет — Құдай Патшалығы — туралы айтқан

Иса пайғамбардың тарихта болғанына көз жеткізгеніміз маңызды, өйткені оның тәлімдерінің біз үшін мәні зор. Иса адамдарға бақытқа қалай қол жеткізуге болатынын үйреткенb. Сондай-ақ ол бүкіл жер жүзіне Құдай Патшалығы деп аталатын үкімет билік ететінін әрі сол уақытта адамзат нағыз татулық пен тыныштық орнаған жерде өмір сүретінін уәде еткен (Лұқа 4:43).

Аталмыш үкіметтің Құдай Патшалығы деп аталуы орынды, өйткені бұл дүниежүзілік үкімет Құдайдың билігін жер бетіне жүргізетін болады (Аян 11:15). Иса үлгі ретінде айтқан дұғасында осыны анық көрсетті. Ол былай сиынған: “Көктегі Әкеміз... Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің... жер бетінде де орындалсын!” (Матай 6:9, 10). Құдай Патшалығы адамзатқа нендей игілік әкеледі?

  • Соғыстар мен қақтығыстар тоқтайды (Зәбүр 46:8—11).

  • Ашкөздік пен парақорлықты қоса алғанда, зұлымдық атаулы және құдайдан безген адамдар мәңгіге жойылады (Зәбүр 37:10, 11).

  • Патшалықтың азаматтары өз еңбектерінің рақатын көреді (Ишая 65:21, 22).

  • Жер қазіргі нашар күйінен оңалып, мол өнім беретін болады (Зәбүр 72:16; Ишая 11:9).

Кейбіреулерге Құдайдың бұл уәделері бос қиял болып көрінер. Бірақ, түптеп келгенде, адамдар дүниені өз күштерімен жақсарта алады деп сену бос қиял емес пе? Мына жайлы ойланып көрейікші: білім, ғылым мен технология саласындағы орасан зор жетістіктерге қарамастан, бүгінде миллиондаған адам ертеңгі күндеріне еш сенімсіз. Бұған қоса, біз күн сайын экономикалық, саяси және діни қысымның және ашкөздік пен парақорлықтың куәсі боламыз. Иә, адамның билігі өрге баспайтыны анық! (Уағыздаушы 8:9).

Қалай болған күнде де, Иса пайғамбардың тарихта болғанына көз жеткізгеніміз маңыздыc. Өйткені Киелі кітапта былай делінген: “Құдайдың уәделері қаншама көп болмасын, бәрі ол (Иса) арқылы “иә” болды” (Қорынттықтарға 2-хат 1:19, 20).

a Лұсани есімді аймақ әкімінің есімі бар жазба табылды (Лұқа 3:1). Ол дәл Лұқа айтып кеткен уақытта Абелине аймағының әкімі болған.

b Иса пайғамбардың тамаша тәлімдерін Матай кітабының 5—7 тарауларынан оқуға болады. Бұл үзінді Таудағы уағыз деген атаумен де белгілі.

c Иса жайлы және оның тәлімдері туралы көбірек білгіңіз келсе, www.jw.org/kk сайтындағы КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ/КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР деген жерге кіріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу