Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g20 № 1 5—7 бет.
  • Стресс деген не?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Стресс деген не?
  • Ояныңдар! 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ПАЙДАЛЫ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ СТРЕСС
  • Мазмұны
    Ояныңдар! 2020
  • Стресте жүрсіз бе?
    Ояныңдар! 2020
  • Стреспен күрес
    Ояныңдар! 2020
Ояныңдар! 2020
g20 № 1 5—7 бет.
Кәсіпкер адам кеңсесіне қарай баспалдақпен жүгіріп барады.

СТРЕСТІ ЖЕҢЕ БІЛІҢІЗ

Стресс деген не?

Стресс дегеніміз — ағзаның қиын жағдайға қайтаратын жауабы. Бұл кезде адамның миы бүкіл ағзаға өте көп мөлшерде гормон бөліп, нәтижесінде жүрек қатты соға бастайды, қан қысымы жоғарылайды, тыныс алу жиілейді, бұлшық еттер жиырылып қалады. Не болып жатқанын сіз өзіңіз толық сезінбей жатқанда-ақ, ағзаңыз қауіппен күресуге дайын тұрады. Стрестік жағдай аяқталған соң, ағзаңыз “дабыл қағатын” күйден қалыпты күйге түседі.

ПАЙДАЛЫ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ СТРЕСС

Стресс — қиын немесе қауіпті жағдаймен күресуге көмектесетін табиғи реакция. Ол мида басталады. Пайдалы стресс сізге бірден әрекет етуге көмектеседі. Белгілі бір шамадағы стрестің арқасында сіз мақсаттарыңызға жете аласыз, емтихан тапсырғанда, жұмысқа тұру үшін сұхбатқа барғанда я спорттық жарысқа қатысқанда жақсы нәтиже көрсете аласыз.

Дегенмен ұзаққа созылған, шектен тыс, созылмалы стрестің зияны бар. Ағзаңыз қайта-қайта не толассыз “дабыл қағу” күйінде жүрсе, бұл тәндік және эмоциялық саулығыңызға кері әсерін тигізіп, ақыл-естің бұзылуына әкеп соғуы ықтимал. Мінез-құлқыңыз құбылып, адамдармен қарым-қатынасыңыз да өзгеруі мүмкін. Созылмалы стрестің кесірінен кейбірі ішімдікке я нашақорлыққа салынады, дәрі-дәрмекті мөлшерден тыс қабылдайды, темекі шегеді, мешкейлікке я басқа да зиянды әдеттерге салынады. Түбінде бұл депрессияға, қажып-тозуға я тіпті өз өміріне қол жұмсау жайлы ойларға әкеп соғуы мүмкін.

Стрестен бәрі бірдей зардап көрмесе де, ол сан түрлі ауруларға себепші болады. Сондай-ақ ағзаның әрбір мүшесіне ықпалын тигізуі мүмкін.

СТРЕСТІҢ АҒЗАҒА ӘСЕРІ

Жүйке жүйесі

Стрестің салдарын сезініп жатқан ер адам басын ұстап тұр.

Жүйке жүйесінің белгі беруімен ағзада адреналин мен кортизол гормондары бөліне бастайды. Бұдан жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі, қандағы глюкоза мөлшері көбейеді. Бұлар сізге қауіпті жағдайда тез әрекет етуге көмектеседі. Ал шамадан тыс стресс мынаған әкеп соғуы мүмкін:

  • ашуланшақтық, уайымшылдық, депрессия, бас ауруы, ұйқының бұзылуы

Сүйек және бұлшық ет жүйесі

Жарақаттанудан қорғау үшін бұлшық ет жиырылып, қатая түседі. Ал шамадан тыс стресс мынаған әкеп соғуы мүмкін:

  • дененің ауырсынуы, бас ауруы, бұлшық еттің түйілуі

Тыныс алу жүйесі

Көбірек оттегін жұту үшін тынысыңыз жиілейді. Ал шамадан тыс стресс мынаған әкеп соғуы мүмкін:

  • адам қажетті мөлшерден артық я кем тыныс алады, ал бейімділігі барлар үрей ұстамасына ұшырайды

Жүрек-қантамыр жүйесі

Бүкіл денеге қанды жеткізу үшін жүрек қатты әрі жылдам соғады. Қанды ең қажетті жерге, мысалы бұлшық етке, айдау үшін қантамырлар я кеңейеді, я тарылады. Ал шамадан тыс стресс мынаған әкеп соғуы мүмкін:

  • қан қысымының көтерілуі, жүрек ұстамасы, инсульт

Эндокриндік жүйе

Ағзамыздағы бездер адреналин мен кортизол гормондарын бөліп шығарады, ал олар бізге стреспен күресуге көмектеседі. Көбірек күш-қуатымыз болу үшін бауыр қандағы қант мөлшерін көбейтеді. Ал шамадан тыс стресс мынаған әкеп соғуы мүмкін:

  • қант диабеті, иммунитеттің әлсіреуі мен жиі науқастану, көңіл-күйдің құбылуы, артық салмақ қосу

Ас қорыту жүйесі

Ағзадағы ас қорыту процесі бұзылады. Ал шамадан тыс стресс мынаған әкеп соғуы мүмкін:

  • жүрек айну, құсу, іш өту, іш қату

Репродуктивті жүйе

Стресс адамның жыныстық құштарлығына және жыныс мүшелерінің қызметіне кері ықпал етеді. Ал шамадан тыс стресс мынаған әкеп соғуы мүмкін:

  • белсіздік, етеккір келуінің бұзылуы

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу